Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуге тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1938 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 410 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.06.2015 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуге тиіс санаттарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1938 қаулысымен
бекітілген   

Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуге
тиіс санаттарының тізбесі

      1. Мыналармен:
      1) IV дәрежедегі қатерлі ісік ауруларымен;
      2) соңғы сатыдағы ЖИТС-пен;
      3) соңғы сатыдағы созылмалы үдемелі ауруларымен (декомпенсация сатысындағы жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, мидың қан айналымы бұзылуының ауыр салдары) ауыратын адамдар.
      2. Бастан өткерген аурудың және (немесе) мүгедектіктің салдарынан өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, өмір сүру ұзақтығы шектелген адамдар.