Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 396 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 410 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 391 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтiк оқу жүктемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 389-құжат).
      2. "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 89-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1261 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 606-құжат).
      4. "Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 639-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 27-тармағы.