Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 323 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оку орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 481 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 43, 585-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов