Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 323 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 323 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 594 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 661-құжат).
      2. «Белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 684 қаулысы.
      3. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 897 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 847-құжат).