Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 594 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 323 қаулысымен

      1. Қоса беріліп отырған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) тізбеге сәйкес белгіленген мерзімдерде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 92-ө өкімімен    
бекітілген      

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 11.02.2013 № 20-ө Өкімімен.

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери лауазымдар және оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесін бекіту туралы

ҚР Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

2.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚР Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

3.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚР Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

4.

«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын азық-түлікпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2013 жылғы мамыр

5.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық қорларының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

6.

Әскери қызметшіге мүгедектікті белгілеген кезде немесе әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда әскери қызметшіге немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттіге біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2013 жылғы мамыр

7.

Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

8.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

9.

«Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2013 жылғы желтоқсан

10.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

11.

Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының бiрiншi және екiншi курс курсанттарына пошта  жөнелтiлiмдері үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

12.

Әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан астам еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға көрсеткіштері бар болған кезде санаторлық-курорттық емделу берілетін ауырулар тізбесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

13.

Өтеусіз жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының өтемақы қағидаларын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы маусым

14.

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы маусым

15.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін пайдаланылатын әскери және қос мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және жою қағидаларын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

16.

Тұрғын үйлерді ұстау және орталықтандырып жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтар, шекара заставалары мен комендатуралар тізбесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

17.

Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

18.

«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

19.

Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, жыл сайынғы негізгі демалысты күнтізбелік есептеумен ұзақтығы 40 тәулік демалыс беруге құқық беретін жергілікті жерлер тізбесін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

20.

Әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауыруынан қайтыс болған әскери қызметшiлерге, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге мәйітті тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

21.

Жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2013 жылғы мамыр

22.

Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

23.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

24.

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастрын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

25.

Қарулы Күштердегі әскери қызметке кірген құқық қорғау органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

26.

Әскери қызметшілерге әскери қызметшінің жеке куәліктері (әскери билеттер) мен жеке нөмірлері бар жетондар беру қағидаларын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

27.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін тағу қағидаларын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

28.

Дене дайындығы бойынша нормативтерді бекіту туралы

Уәкілетті органдардың бұйрықтары

Қорғанысмині
ҰҚК
РҰ
БП
ТЖМ
ІІМ

2012 жылғы мамыр

29.

Әскери қызметшілерге ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

30.

Әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

31.

Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаттың нысанын және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

32.

Жоғары оқу орындарының әскери факультеттеріне қабылдау қағидаларын және оларда оқытуды ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы

Қорғанысминінің және БҒМ-нің бірлескен бұйрығы

Қорғанысмині

2013 жылғы мамыр

33.

Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарының әскери факультеттерінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

Уәкілетті органдардың бұйрықтары

Қорғанысмині
ҰҚК
РҰ
БП
ТЖМ
ІІМ

2012 жылғы мамыр

34.

Әскери қызметшілерді заттай мүлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2012 жылғы мамыр

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
      РҰ – Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі