"Қазақстан – Қытай" газ құбырының "С" желісін салу", "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының желілік бөлігін салу", "Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу" басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу және "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 183 қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Халықтың көші-коны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгіленсін.
      1-1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы) бекітілсін.
      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар

      Ескерту. Квота жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Жыл

Квота (адам)

1

2

3

4

5

6

7

1

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу

«Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қ., Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары

2012 – 2016 жылдар

2015

1817

2016

1078

2

«Бейнеу – Бозой –Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу»

«Бейнеу – Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қ., Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары

2012 – 2016 жылдар

2015

982

2016

781

3

«Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу»

«СНПС –Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы

Ақтөбе облысы

2012 – 2016 жылдар

2015

824

2016

574

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

      Ескерту. Қаулы шартпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Азия газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға тиіс;
      2) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға тиіс;
      3) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;
      4) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 100 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 90 %-ынан кем болмауға тиіс.
      3. Шетелдік жұмыскерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен   
бекітілген      

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

      Ескерту. Қаулы шартпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;
      2) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 60 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауға тиіс;
      3) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;
      4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 100 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 90 %-ынан кем болмауға тиіс.
      3. Шетелдік жұмыскерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен   
бекітілген     

«Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы)

      Ескерту. Қаулы шартпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауға тиіс;
      2) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 65 %-ынан кем болмауға тиіс;
      3) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;
      4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 82 %-ынан кем болмауға тиіс.