«Халықтың көші-коны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысына
қосымша
«Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар
Р/с |
Жобаның атауы |
Өтініш беруші |
Іске асыру орны |
Іске асыру мерзімі |
Квота |
барлығы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
6 |
7 |
1 |
«Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» |
«Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Алматы қ., Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары |
2012-2015 жж. |
1817 |
2 |
«Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» |
«Бейнеу - Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Алматы қ., Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары |
2012-2015 жж. |
982 |
3 |
«Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу |
«СНПС - Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы |
Ақтөбе облысы |
2012-2015 жж. |
824 |