Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша заңды тұлғаны айқындау ж

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысы

      «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша заңды тұлға болып айқындалсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесін және «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1305 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі — «е-қызмет) үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      8) «е-қызмет» мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
      9) «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалауды іске асыру жөніндегі іс-шараларға техникалық қолдау жүргізеді;
      10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік персоналын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді;
      11) мемлекеттік органдарға персоналды іріктеуді қолдауға арналған техникалық құралдарды әзірлейді;
      12) мемлекеттік органдар өткізетін тестілеудің техникалық рәсімдерін жүзеге асырады.».
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов