"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін және "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1305 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат).
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                к. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің        
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1325 қаулысымен    
      бекітілген        

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
К У Ә Л І К

      Ескерту. Куәліктің нысаны жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.04.2013 № 402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

______________________________________________
(салық қызметі органының атауы)

      Салық төлеушінің атауы ________________________________________
      Тегі __________________________________________________________
      Аты ___________________________________________________________
      Әкесінің аты __________________________________________________
      ЖСН/(БСН) _____________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
      Орналасқан жері _______________________________________________
      Тіркелген күні ________________________________________________
      Құрылған күні _________________________________________________

                                           № _______ Сериясы _____