Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 455 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.08.2016 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығын қараңыз.


      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 579 қаулысымен.
      2) «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 131-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 579 қаулысымен.
      3. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 893-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 116 қаулысымен   
бекітілген     

«Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Қызмет стандартының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 116 қаулысымен   
бекітілген     

«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Қызмет стандартының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 116 қаулысымен   
бекітілген     

«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Қызмет стандартының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 116 қаулысымен   
бекітілген     

«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Қызмет стандартының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 116 қаулысымен   
бекітілген     

«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Қызмет стандартының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 116 қаулысына   
1-қосымша      

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 579 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 116 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1716 қаулысымен    
бекітілген       

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Лездік лотереялар үшін

1

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы

өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс:
лотереяның түрі;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
мөлшері лотерея билеттерінің шығарылымын өткізуден алынған қаражаттың кемінде 50 %-ын құруы тиіс лотереяның жүлде қорын қалыптастыру және бөлу тәртібі;
ұтыс ойындарының саны;
сериясын және нөмірлерін көрсетумен әрбір ұтыс ойынындағы лотерея билеттерінің саны;
лотерея билетінің құны;
жүлде қоры мүлкінің атауы, саны және құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдерін және нәтижелерін көрсетумен ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
ұтыстарды (соның ішінде заттай ұтыстарды ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсетумен) алу тәртібі және мерзімдері;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
сатуға шығарылатын, өткізілген және өткізілмеген билеттерді есепке алу, сондай-ақ ұрланған билеттердің ұтыс ойынына қатысуын болдырмау тәртібі;
сатылмаған билеттерді кәдеге жарату тәртібі;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау және ұтыстарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін оларды талап ету тәртібі;
лотерея билеттерін есепке алу және сақтау тәртібі.
Бір сәттік лотереяда ұтыс лотерея билеті сатып алынғаннан кейін оны дереу тексеру жолымен айқындалады

2.

ішкі бақылау қағидаларының болуы

өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында

еркін нысанда

3.

өтініш берушіде мыналардың болуы:



1)

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай);

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


2)

меншік құқығында тиесілі лотерея жабдығы (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы өткізу кезінде ғана);

меншік құқығында лотерея жабдығының және аталған жабдықтың техникалық регламенттері мен стандарттарға сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;

лотерея жабдығы – лотерея билеттері туралы әр түрлі ақпаратты тіркеуге арналған құрылғы немесе құрал, лотереялық ставкаларды қабылдауға, лотереяға қатысу үшін лотереялық чектерді беруге, жүлде қорын ойнатуды жүргізуге арналған, бірақ ұтыстарды төлеуді жүзеге асырмайтын бағдарламалық өнімдер және жабдықтар

3)

лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен);

кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен, кассалардың және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


4)

лотерея билеттерін сату жөніндегі субъектілермен шарт;

лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған үлгі шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


5)

қолдан жасаудан қорғау дәрежесін ашумен, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат қамтылған лотерея билеттерінің үлгілері

лотерея билетінің үлгісі – электрондық құжат нысанында

лотерея билеті мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс:
лотерея билетінің құны;
лотереяларды өткізу шарттары;
ұтыстарды алу мерзімдері мен орындары;
лотерея билетінің сериясы мен нөмірі;
жүлделердің атаулары және саны;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты;
қорғау дәрежесінің болуы

4.

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


Тираждық лотереялар үшін

1.

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы

өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс:
лотереяның түрі;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
мөлшері лотерея билеттерінің шығарылымын өткізуден алынған қаражаттың кемінде 50 %-ын құруы тиіс лотереяның жүлде қорын қалыптастыру және бөлу тәртібі;
ұтыс ойындарының саны;
сериясын және нөмірлерін көрсетумен әрбір ұтыс ойынындағы лотерея билеттерінің саны;
лотерея билетінің құны;
жүлде қоры мүлкінің атауы, саны және құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдерін және нәтижелерін көрсетумен ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
ұтыстарды (соның ішінде заттай ұтыстарды ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсетумен) алу тәртібі мен мерзімдері;
ұтыс ойынын өткізу мүмкін болмаған жағдайда лотереяға қатысушыларға лотерея билеттерінің толық құнын қайтару тәртібі;
лотереялардың ұтыс ойынын өткізу орны және күні;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
сатуға шығарылатын, өткізілген және өткізілмеген билеттерді есепке алу, сондай-ақ ұрланған билеттердің ұтыс ойынына қатысуын болдырмау тәртібі;
сатылмаған билеттерді кәдеге жарату тәртібі;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау және ұтыстарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін оларды талап ету тәртібі;
лотерея билеттерін есепке алу және сақтау тәртібі.
Тираждық лотерея телевидениенің тiкелей эфирiнде өткiзiледі, оны өткiзу процестерi билеттердi сатуға шығарудан бастап лотерея жабдығын пайдаланумен жалпы ұтыс ойынын өткiзгенге дейiн және тираж бойынша ұтыстарды бергенге дейiнгi циклдарға бөлiнеді

2.

ішкі бақылау қағидаларының болуы

өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында

еркін нысанда

3.

өтініш берушіде мыналардың болуы:



1)

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай);

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


2)

меншік құқығында тиесілі лотерея жабдығы (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы өткізу кезінде ғана);

меншік құқығында лотерея жабдығының және аталған жабдықтың техникалық регламенттері мен стандарттарға сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;

лотерея жабдығы - лотерея билеттері туралы әр түрлі ақпаратты тіркеуге арналған құрылғы немесе құрал, лотереялық ставкаларды қабылдауға, лотереяға қатысу үшін лотереялық чектерді беруге, жүлде қорын ойнатуды жүргізуге арналған, бірақ ұтыстарды төлеуді жүзеге асырмайтын бағдарламалық өнімдер және жабдықтар

3)

лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен);

кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен, кассалардың

және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


4)

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарт;

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;

Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінде өткізілетін тираждық лотереялар үшін

5)

лотерея билеттерін сату жөніндегі субъектілермен шарт;

лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған үлгі шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


6)

қолдан жасаудан қорғау дәрежесін ашумен, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат қамтылған лотерея билеттері үлгілерінің болуы

лотерея билетінің үлгісі – электрондық құжат нысанында

лотерея билеті мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс:
лотерея билетінің құны;
лотереяларды өткізу шарттары;
ұтысы;
тікелей трансляциялау мерзімі және орны;
ұтыстарды алу мерзімдері мен орындары;
лотерея билетінің сериясы мен нөмірі;
жүлделердің атаулары және саны;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты;
қорғау дәрежесінің болуы

4.

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


SМS-лотереялар үшін

1.

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы

өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс:
лотереяның түрі;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
мөлшері (SМS-лотерея) қысқа хабарламаларды қабылдау арқылы алынған қаражаттың кемінде 50 %-ын құруы тиіс лотереяның жүлде қорын қалыптастыру және бөлу тәртібі;
ұтыс ойындарының саны;
SМS-лотереяның, SМS-хабарламалардың құны;
жүлде қоры мүлкінің атауы, саны және құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдері мен нәтижелерін көрсетумен ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
ұтыстарды (соның ішінде заттай ұтыстарды ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсетумен) алу тәртібі мен мерзімдері;
ұтыс ойынын өткізу мүмкін болмаған жағдайда лотереяға қатысушыларға SMS-лотереяның толық құнын қайтару тәртібі;
лотереялардың ұтыс ойынын өткізу орны мен күні;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
SMS-хабарламаларды есепке алу тәртібі.
SМS-лотерея – лотереяға қатысушы ұтыс ойынында тiркелу және қатысу үшiн лотереяны ұйымдастырушыға ұялы байланыс операторлары арқылы цифрлардан және (немесе) әрiптерден, цифрлар және (немесе) әрiптер комбинацияларынан (SМS) тұратын қысқа хабарлама жiберу жолымен лотереяға қатысу үшiн ставкалардың әр алуан түрiн жүзеге асыратын лотерея. Қатысу керi SМS-хабарламаны (лотерея билетi) жiберу арқылы расталады

2.

ішкі бақылау қағидаларының болуы

өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында

еркін нысанда

3.

өтініш берушіде мыналардың болуы:



1)

жабдықтарды, электрондық құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай);

жабдықтарды, электрондық құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


2)

лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен);

кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен, кассалардың және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


3)

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарт;

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


4)

лотереяға қатысушыларға мәліметтерді қамтитын кері SМS-хабарламаны жіберу жөніндегі міндеттемені көздейтін SМS-лотереяларды өткізуге ұялы байланыс операторларымен жасалған шарт

ұялы байланыс операторларымен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

шартта мыналар туралы ақпарат қамтылуы тиіс:
хабарламаны тіркеу нөмірі;
тікелей трансляциялаудың мерзімдері мен орындары;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты;
тегін саll-орталығы телефонының нөмірі

4.

ақшалай қаражатты, соның ішінде электрондық құжаттарды (SMS-хабарламаларды) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы

ақшалай қаражатты, соның ішінде электрондық құжаттарды (SMS-хабарламаларды) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


      * Осы біліктілік талаптарына және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын   
құжаттардың тізбесіне      
қосымша            

Біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

1. Лотерея билеттерін және (немесе) жабдықтарды, электрондық
құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін
меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай) болуы туралы
ақпарат:
      жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нөмірі
мен күні ____________________________________________________________
2. Лотерея билеттерін сатуға арналған меншік құқығында тиесілі жабдық
туралы ақпарат (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы өткізу
кезінде ғана)*:
      жабдықтың атауы _______________________________________________
      лотерея жабдығының түрі _______________________________________
      сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні _________________
      жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні ___________
      мақсаты (сату, ұтысты беру, ұтыс ойындарын өткізу)/қажеттінің
астын сызу/
      саны __________________________________________________________
      сериялық нөмірі ___________________ бастап ______________ дейін
      шығарушы ел, зауыт ____________________________________________
      техникалық жай-күйі _______________ (жаңа, бұрын пайдаланылған)
      сәйкестік сертификатының деректері ____________________________
      тестілеу күні _________________________________________________
* әрбір жабдықты жеке-жеке сипаттау қажет.
3. Лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем
қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын
лотерея ұйымдастырушысы кассасының (аппараттық-бағдарламалық кешен)
болуы туралы ақпарат:
      бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі _____________
      орналасқан жерінің мекенжайы
      сәйкестік сертификатының деректері ____________________________
4. SMS – лотереяны және (немесе) тираждық лотереяны өткізу кезінде
ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете
отырып, телевизияда тікелей трансляциялау шарты туралы ақпарат
(Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінде өткізілетін тираждық
лотереялар үшін)/қажеттінің астын сызу/:
      шарттың күні мен нөмірі _______________________________________
      шарттың қолданылу мерзімі _____________________________________
      телеарнаның атауы _____________________________________________
5. Лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған шарт туралы ақпарат
(SMS - лотереядан басқа):
      шарттың күні мен нөмірі _______________________________________
      шарттың қолданылу мерзімі _____________________________________
      шарттың мәні __________________________________________________
      _______________________________________________________________
6. Лотереяға қатысушыларға кері SМS-хабарламаны жіберуді көздейтін
SМS-лотереяларды өткізуге ұялы байланыс операторларымен жасалған шарт
туралы ақпарат:
      шарттың күні мен нөмірі _______________________________________
      ұялы байланыс операторының атауы ______________________________
      шарттың қолданылу мерзімі _____________________________________
      тегін call-орталықтың нөмірі __________________________________
7. Лотерея билеттерін және ақшалай қаражатты күзетуді, тасымалдауды
жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарт туралы
ақпарат:
      шарттың атауы _________________________________________________
      шарттың күні мен нөмірі _______________________________________
      күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы ___________
      _______________________________________________________________
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
      күзет қызметіне арналған лицензияның күні мен нөмірі __________
      _______________________________________________________________
      лицензияны берген орган _______________________________________