Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 571 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 90 қаулысымен
бекітілген
«Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды
жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеген (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Инвестиция комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) жасасу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференциялар беруге өтінім;
2) заңды тұлға үшін – басшысының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталған заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
3) басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспары;
5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарынң сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды негіздейтін, тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін құжаттардың басшының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған көшірмелері;
6) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздері мен кепілдіктерін белгілейтін құжаттардың басшысының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жоба меншікті қаражатынан қаржыландырылған жағдайда олардың бар екендігі туралы жазбаша растама қоса беріледі;
7) көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде көрсетілген мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін растайтын құжаттар;
8) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тіркеу орны бойынша салық органының анықтамсы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекттік қызметтер көрсету мәселері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2301 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 24-15-40, 24-21-24 бойынша көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілген қызметті берушінің кеңсесңнде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс номірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға заңды тұлғаның басшысы қол қоюы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар: 1414.
«Инвестициялық преференцияларды
көздейтін нвестицияларды жүзеге асыруға
инвестициялық келісімшарт жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған
өтiнiм
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлiмет |
||
1. |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы |
|
2. |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркеуден (қайта тiркеуден) өткені туралы ақпарат (күнi, негізі) |
|
3. |
Орналасқан жері: |
|
4. |
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) |
|
5. |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы |
________________________________________________ |
6. |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтерi |
________________________________________________ |
7. |
Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның менеджерi |
________________________________________________ |
2. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба туралы мәлiметтер |
||
8. |
Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның атауы |
________________________________________________ |
9. |
Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру орны |
|
10. |
Инвестициялау үшiн таңдалған қызметтiң басым түр(лер)і (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде) |
|
11. |
Заңды тұлғаның тiркелген активтеріне инвестициялардың көлемi (ағымдағы және болашақ кезеңдердің инвестициялары есепке алынады) |
________________________________________________ |
12. |
Жобаны қаржыландыру көздерi: |
________________________________________________ |
3. Жобаны іске асыру үшiн талап етілетін инвестициялық преференциялар |
||
13. |
Мыналардың: |
1) _____________________________________________ |
14. |
Кедендік тазарту жүргізу орны |
|
15. |
Мемлекеттік заттай грант |
________________________________________________ |
16. |
Жер салығы бойынша жеңілдіктер* |
________________________________________________ |
17. |
Мүліккесалықбойынша жеңілдіктер* |
|
18. |
Мыналарға: |
________________________________________________ |
_____________________
*Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлға
үшін.
4. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтiнiмде және қоса
берiліп отырған құжаттарда қамтылған ақпараттың дұрыстығын
(дәйектілігін) мәлімдейді және оған кепiлдiк бередi, ұсынылған
ақпарат үшін жауапты болады және Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген инвестициялық келісім шартты мерзімінен
бұрын тоқтату шарттарымен танысқан.
5. _____________________________________________ жобасы бойынша
(инвестициялық немесе инвестициялық
стратегиялық)
жұмыс бағдарламасы
1-бөлім: Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге |
|||||||||||
Шығын баптары |
Растайтын құжаттар |
Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні |
күнтізбелік жыл |
күнтізбелік жыл |
Барлығы |
||||||
контрагент |
№ |
күні |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Жыл бойынша жиыны |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Жыл бойынша жиыны |
|||
1 бөлім бойынша жиыны: |
2-бөлім: Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты, саны |
|||||||||||
Шығын баптары |
растайтын құжаттар |
өлшем бірлігі |
игеру кезеңі |
игеру кезеңі |
Барлығы |
||||||
контрагент |
№ |
күні |
1-жарты жылдық |
2-жарты жылдық |
Жыл бойынша жиыны |
1-жарты жылдық |
2-жартыжылдық |
Жыл бойынша жиыны |
|||
1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде: |
|||||||||||
2. Шикізат, материалдар, оның ішінде: |
|||||||||||
2-бөлім бойынша жиыны: |
6. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкескеден баждарын салудан босатылатын
импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының,
қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тiзiмi және көлемi.
Р/с |
Атауы |
КО СЭҚТН коды |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Тауарларды біркелкі сыныптауға мүмкіндік беретін құжаттар* |
1. |
|||||
2. |
|||||
Жиыны: |
_____________________________
*Тауарларды жіктеу бойынша ақпарат тауарлардың толық
коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық,
коммерциялық сипаттамаларын және өзге де ақпаратты, оның ішінде
бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын,
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін және өтінім берген басшының
қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған басқа да
құжаттарды қамтуы тиіс.
________________________________________ ________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (қолы, мөрi және күнi)
басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
«Инвестициялық преференцияларды
көздейтін нвестицияларды жүзеге асыруға
инвестициялық келісімшарт жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау жөніндегі
талаптар
1. Осы Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық
жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі талаптар (бұдан әрі –
Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
19-бабының негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның немесе
инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі
талаптарды айқындайды.
2. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
1) инвестордың қысқаша сипаттамасы;
2) инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық
жобаның қысқаша сипаттамасы;
3) техникалық бөлім;
4) коммерциялық бөлім;
5) ұйымдастырушылық бөлiм;
6) әлеуметтік бөлім;
7) қаржылық бөлім;
8) экологиялық бөлім;
9) экономикалық бөлім;
10) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру кезінде
орындалатын Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына
стратегиялық әсерді талдау (инвестициялық стратегиялық жобалар үшін
толтырылады).
3. Инвестордың қысқаша сипаттамасы мыналарды қамтиды:
1) заңды тұлғаның атауы;
2) заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты –
бар болса);
3) заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық
поштасы;
4) заңды тұлға қызметінің негiзгi бағыттарының қысқаша
сипаттамасы, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштер, аталған салада
инвестициялық келiсiмшарт жасасу жоспарланып отырған жұмыс
тәжiрибесi. Соңғы есептік кезең үшiн кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметі туралы қысқаша есеп.
4. Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық
жобаның қысқаша сипаттамасы мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның
атауы;
2) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның
негiзгi мақсаттары;
3) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның
тiкелей қатысушылары;
4) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске
асыру орны (облыс, аудан);
5) қысқаша мазмұны:
шығаруға ұсынылатын өнiм, ықтимал түрлендірулер спектрін
көрсете отырып, тауардың немесе көрсетілетін қызметтердің көрсетудің
қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен қолдану салалары;
болжанатын инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық
жобаның сипаты (жаңасын құру, қолданыстағы кәсiпорынды
реконструкциялау немесе кеңейту);
инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба бойынша
техникалық құжаттаманың болуы (техникалық-экономикалық негiздеме,
жобалау-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтар
жеткiзуге шарттар мен келiсiмшарттардың көшiрмелерi; жер учаскесіне
құқықты растайтын құжаттардың көшiрмелерi; ғимараттарды, құрылыстарды
жалдауға арналған шарттардың көшiрмелерi және басқа да құжаттар);
жоба бойынша iске асырудың ерекше шарттары мен шектеулер, оның
ішінде лицензиялардың (егер қызмет түрi лицензиялануға жататын
болса), патенттердiң, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық
квоталардың болуы, өткiзу мен шикізат нарықтары, сумен, энергиямен
жабдықтау, көлiк, байланыс бойынша ұсынымдар, қалдықтарды кәдеге
жарату мүмкіндіктері, шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктер,
технологиялық процестердiң экологиялық тазалығына қойылатын талаптар;
6) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске
асыру құны, қаржыландыру көздерi:
меншiкті қаражат;
қарыздық қаражат (кредиттер немесе тартылған шаруашылық
жүргізуші субъектiлердiң қаражаты) және/немесе грант.
7) жобаны iске асыру мерзiмi – инвестицияларды жүзеге асыру
сәтiнен бастап.
5. Техникалық бөлiм мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба
технологиясының қысқаша сипаттамасы;
2) технологиялық шешiмдi таңдау негiздемесi, атап айтқанда
инвестициялар жобаның орналасатын жері мен мөлшерінің (ауқымының),
негiздемесi (жеткiзушiлер мен нарықтар үшiн орналасу қолайлығы):
iлеспе инфрақұрылым және көлiктік мүмкiндiктер;
қолданыстағы үй-жайларды пайдалану немесе реконструкциялау
мүмкiндiктерi;
инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба бойынша
тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өндiру көлемiн айқындайтын
факторлар.
Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша (ұқсастармен
салыстыра отырып, өндiру үшiн ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің техникалық деңгейi мен құны, ақпарат көзiне сiлтемелер)
баламалы шешiмдердi салыстырмалы талдау.
Шикiзат ресурстарын пайдаланудың ұтымдылық деңгейi:
шикiзатты өңдеу деңгейi;
өндiрiстiң қайта бөлiнуi (қалдықтарды қайта өңдеу);
жергiлiктi шикiзатты пайдалану;
Талаптарға 1-қосымшада көрсетілген жобаны iске асыру кестесi.
6. Коммерциялық бөлiм мыналарды қамитиды:
1) шикiзаттың, материалдар мен жабдықтардың жеткiзiлiмдерi:
шикiзат пен материалдар нарығын (отандық және импорттық)
талдау:
пайдаланылатын шикiзат түрлерiнiң тiзбесi;
көлiктiк шығыстарды ескере отырып, бағаның қолжетімділігі мен
деңгейi;
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауын және көлемін
көрсете отырып, дайын өнім бірлігінің өндірісіне шикізат пен
материалдар шығыстарының нормалары;
шикізатты есептен шығару әдісі (Қазақстан Республикасы заңды
тұлғасының есепке алу саясаты);
жабдықтарды өндiрушiлердiң/жеткiзушiлердiң таңдауы:
қажеттi жабдықтардың тiзбесi және оларға қойылатын негiзгi
техникалық талаптар;
жабдықтардың жаңашылдығы мен әлемдiк және жергiлiктi нарықтағы
технологиялар;
көлiктiк шығыстарды, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын
ескере отырып, жабдықтардың құны;
жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
қосалқы бөлшектермен немесе шығыс материалдарымен қамтамасыз
ету көздерi.
2) маркетинг:
шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызмет түрлерiнің
тiзбесi мен көлемі.
қолданыстағы шектеулердi (квоталар, лицензиялар және т.б.)
ескере отырып, өткізу нарықтарын болжау – (нарық сыйымдылығы), iшкi
және сыртқы нарықтағы әлеуеттi төлем қабiлетi бар сұраныс, қазiргi
уақыттағы оны қанағаттандыру деңгейi:
өткiзу арналары: қандай өңiрлерге, қандай тұтынушыларға,
шетелдегi қай елдерге жеткiзiлiм болжанатыны көрсетiлсiн; нарықта
ұқсас, өзара алмастырылатын немесе өзара толықтырылатын тауарлар,
көрсетілетін қызметтер бар ма, олардың өндiрiсiнің болашақ өсуін
бағалау, соңғы бiрнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе
экспортының серпіні, көлемi мен бағалары, негiзгi бәсекелестер және
олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтiк экономикалық жағдайдың
ықтимал өзгерістері нәтижесiнде нарықты болжау;
өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттар:
тауарларды жеткiзуге келiсiмшарттардың немесе ниеттер туралы
хаттамалардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерi;
тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге бағалар деңгейiн
болжамдық бағалау;
коммерциялық тәуекел факторлары мен негiзгi маркетингтiк
iс-шаралар.
Жобаны қаржыландыру кезінде валюта айырбастау бағамы
өзгерісінің және қолданыстағы салықтық базаның әсерін бағалау.
7. Ұйымдастырушылық бөлiм мыналарды қамтиды:
1) тартылатын ұйымдар:
жобаны құрушы;
жабдықтарды өндiрушiлер;
жабдықтарды жеткiзушiлер;
қаржыландырушы ұйым;
делдалдар.
2) жобаны iске асыру процесiнде оның қатысушылары арасында
мiндеттер мен жауапкершiлiктi бөлу.
3) ұйымдастырушылық құрылым және тауарлар/көрсетілетін
қызметтер сапасының менеджменті мен оны бақылау жүйелері.
8. Әлеуметтiк бөлiм мыналарды қамтиды:
1) жобаның еңбек ресурстарына қажеттiлiгi (қажеттi саны мен
бiлiктiлiгi):
қажеттi бiлiктiлiгi бар кадрлардың болуы;
бiлiктi көмекті тартуға қажеттiлiк, оның ішінде импорты;
2) жобаның халықты жұмыспен қамтуға және оның бiлiм деңгейiн
жоғарылатуға әсерi.
9. Қаржылық бөлiм мыналарды қамтиды:
1) инвестицияларды бағалау:
толық инвестициялық алып қоюлар (негiзгi және айналым
капиталына инвестициялар);
жобаны қаржыландыру мен инвестициялардың құрылымы (жобаны iске
асыру үшiн қаражаттың жеткiлiктiгiн, инвестициялардың құрылымын,
қаржыландырудың схемасы мен шарттарын, пайданы болжамды пайдалануды
көрсететін инвестициялардың жалпы көлемiн бағалау).
2) тәуекелдердi бағалау:
тәуекелдердiң түрлерi;
тәуекелдiң деңгейi (дисконт мөлшерлемесі).
3) қаржылық талдау:
инвестициялық преференцияларды ескермей және тиісті
инвестициялық преференцияларды ескере отырып, модельдерді есептеуді
қамтитын жобаның қаржылық моделі;
жобаның өмiрлiк цикліндегі таза дисконталған табыс (NPV);
жобаның өмiрлiк цикліндегі iшкi табыстылық нормасы (IRR);
жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконтталған);
жоба өмiрiнiң әрбір жылына араналған қарапайым табыс нормасы
(рентабельдiлігi);
түрлер бойынша бюджетке төленетiн салықтар, кеден баждары мен
төлемдер;
төленетiн салықтардың барлық түрлерi бойынша бюджеттiк
тиiмдiлiктiң жиынтық есебi.
10. Экологиялық бөлiм жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер
етуі жөніндегі стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгiн қамтиды.
11. Экономикалық бөлiм мыналарды қамтиды:
жобаның ел экономикасының қажеттiлiктерiне сәйкестiгi:
халық тұтынатын азық-түлiк тауарлары және азық-түлiктік емес
тауарлар шығаруды ұлғайту;
импорт алмастыру (импорт алмастырудың қабылданған
бағдарламаларына сәйкестiгi);
экспортты ұлғайту;
жаңа жұмыс орындарын құру;
халықтың бiлiм және бiлiктiлiк деңгейiн жоғарылату;
озық технологияларды игеру, «ноу-хау»;
жобаны iске асырудан мультипликатор әсері;
халықаралық сапа жүйелері стандарттарына сәйкес келетін
өндiрiстi ұйымдастыру.
12. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық
әсерді талдау мыналарды қамтиды (инвестициялық стратегиялық жобалар
үшін толтырылады):
1) өндіруге жоспарланған жоғары технологиялық өнім өндірісіне
номенклатура, оның ішінде:
қайта өңдеу саласын дамыту;
инфрақұрылымды дамыту;
бәсеке қабілетті ортаны қалыптастыру;
қосылған құны жоғары өндірісті құру;
2) пайдаланылатын заманауи технологиялар, оның ішінде:
озық инновацияларды пайдалану;
тәжірибе мен білім тасымалы;
жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, ғылымды көп қажет ететін
және жоғары технологиялы экспортқа бағдарланған өндірістер құру
технологиялары мен түрлерін енгізу;
3) қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және жаңа жұмыс
орындарын құру;
4) қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде:
халықаралық сапа стандарттарына сәйкестік;
елді мекенде және өңірде экологиялық жағдайды жақсарту;
5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде:
әлеуметтік тұрақтылықты күшейту;
тұрғын үймен қамтамасыз ету;
білім беру және медициналық қызметтерге қолжетімділік;
Қазақстандағы өмір сүру деңгейін арттыру;
әлеуметтік тәуекелдерді азайту;
жұмыссыздықты азайту;
әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту.
13. Бизнес-жоспар 14 кеглді TimesNewRoman қарпімен (схемаларды,
сызбаларды, кестелерді, эскиздерді жасаған кезде 10-нан кем емес)
басып шығарылады, қағаз тасығышта ұсынылады, әрбір басып шығарылған
бизнес-жоспар парағының мынадай өлшемдері бар: сол жақ жиегі – 2,5
сантиметр, оң жақ жиегі – 1,5 сантиметр, жоғарғы жиегі – 2,5
сантиметр, астыңғы жиегі – 2,5 сантиметр.
Бизнес-жоспар мәтінін әзірлеген кезде екінші және одан кейінгі
парақтары нөмірленуі тиіс (парақтардың реттік номірлері араб
сандарымен бизнес-жоспардың жоғарғы жиегі ортасынан тыныс
белгілерінсіз қойылады).
РҚАО-ның ескертпесі!
Талаптарға 1-қосымша қаулыға қоса берілмеген.