Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тарлаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері "Искаков Базар" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тарлаулы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Жұмықбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тарлаулы ауылдық округінің әкімі | Н.Қабдыкешов |