Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 751 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 501-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 1405 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1142-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 487 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 32, 495-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен   
бекітілген      

«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;
      3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не ұсынылған материалдарды қайтара отырып, қағаз тасығышта берілетін қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
      Тіркеу алымы заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасалатын және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тіркеу алымын төлеу күніне қолданылатын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабында белгіленген төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді.
      Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
      Тіркеу алымын төлеу үшін қажетті банктік деректемелер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетелетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) өтініш:
      көрсетілетін қызметті алушының (автордың) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      көрсетілетін қызметті алушының (құқық иеленушінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) әдеби, ғылыми, драмалық, сценарий туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
      туындының данасы;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
      3) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
      туынды жазылған тасығыш, туындының мәтіні, ноталары немесе партитурасы;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
      4) хореография, пантомима, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
      туынды жазылған тасушы;
      туынды сипаттамасы;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
      5) сәулет, қала құрылысы, бау-саябақ өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
      эскиздер, сызбалар, суреттер;
      туындының толық сипаттамасы;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
      6) кескіндеме, мүсіндеме, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
      туындының эскиздері, суреттері, иллюстрациялары немесе туындының фотосурет түріндегі бейнесі, сондай-ақ қажет болған жағдайда сызбалары;
      туындының толық сипаттамасы;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
      7) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындыларға, сондай-ақ карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрацияларға және географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын үш өлшемді туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
      туындының данасы;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
      8) электрондық есептеуіш машинаға (бұдан әрі – ЭЕМ) немесе деректер қорына арналған бағдарламаларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
      ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған бағдарлама мен бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар тасушы (дискета және басқа да электронды тасығыш);
      ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған бағдарламаның атауын, көрсетілетін қызметті алушының атын (тегін, атын, әкесінің атын), жасалған күнін, қолданылу саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған рефератты;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
      Қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін ұсыну қажет.
      Автор мен жұмыс берушінің арасында қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы қосымша шарт жасалған жағдайда осындай шарттың көшірмесін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет.
      Құрамдас немесе туынды шығармаларға құқықтарды тіркеу кезінде түпнұсқа туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушімен (құқық иеленушілермен) жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады;
      Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және оған көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.
      Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші он жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қайтара отырып, жазбаша, толық дәйектелген қараудан бас тартуды береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 925 қабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Авторлық құқықпен қорғалатын      
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Тіркеу алымын төлеуге қажетті банктік деректемелер

      Банктік сәйкестендіру коды – KKMFKZ2A;
      жеке сәйкестендіру коды – KZ24070105KSN0000000;
      бенефициардың коды – 11;
      бенефициар – ҚР Қаржымині СК Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы ММ;
      БСН – 081240013779;
      банк бенефициар – Астана қ., Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
      бюджеттік жіктеу коды – 105421.

«Авторлық құқықпен қорғалатын      
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігі          
Зияткерлік меншік құқығы    
комитетінің төрағасы        
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын 
_____________________________
тел: ________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)   

Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға
құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ

      Мен (Біз) _____________________________________________________
                       (автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН ___________________
_____________________________________________________________ жасаған
            (объектінің жасалған күні, айы, жылы)
________________________________________________________ деп аталатын
жарияланбаған _______________________________________________________
                        (авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды)
растаймын (растаймыз) және осы авторлық құқық объектісін Зияткерлік
меншік құқығы комитетінде тіркеуді өтінемін (өтінеміз).
      Осымен осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз
иеленушісі (иеленушілері) болып табылатынымды (табылатынымызды) және
объектіні жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын да
растаймын (растаймыз).
      Туындыны Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеу фактісінің
заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.

20__ ж. «___» __________                         ____________________
                                                 (автор(лар)дың қолы)

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.

«Авторлық құқықпен қорғалатын      
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігі          
Зияткерлік меншік құқығы    
комитетінің төрағасы        
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын 
_____________________________
тел: ________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)   

Құқық иеленушінің авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға
құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ

_____________________________________________________________________
(құқық иеленушінің атауы)

БСН ______________________
осымен ______________________________________________________________
         (автор(лар)дың Т.А.Ә., авторлардың паспорттық (объектінің
                     жасалған күні, айы, жылы) деректері)
ЖСН ______________________
жасаған ________________________________________________ деп аталатын
_____________________________________________________________________
                 (авторлық құқық объектісінің түрі)
осымен айрықша мүліктік құқықтардың иесі болып табылатынымызды
(табылатынын) растаймын (растайды) және осы объектіге айрықша
мүліктік құқықтарды Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуді
өтінемін (өтінеді).
      Осымен осы объектіні авторлар жасаған кезде басқа тұлғалардың
құқықтары бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).
      Туындыны Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеу фактісінің
заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.

20__ ж. «___» __________                          ___________________
                                                         (қолы)

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен   
бекітілген      

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күні туралы ақпаратты орналастырған кезден бастап – күнтізбелік 65 (алпыс бес) күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;
      3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк немесе қағаз тасығышта берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      портал арқылы жүгінген кезде – бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанда берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрстеілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі;
      3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің көшірмелері;
      4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі;
      5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімі;
      6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімі;
      7) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымның авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы мәліметтер;
      8) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлері;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
      2) электрондық құжат нысанында аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі;
      3) электрондық құжат нысанында ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің көшірмелері;
      4) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі;
      5) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімі;
      6) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімі;
      7) электрондық құжаттардың көшірмелері нысанында ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымның зияткерлік меншік саласындағы соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы мәліметтер;
      8) құжаттың электрондық көшірмелері нысанында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлері;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе почта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;
      2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толық еместігі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 925 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде   
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Қазақстан Республикасы                            
Әділет министрлігінің                             
Зияткерлік меншік құқығы                          
комитетінің төрағасы                              
___________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)               
___________________________________________________
(лауазымы, ұйым атауы, бірлестік басшысының Т.А.Ә.)
Деректемелері: ____________________________________
___________________________________________________
(заңды мекенжайы)                
___________________________________________________
(байланыс телефоны)               

Өтініш

___________________________________________________ мекенжайы бойынша
             (ұйым орналасқан мекенжай)
орналасқан, тіркеу нөмірі ___________________________________________
                                (заңды тұлғаның тіркеу нөмірі)
БСН _________________________________________________________________
                    (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)
мынадай _____________________________________________________________
         («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының
                        43-бабының 3-тармағына сәйкес)
ұжымдық басқару саласындағы бірлестік мүшелері атынан «Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
46-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткізуіңізді сұраймын.

Өтінішке қосымша мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________

М.О. ________________________     ___________________________________
              (қолы)              (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

Күні: 20__ жылғы «___» _________________

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде   
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Мәліметтер нысаны

      1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды басқаруға
жасалған қолданыстағы шарттар саны __________________________________
      2) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін
пайдаланушылармен жасалған қолданыстағы шарттар саны ________________
      3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым
мүшелерінің тізімі __________________________________________________
      4) Мұндай ұйымды құқық иеленушілер мен пайдаланушылар үшін
қажетті Қазақстан өңірлерінде білдіруге уәкілеттік берілген тұлғалар
туралы мәліметтер ___________________________________________________
      5) Интернет-ресурсының болуы туралы мәліметтер ________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен   
бекітілген      

«Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын
сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;
      3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға қабылдау туралы анықтама.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған туынды авторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі, сондай-ақ туындыны өңдеуге, аударуға құқық беру туралы авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады;
      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      3) туындының қолжазбасы.
      Сақтауға ұсынылатын құжаттар тігілуі, нөмірленуі және көрсетілетін қызметті алушының қолымен бекітілуі тиіс.
      Құжаттарды сенімді адам арқылы ұсыну кезінде:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхатты;
      2) сенім білдірілгеннің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосымша ұсыну қажет.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 925 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Қолжазбаны сақтауға,    
жарияланбаған туындылардың  
қолжазбаларын сақтауға    
тапсыру туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша            

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрлігі          
Зияткерлік меншік құқығы    
комитетінің төрағасы        
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын 
_____________________________
тел: ________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)   

Өтініш

Мен (Біз) ___________________________________________________________
                    (автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН _________________________________________________________ жасаған
             (объектінің жасалған күні, айы, жылы)
________________________________________________________ деп аталатын
_____________________________________________________________________
                  (авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз автор(лар)ы болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын
(растаймыз) және осы туындының қолжазбасын Зияткерлік меншік құқығы
комитетінде сақтауға қабылдауды өтінемін (өтінеміз).
      Осымен аталған туынды еш жерде жарияланбағанын да растаймын
(растаймыз).

Өтінішке қоса беріледі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________

20__ жылғы «___» ___________                    _____________________
                                                 (автор(лар)дың қолы)

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.