Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі ке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен

      «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес капиталдың сыртқы нарықтарында кемінде 500 (бес жүз) миллион АҚШ доллары сомасына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарықтары мен әріптестерді айқындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді;
      2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттаманы дайындауды;
      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді;
      4) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы әріптестеріне көрсетілген қызметтерге комиссиялық сыйақы түрінде ақы төлеуді қамтамасыз етуді;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрі                                     С. Ахметов