"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 66 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 66 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1117 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін мынадай ведомстволары бар:
      1) Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті;
      2) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;
      3) Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
      10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің миссиясы: мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
      15. Міндеттері:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      3) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
      16. Функциялары:
      1. Орталық аппараттың функциялары:
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
      2) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
      3) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы және медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау;
      5) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      6) медициналық көмекті ұйымдастыру;
      7) медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;
      8) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және бекіту;
      9) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
      10) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      11) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
      12) ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелерінің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарының мазмұнын келісу;
      13) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу;
      14) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
      15) салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының халқына трансфузиологиялық көмек көрсету, Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация нысанында медициналық көмек, Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек, Қазақстан Республикасының халқына қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту көмегін, Қазақстан Республикасының халқына урологиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына дерматовенерологиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына терапиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына хирургиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына травмотологиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына нейрохирургиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына невропатологиялық көмек, Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек, гемодиализ сапасы, минималдық нозологиялық денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеу және бекіту;
      17) Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру мәселелері жөніндегі комиссия ережесін жасау және бекіту;
      18) iргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестіру, медицина ғылымының тұжырымдамасын әзірлеу;
      19) консультациялық-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
      20) Интернатура және резидентура туралы ережелерді бекіту;
      21) интернатура, резидентураның клиникалық мамандықтарының тізбесін бекіту;
      22) босандыру мекемелерінде, балалар емханаларында, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелерiнде «қатер» тобындағы балаларды барынша ерте анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған «қатер» тобындағы және мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін айқындау;
      23) дене және (немесе) психикалық кемiстiктерi бар балалардың әртүрлi ауруларының түрлерiн диагностикалауды, емдеудi ұйымдастыру тәртiбiн айқындау;
      24) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекіту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу;
      25) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      26) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды үйлестіру және әдістемелік басшылық;
      27) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесін және құрметті атақтар беру тәртібін әзірлеу мен бекіту;
      28) денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
      29) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық қадағалауды қамтамасыз ету;
      30) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша даярлауға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
      31) денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
      32) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын тағайындауға келісу;
      33) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру, басшыларды және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      34) Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ережесін бекіту;
      35) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, «қатер» тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, педиатрлар мен орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ету;
      36) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
      37) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
      38) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      39) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      40) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      41) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
      42) өз құзыреті шегінде электрондық қызметтер көрсету;
      43) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
      44) халық арасында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      45) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобаларының және бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын, ғылыми-медициналық әзірлемелерді жүзеге асыру;
      46) рентгендік жабдықтың, радиоактивтік заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтың импортын келісу;
      47) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
      48) медициналық айықтырғыштардың қызметін үйлестіру;
      49) медициналық айықтырғыштардағы адамдарды ұстауды бақылауды жүзеге асыру;
      50) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      51) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.
      2. Ведомстволардың функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының аумағын инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шаралалды ұйымдастыру;
      2) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп айқындау;
      3) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу;
      4) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген актілерден бөлек актілер әзірлеуі;
      5) құзыреті шегінде өнімге, тауарларға, үдерістерге қызметтерге арналған ұлттық және халықаралық стандарттардың жобаларын және жобалау нормаларын келісу;
      6) балаларға арналған тағамдарды, тамаққа қосылатын тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және азық-түлікпен жанасатын материалдарды және бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізетін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді қайтарып алуды жүзеге асыру;
      7) басқа елдердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын, егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалы деп тану;
      8) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттары болатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;
      9) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу;
      10) бұзушылықтар анықталған жағдайда халықтың кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы талап ететін шешім қабылдау;
      11) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
      12) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
      13) лицензиялауға жататын қызметтердің түрлеріне лицензия берумен байланысты қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      14) тағамнан улану, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде өз құзыретінің шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      15) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
      16) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
      17) тиісті аумақта инфекциялық, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында Кеден одағының кедендік шекарасымен сәйкес келетін, автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларды, экипаждарды, поезд бригадаларын, көлік құралдарын, халықтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жүктерді санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу;
      18) тиісті дерекқорды қалыптастыра отырып, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру, есепке алу мен статистиканы жүргізу;
      19) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізаттарын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жағдайларын тексеруді жүзеге асыру;
      20) міндетті лицензиялауға жататын қызметтер түрлеріне өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
      21) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      22) халықты профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      23) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
      24) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық активті қоспалардың енгізілуі мен практикада қолданылуын бақылау;
      25) Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау мен қадағалау;
      26) тағамға қосылатын биологиялық активті қоспалардың жарнамасын бақылау;
      27) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;
      28) медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      29) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген жағдайларда адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге және әкетуге, сондай-ақ қанды және оның компоненттерін әкелуге, әкетуге рұқсат беру;
      30) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (әкетуді) келісу;
      31) фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, сондай-ақ медициналық технологияларды клиникалық зерттеулерді жүргізуге рұқсаттар беру;
      32) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      33) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға денсаулық сақтау субъектісінің сәйкестігін айқындау;
      34) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту;
      35) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау;
      36) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
      37) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
      38) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу;
      39) денсаулық сақтау саласында мамандарды, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық және сарапшыларды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау;
      40) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
      41) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу;
      42) аккредиттелген субъектілер мен денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың дерекқорын қалыптастыру;
      43) республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті лицензиялау;
      44) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндірумен байланысты қызметті және денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметке: өндіруге, тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, өткізуге, пайдалануға, жоюға байланысты қызметті лицензиялау, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру;
      45) медициналық қызметтердi, профилактика, диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарын, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тамаққа қосылатын биологиялық белсендi қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру;
      46) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін бақылау;
      48) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің енгізілуін бақылау;
      49) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау;
      50) медициналық қызметтердiң, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын бақылау;
      51) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету бойынша Бiрыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiзiмiн айқындау;
      52) халықаралық және шетелдiк фармакопеялардың стандарттарын, фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және шетел мемлекеттерiнiң дәрiлiк заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарды тану;
      53) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын бақылау;
      54) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;
      55) дәстүрлі медицина халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсету субъектілерінің қызметін бақылау;
      56) әкiмшiлендiрiлетiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу;
      57) ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау әдістемесін айқындау;
      58) медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және стандарттарға сәйкестігін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметінің тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу;
      59) республикалық бюджет қаражатынан ТМККК көрсету бойынша қызметті ұсынушыларды таңдауды ұйымдастыру;
      60) республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуді жүзеге асыру;
      61) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің сапасына сыртқы сараптаманы жүзеге асыру;
      62) ұйымның медициналық көмекті тиімді басқаруын және ТМККК көрсету кезінде ресурстарды пайдалануын бағалау және мониторингі;
      63) ТМККК шеңберінде жұмыстың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағдарланған медициналық ұйымдар қызметкерлерінің уәждемесінің жүйесін бағалауды жүргізу;
      64) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде ТМККК қамтамасыз ету мен кеңейтуге нысаналы ағымдағы трансферттерді қоса алғанда іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттардың енгізілуі мен орындалуын бақылауды, үйлестіруді және мониторингін жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне басшылықты Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
      19. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Министрдің өкілеттігі:
      1) денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      3) өз орынбасарларының өкілеттіліктерін айқындайды;
      4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
      5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      7) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
      8) регламенттерді және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекітеді;
      9) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      10) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
      23. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Министрліктің мүлкi

      24. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Министрліктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бекiтiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігін және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар:

      1. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты.
      2. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.
      3. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты.
      4. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
      5. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
      6. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.
      7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы.
      8. Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты.
      9. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы.
      10. Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті.
      11. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы.
      12. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі.
      13. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.
      14. Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты.
      15. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы.
      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      17. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      18. Павлодар қаласы өңірлік кардиохирургиялық орталығы.
      19. Республикалық санитариялық авиация орталығы.

2. Қазыналық кәсіпорындар:

      1. Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шаруашылық басқармасы.
      3. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
      4. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.
      5. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты.
      6. Республикалық қан орталығы.
      7. Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі.
      8. «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы.
      9. «Алатау» балалар клиникалық санаторийі.
      10. Республикалық аллергология орталығы.
      11. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
      12. Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы.
      13. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы.
      14. Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь.
      15. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы.
      16. Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь.
      17. «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы.
      18. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы.
      19. «Қарағай» республикалық оңалту орталығы.
      20. Сот медицинасы орталығы.
      21. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      22. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      23. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      24. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Шығыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      25. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      26. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      27. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қарағанды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      28. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      29. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      30. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Павлодар облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      31. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      32. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      33. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      34. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы».
      35. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Орал қалалық дезинфекция станциясы».
      36. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Петропавл қалалық дезинфекция станциясы».
      37. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Алматы қаласының дезинфекция станциясы».
      38. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Шымкент қалалық дезинфекция станциясы».
      39. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы».
      40. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы».
      41. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы».

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      1. Инвестициялық жобаларды басқару орталығы.

4. Акцияларының мемлекеттік пакеттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне иелік етуге және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдар

      1. Ұлттық ғылыми медициналық орталық.
      2. Астана медицина университеті.
      3. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты.
      4. Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы.
      5. А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы.
      6. «ҚазМедТех».

Ведомстволардың қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық департаменттері

       1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      17. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің көліктегі департаменті.

2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

3. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      1. Қазақ республикалық лепрозорийі.
      2. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана.
      3. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық.
      4. Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы.
      5. Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы.
      6. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы.
      7. Атырау обаға қарсы күрес станциясы.
      8. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы.
      9. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы.
      10. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы.
      11. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы.
      12. Орал обаға қарсы күрес станциясы.
      13. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы.