Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ;
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20-жолдармен толықтырылсын:
"18. "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.
19. "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.
20. "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |