11.06.2012

Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор болып белгіленсін.

      2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



Дата вступления в силу:  11.06.2012
Дата изменения акта:  29.08.2019
Дата принятия акта:  11.06.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 23 маусымдағы № 339-345 (27419); "Казахстанская правда" от 23.06.2012 г., № 199-200 (27018-27019); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, № 770-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  777
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  023008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz