"Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 639 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 770-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин