Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 808 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 808 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 919 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 425-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 және «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 8 қазандағы № 919 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 715 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, № 731-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысының 1-тармағының 1)2)3)4)5)6)7)8) және 9) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 370-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 қаулысының 1-тармағының 1)2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 43, 413-құжат).