"Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2012 - 2014 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 420 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2012 - 2014 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 420 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 318 қаулысына қосымша

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер
арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын
ғылыми-техникалық бағдарламалар

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) қатты отынды тұтандырудың плазмалық технологиясының ғылыми-техникалық негізін әзірлеу және оны зертханада және өнеркәсіптік жағдайда сандық және эксперименталдық зерттеу;
      2) Қазақстан Республикасының индустриялық дамуын пайдалы қазбалар қорымен толтырудың ғылыми негіздемесі;
      3) жаңа материалдар синтезі, мұнай, мұнай өнімдерін және құрамында көміртекті газдар бар каталитикалық қайта өңдеу, технологияларын әзірлеу;
      4) көмір, органикалық және полимерлік шикізат негізінде металдардың нанобөлшектерін және кеміртекті нанотүтіктерді қатыстыра отырып, жасалатын нанокомпозитгік материалдарды алу мен қолдану технологияларын әзірдеу;
      5) түсті металлургияның қалдықтарынан және жартылай өнімдерінен металл сурьма мен оның қоспаларын алудың тиімділігі жоғары экологиялық таза жаңа технологиясын әзірлеу;
      6) темір бокситтерін қайта өңдеудің Байер-гидрогранат технологиясын әзірлеу;
      7) отқа төзімділігі жоғары кәбіл өнімдері өндірісін құру;
      8) арнайы мақсаттағы аса берік ситталдар алу, олардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеу;
      9) металл және ағаш конструкциялар үшін оттан сақтайтын әлемдік
деңгейдегі отандық төсемдер өндірісін құру;
      10) Ipkon жаңа силикатты бекіткіші: интернационализация және
экспорттық жылжыту;
      11) Қарағанды метаны;
      12) Қазақстанның жерасты сулары;
      13) Қазақстан Республикасында микроэлектроника мен роботты техниканың ақпаратты-технологиялық базасын құру;
      14) CUDA-технологияны пайдалана отырып, имитациялық модельдеудің жоғары өндірістік жүйесін құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу;
      15) арнайы мақсаттағы роботтар мен роботты технологиялық жүйелердің тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелері;
      16) GPU-процессорларды қолдану арқылы суперкомпьютерлі гибридті кластер құрудың технологиясын әзірлеу;
      17) Қызылорда облысында мұнай өндіру кезінде бүлінген экожүйені биоремедиациялау;
      18) Арал маңының тұзды топырағының құнарлылығын қалпына
келтірудің биотехнологиялық тәсілдерін қолдану;
      19) ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін микробтық препараттарды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру технологиясын әзірлеу және ұйымдастыру;
      20) ірі қара малдың бруцеллезі: эпизоотологиялық жағдайдың мониторингі, диагностика мен алдын алу құралдарын әзірлеу;
      21) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктердің популяциясында жұқпалы аурулар циркуляциясының эпизоотологиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу;
      22) ДНК-технологияларын қолдану негізінде Қазақстан тұрғындарының жекелеген топтары үшін генетикалық паспорттар жасау;
      23) Қазақстан Республикасында микробиологиялық ресурстарды құру, сақтау, есепке алу және қолдану;
      24) Қазақстан флорасының мәдени, интродукцияланған және жабайы есетін есімдіктері негізінде дәрілік препараттар, биологиялық белсенді қоспалар мен арнайы тағам өнімдерін және басқа материалдар жасаудың биотехнологиясы;
      25) Ovis және Сарrа жануарлар тегінің ex situ сақтауының ғылыми негіздерін әзірлеу;
      26) адам мен жануар ағзасының соматикалық және висцералдық жүйелерін реттеудің физиологиялық тетіктері;
      27) Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздері;
      28) Қазақстан Республикасының таулы және жазық аумақтарының табиғатын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздері;
      29) Қазақстан Республикасында болжау және шығынды азайту мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы күшті және қиратушы жер сілкіністері көріністерінің заңдылықтарын зерттеу;
      30) Қазақстан медицинасының, ауыл шаруашылығының және қоршаған ортасының мұқтаждығы үшін отандық геномдық-протеомдық және жасушалық технологиялар әзірлеу;
      31) жаңа әдістемелік негізде Алматы қаласының аумағын сейсмикалық микроаудандастыру картасын әзірлеу;
      32) «Ғылыми қазына» пәнаралық бағдарламасы;
      33) түркілік геосаяси феномен: Қайнар көзі, сабақтастығы.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту;
      2) Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру мен пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау;
      3) ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту;
      4) тау-кен саласының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;
      5) инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасау.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер:
      1) үдемелі респираторлы ауруларды диагностикалаудағы және емдеудегі инновациялық технологиялар;
      2) созылмалы жұқпалы емес аурулардан келетін қоғамның алдын алуға болатын шығындары профилактикасының концептуалды тәсілдерін әзірлеу;
      3) ауылдық аумақта тұратын халықтың денсаулығын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында кешенді бағдарламалар әзірлеу;
      4) халықтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі ретінде карантиндік және зооноздық инфекциялар мониторингінің тиімділігін арттыру;
      5) Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды дамытудың инновациялық технологияларын әзірлеу;
      6) туберкулездің резистентті нысанын сапалы диагностикалаудың және емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу;
      7) қатерлі ісіктерді емдеудің ғылыми-негізделген мультимодальдық технологияларын әзірлеу;
      8) халық денсаулығына қолайсыз әсерді болдырмау үшін экологиялық тәуекелді азайтудың ғылыми-негізделген технологияларын әзірлеу;
      9) хирургияда мүшені сақтайтын және мүшені қалпына келтіретін емдеу-диагностикалық технологияларды әзірлеу және жетілдіру негізінде әлеуметтік-маңызды ауруларды, жарақаттарды және олардың салдарының деңгейін төмендету.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер:
      1) техникалық жетілдірілген, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелденген кәсіби тәуекелдің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету бойынша еңбекті қорғауды басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және әзірлеу;
      2) тиімді және сапалы еңбек үшін қауіпсіз және дұрыс жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған еңбекті қорғауды басқару бойынша өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін жүйелік бағалау.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.

      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
      төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми зерттеулер: Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізу және ғылыми-техникалық жобалау жүйесін әзірлеу.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі:
      ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.

      8. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі:
      1) құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;
      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.

      9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі:
      мемлекеттік қызмет саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми-қолданбалы әдістемелер әзірлеу.