Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығын қараңыз.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары;
2) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
3) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1393 қаулысымен
бекітілген
Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші
көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді
аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленген және бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
2) аттестаттау туралы куәлік - мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген құжат;
3) бірегей тұқымдар - ауыл шаруашылығы өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;
4) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл - бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл - екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл - үшінші көбейтілген тұқым;
5) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар өндіруші (бұдан әрі - тұқым өсіру шаруашылығы) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъект;
6) суперэлиталы тұқым – тұқым өсіру саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін және элиталық тұқым өндіру үшін арналған өсіп-өндіру көшеттігі өнімінен алынатын бірегей тұқымдарға жататын тұқым;
7) тұқым өндіруші - тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға;
8) тұқым өткізуші - жергілікті атқарушы орган аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
9) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдар;
10) элиталық тұқымдар өндіруші (бұдан әрі - элиталық тұқым өсіру шаруашылығы) - жергілікті атқарушы орган атестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 23.07.2013 № 735 қаулыларымен.
3. Аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сай келетін барлық жеке және заңды тұлғалар үшін тең негізде және жағдайда жүргізіледі.
4. Жеке және заңды тұлғаларға бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн беру жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиiстi құрылымдық бөлiмшесi жергiлiктi атқарушы органның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесі жергілікті атқарушы органның жұмыс органы болып табылады.
5. Элиталық тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесіне ие және бірегей тұқым өндірушіге қойылатын талаптарға сай келетін шаруашылық жүргізуші субъект бір мезгілде бірегей тұқым өндіруші мәртебесін алуға үміттене алады.
6. Элиталық тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесіне ие және тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сай келетін шаруашылық жүргізуші субъект бір мезгілде тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесін алуға үміттене алады.
7. Элиталық тұқымды, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру және сату жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің сортын сол ауыл шаруашылығы өсімдігінің басқа сортына ауыстыру аттестаттау туралы куәлікте көрсетілген сорттар саны шегінде жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы өсімдігінің сортын ауыстыру тұқым шаруашылығы субъектісін қайта аттестаттауға негіз болып табылмайды.
2. Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру
шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым
өткізушілерге қойылатын талаптар
8. Бірегей тұқым өндірушіге қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) бірегей тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндіруді жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы;
2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін, ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
3) жалпы егіс алаңының 30 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
4) бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша 6 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;
5) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған бірегей тұқым өндірушінің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушінің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс;
7) дақыл жөнінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде бір маман-селекционердің болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірегей тұқым өндірісі бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруға шарттың болуы;
8) кемінде бір агроном-тұқымшының және әр дақыл бойынша маманның сондай-ақ, дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін меңгерген техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы;
9) дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін сызбаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндірісін қамтамасыз ету;
10) кейіннен элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті ассортиментте және көлемде сорттың тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің көшетін өндірушілер үшін аналық екпе ағаштардың) болуы;
11) мынадай:
бастапқы буындардың негізін қалау үшін - 100 пайыз;
суперэлита үшін - 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы;
12) бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы;
13) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
14) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргізу;
15) сортты шығару әдісін, ата-аналық нысандар, сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
16) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 № 1383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
9. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
2) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
3) жалпы егіс алаңының 25 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
4) соңғы үш жылдағы өнімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы;
5) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі төрт жылдан кем болмауы;
6) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз ету 25 пайыздан кем болмауы;
7) тұқым шаруашылығы жүргізілетін егілетін дақылдардың саны 4-тен көп болмауы;
8) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен көп болмауы;
9) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қоры - 50 пайыз болуы;
10) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
11) аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
12) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;
13) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының (бірегей тұқым) аудандастырылған және перспективті сорттарының болуы;
14) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзімге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен жасалған шарттың болуы;
15) ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
16) элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
17) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу;
19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
20) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
21) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы тиіс;
22) элиталық тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндiрудi жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы тиіс.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 № 1383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
10. Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінің екі жылдан кем емес болуы;
2) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес олардың өндірісін жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы;
3) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес енгізілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
4) жалпы егіс алаңының 20 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
5) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны - 3-тен көп болмауы;
6) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-тен көп болмауы;
7) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жыл мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым ендіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өсіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
8) ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
9) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру агротехнологиясын сақтау;
10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы;
11) кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
12) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
13) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
14) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының болуы;
15) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдардың жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
16) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
17) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлігі, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол ауданның тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу;
18) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 № 1383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
11. Тұқым өткізушілерге қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
2) кейіннен сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқым жеткізушілер тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда) жыл сайын жасалатын шарттың болуы;
3) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сақтау, тазалау және өткiзу жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы немесе лизингке немесе мүлiктiк жалға не сенiмгерлiк басқаруға алынған мамандандырылған техниканың болуы;
5) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының әр партиясы бойынша өткізілетін тұқымның саны мен сапасының, шыққан тегінің есебін, тұқымды құжатталуы, нөмірленуі, тігілуі және облыстың тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы қол қоюы тиіс тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу;
6) тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған карантиндік объектілердің болмауы.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 № 1383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3. Бірегей тұқым өндірушілерді, элиталық тұқым өсіру
шаруашылықтарын, тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым
өткізушілерді аттестаттау тәртібі
12. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;»;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесі (тұқым өткізушілер тапсырмайды);
4) жеке немесе заңды тұлғаның осы Қағидалардың 2-тарауында баяндалған талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
5) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың тізімі.
Жергілікті атқарушы орган бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн алуға жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
13. Жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен құрамы кемiнде бес адамнан тұратын (комиссияның төрағасы және төрт мүшесi) сараптамалық комиссия құрылады.
Сараптамалық комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесінің, аграрлық бейінді ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері кіреді.
Сараптамалық комиссия жеке немесе заңды тұлғаның аттестаттауға өтiнiшi түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды зерделейдi және орналасқан жерiне бару арқылы жеке немесе заңды тұлғаның бiрегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым шаруашылығына, тұқым шаруашылығына, тұқым өткiзушiлерге қойылатын талаптарға сәйкестiгi дәрежесiн анықтайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 20.12.2013 № 1383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Сараптамалық комиссия тексерісі негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушіге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі жасалады.
15. Сараптамалық комиссия көпшілік дауыспен жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушіге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
16. Сараптамалық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған сараптамалық комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
17. Бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшiн қараудың жалпы мерзiмi өтініш түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
18. Сараптамалық комиссияның оң қорытындысын алған жеке және заңды тұлғаларға жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесi берiледi және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлiк берiледi.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
19. Жеке немесе заңды тұлға бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкес болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тартудың себептерін көрсетіп, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
Сараптамалық комиссиясының шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
20. Жергілікті атқарушы орган бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесі берілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ақпарат жолдайды (ақпаратты жіберу және алу фактісін растайтын тәсілмен).
21. Жергілікті атқарушы орган бірегей тұқым өндірушілердің, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының, тұқым өсіру шаруашылықтарының, тұқым өткізушілердің тізілімін жүргізеді.
22. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін алуға үміткер жеке немесе заңды тұлға сараптамалық комиссияның аттестаттау туралы куәлік беруден бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен кейін алты ай өткен соң аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартуға әкелген себептерді жойған жағдайда, қайта аттестаттаудан өтуге құжаттарын тапсыра алады.
23. Тұқым шаруашылығы субъектілерін қайта аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес аттестацияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін:
бірегей тұқым өндірушілер үшін - бес жылда бір рет; элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - үш жылда бір рет; тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - үш жылда бір рет; тұқым өткізушілер үшін - екі жылда бір рет өткізіледі.
24. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта аттестаттауға өтінішті бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші аттестаттау туралы куәлігінің қолдану мерзімінің аяқталуына күнтізбелік отыз күн қалғанда береді.
Бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi
екiншi және үшiншi көбейтiлген
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
Нысан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органының атауы көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
көрсетiледi)
Өтініш
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткiзудi және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны (бiрегей тұқым
өндiрушiлерге сорттардың саны көрсетiлмейдi) көрсетiледi)
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн - тек тұқым сату)
жөнiндегi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
мәртебесiн берудi сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
1. Меншiк нысаны ______________________________________________
2. Құрылған жылы ______________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлiк* немесе анықтама немесе жеке тұлғаның жеке куәлiгi ___________
_____________________________________________________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бергені көрсетiледi)
4. Мекенжайы: _________________________________________________
(индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үйдiң №,
_____________________________________________________________________
телефоны, факсы, электрондық мекенжайы)
5. Басшы ______________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi)
6. Банктiк деректемелерi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ЖСН (жеке сәйкестендiру нөмiрi), есеп-шот №, банктiң атауы және
орналасқан жерi)
7. Қоса берiлiп отырған құжаттар: _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(12-тармаққа сәйкес)
Басшы ______________________________________________ ________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
М.О. 20__ жылғы «___» _________________
Өтiнiш қарауға 20__ жылғы «___» __________________________ қабылданды
_______________________________________________________ _____________
(өтiнiштi қабылдаған жауапты тұлғаның тегi, аты, (қолы)
әкесiнiң аты)
Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi көбейтiлген
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жеке немесе заңды тұлғаның бiрегей тұқым өндiрушiлерге,
элиталық тұқым шаруашылықтарына, тұқым шаруашылықтарына, тұқым
өткiзушiлерге қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексеру актiсi
20__ жылғы «___» ___________ № ____
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
____________________________________________ облысының (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының 20__
жылғы «__» __________ № ___ қаулысымен құрылған сараптамалық комиссия
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
_____________________________________________________________________
аты көрсетіледі) (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны
_____________________________________________________________________
(бірегей тұқым өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді)
көрсетіледі)
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату)
жөнiндегi ___________________________________________________________
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
мәртебесiне сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi туралы осы актiнi жасады.
Зерттеу нәтижесiнде белгiлi болғаны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(талаптардың әрбiр тармағы бойынша сәйкестiк дәрежесi көрсетiледi)
Қорытынды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы _____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Комиссия мүшелерi _____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi көбейтiлген
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
№ ____ аттестаттау туралы куәлік
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
_______________________ берілді, оған _______________________________
аты көрсетіледі)
облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органының 20__ жылғы «__» ____________ № _______ қаулысымен
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны (бірегей
_____________________________________________________________________
тұқым өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді) көрсетіледі)
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату)
жөнiндегi ________________________________________ мәртебесi берiлді.
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
Басшы ____________________________________________ __________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
Лауазымы ____________________________________________________________
Берiлген күнi: 20__ жылғы «___» _______________
М.О.
20__ жылғы «___» ___________________ дейiн жарамды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1393 қаулысымен
бекітілген
Байқаудан өткізушілерді аттестаттау қағидалары
Ескерту. Қағидалар алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1393 қаулысымен
бекітілген
Тұқым сарапшыларын аттестаттау қағидалары
Ескерту. Қағидалар алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.29 № 1507 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.