Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103 бұйрығын қараңыз.
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған карантинге жатқызылған өнім тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1170 қаулысымен
бекітілген
Карантинге жатқызылған өнім тізбесі
Атауы |
КО СЭҚ ТН |
I. Карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім |
|
Ғылыми-зерттеу мақсаттарына арналған тірі кенелер, нематодтар және жәндіктер |
0106 90 001 0-ден |
Баданалар, түйнектер, түйнек тәріздес тамырлар, түйнекті баданалар, бұтақталғандарын қоса алғанда, вегетативтік тыныштық, вегетация немесе гүлдену жағдайындағы тамыр сабақтары, өсімдіктер және 1212 тауарлық позициясындағы тамырлардан басқа тамырсабақтар |
0601 |
Басқа да тірі өсімдіктер (олардың тамырларын қоса алғанда), қалемшелер және сұлама бұтақтар |
0602 (0602 90 100 0-ден басқа) |
Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған гүлдер мен гүлшанақтар |
0603 11 000 0 - 0603 19 800 0 |
Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған, кептірілген гүлдер мен гүлшанақтар |
0603 90 000 0-ден |
Рождество мейрамына арналған ағаштар |
0604 91 200 0 |
Қылкан жапырақты ағаштар бұтақтары |
0604 91 400 0 |
Өсімдіктердің гүлсіз және гүлшанақсыз жапырақтары, бұтақтары және басқа да бөліктері, гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды балғын, кептірілген, одан әрі өңдеуді қажет етпейтін шөптер |
0604 91 900 0-ден |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған картоп |
0701 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған қызанақтар |
0702 00 000 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған басты пияз, шалот пиязы, порей пиязы, сарымсақ және басқа да пиязшық көкөністер |
0703 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған қауданды қырыққабат, түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және осыған ұқсас Brassica тектес, жеуге жарамды көкөністер |
0704 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған ақ сүттіген (Lactuca sativa) мен шашыратқы (Сісhоrium spp.) |
0705 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған сәбіз, шалқан, ас қызылшасы, қойжелкек, тамырлы балдыркөк, шалғам және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер |
0706 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған қиярлар мен корнишондар |
0707 00 |
Аршылған немесе аршылмаған, жаңа піскен немесе тоңазытылған бұршақ тұқымдас көкөністер |
0708 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған басқа да көкөністер |
0709 |
Егіске арналған будандық қант жүгерісі (Zea mays var. saccaharata) |
0712 90 110 0 |
Кептірілген, аршылған, тұқым қабығынан тазартылған немесе тазартылмаған, уатылған немесе уатылмаған бұршақ тұқымдас көкөністер |
0713 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған, кептірілген, тұтас немесе тілімдерге кесілген маниок, маранта, салеп, жер алмұрты немесе топинамбур, тәтті картоп немесе батат және осыған ұқсас құрамында крахмал немесе инулиннің мөлшері жоғары басқа да тамыржемістілер мен түйнек жемістілер; саго пальмасының өзегі |
0714-ден |
Жаңа піскен немесе кептірілген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз кокос жаңғақтары, бразилиялық жаңғақтар және кешью жаңғақтары |
0801 |
Жаңа піскен немесе кептірілген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз басқа да жаңғақтар |
0802 |
Жаңа піскен немесе кептірілген плантайндарды қоса алғанда банандар |
0803 00 |
Жаңа піскен немесе кептірілген құрма, інжір, ананас, авокадо, гуайява, манго және мангостан немесе гарциния |
0804 |
Жаңа піскен немесе кептірілген цитрусты жемістер |
0805 |
Жаңа піскен немесе кептірілген жүзім |
0806 |
Жаңа піскен қауындар (қарбыздарды қоса алғанда) мен папайя |
0807 |
Жаңа піскен алмалар, алмұрттар мен айва |
0808 |
Жаңа піскен өріктер, шие мен қызыл шие, шабдалылар (нектариндерді қоса алғанда), қара өріктер мен шомырт |
0809 |
Жаңа піскен басқа да жемістер |
0810 |
0801-0806 тауарлық позицияларындағы жемістерден басқа кептірілген жемістер; жаңғақтардың немесе осы топтағы кептірілген жемістердің қоспасы |
0813 |
Кофеинді немесе кофеинсіз қуырылмаған кофе |
0901 11 000 |
Бидай және меслин |
1001 |
Қара бидай |
1002 00 000 0 |
Арпа |
1003 00 |
Сұлы |
1004 00 000 0 |
Жүгері |
1005 |
Күріш |
1006 |
Дәнді құмай |
1007 00 |
Қарақұмық, тары және субидайықтың тұқымдары; өзге де дақылдар |
1008 |
Бидай немесе қара бидай ұны |
1101 00 |
Бидайдан немесе қара бидайдан басқа өзге де дақылдар дәндерінен алынған ұн |
1102 |
Дақылдар дәндерінен алынған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер |
1103 |
1006 тауарлық позициясындағы күрішті қоспағанда, басқа да тәсілдермен өңделген дақылдар дәні (мысалы, қауызынан аршылған, жаңышталған, үлпектерге қайта өңделген, жарма түрінде түйілген немесе ұнтақталған); бүтін, үлпектер түрінде жаңышталған немесе тартылған дақылдар дәнінің ұрықтары |
1104 |
Майда және ірі тартылған ұн мен 0713 тауар позициясындағы кептірілген бұршақ тұқымдас көкөністерден алынған ұнтақ |
1106 10 000 0 |
Қуырылған немесе қуырылмаған мия |
1107 |
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған қытайбұршақ бұршақбастары |
1201 00 |
Қуырылмаған немесе басқа да тәсілдермен дайындалмаған, аршылған немесе аршылмаған, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған жержаңғақ |
1202 |
Копра |
1203 00 000 0 |
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған зығыр тұқымдары |
1204 00 |
Ұнтақталған немесе ұсатылмаған рапс немесе кольза тұқымдары |
1205 |
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары |
1206 00 |
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған өзге де майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері |
1207 |
Қыша тұқымдарынан басқа, майлы дақылдар тұқымдарынан немесе жемістерінен алынған майда немесе ірі тартылған ұн |
1208 |
Егіске арналған тұқымдар, жемістер және споралар |
1209 |
Негізінен парфюмерияда, фармацияда немесе инсектицидтік, фунгицидтік немесе осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын, балғын немесе кептірілген, бүтін немесе ұсатылған, ұнтақталған немесе тартылған өсімдіктер мен олардың бөліктері (тұқымдарын және жемістерін қоса алғанда) |
1211 (1211 30 000 0, 1211 40 000 0-ден басқа) |
Қант қызылшасы |
1212 91 |
Тұқымдарын қоса алғанда мүйізше ағаштың жемістері |
1212 99 300 0 |
Өріктердің, шабдалылардың (оның ішінде нектариндер) немесе қара өріктердің сүйекшелері мен олардың дәндері; Сісhorium intybus sativum түріндегі шашыратқының тамырлары |
1212 99 700 0-ден |
Дәнді дақылдардың түйіршік түріндегілерден басқа өңделмеген, ұсатылған немесе ұсатылмаған, тартылған немесе тартылмаған, нығыздалған сабаны мен топаны |
1213 00 000 0-ден |
Түйіршіктелмеген тарна, жапырақты қызылша (мангольд), азықтық тамыржемістілер, пішен, жоңышқа, беде, эспарцет, азықтық қырыққабат, бөрібұршақ, сиыржоңышқа және осыларға ұқсас азықтық өнімдер |
1214-ден |
Бүтін немесе ұнтақталған, шикі немесе қуырылған какао-бұршақтар |
1801 00 000 0 |
Какаоның қауызы, қабықтары, қабықшасы және басқа да қалдықтары |
1802 00 000 0 |
Дақылдар дәндерін немесе бұршақ тұқымдас дақылдарды елеуден, тартудан немесе қайта өңдеудің басқа да тәсілдерімен алынған түйіршіктелмеген кебектер, жармалар, жарма ұндар және басқа да қалдықтар |
2302-ден |
Қытайбұршақ майын бөліп алу кезінде алынатын тартылған немесе тартылмаған, түйіршіктелмеген күнжаралар және басқа да қатты қалдықтар |
2304 00 000-ден |
Жержаңғақ майын бөліп алу кезінде алынатын тартылған немесе тартылмаған, түйіршіктелмеген күнжаралар және басқа да қатты қалдықтар |
2305 00 000 0-ден |
Өсімдік тоң майлары мен майларын бөліп алу кезінде алынатын тартылған немесе тартылмаған түйіршіктелмеген күнжаралар және 2304 немесе 2305 тауарлық позиция қалдықтарынан басқа өзге де қатты қалдықтар |
2306-ден |
Топырақ және жер |
2530 90 980 0-ден |
Агломерацияланған немесе агломерацияланбаған шымтезек (шымтезек қиқымын қоса алғанда) |
2703 00 000 0 |
Тек қана ғылыми-зерттеу мақсаттарына арналған тірі фитопатогендік бактериялар, вирустар |
3002 90 500 0-ден |
Аралас немесе аралас емес, химиялық өңделген немесе өңделмеген малдан алынатын немесе өсімдік тектес тыңайтқыштар; өсімдіктен немесе малдан алынатын өнімдерді араластыру немесе химиялық өңдеу арқылы алынған тыңайтқыштар |
3101 00 000 0 |
Бөренелер, шөрелер, бұтақтар, шөпшек байламдары немесе осыларға ұқсас түрлердегі отындық сүрек |
4401 10 000 4401 21 000 0 4401 22 000 0 |
Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен, ірі кесектелген немесе кесектелмеген ағаш материалдар |
4403 (4403 10 000-ден басқа)-ден |
Бөшкелік сүрек; жарылған бөренелер; ағаштан жасалған, өткірленген, бірақ ұзына бойы кесілмеген қадалар, қазықтар және бағандар; таяқтарды, қолшатырларды, құрал-саймандардың немесе осыларға ұқсас бұйымдардың саптарын өндіру үшін пайдаланылатын ірі жоңылған, бірақ ұшталмаған, майыстырылмаған немесе басқа да тәсілмен өңделмеген ағаш материалдар; аршылған және осыған ұқсас сүрек |
4404 |
Сүрек қабығы |
1404 90 000 0-ден |
Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған сіңдірілмеген ағаш шпалдар |
4406 10 000 0 |
Ұзына бойы арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын ағаш материалдар |
4407 |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен немесе басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа пішінделген ұзын тақтай түріндегі (қырлары, ойықтары бар, шпунтталған, қиысқан жіктері бар, жартылай дөңгелек калевка түріндегі қосылысы бар, фасонды, дөңгеленген немесе осыларға ұқсас) кез келген жиек, ұш немесе тегістіктегі, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған кесілген ағаш материалдар (еденді паркетпен жабуға арналған, жиналмаған жұқа тақтайшалар мен фриздерді қоса алғанда) |
4409-ден |
Жеке тауар болып табылатын немесе жеке декларацияланатын сүректен жасалған жәшіктер, қораптар, буып-түйетін көтермелер немесе себеттер, барабандар және осыларға ұқсас ыдыс, кабельді ағаш барабандар, палеттер, тұғырықтар және өзге де тиейтін ағаш қалқандар, ағаш ернеушелер |
4415-ден |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа бетондауға арналған қалып |
4418 40 000 0-ден |
Коллекциялар және зоология, ботаника бойынша коллекциялауға арналған заттар |
9705 00 000 0-ден |
II. Карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі төмен өнім |
|
Құс қауырсындарының және олардың бөліктерінің ұнтағы мен қалдықтары |
0505 90 000 0-ден |
Сүйектердің және мүйіз өзегінің ұнтағы мен қалдықтары |
0506 90 000 0-ден |
Кептірілген, бүтін, бөліктерге, тілімдерге кесілген, ұсатылған немесе ұнтақ түріндегі, бірақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған басты пияз |
0712 20 000 0 |
Кептірілген, бүтін, бөліктерге, тілімдерге кесілген, ұсатылған немесе ұнтақ түріндегі, бірақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған саңырауқұлақтар |
0712 31 000 0 |
Кептірілген, бүтін, бөліктерге, тілімдерге кесілген, ұсатылған немесе ұнтақ түріндегі, бірақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған өзге де көкөністер, көкөніс қоспалары |
0712 90 (0712 90 110 0-ден басқа) |
Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинді қуырылған кофе** |
0901 21 000-ден |
Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинсіз қуырылған кофе** |
0901 22 000-ден |
Кофенің қауызы және кофе дәнінің қабықтары |
0901 90 100 0 |
Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа көк шай (ферменттелмеген)** |
0902 10 000 |
Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа қара (ферменттелмеген) және ішінара ферменттелген шай** |
0902 30 000-ден |
Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа мате немесе парагвай шайы** |
0903 00 000 0 |
Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа дәмдеуіштер** |
0904-0910-ден |
Негізінен өру үшін пайдаланылатын өсімдік тектес тазартылмаған, ағартылмаған немесе боялмаған материалдар (мысалы, бамбук, ротанг, қамыс, елекшөп, тал, рафия) |
1401-ден |
Мақта линті |
1404 20 000 0 |
Негізінен сыпырғыштарда немесе щеткаларда, бумаларда, байламдарда немесе үйілген күйде пайдаланылатын өсімдік тектес материалдар (мысалы сыпыртқылық құмай, пиассава, жатаған бидайық, истль) |
1404 90 000 0-ден |
Негізінен бояу немесе тері илеу үшін пайдаланылатын өсімдік тектес материалдар |
1404 90 000 0-ден |
Түйіршіктелгеннен басқа тапиока |
1903 00 000 0-ден |
Аралас тұздықтар |
2103 90 900 9-ден |
Емен жаңғақтары және ат талшын |
2308 00 400 0-ден |
Органикалық негіздегі, құрамында холин хлориді бар, малдарды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдер |
2309 90 950 0-ден |
Малдарды азықтандыру үшін пайдаланылатын түйіршіктелмеген басқа да азық-түліктер |
2309 90 990 0-ден |
Темекі шикізаты; темекі қалдықтары |
2401 |
Қына және басма (тұтынушылық орамаға өлшеніп салынбаған) |
3203 00-ден |
41-тобына 1б немесе 1в ескертпелермен алынып тасталғандардан басқа ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда), жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, қозылардың және басқа да жануарлардың (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа тәсілмен консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан арғы өңдеуге ұшырамаған) түкті немесе жүнді, түксіз немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген өңделмеген терілері |
4101-ден |
Бояумен, улағыштармен антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа желімделген фанерге немесе басқа да соған ұқсас қабатты сүрекке қаптауға арналған табақтар (қабатты сүректі бөлуден алынғандарды қоса алғанда) және ұзына бойы арамен кесілген, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын басқа да ағаш материалдар |
4408-ден |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа бөшкелер, кішкене бөшкелер, үлкен күбілер, күбілер мен өзге де бөшкелік бұйымдар және қалақты қоса алғанда сүректен жасалған олардың бөліктері |
4416 00 000 0-ден |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа терезе, балкон есіктері мен олардың жақтаулары |
4418 10-ден |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа есіктер және олардың жақтаулары мен босағалары |
4418 20-ден |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа жабындық гонт пен қиынды ағаш |
4418 50 000 0-ден |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа тоқуға арналған материалдардан жасалған, жолақтарға немесе ленталарға жалғасқан немесе жалғаспаған, тоқылған және осыған ұқсас бұйымдар; бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа өсімдік материаддарынан жасалған кілемшелер, шилер, керме шымылдықтар |
4601-ден |
Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа тікелей нысан бойынша тоқуға арналған материалдардан дайындалған себеттік, тоқыма және өзге де бұйымдар; бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа сәнқауақтан жасалған бұйымдар |
4602-ден |
Гофрленген, перфорацияланған немесе перфорацияланбаған қағаз және картон |
4808 10 000 0 |
Гофрленген қағаздан немесе гофрленген картоннан жасалған жәшіктер мен қораптар |
4819 10 000 0-ден |
Тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары |
5001 00 000 0 |
Жібек қалдықтары (тарқатуға жарамсыз пілләларды, піллә жібінің қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда) |
5003 00 000 0 |
Жабағыда жуылған жүнді қоса алғанда кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, жуылмаған, қырқылған жүн |
5101 11 000 0 |
Жануарлардың кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты қылы |
5102 |
Жануарлардың таралған жүнінің немесе биязы қылының карбондалмаған қыл-қыбыры |
5103 10 100 0 |
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған мақта талшығы |
5201 00 |
Мақта талшығының қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда) |
5202 |
Зығыр шикізаты немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған зығыр; зығырдың қыл-қыбыры мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда) |
5301 |
Шикізат түріндегі немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған пенька (Cannabis sativa L.); пеньканың қыл-қыбырлары мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда) |
5302 |
Шикізат түріндегі немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған джут талшығы мен басқа да тоқыма тін талшықтары; осы талшықтардың қыл-қыбыры мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда) |
5303 |
Кокос жаңғағының, абаканың (маниль пенькасы немесе Musa textilis Nee) рамидің талшығы және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, шикізат түріндегі немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған басқа да өсімдік тектес тоқыма талшықтары; осы талшықтардың қыл-қыбыры мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда) |
5305 00 000 0 |
Ескертпе: карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім:
фитосанитариялық сертификатпен - Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету кезінде;
карантиндік сертификатпен - Қазақстан Республикасының ішінде облысаралық тасымалдау кезінде сүйемелденеді.
* Осы тізбені пайдалану мақсаттары үшін КО СЭҚ ТН кодын және тауар атауын басшылыққа алу қажет.
** Тұтынушылық орамаға ішіндегі өнімімен бірге тікелей тұтынушыға келіп түсетін және тауардың ажырамас бөлігі болып табылатын, өздігінен тасымалдануға арналмаған, массасы шектелген, сыйымдылығы және мөлшері бар (металл, шыны және полимер банкалар, алюминий фольга және металданған үлдір негізіндегі ламинатталған термобалқығыш материалдардан жасалған пакеттер, вакуумдық пакеттер, тығыз қағаздан жасалған герметикалық пакеттер) орама жатады.