Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1473 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кеден қызметін дамыту жобасы жөнінде Байқау комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Байқау комитетінің құрамы мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге ұйымдардың өз өкілдерінің кандидатураларын ұсынуы бойынша және Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.»;
      7-тармақтағы «министрі» деген сөз «вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов