Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 ақпанда № 7452 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 79 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 12.11.2014 № 79 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 68-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Г. Жанбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Д.М. Шәженоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2012 жылғы 31 қаңтардағы 
№ 35 бұйрығына қосымша 

Нысан   

(мемлекеттік орган-әзірлеушінің атауы) (жоспарланған кезең) жылдарға
арналған стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға
өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау нәтижелері бойынша
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысы

«___» __________ 20 ___ жыл
 
      1.2. «Қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамытудың ағымдағы ахуалы мен үдерісін талдау» бөлімі бойынша:
      бөлімде қызметтің салаларын немесе аяларын дамытуға әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалауды ескере отырып қызметті  салаларын дамытудың негізгі параметрлері мен проблемаларын қамтудың толықтығы.
      2.3. «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» бөлімі бойынша:
      стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді мемлекеттік орган жетекшілік ететін салалардың проблемаларын шешуге және одан әрі дамытуға олардың бағытын негізге ала отырып таңдау негізділігі;
      мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық жоспар жобасында қамтылуының толықтығы;
      бөлім көрсеткіштерінің жоғары тұрған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және нәтижесінің көрсеткіштеріне сәйкестігі;
      нысаналы индикаторлардың және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың мақсаттарымен және міндеттерімен өзара байланысы;
      стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз ету үшін іс-шараларды таңдаудың орындылығы;
      есепті кезеңдегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін есепке алу мәніне қарастыру;
      мақсаттардың, міндеттердің және нәтижелер көрсеткіштерінің мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының бюджеттік бағдарламаларымен өзара байланысын сақтау;
      3.4. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» бөлімі бойынша:
      ықтимал тәуекелдерді ескере отырып мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін және олардың жолға қойылуының дұрыстығын жақсарту үшін бөлімнің іс-шараларының нақтылығы;
      мемлекеттік орган жоспарлайтын мемлекеттік органның ішкі ортасын өзгерту, ішкі қызметті ұйымдастыруды жақсарту, өзінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды талдау.
      4.5. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімі бойынша:
      бөлімнің қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін барлық көрсеткіштерін қамту толықтығы.
      5.6. «Тәуекелдерді басқару» бөлімі бойынша:
      ықтимал тәуекелдердің объективтілігі;
      «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» және «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімдері іс-шараларының ықтимал тәуекелдерінің алдын алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілуі.
      6.7. «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімі бойынша:
      бюджеттік бағдарламалардың мемлекеттік органның стратегиялық жоспары нәтижелерінің мақсаттарымен, міндеттерімен және көрсеткіштерімен логикалық өзара байланысын сақтау және қолданыстағы және жаңа бюджеттік бағдарламалары іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың орындылығы, қажеттілігі туралы;
      бюджеттік инвестициялардың бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына, бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкестігі.
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 31 наурыздағы 2012 жылғы № 34 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 7441 тіркелген) бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларының 3-қосымшаға сәйкес нысанында басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне қосу үшін басым бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар беру.
      7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспар жобасы мазмұнының әдіснамалық талаптарға сәйкестігі.
      8. Қорытындылар мен ұсыныстар.

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын
қарастыру нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті органның түйіндемесі

      1. Стратегиялық жоспар жобасының қысқаша сипаттамасы
      Стратегиялық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелерді көрсете отырып оның жобасына жалпы бағалау беріледі.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұстанымы.
      Қолдау табады/қолдау таппайды

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті органның бірінші
басшысының орынбасары      __________________________________________
                               (қол қою, қолды таратып жазу)