Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 552 қаулысымен бекітілген |
"Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі"
техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы "Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберілген ауыл шаруашылығы шикізатын - мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтарға (бұдан әрі - машиналар мен жабдықтар) қолданылады.
2. Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптары қолданылатын машиналар мен жабдықтардың тізбесі және Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасына сәйкес олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.
3. Осы Техникалық регламент машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ мынадай қауіпті факторларға негізделген қатерлерге сәйкес олардың тіршілік циклі процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді:
1) механикалық қауіптер;
2) электрлік қауіптер;
3) өрт қауіптілігі;
4) жарылыс қауіптілігі;
5) шу;
6) діріл;
7) зиянды заттар мен материалдардың бөлінуі;
8) сәулелену;
9) термиялық қауіптер;
10) биологиялық және микробиологиялық (вирустық және бактериологиялық) қауіптер;
11) машиналар мен жабдықтарды құрастыру кезінде эргономика қағидаттарын елемеуден туындаған қауіптер;
12) кенеттен іске қосылу, бұрылыстар, айналыстар (немесе кез келген сол сияқты тосын оқиғалар);
13) машиналар мен жабдықтарды мүлдем немесе қажетті дәрежеде тоқтатудың мүмкін болмауы;
14) құрал-сайманды айналдыру жылдамдығының бұзылуы;
15) энергиямен жабдықтаудың бұзылуы;
16) басқару жүйесіндегі қателік;
17) монтаждаудағы қателік;
18) жұмыс процесіндегі бүліну;
19) заттардың немесе сұйықтықтардың құлауы немесе шығарылуы;
20) тұрақтылықтың жоғалуы;
21) тайғанау, аударылу немесе адамдардың құлауы (машинадан және жабдықтан туындайтын);
22) қызмет көрсетуші персоналға арналған нұсқаулықтардың жеткіліксіздігі.
4. Машиналар мен жабдықтарды сәйкестендіру нақты машиналар мен жабдықтардың өтініш беруші ұсынған сипаттамаларға сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі.
Сәйкестендіру кезінде:
1) соған сәйкес машиналар мен жабдық шығарылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар;
2) пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар;
3) тауардың ілеспе құжаттамасын (жеткізу шарттары мен келісім-шарттар) пайдаланылуы мүмкін.
5. Машиналар мен жабдықтардың ерекшелігіне байланысты мынадай сәйкестендіру әдістері қолданылады:
1) құжаттамалық;
2) аспаптық;
3) көрнекі;
4) сынау.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер пайдаланылады:
естен тандыру кешені - жүректің жұмысын сақтай отырып қансыздандырудан бұрын жүзеге асырылатын, электр тогымен, механикалық немесе басқа әсерлермен жануарды қимылсыз етуге арналған техникалық құрылғылар жиынтығы;
қасапшы - жануарды қимылсыз етуге жауапты естен тандыру кешенінің операторы;
қосымша ет өнімдері - малды сою кезінде алынатын ішкі органдар, бас, құйрық, сирақ, желін, ет кесінділері;
стек - электр тогымен естен тандыру кезінде шығыс кернеуін жануарларға жеткізуге арналған, өзгертетін трансформаторға жалғанатын қол құрылғысы;
дұрыс қолданбау - машиналар мен жабдықтарды өндіруші көздемеген негізде қолдану;
естен тандыру боксы - жануарды қимылсыз етуге арналған естен тандыру кешенінің механикаландырылған оқшауландырылған бөлігі;
жұмыс аймағы - еден деңгейінен 2,2 м дейінгі биіктіктегі кеңістік немесе операторлардың тұрақты немесе уақытша болатын орны бар (жұмыс орны) алаң;
жұмыс орны - еңбек әрекеті процесінде оператордың тұрақты немесе уақытша болатын орны;
қорғаныс қоршауы - физикалық тосқауыл түрінде қорғауды арнайы қамтамасыз етуге арналған машинаның немесе жабдықтың бір бөлігі;
қорғау құрылғысы - жеке қолданылған кезде де, қорғаныс қоршауымен бірге де қатерді төмендететін (қорғаныс қоршауы болып табылмайтын) қосымша жабдық;
мақсатқа сай қолдану - машинаны немесе жабдықты сол машинада немесе жабдықта және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулықта өндіруші көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдалану;
мотор алаңы - бұл жұмыс уақытында адамның қозғалыс әрекетін жүзеге асыратын басқару органдары мен басқа да техникалық құралдар орналасқан жұмыс орнының кеңістігі;
мотор алаңына қол жеткізу аймағы - бұл доғалармен қоршалған, оларды иық буынымен қозғалту кезінде барынша созылған қолдармен сипатталатын жетуге болатын жұмыс орнының мотор алаңының бөлігі;
тұрақты жұмыс орны - оператордың өз жұмыс уақытының үлкен бөлігінде (50 %-дан астам немесе үзіліссіз 2 сағаттан астам) болатын орны. Егер бұл ретте жұмыс істеу жұмыс аймағының әр түрлі пункттерінде жүзеге асырылса, барлық жұмыс аймағы тұрақты жұмыс орны болып саналады;
азық-түлік машиналары мен жабдықтар - шикізаты және тағамдық азық түлікті өңдеуге және қайта өңдеуге көзделген машиналар мен жабдықтар.
3. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары
7. Машиналар мен жабдықтар осы Техникалық регламентке, сондай-ақ қолданысы оларға таралатын басқа да Техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберіледі немесе пайдалануға енгізіледі.
8. Машиналар мен жабдықтарда мынадай ақпараттарды қамтитын таңбалар қойылуы тиіс:
1) өндірушінің атауы мен мекенжайы;
2) машина және (немесе) жабдықтың атауы, серия белгісі немесе типі, нөмірі;
3) негізгі тағайындау көрсеткіштері және қолдану шарттары;
4) шығарылған жылы.
9. Аппараттар мен резервуарларға орналастырылған бекіткіш арматурада шартты өтетін жер, шартты қысым, орта ағынының бағыты көрсетілген нақты таңба болуы тиіс.
10. Егер машина мен жабдықты пайдалану процесінде көтеру құрылғысының көмегімен оның бөлшектерін ауыстыру қажет болса, онда сол бөлшектердің салмағы онда нақты көрсетілуі тиіс.
11. Машиналар мен жабдықтарға тікелей жазылған ақпараттар оның белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде оқылатындай болуға тиіс.
12. Машиналар мен жабдықтарға пайдалану жөніндегі нұсқаулық қоса берілуі тиіс, ол:
1) мақсаты мен қолданылуы туралы деректерді;
2) машиналар мен жабдықтардың техникалық сипаттамаларын;
3) жеткізу жиынтығын;
4) машиналар мен жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), мақсатқа сай пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, оның ішінде қорғаныс құралын қолдануға қойылатын талаптарды;
5) тазалау, дезинфекциялау және жуу үшін ұсынылатын құралдар;
6) әзірлеушілер көздеген қауіпсіздік шараларымен қажетті деңгейге дейін төмендету мүмкін болмаған қалдық қатерлер туралы ақпаратты;
7) авариялық жағдайға әкелетін сындарлы істен шығулардың, оператордың (пайдаланушының) ықтимал қателіктерінің, көрсетілген қателіктердің алдын алу әрекеттерінің тізбесін, сондай-ақ авариялық жағдайлар (өрт-жарылыс қаупін қоса алғанда) туындаған кездегі әрекеттер тәртібін;
8) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін шекті жай-күйдің өлшемін, сондай-ақ өндірістік ортаның (климаттық шарттарды қоса алғанда) шарттарын. Егер машина немесе жабдық әлеуетті жарылыс қаупі бар ортада пайдаланылатын болса, онда қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беріледі;
9) техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезіндегі міндетті жұмыстар тізбесін;
10) зиянды факторлардың сипаттамаларын: шу, діріл және қондырғылардың басқа да сипаттарын және сорғыш құрылғылардың өнімділігі туралы деректерді;
11) қызмет ету мерзімінің арналған көрсеткіштерін және (немесе) арналған ресурсты;
12) қызмет көрсететін персоналға қойылатын талаптарды;
13) пайдаланудан шығару және кәдеге жарату жөніндегі нұсқауларды қамтуы тиіс.
13. Машиналар мен жабдықтар жинау, баптау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық қажетті арнайы жабдықтарымен және керек-жарақтарымен жиынтықта жеткізіледі.
4. Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
14. Тамақ материалдарымен жанасатын машиналар мен жабдықтар бөліктері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалған болуы тиіс.
15. Машиналар мен жабдықтар конструкциясы, өнімнің (шикізаттың) өзіндік ерекшелігінің өзгеруіне алып келетін өнімді (шикізатты) сырттағы лас заттардан қорғауды қамтамасыз етуі, өнімді (шикізатты) шығарып тастауды және қоршаған ортаны ластауды болдырмауы, сондай-ақ толық босатуды, жақсы тазалықты қамтамасыз етуі, өнімнің (шикізаттың) тұрып қалуын және шіру ошағының құрылуын болдырмауы тиіс.
16. Машиналар мен жабдықтардың конструкциясы санитарлық өңдеу мен жуу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Тағамдық материалдармен жанасатын ішкі беттер мен жұмыс органдарын жуу және тазалау үшін машиналар мен жабдықтар жеңіл бөлшектелуі тиіс. Егер бөлшектеу мен тазалауды стандартты құрал-саймандардың көмегімен жүргізу мүмкін болмаса, машиналар мен жабдықтар арнайы құрылғылармен бірге жеткізілуі тиіс.
Бөлшектеу мүмкін емес немесе мақсатқа лайық емес жерлерде бөлшектемей (автоматты түрде) жуу көзделуі тиіс.
17. Машиналар мен жабдықтардан шыққан сарқынды суларды кәрізге төгу оны бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жабық тәсілмен жүргізілуі тиіс. Сарқынды суларды еденге төгуге, сондай-ақ оларды кәрізге төгудің ашық науа құрылғыларына тыйым салынады.
18. Машиналар, жабдықтар, сондай-ақ ылғал, газ және тозаң бөлудің көзі болып табылатын олардың бөліктері конструктивті жабылған және барынша саңылаусыз болуы тиіс. Жеткіліксіз саңылаусызданған жағдайда жабдықтар зиянды заттарды сорып алатын және жоятын арнайы жергілікті сорғыштар мен құрылғыларға, сондай-ақ атмосфераға таралатын лас ауаны тазалау құрылғыларына ие болуы тиіс.
19. Зиянды заттар, артық жылу және ылғал бөлетін технологиялық жабдықтары бар кешендегі өндірістік үй-жайларға арналған желдеткіш жүйелер өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарында қолданыстағы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес ауаның микроклиматтық шарттары мен тазалығын қамтамасыз етуі тиіс.
20. Машиналар мен жабдықтардың барлық қозғалмалы бөліктері қоршаулармен (тосқауылдармен) қорғалған болуы немесе қызмет көрсетуші персоналдың жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналасуы тиіс.
21. Қорғаныс қоршаулары мен құрылғыларының конструкциясы және орналасуы жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктерін шектемеуі тиіс және пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
22. Қорғаныс қоршауларының конструкциясы олардың қорғаныс қалпынан өздігінен ауысуын болдырмауы тиіс. Қорғаныс қоршауларының беріктігі мен қаттылығы операцияларды орындау кезінде оператордың сенімді қорғанысын қамтамасыз етуі тиіс. Қорғаныс қоршаулары оларға тасталуы мүмкін қалдықтардың (малдар мен шикізат өңдеуден шыққан қалдықтар) әсеріне өзгеріссіз төзуі тиіс.
23. Құрал-сайман пайдаланбай-ақ ашылатын жұмыс органдарының немесе қозғалмалы элементтердің қорғаныс қоршаулары машиналар мен жабдықтардың жетегімен тұйықталуы тиіс. Тұйықтау қозғалмалы бөліктерге ашық қол жеткізу кезінде жетектің іске қосылу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Жетекпен тұйықтау мүмкін емес немесе мақсатқа сай болмаған жағдайда қоршаулар тек құрал-сайман қолдану арқылы ашылуы тиіс.
24. Жұмыс органдарының қауіпті аймақтарын (кескіш саймандар, престер мен цилиндрлердің қозғалмалы бөліктері, сондай-ақ өңделіп жатқан бөліктер) конструктивтік жағынан қоршау мүмкін емес машиналар мен жабдықтар сақтандырудың сенсорлық құралдарына (материалды емес тосқауылдарға, сезімдік матрицаларға), қолды қауіпті аймақтардан алып шығуға арналған қорғаныс құрылғыларына (екі сапты басқаруға) немесе реттелетін қорғаныс қоршауларына ие болуы тиіс.
25. Қажетсіз, бірақ, орындалатын жұмыстардың ерекшелігіне қарай жылжымалы бөліктер мен механизмдерге қажетті қол жетімділікті шектеуге арналған, реттелетін қорғаныс қоршаулары:
1) қолмен (құрал-сайман қолданбастан) оңай немесе орындалатын жұмыстардың түріне қарай автоматты түрде реттелуі тиіс;
2) шығарып тасталатын бөліктерден жарақат алу қатерін барынша төмендетуі тиіс.
26. Машинадағы немесе жабдықтағы технологиялық операция басқарудың екі органына (кнопкалар, рычагтар) бір мезгілде әсер ету кезінде жүзеге асырылатын және әрбір келесі операция екі кнопканы (рычагты) босатқанда ғана мүмкін болатын жағдайда соңғылары бір бірінен кемінде 300 мм және 600 мм-ден аспайтын қашықтықта болуы тиіс.
27. Пневматикалық және гидравликалық жабдықтар:
1) жүйедегі барынша рұқсат етілген қысымнан аспайтындай;
2) қысым төмендегенде, қысым түсіп кеткенде немесе саңылаусыздық жоғалған кезде қауіп тудырмайтындай;
3) бөлшектердің тығыз жабылмауынан немесе бүлінуінен азайып кету қаупін тудырмайтындай;
4) жабдықтың барлық элементтері, әсіресе құбырлар және шлангтер сыртқы зиянды әсерлерден қорғалатындай;
5) резервуарлар және сол секілді қысымда тұрған ыдыстар машина энергия көзінен оқшаулана салысымен автоматты түрде қысымсыз қалатындай немесе оларды оқшаулау, қысымды локальды төмендету және қалған қысымды индикациялау құралы көзделетіндей;
6) машинаны энергия көздерінен оқшаулағаннан кейін қысым күйінде қалатын барлық элементтер қысымды төмендетудің нақты сәйкестендірілген құрылғысымен және машина мен жабдыққа ілінетін, қысымды реттелгеніне дейін төмендетудің немесе қызмет көрсетуді жүргізудің қажеттілігі туралы тиісті ескертулермен жарақталатындай етіп құрастырылуы және дайындалуы тиіс.
28. Сұйықтығы бар, әсіресе жоғары қысымдағы қатты құбырлар да және иілгіш құбырлар да көзделген ішкі және сыртқы қысымды ұстауы тиіс; олар мығым бекітілуі және барлық сыртқы әсерлерден қорғалуы тиіс; бүліну кезіндегі (кенеттен орын ауыстыру, жоғарғы қысым ағыны) қауіптер салдарынан сақтану шаралары қабылдануы тиіс.
29. Машиналар мен жабдықтар конструкция элементтерінің бүлінуіне және апатты жағдайларға әкеп соғатын артық күштің туындауын болдырмайтын сақтандыру құрылғыларымен (сақтандырғыш клапандармен, муфталармен және басқа құрылғылармен) жарақталуы тиіс.
30. Машиналар мен жабдықтардың конструкциясы құрастырушы бірліктер мен тораптар бекітпелерінің өздігінен босауын болдырмауы, сондай-ақ қозғалмалы элементтердің конструкцияда көзделген шектен тыс орын ауыстыруын болдырмауы тиіс.
31. Машиналар мен жабдықтар аударылу, құлау немесе кенеттен орын ауыстыру қатерінсіз пайдалануды қамтамасыз ете отырып, пайдаланудың берілген шарттары кезінде тұрақтылықты сақтауы тиіс.
Тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар пайдалану жөніндегі нұсқаулықта жазылуы тиіс.
32. Шикізат беруге арналған бункерлер мен құйғыштарда және дайын өнімнің шығуына арналған құрылғыда тиеу және түсіру кезінде қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструкция болуы тиіс. Тиеу құрылғысының конструкциясы шикізаттың тысқа түсуін болдырмауы тиіс.
33. Егер машинаның жылжымалы бөлігі тоқтатылған болса, онда кез келген жағдайда кез келген онымен қабылдаған позициядан ауытқу (басқару органдарын іске қосу жағдайларын қоспағанда) шектелуі тиіс және ол қауіптің туындауымен байланысты болмауы тиіс.
34. Артық күш түсудің әсерінен, механизмдер жұмысы бірізділігінің бұзылуынан, электр желісіне кернеудің құлауынан, пневматикалық немесе гидравликалық жүйелердегі қысымның рұқсат етілген шекті мәннен темен болғандығынан жарақат алу қаупі туындайтын машиналар мен жабдықтарда тиісті сақтандыру немесе тұйықтау құрылғылары болуы тиіс.
35. Машиналар мен жабдықтардың барлық қол жетімді бөліктері жарақат алуды болдырмау үшін өткір жиектер мен бұрыштар, үстіңгі бет жағы кедір-бұдыр болмауы тиіс.
36. Машиналар мен жабдықтарға қызмет ету кезінде жұмсалатын физикалық күш оператордың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін мәннен аспауы тиіс.
37. Басқару жүйесі пайдалану шарттарында көзделген барлық сыртқы факторлардың әсеріне төзуі және мүмкін болатын логикалық қателіктер кезінде және операторлардың басқару әрекетінің бірізділігін бұзуынан қауіпті жағдайлардың туындауын болдырмауы тиіс.
Егер жұмыс режимін бұзу қауіпті жағдайлар тудырудың себебі болса, машиналар мен жабдықтардың жұмысын басқару және бақылау режимінің қиындығына байланысты басқару жүйесі жұмыс режимін автоматты түрде қалыпқа келтіру құралын немесе автоматты тоқтату құралын іске қосуы тиіс.
38. Машиналар мен жабдықтарды басқару жүйесі қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соғатын жұмыс істеудегі ақаулар туралы ескертетін дабыл құралын және басқа құралды іске қосуы тиіс.
Машиналар мен жабдықтардың жұмыс істеудегі ақаулар туралы ескертетін құрал оператордың ақпаратты қателіксіз, дұрыс және жылдам қабылдауын қамтамасыз етуі тиіс.
Дыбыс сигнализациясы оператордың көру арнасы ақпаратқа толы жағдайда, сондай-ақ шектеулі көрінушілік, машиналарды пайдалану орнының үлкен кеңістігі, оператордың бірқалыпты қызметі шартында пайдаланылуы тиіс.
39. Басқару органдары:
1) жеңіл қолжетімді және еркін ажыратылатын болуы және жазбалармен немесе символдармен белгіленген болуы;
2) олардың еркін орын ауыстыруын болдырмайтындай және олармен тұрақты, сенімді және бір мәнді амал-айла жасауды қамтамасыз ететіндей етіп құрастырылуы және орналасуы;
3) орын ауыстырудың, пайдаланудың бірізділігі мен жиілігі, сондай-ақ функциялардың маңыздылығы үшін талап етілетін күштерді ескере отырып орналасуы;
4) олардың нысаны, көлемі және персоналмен жанасатын үстіңгі беті ұстау (саусақтармен) немесе басу (саусақпен, алақанмен, аяқпен) тәсілдерімен сәйкес келетіндей етіп орындалуы;
5) функционалдық мақсаты жұмыс істеушінің қауіпті аймақта болуын талап ететін және бұл ретте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тиіс болатын басқару органдарын қоспағанда, қауіпті аумақтан тыс орналасуы тиіс.
40. Егер де бір басқару органын бірнеше түрлі әрекеттермен басқару көзделген болса, орындалатын әрекет бақылау құралдарымен көрсетілуі тиіс және қажет болғанда тексеруге берілуі тиіс.
41. Машиналар мен жабдықтарды пайдалануға қосу, сондай-ақ тоқтағаннан кейін қайта іске қосу (тоқтаудың себебіне байланыссыз) тек қана басқару органымен іске қосу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талап егер тоқтағаннан кейін қайта іске қосылуы сол режимде көзделген болса, автоматты режимде жұмыс істейтін машиналар мен жабдықтардың қайта қосылуына қатысты емес.
Егер де машиналар мен жабдықтар жүйесі жүйені немесе оның жеке бөліктерін іске қосуды жүзеге асыратын бірнеше басқару органдарына ие болса, ал оларды пайдалану бірізділігінің бұзылуы қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін болса, басқару жүйесінде бірізділіктің бұзылуын болдырмайтын құрылғылар көзделуі тиіс.
42. Әрбір басқару бекетінен оператор қауіпті аймақта адамдардың жоқтығына толық көз жеткізу мүмкіндігіне ие болуы тиіс немесе басқару жүйесі қауіпті аймақта адамдар болған жағдайда іске қосылмайтындай етіп құрастырылуы және дайындалуы тиіс.
Егер бұл орындалмайтын болса, онда машинаны іске қосар алдында дыбыстық және (немесе) жарықтық сақтандыру сигналы беріледі. Қауіпті аймақта жүрген тұлға қауіпті аймақтан шығып кету және машинаның іске қосылуының алдын алу мүмкіндігіне немесе жеткілікті уақытқа ие болуы тиіс.
43. Әрбір машина немесе жабдық оның көмегімен толығымен қауіпсіз тоқтатуға болатын басқару органымен жарақтандырылуы тиіс. Машина мен жабдықты тоқтатуды басқару іске қосуды басқарудан басымдылыққа ие болуы тиіс.
Машинаны немесе жабдықты тоқтатқаннан кейін энергия көзі жетектен ажыратылуы тиіс. Егер пайдалану шарттары бойынша жетек механизмдерін электрмен жабдықтаудан тыймайтын, тоқтатуды басқару органының болуы қажет етілсе, тоқтату режимі қадағалау мен бақылауда болады.
44. Машиналар мен жабдықтарды басқару жүйелері (қолмен басқарылатын тасымалдау машиналарын қоспағанда), егер осы жүйелерді қолдану қауіпті азайтатын немесе болдырмайтын болса, шұғыл тежеу және авариялық тоқтату құралдарымен жарақталуы тиіс.
45. Авариялық тоқтатуды басқару органы:
1) нақты сәйкестендірілген және оңай қолжетімді болуы;
2) қауіп тудырмай машинаны және жабдықты тез тоқтатуы;
3) оны іс-әрекетке келтірілгеннен кейін пайдаланушы бастапқы қалыпқа қайтарғанға дейін тиісті тоқтау жағдайында тұруы;
4) машинаны және (немесе) жабдықты жүргізбей бастапқы қалпына қайтып келу;
5) қызыл түсті болуы, басқа басқару органдарынан нысанымен және көлемімен ерекшеленуі тиіс.
46. Машиналар мен жабдықтардың жүйесін басқару олардың бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде, сондай-ақ оның қандай да бір бөлігі істен шыққан жағдайда қауіпті жағдайлардың туындауын болдырмауы тиіс.
Машиналар мен жабдықтардың жүйесін басқару қызмет көрсетуші персоналға қажет болған жағдайда жүйенің іске қосылуын тұйықтауға, сондай-ақ, оны тоқтатуды жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Машиналар мен жабдықтар жүйесін басқарудың орталық пульті жүйенің кез келген бөлігін пайдаланудағы ақаулар туралы ақпаратты көрсетуші құралдарымен, сондай-ақ жүйені және/немесе оның жекелеген бөліктерін авариялық тоқтату (өшіру) құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Әрбір іске қосу кезінде ұзақтығы қауіпті аймақта жүрген тұлғаларға ол жерден шығуға немесе жүйенің іске қосылуын тоқтатуға мүмкіндік беретін алдын ала ескерту сигналы болуы тиіс.
47. Машинаны немесе жабдықты басқаруда пайдалану режимдерін ауыстырып қосқыш бар болған жағдайда оның әрбір қалпы пайдаланудың тек бір ғана режиміне сәйкес келуі және нық бекітілуі тиіс. Егер, машинаны немесе жабдықты пайдаланудың белгілі бір режимдерінде қызмет көрсетуші персоналды күшейтілген қорғау талап етілген жағдайда, пайдалану режимдерін ауыстырып қосқыш тиісті ережелерде:
1) автоматты басқару мүмкіндігін тұйықтауы;
2) конструкция элементтерінің қозғалысын тек қана қозғалысты басқару органына жұмысшының тұрақты күш салуымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі;
3) егер машина мен жабдықтың жұмысы қызмет көрсетуші персоналға қауіп тудыратын болса, олардың жұмысын тоқтатуы;
4) таңдалған режимді жүзеге асыруға қатыспайтын машинаның немесе жабдықтың бөліктерінің жұмысын тоқтатуы;
5) таңдалған режимді жүзеге асыруға қатысатын машинаның немесе жабдықтың бөліктерінің қозғалыс жылдамдығын төмендетуі тиіс.
48. Басқарудың таңдалған режимі авариялық тоқтатуды қоспағанда, басқарудың барлық басқа режимдеріне қатысты артықшылыққа ие болуы тиіс.
49. Мыналарды:
1) энергиямен жабдықтауды қайта қалпына келтірген кезде машиналар мен жабдықтардың өздігінен іске қосылуын;
2) тоқтаған кезде беріліп қойған команданың орындалмай қалуын;
3) машинаның немесе жабдықтардың қозғалмалы бөліктері мен оларға бекітілген заттардың, дайындамалардың, аспаптардың құлауын және түсуін;
4) қорғаныс құрылғылары тиімділігінің төмендеуін қоса алғанда, энергиямен жабдықтаудың толық немесе ішінара тоқтатылуы және кейіннен оның қалпына келуі, сондай-ақ энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің бүлінуі қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соқпауы тиіс.
50. Адамдардың болуына немесе онымен қозғалуына арналған машиналар мен жабдықтардың бөліктері осы бөліктерге(ден) құлаудың кез келген қатерінің алдын алатындай, оның ішінде онда қызмет көрсету персоналы тайып кетуі немесе сүрінуі мүмкін кез келген жағдайларды болдырмайтын етіп құрастырылуы және жасалуы тиіс.
Жұмыс орнына және машиналар мен жабдықтарға қызмет ету орындарына қол жеткізу құралдарының конструкциясы берік болуы тиіс.
51. Жұмыс орындары қауіпсіз аймақтарда орналасуы, операторлардың қозғалысы үшін жеткілікті кеңістікті қамтамасыз етуі және жүріп жатқан операцияларды бақылаудың және оларды басқарудың ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
52. Тұрақты жұмыс орнының конструкциясымен мотор алаңына қол жеткізу аймағының шегінде еңбек операцияларын орындау қамтамасыз етілуі тиіс.
53. Машиналар мен жабдықтар конструкциясындағы қол жеткізу аймағының шегінен тыс жекелеген элементтерді құрастыру қажет болған жағдайда тиісті қол жеткізу құралдары (аяқ қоюға арналған стационарлы, жылжымалы және қайырмалы тұғырлар) қарастырылғаны жөн және (немесе) машиналар мен жабдықтардың жиынтығына тиісті еңбек операцияларын орындаудағы ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы қол саймандары кіруі тиіс.
54. Егер оператор орындайтын жұмыс отырып жүргізілуі тиіс болса және оператордың жұмыс орны машинаның ажырамас бөлігі болып табылса, онда мұндай машина немесе жабдықтар орындықпен жабдықталуы тиіс.
Оператор орындықтың қалпын және басқару органдарына дейінгі аралықты өзгерту мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
Егер оператор аяғының астында тұрақты бет болмаса, жұмыс орнының конструкциясында тайғақ емес материалмен жабылған тірелетін алаңқайдың болуы көзделуі тиіс.
55. Тұрып жұмыс істеуге арналған конвейерлердегі жұмыс орындары қысқа мерзімді демалуға арналған шалқаймалы орындықтармен қамтамасыз етілуі тиіс.
56. Жөнге келтіру, қызмет көрсету, жөндеу және тазалау мүмкіндігінше машиналардың немесе жабдықтардың тоқтап тұрған уақытында жүргізілуі тиіс. Егер техникалық себептер бойынша бұл шарттар сақталмайтын болса, бұл операциялар қауіпсіз болуы тиіс.
57. Машина оны барлық энергия көздерінен ажырататын құрылғылармен жарақталуы тиіс. Мұндай құрылғылар нақты ажыратылатын болуы тиіс. Энергия көздеріне қайта қосу адамдар үшін қауіп тудыратын жағдайда және операторда өзі қол жеткізетін орындардың бірінен энергияның берілуі ажыратылған немесе ажыратылмағандығын тексеру мүмкіндігі болмаған жағдайда олар машинаны тұйықтау қабілетіне ие болуы тиіс.
Энергия көздерінен ажыратқаннан кейін адамдар үшін ешқандай қатер тудырмай кез келген машинада қалған немесе жинақталған энергияны шығарып тастау мүмкіндігі болуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптардан тыс бірқатар машиналар тізбегі, бөлшектерді жұмыс жағдайында ұстап тұру, деректерді қорғау, ішкі кеңістікті жарықтандыру мақсаттарында энергия көзіне қосулы күйінде қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда оператордың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы шаралар қабылдануы тиіс.
58. Машиналар мен жабдықтар олардың ішінде қызмет көрсетуші персоналдың қамалып қалуын болдырмайтын құралдармен жарақталуы тиіс немесе көмекке шақыруға арналған сигналды құрылғылармен жарақталады.
59. Технологиялық ыдыстар мен сыйымдылықтар толу деңгейін бақылау аспаптарымен жарақталуы тиіс.
60. Технологиялық кешендердің құрамында пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар конструкциясы жұмыс орындарында қабылданатын шараларды ескере отырып, мынадай болуы тиіс:
1) шу дыбысының деңгейі 80 дБ(А) аспауы тиіс;
2) түзетілген діріл жылдамдатудың толық орта шаршы мәні жергілікті діріл үшін 2,0 м/с2 және жалпы діріл үшін 0,1 м/с2 аспауы тиіс;
3) жанасатын және әуе ультрадыбыстың мөлшерленетін параметрлері рұқсат етілетін мәннен аспауы тиіс.
61. Жоғары деңгейде шу тудыратын машиналар мен жабдықтар (компрессорлар, сепараторлар, центрифугалар, ауа үрлегіштер) дыбыс сіңіргіш және дыбыс оқшаулағыш құралдармен жабдықталған жеке үй-жайларда орналасуы тиіс, ал оған қызмет көрсететін жұмысшылар шудан жеке қорғанудың тиісті құралдарын пайдалануы тиіс.
62. Құрылыстар мен конструкцияларда дірілді болдырмау үшін діріл тудыратын жабдықты қабырғалардың іргетасымен байланыссыз жерлерге орналастыру қажет. Ғимараттың жоғарғы қабаттарына діріл тудыратын жабдықтар діріл өшіргіш құрылғылармен бірге орнатылады, ал қажет болған жағдайда қабатаралық жабындылар діріл оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі. Діріл тудыратын механизмдерді тікелей ғимараттың қоршаушы және көтеріп тұрушы конструкциясына қатты бекітуге жол берілмейді.
63. Интегралдық бағалау бойынша нормадан 4 есе көп діріл деңгейін құратын немесе қандай да болмасын октава жолағында машиналар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады.
64. Зиянды факторлардың (шу, діріл) жоғары деңгейлерін тудыратын машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезінде олардың қызмет көрсетуші персоналға әсер ету уақытын шектеу бойынша қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптары орындалуы тиіс.
65. Ультракүлгін бактерицидтік шамдар пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың конструкциясы тікелей сәуленің машинаның сыртына шығуын қақпайлайтын құрылғымен қамтамасыз етілген болуы тиіс.
66. Лазерлі жабдықты пайдалану кезінде:
1) кездейсоқ сәулелену қақпайланады;
2) тікелей, шағылысқан, шашыраған және қайта сәулеленуден қорғану қамтамасыз етіледі;
3) лазерлі жабдықты бақылау немесе баптау үшін оптикалық жабдықтан қауіптің болмауы қамтамасыз етіледі.
67. Техникалық құралдар және электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәсілдер "Төмен вольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің және Электр қондырғыларын орнату ережелерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
68. Электрлік жабдық машиналар мен жабдықтар жетегінің электрлі қозғалтқыштарын артық жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғауға ие болуы тиіс және пайдалану шарттарына байланысты қорғаныс дәрежесіне ие болуы тиіс.
69. Электр өткізгіштердің төсеуі мен бекітпесі өткізгішті тартпастан орындалуы, сондай-ақ оның зақымдалу, қызып кету және агрессивті ортаның әсеріне ұшырау мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
70. Электр жабдықтары орнатылған машиналар мен жабдықтардың корпустары, рамалары және басқа да басты конструкциялары, жерге тұйықтауға немесе нөлдік фазаға ие болуы тиіс.
71. Жерге тұйықтау бұрандасы (бұрамасы) мен кернеуде болуы мүмкін жанасу үшін кез келген қол жетімді машиналар мен жабдықтардың металдан жасалған ток өткізбейтін бөліктері арасындағы электрлік қарсыласу 0,1 Ом-нан аспауы тиіс.
72. Қорғаудың белгіленген тәсіліне қарамастан кернеуі 42 В-тан асатын электрлік аппараттары бар шкафтардың барлық есіктерінде, сондай-ақ электрлік аппаратты жауып тұратын қаптамаларда электрлік кернеуді ескертетін стандартты белгі жазылуы тиіс.
73. Электромагниттік қатынастағы пассивтілерді қоспағанда, машиналар мен жабдықтар былайша дайындалған болуы тиіс:
1) тағайындау бойынша қолданылатын машина немесе жабдық тудыратын электромагниттік кедергілер тағайындауға сәйкес байланыс құралдары мен басқа да техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін деңгейден аспауы тиіс;
2) тағайындау бойынша қолданылатын машиналар мен жабдықтар тағайындауға сәйкес олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, электромагниттік кедергілерге өз беріктігінің жеткілікті деңгейіне ие болуы тиіс.
74. Қызмет көрсетуші персоналды жарақаттауы мүмкін жоғары немесе төмен температураға ие машиналар мен жабдықтардың бөліктерімен немесе материалдармен жанасудан немесе тікелей жақындаудан қорғау жөніндегі шаралар қабылдануы тиіс.
75. Машиналар мен жабдықтардың сыртқы (қызмет көрсетуші персонал үшін қолжетімді) металл беттерінің температурасы 4оС темен немесе 45оС жоғары болмауы тиіс.
76. Тұтанғыш немесе жарылыс қауіпті ортаның шаңын copy үшін дербес желдеткіш жүйе көзделуі тиіс. Жалпы желдеткіш жүйеге қосылуға рұқсат етілмейді.
77. Аспирациялық қондырғылардың конструкциясы жарылыс-өрт қауіпті жағдайлардың туындау мүмкіндігін болдырмауы, саңылаусыздықты қамтамасыз етуі, оларды тазалау және қажет болғанда, жұмыстың аэродинамикалық режимін бақылау мүмкіндігін көздеуі тиіс.
78. Жарылыс-өрт қауіпті заттарды пайдаланатын машиналар мен жабдықтар:
1) жарылу қаупі бар заттардың қауіпті шоғырлануына жол бермеуі;
2) жарылу қаупі бар заттардың шоғырлануына автоматты түрде үзіліссіз бақылау жүргізуі;
3) әлеуетті жарылу қаупі бар ортаның жануын болдырмауы;
4) жарылыс салдарын барынша төмендетуі тиіс.
79. Жарылыс-өрт қауіпті материалдар берілетін машиналар мен жабдықтар авариялық жағдайларда сол материалдардың берілуін тыятын тұйықтау құрылғысына ие болуы тиіс.
80. Жарылыс-өрт қауіпті заттармен жұмыс істеуге арналған машиналар мен жабдықтар су, бу және (немесе) инертті газдар коммуникациясына қосылуға арналған құрылғыға ие болуы тиіс.
81. Жарылыс қауіпті ортасы бар үй-жайларда жұмыс істеуге арналған машиналар мен жабдықтардың конструктивтік жағынан орындалуы ұшқынның пайда болуын болдырмауы тиіс.
82. Будың, газдың, шаңның және олардың ауасы бар қоспаларының жарылыс қауіпті және өрт қауіпті концентрациялары жиналуы мүмкін машиналар мен жабдықтардың конструктивтік орындалуы статикалық электрдің дәрежесіне байланысты ұшқын қауіпсіздігі талаптарына жауап беруі тиіс.
83. Машиналар мен жабдықтарды жылудан оқшаулау үшін тек жанбайтын немесе жануы қиын материалдар қолданылуы тиіс.
84. Құбыржолдар мен арматуралар жылжымалы ортаның химиялық және физикалық қасиеттерін және технологиялық параметрлерін есепке ала отырып дайындалады.
85. Технологиялық ыдыстар мен сыйымдылықтар толу деңгейін бақылау аспаптарымен жарақталуы тиіс.
Өнімді механикалы түрде беріп тұратын технологиялық сыйымдылықтар мен ыдыстар оларды толып кетуден сақтайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
86. Машиналар мен жабдықтардың қауіп тудыратын бөлігі сигналдық түске боялуы және тиісті қауіпсіздік белгілерімен белгіленуі тиіс.
87. Сигналдық түс, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық таңбалар пайдалану орындарында жүрген қызмет көрсетуші персоналдың және өзге де тұлғалардың қауіпке назарын аудару үшін, қауіптен құтқару, қауіпті елемеу жағдайында мүмкін болатын шығып кету туралы хабар беру, белгілі бір іс әрекеттерді нұсқау немесе талап ету, сондай-ақ қажетті ақпаратты хабарлау үшін қолданылуы тиіс.
88. Ескерту жазбаларын және машинада бар барлық ақпаратты түсінуге оңай символдар мен пиктограммалар түрінде беру ұсынылады.
4.1. Мал союға, ұшаларды өңдеуге және мүшелеуге арналған
машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
89. Аспалы конвейерлердің конструкциясы мен монтажы жүктің құлау қатерін, қауіпті жылжуын немесе еркін және бақылаусыз орын ауыстыруын болдырмауы тиіс. Аталған қатерлерді болдырмау үшін арнайы құрылғыларды қолдану қажет.
90. Қызмет көрсетуші персоналдың ауыстырылатын жүкпен жарақаттану қатері жойылған болуы тиіс.
Аспалы конвейер өтетін трассаның астында орналасқан өтпелер және жұмыс орындары қызмет көрсетуші персоналды конвейерден жүк құлаған жағдайда жарақат алудан қорғауды қамтамасыз ететін тормен қоршалуы тиіс.
91. Жолақты немесе түтікті жолдар бекітілетін аспалы конвейердің жол арқалығында беріктіктің кемінде алты есе запасы болуы тиіс.
92. Оның көмегімен жолақты жол арқалыққа бекітілетін жолақты жол аспаларының беріктік запасы номиналды жүктеменің кемінде 1,5 болуы тиіс.
Аспалы жолдың жол арқалығында аспаларды бекіту қашықтығы әрбір аспалы жол үшін конвейердің мақсаты мен жүктемесіне байланысты орнатылуы тиіс және оны жобалаушы ұйым растауы тиіс, бұл ретте беріктік запасы номиналды жүктеменің кемінде 1,5 болуы тиіс.
93. Монтаждау мен жаттықтырудан кейін конвейерлер атаулы 1,25 жүктеме кезінде статикалық сынақтар, сондай-ақ атаулы 1,10 жүктеме кезінде динамикалық сынақтардан өтуі тиіс.
Әрбір сынақ жүктемесін жалғастыру уақыты - 10 минут.
94. Аспалы конвейердің рұқсат етілетін ең жоғары жүк көтеру мүмкіндігін көрінетін жерлерде, бірінші кезекте тиеу орындарында көрсету қажет.
95. Көтеру-түсіру алаңқайы платформасының көтеру биіктігі шеткі ажыратқышпен шектелуі тиіс.
96. Көтеру-түсіру алаңқайының конструкциясы шынжыр немесе алаңды көтеру жағдайында ұстап тұратын кез келген басқа элементі үзілген жағдайда іске қосылатын автоматты тоқтатқышпен қамтамасыз етілуі тиіс.
97. Көтеру-түсіру алаңқайында биіктіктің өн бойында кез келген аралық жағдайды тоқтатуды және тіркеуді қамтамасыз ететін автоматты құрылғы көзделуі тиіс.
Жүк көтергіш ашалардың алаңы еден үсті арбасын ашалардың алаңына орнатқан кезде оны автоматты түрде бекіту және көтеру (түсіру) кезінде арбаның қозғалу мүмкіндігін болдырмауы тиіс арнаулы бекіткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс.
98. Қол жетегі бар көтеру тетігі автоматты түрде жұмыс істейтін жүкке төзімді тежегішпен жарақтандырылуы тиіс.
99. Жүк көтеретін шығырлар, есептелгеннен жоғары салмақты жүкті тиісінше биіктікке көтеруді шектейтін автоматты шеткі ажыратқыштармен және оқшаулағыштармен, сондай-ақ жүкті ұстап қалып және байсалды түсіруді қамтамасыз ететін тежеуіштермен жабдықталуы тиіс.
100. Шығырлардың ілгектерінде жүкті көтеру немесе түсіру процесінде жүктің ілгектен шығып қалуының алдын алатын құрылғы болуы тиіс.
101. Шығырды басқаруға, оның ішінде сою цехтарында басқаруға арналған тростар көтерілетін жүктен (ұшадан) қауіпсіз қашықтықта орналасуы тиіс. Трос тайғанамайтын қолайлы тұтқамен жарақтандырылуы тиіс.
Жүктерді түсіруге арналған шығырдың ауырлығы тұтастай қоршалуы тиіс.
102. Ұстағышты (стекті) естен тандыру кешенінің шкафына конструкциясы ток өткізетін бөлшектермен жанасуды болдырмайтын ажыратқыш арқылы қосылуы тиіс, ал шкаф арнайы құлыпқа жабылуы тиіс.
103. Ұстағыштың (стектің), сондай-ақ малды естен тандыруға арналған ашаның жабық әрі оқшауланған, механикалық бұзылудан және ылғал түсуден резеңке түтікпен қорғалған сымы бар оқшауланған сабы болуы тиіс. Оқшаулаудың диэлектрлі беріктігінің шамасы ,оқшаулаудың кедергісі және жетекті жерге қосу жүйелі түрде бақылануы тиіс. Бақылаудың жиілігі пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
Оқшаулаудың диэлектрлі беріктігі төмендегенде, оқшаулаудың кедергісі рұқсат берілетін шамадан төмен болғанда немесе жерге қосудың сенімділігі бұзылған жағдайда жабдықты мақсаты бойынша пайдалануға тыйым салынады.
104. Ұстағышты (стекті) сақтау қауіпсіздігі үшін қасапшының жұмыс орнының жанында арнаулы құрылғы - оқшауланған ұяшық көзделуі тиіс.
105. Естен тандыру электродтары естен тандырылатын жануармен жанасудан олардың сынып қалу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп монтаждалуы тиіс.
106. Алаңның және естен тандыру кешені шкафының барлық металл бөліктері жерге қосылуы тиіс.
107. Қызмет көрсету алаңы жағынан бокстың қабырғасы еденнің үстінде тұтас, биіктігі кемінде 0,8 м болуы тиіс.
108. Қасапшының алаңы диэлектрлі кілемше төселіп, қасапшы диэлектрлі қолғаптармен және калоштармен жарақтандырылуы тиіс.
109. Қасапшының алаңына кіретін жер жабылуы тиіс.
110. Естен тандыру кешенінің шкафы аспаптармен (амперметрмен, вольтметрмен, трансформатормен) жабдықталуы тиіс. Шкафқа кернеу берілген кезде сигналды (бақылау) шам жануы тиіс.
111. Естен тандыру боксының көтеру қабырғасында ол бекітілген шынжырлар немесе арқандар үзілген жағдайда оны көтеріліп тұрған жағдайда ұстап тұратын қоршаулар мен айла бұйымдары бар құрылғысы болуы тиіс.
112. Алдыңғы есікті, еденді және бүйірдегі есікті алғашқы қалпына келтіру кезінде жануарды түсірген кездегі соққыны жұмсарту және шуды азайту үшін естен тандыру боксы амортизаторлармен жарақтандырылуы тиіс.
113. Естен тандыру боксы алдыңғы қабырға көтеріліп тұрған жағдайда (электрмен естен тандыру аппараттарымен жұмыс істеу кезінде) кернеуді автоматты түрде азайтатын бұғаттағышпен жарақтандырылуы тиіс.
114. Естен тандыру боксынан малды түсіргеннен кейін алдыңғы есікті жіберу және еденді көтеру автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Малды түсірместен естен тандыру боксының өздігінен ашылуына жол берілмейді.
Естен тандыру боксы еденіне кернеу берілген кезде (электрмен естен тандыру аппараттарымен жұмыс істеу кезінде) жарып тұратын, "Бокста кернеу жоғары!", "Бокстың еденіне жақындамаңыз! Өміріңізге қауіпті" деген жарықты табломен жарақтандырылуы тиіс.
115. Тері сыпыруға арналған жабдықтар кешенінің ұшалар мен терілерді бекіткіштерінің конструкциясы сенімді әрі қолайлы бекітуді қамтамасыз етуі және жүктің ажырап кетуін және құлауын толықтай болдырмауы тиіс.
Терілер мен шынжырларды тастайтын орын қоршалуы тиіс.
116. Тері сыпыруға арналған жабдықтар кешеніне ұшаларды беру механикаландырылуы тиіс.
117. Терілерді ілу операциялары жүргізілетін тері сыпыруға арналған жабдықтар кешенінің алаңдарында қызмет көрсетуші персонал үшін қолайлы орында пышақтарға, пышақтар мен қолды жууға және дезинфекциялауға арналған қорап іліп қою үшін құрылғы көзделуі тиіс.
118. Үйіту пештері газ беру (сұйық отынды) жүйесінде бақылау және реттеу аспаптарымен, сондай-ақ ауаның (немесе бу) берілуін бақылау және реттеу аспаптарымен жабдықталуы тиіс.
119. Үйіту пештерінде тартқыш болмағанда, ауаның қысымы артқанда немесе төмендегенде немесе отын жүйесінде отынды беру тоқтағанда, от лаулағанда немесе үзілген жағдайда автоматты сөндіруге арналған құрылғы болуы тиіс.
Отын құбыржолдардың және арматуралардың қосылыстарынан өткен кезде үйіту пештерін пайдалануға тыйым салынады.
120. Кезеңді жұмыс істейтін пештер өздігінен жабылатын есіктермен жабдықталуы тиіс.
121. Ұшаларды кезеңді жұмыс істейтін үйіту пештерге тиеу және түсіру механикаландырылуы тиіс.
122. Кезеңді жұмыс істейтін үйіту пештерінің үйіту кезеңінде ұшаны бекітуге мүмкіндік беретін ұшаны ұстап тұруға арналған құрылғысы болуы тиіс.
123. Ішек-қарынды үйітуге арналған үйіту пешінің жүктемелік ернеуінің конструкциясы жүктеуді қосымша итермей-ақ қамтамасыз етуі тиіс.
124. Бастарды өңдеуге арналған агрегатта өңдеу кезінде бастарды бекітетін және ұстап тұратын сүңгілер болуы тиіс, ал өңдеу процесінің аяғында сүңгілер өздігінен құлауы және өңделген өнімді қабылдау үстелінің науашығына тастауы тиіс.
Бастардың жылжуы механикаландырылуы тиіс.
125. Жанарғылар (форсункалар) орнықты жұмыс істеуді қамтамасыз етуі және қондырманың жылу режимін реттеу қажеттілігі шегінде жануын қамтамасыз етуі тиіс.
126. Газ жанарғыларын тұтату және олардың жұмысын қадағалау үшін жанарғының қарсы беттегі плитасында көру саңылауы болуы тиіс. Пештің әрқайсысы тұтандырғышпен және іліп қоюға (сақтауға) арналған құрылғымен қамтамасыз етілуі тиіс.
127. Коллектордан пешке келетін бұрылыстың әр қайсысында, сондай-ақ газды жанарғыларға әкелетін құбырларда газды тоқтататын құрылғылар орнатылуы тиіс.
128. Пештің тартатын жоғарғы ернеуінде пешті тұтандыру алдында желдетіп алатын шибер орнатылуы тиіс. Шиберді басқару басқаруға ыңғайлы орынға шығарылуы тиіс.
Шиберді басқаруға арналған құрылғының "Ашық", "Жабық" жағдайын белгілейтін орны және тиісті жазбасы болуы тиіс.
129. Пештерде жұмыс кезінде жарық сәулесінің әсерін болдырмау үшін жарықтан қорғайтын экран (перде) болуы тиіс.
130. Сұйық отынға арналған отын бағынын сыйымдылығы жағармайдың тәуліктік қорынан аспайтындай болып есептелуі тиіс.
Бактың конструкциясы толтыру кезінде отынның артық құйылуына жол бермеуі және өрт кезінде оны ғимараттан тыс жерде орналасқан авариялық сыйымдылыққа құйып алу мүкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Бак диаметрі 50 мм-ден кем емес құбырдың көмегімен төңірегіндегі әуемен, сондай-ақ шығыс өлшегішпен тұйықталған болуы тиіс.
131. Сұйық отын беру құбыр желілерінде қажет болған жағдайда құбыр желісін жабуды қамтамасыз ететін шығыс сыйымдылығының және форсунканың (жанарғының) тұсында жапқыш вентилдер болуы тиіс. Отын өткізгіштер жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс.
Отын бағы ашық от көзінен кем дегенде 5 м жерде орнатылуы тиіс. Бакты пештердің үстінде орнатуға жол берілмейді.
132. Терісі бар ұшаларды жууға арналған щеткалардың жетектері шашырандылардан қорғалуы тиіс, щеткалардың жұмыс істемейтін бөліктері қаптамамен жабылуы тиіс.
133. Технологиялық бос ыдыстарды, тролдерді және разногтарды жууға арналған машиналар жуудың берілген технологиялық режимін автоматты түрде қолдау құралдарымен, сондай-ақ қажетті концентрациядағы жуу ерітінділерін дайындайтын және сорғының көмегімен оларды машинаға беретін құрылғылармен жарақталуы тиіс.
134. Таспалы араның кесу жолағының қаптамадан тыс жұмыс істемейтін емес бөлігі кесу биіктігін айқындаған кезде жылжымалы тірек биіктігі бойына бір мезгілде реттелетін қалқанмен жабылуы тиіс.
135. Таспалы араның кесу биіктігі арнайы жылжымалы тіректің көмегімен бекітілуі тиіс.
Тірек белгіленген биіктікте сенімді бекітілуі тиіс.
136. Таспалы аралар шикізаттың кесетін жолаққа қауіпсіз берілуі үшін жылжымалы үстелмен (күймешікпен) қамтамасыз етілуі тиіс.
137. Араның кесу жолағының үзілген бөліктерінің қаптамадан ұшып кетуін болдырмау үшін таспалы ара жұмысшыны жарақаттауға жол бермейтін арнайы аулағышпен қамтамасыз етілуі тиіс.
138. Аралар кесу жолақтары мен шкивтерді тазалауға арналған құрылғылармен, сондай-ақ кескен кезде кесу жолағының майысуына жол бермейтін айла бұйыммен қамтамасыз етілуі тиіс.
139. Араның конструкциясында ұнтақты жинақтауыш және оны қауіпсіз босату мүмкіндігі көзделуі тиіс.
140. Аспалы араның ілмесі араның массасынан 25 %-дан асып түсетін жүктемеге төтеп беруі тиіс.
141. Ілме спиральді серіппе сынған кезде іске қосылатын алдын ала сақтандыру құрылғысымен жарақталуы тиіс.
142. Ілменің тростары мен карабиндері, сондай-ақ тростар (негізгі және сақтандыру) және олардың көмегімен ілме цех конструкциясына бекітілетін олардың бөлшектері барлық болжанатын жүктемеге төтеп беруі тиіс.
143. Электрлі аралардың оларға іске қосу құрылғылары монтаждалған оқшауланған тұтқалары болуы тиіс. Дискілі ара қабырғалары дыбыс сіңіргіш қаптама материалмен жабылған жеке үй-жайда орнатылуы тиіс.
145. Дискінің кесілетін материалдың қысымымен көтерілетін жоғарғы бөлігі және төменгі бөлігі қоршаумен жабылуы тиіс. Қоршайтын қаптаманың ішкі беті дыбыс сіңіргіш материалмен жабылуы тиіс.
146. Материалды дискіге беру қызмет көрсетуші персоналдың қолының жарақаттануын болдырмайтын беруге арналған арнайы құрылғының көмегімен жүргізілуі тиіс.
4.2. Қосымша ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған машиналар мен
жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
147. Центрифуганың конструкциясы өнімнің ұшуына, судың шашырауына және өтуіне жол бермеуі тиіс.
148. Центрифуганың роторы жетекті тоқтатқаннан кейін айналдыруды кемінде 5 секунд бұрын тоқтатуы тиіс. Айналдыру бұдан ұзақ болған кезде центрифуга роторды жылдам тоқтатуға арналған тежегішпен қамтамасыз етілуі тиіс.
149. Ішек өңдеуге арналған машинаның тиеу және түсіру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішекті машинаға беру және ішекті машинадан алуға арналған құрылғысы болуы тиіс.
150. Ішектерді тарқату үшін арнайы айла бұйым көзделуі тиіс.
151. Ішекті өңдеуге арналған жұмыс біліктері ішекті өңдеуге салу үшін саңылауы бар қорғаныс қоршауларымен толық жабылуы тиіс, ал ішекті өңдеуге салатын орын корпуста айқын белгімен (бағыттауышпен) көрсетілуі тиіс.
152. Біліктерді тазалау үшін білікті ішек машиналарында суландырғыш пайдаланылуы тиіс.
153. Шикізатты жылумен өңдеуге арналған, жоғары температурада және қысымда жұмыс істейтін жабдықтар онда қысым бар кезде қақпағының ашылу мүмкіндігін болдырмайтын тұйықтағыш құрылғымен жарақталуы тиіс.
4.3. Құсты қайта өңдеу желілерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар
154. Аспалы конвейер технологиялық операциялар бойынша орын ауыстыру процесінде қатты шудан есінен танып қалған құстарды сенімді тіркеуді және ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.
155. Конвейердің аспалары тұрып алмай және ұшаларды шайқамай еркін қозғалуы қажет.
156. Электрмен құсты есінен тандыру аппараты резервуардың қабырғалары мен түбін, кіретін және шығатын штуцерлерді қоса алғанда, қызмет көрсететін персоналдың токқа қосылған жабдықтың бөлшектерімен байланысу мүмкіндігіне жол бермейтін электр оқшаулағыш материалдармен қоршалуы тиіс.
157. Құстар ілінген аспаның электрмен естен тандыру аппаратына кіретін және шығатын орны қоршалуы тиіс.
158. Құсты электрмен естен тандыру аппаратында кернеуге қосылғаны туралы жарықтық сигнализация, сондай-ақ аппаратты желіден ажыратуды және санитарлық өңдеу немесе жөндеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кемінде екі ажыратқыш болуы тиіс.
159. Құсты электрмен естен тандыру аппаратында ваннаның қоршауы ашық болған кезде аппараттың іске қосылуының алдын алуды қамтамасыз ететін тұйықтағыш болуы тиіс.
5. Жобалауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
160. Машиналар немесе жабдықтарды жобалау процесінде:
1) мақсатына сай пайдалануды және болжалды дұрыс қолданбауды коса алғанда, машиналар мен жабдықтарға арналған шектеулер тізбесін айқындау;
2) машинамен және жабдықпен байланысты қауіптер мен қауіпті жағдайларды айқындау;
3) мүмкін болатын жарақат алудың ауыртпалығын немесе денсаулыққа келтірілетін зиянды және олардың туындау ықтималдығын есепке ала отырып қатерлерді бағалау;
4) оларды төмендету аспектісіне қатысты қатерлерді бағалау;
5) қорғау шараларын қолдану негізінде аталған қауіптермен байланысты қауіптерді жою немесе қатерлерді төмендету қажет.
161. Қауіпсіздік және денсаулықты қорғау талаптарын орындау өндіруші көздеген шарттарда машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезінде немесе болжалды дұрыс қолданбау кезінде тиісті қауіптер туындаған жағдайларда ғана міндетті болып табылады.
162. Жобалау кезінде көрсетілген тәртіппен мынадай іс-әрекеттерді орындау қажет:
1) қатерлерді төмендету немесе толықтай жою;
2) қатерлер жойылмайтын жағдайларға қатысты қажетті қорғау шараларын қабылдау;
3) қабылданған қорғау шараларының тиімсіздігі салдарынан қалып қойған қатерлердің бары туралы пайдаланушыларды хабардар ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қажет болған жағдайда қызмет көрсетуші персоналда арнайы білімнің болуын және олардың жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттілігін көрсету.
163. Машиналар және жабдықтар оператордың жеке қорғаныс құралын көзделген немесе болжалды пайдалану қажеттілігін ескере отырып, құрастырылуы және дайындалуы тиіс.
6. Өндіріске қойылатын қауіпсіздік талаптары
164. Машиналар мен жабдықтарды өндіру кезінде олардың жобалық құжаттама және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
165. Машиналар мен жабдықтарды өндіру кезінде өндіруші жобалық құжаттамамен айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар кешенін орындауға міндетті. Қауіпсіздік байланысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуы тиіс.
166. Егер машиналар мен жабдықтарды өндіру процесінде немесе өндіргеннен кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақ жүргізу қажет болса, онда олар жобаның барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргізілуі тиіс.
167. Кәсіпорында қабылданған технологиялық процестердің барлық кешенін, бақылау жүйесін есепке ала отырып, машиналар мен жабдықтардың жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге талдау жүргізілуі және нарыққа айналымға шығарудың алдында қатерлерге бағалау жүргізілуі тиіс.
168. Машиналар мен жабдықтарды өндіру кезіндегі жобадан ауытқу жобалаушылармен келісім бойынша және осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарын сақтау жағдайында болуы мүмкін.
7. Сақтау, тасымалдау, жинау және монтаждау кезіндегі
қауіпсіздікке қойылатын талаптар
169. Машиналар мен жабдықтар немесе олардың кез келген құрамдас бөліктері зиян немесе шығын келтірмей сақталатындай етіп буып-түйілуі немесе құрастырылуы тиіс.
170. Егер машинамен және (немесе) оның құрамдас бөліктерімен жұмыс істеу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілсе, машинаны және (немесе) оның құрамдас бөліктерін тасымалдау кезінде машинаның тұрақсыздығына және оның қозғалмалы бөліктерін тексермей қоюға байланысты кездейсоқ қозғалудың немесе кез келген қауіптердің туындау ықтималдығы болмауы тиіс.
171. Мерзімді техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде монтаждау, жекелеген бөлшектер мен құрастырушы бірліктерді шешіп алу және орнату үшін жалпы пайдаланымдағы жүк көтеру құралдарын, құрылғыларды және құрал-саймандарды қолдану мүмкін болмайтын машиналар мен жабдықтар арнайы (жеке) құрылғылармен және құрал-саймандармен жасақталуы тиіс.
172. Егер машиналар мен жабдықтардың немесе олардың әр түрлі бөліктерінің салмағы, мөлшері немесе нысаны оларды қолмен алмастыруға мүмкіндік бермесе, онда машина немесе жабдық немесе оның әрбір бөлігі механизммен көтеру құрылғыларымен жарақталуы немесе осындай құрылғыларды ыңғайлап қоюға мүмкіндік беруі немесе стандартты көтеру механизмі оңай қолданылатын нысанда болуы тиіс.
173. Егер машинаны және жабдықты немесе оның бір бөлігін қолмен орын ауыстыру тиіс болса, онда ол оңай қозғалуы немесе ұстауға (қолмен) арналған тұтқамен жабдықталған болуы тиіс.
174. Азық-түлік машиналары мен жабдықтарын монтаждау үшін металл конструкциялар (рамалар, тұғырлар, байланыстар) дайындау кезінде тұйық қима профилдерін қолданған жөн.
Металл конструкциялардағы құбырлардың қуысы дәнекерлеу арқылы немесе тегіс беттерді ұштастыру арқылы жабылуы тиіс.
175. Азық-түлік машиналары мен жабдықтарын еденге, қабырғаға, аралықтарға қатысты орналастыру, жабдықты құбырлармен орау, өндірістік кәрізбен байланыс санитарлық өңдеуге және бақылауға кедергі келтірмеуі тиіс және өнімді ластау көзі болып табылмауы тиіс.
176. Азық-түлік машиналары мен жабдықтарын еденге тереңдетіп орнатуға рұқсат етілмейді.
8. Пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары
177. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
178. Машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсететін персонал орындалатын жұмыс түріне, технологиялық процестерге қойылатын және машина мен жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жеке қорғаныс құралымен қамтамасыз етілуі тиіс.
179. Машиналар мен жабдықтарды орналастыру:
1) машиналар мен жабдықтарды орналастырудың салдарынан қосымша зиянды факторлардың туындауын болдырмауды;
2) төтенше жағдайларда қызмет көрсету персоналын қауіпсіз шығаруды, оларды тез арада эвакуациялауды, сондай-ақ, жұмыс орнына мүмкіндігінше көлік жолдарын қиып өтпейтін қысқа тәсілмен жетуді;
3) қарама-қарсы жүк ағындарын барынша болдырмау арқылы шикізатты, өндірістің шығыс материалдары мен қалдықтарын оңтайлы қозғалту жолдарын;
4) машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен байланысты көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды;
5) қауіпті және (немесе) зиянды факторлардың әсерінен қызмет көрсетуші персоналды қорғау құралдарын орналастыруды;
6) машиналар мен жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қызмет көрсетуші персоналдың операцияларды еркін және қауіпсіз орындауын қамтамасыз ететін жұмыс аймағын (жұмыс орнын) ұйымдастыруды;
7) өңделген дайындамалардың, шығыс материалдарының, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімдердің, өндіріс қалдықтарының қорын, қоймалық жабдықтарды (стационарлық емес сөрелерді, технологиялық ыдыстарды) орналастыруға арналған алаңның және соған ұқсас көмекші аймақтың болуын;
8) стационарлық алаңдарды, баспалдақтарды, материалдарды сақтау және орнын ауыстыруға арналған құрылғыларды, саймандық үстелдерді, электрлік шкафтарды, өрт мүкәммалын және стационарлық құрылғылардың ұқсас аймағын орналастыруға арналған алаңның болуын;
9) еден деңгейінен берілген биіктікте монтаждалатын коммуникациялық жүйелерді және көмекші машиналар мен жабдықтарды немесе алынып-салынатын немесе ашылатын қоршаулары және ұқсас коммуникация аймағы бар астыртын инженерлік құрылыстардың (коммуникациялардың) алаңқайын орналастыруға арналған алаңның болуын есепке ала отырып, машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
180. Қауіпті аймақтардағы өндіріс объектілерінде машиналар мен жабдықтарды пайдалану орнын сигналдық таңбалардың болумен, сигналдық түстердің боялумен және қауіпті орындарды білдіретін және қауіп түрлері мен мүмкін болатын қауіпті жағдайлар туралы хабар беретін қауіпсіздік белгілерінің болуымен қамтамасыз ету қажет.
9. Пайдаланудан шығаруға және кәдеге жаратуға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
181. Машиналар мен жабдықтарды пайдаланудан шығару мен кәдеге жаратудың қорытынды процестері пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген нақты нұсқауларға сәйкес болуы тиіс.
182. Кәдеге жарату процесі басталғанға дейін:
1) машиналар мен жабдықтарды кез келген энергия көзінен ажырату, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың жұмыс істеу және технологиялық құралу принципі күшінде тұрған элементтеріндегі қалған кернеуді алып тастау (қуатты, статикалық электрді жою);
2) зиян келтіру қатерін тудыратын машиналар мен жабдықтар құрамындағы барлық жарылыс-өрт қауіпті, химиялық агрессиялы және улы заттар мен материалдарды жою немесе мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, көрсетілген заттар мен материалдарды құрайтын машиналар мен жабдықтардың элементтерін жою;
3) машиналар мен жабдықтар құрамындағы барлық өздігінен қозғалатын элементтерді жою, серіппе, рессор секілді элементтерден немесе басқа да құрылғылардан жинақталған әлеуетті энергияны босату, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың барлық элементтеріндегі қысымды атмосфералық қысымға дейін теңестіру;
4) машиналар мен жабдықтардағы, машиналар мен жабдықтар құрамындағы элементтердегі температураны шекті рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізу қажет.
183. Машиналар мен жабдықтар шикізат және материалдар алу арқылы қайта өңдеу жолымен кәдеге жаратылады.
184. Кәдеге жарату процесінде жинақталған қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Сәйкестікті растау
185. Машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау рәсімі "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінің талаптарына және осы Техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
186. Машиналар мен жабдықтардың осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау міндетті сертификаттау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.
187. Машиналар мен жабдықтардың сәйкестіктігін растау мақсатында өтінім беруші сертификаттауды жүргізуге берген өтінімімен бірге техникалық құжаттаманың жиынтығын ұсынуы тиіс.
Техникалық құжаттаманың жиынтығы мыналарды:
1) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;
2) конструкцияның сипаттамасын, басқару және әрекет ету принципінің сызбасын қоса алғанда, машиналар мен жабдықтардың техникалық сипаттамасын;
3) соған сәйкес машиналар мен жабдықтар өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды;
4) машиналар мен жабдықтардың нақты түрлері (моделдері) құрамының тізбесін, зауыттық нөмірін, өндірушілердің атауы мен мекен-жайын және жабдықтарды пайдалану орнына орналастырудың тапсырыс берушімен келісілген (машиналар мен жабдықтардың жиынтығы, кешендер мен технологиялық желілер үшін) технологиялық схемасын қамтиды.
188. Сәйкестікті растау жөніндегі органның дәлелді жағдайларда машиналар мен жабдықтардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растауға қажетті қосымша техникалық құжаттаманы қажетті жағдайда сұратуға құқығы бар. Мұндай құжаттамаларға:
1) қабылдау, мерзімдік және инспекциялық сынақтардың хаттамалары;
2) шетелдік сынақ зертханаларында (орталықтарында), оның ішінде өндірушінің сынақ орталықтарында жүргізілген шетелдік сынақ хаттамалары;
3) жинақталған бұйымдар мен материалдарды жеткізушінің қолданыстағы сәйкестік сертификаты (сәйкестік туралы декларациялар);
4) міндетті сертификаттау шеңберінен тыс алынған машиналар мен жабдықтардың қолданыстағы сертификаттары (ерікті сертификаттау жүйесінің сертификаттары, шетелдік сертификаттар);
5) сапа және өндіріс жүйесінің қолданыстағы сертификаттары жатуы мүмкін.
11. Қолданысқа енгізудің шарттары
189. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында қолданылатын, қайталанатын немесе осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың ережелері белгіленген тәртіппен түзетілуге немесе жойылуға жатады.
190. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі" техникалық регламентіне қосымша |
Техникалық регламенттің әрекетіне түсетін машиналар
мен жабдықтардың тізбесі
ҚР СЭҚ ТН | Өнімнің атауы |
8438 50 000 0 | Етті немесе құс етін қайта өңдеуге арналған жабдықтар |
8434 20 000 0 | Сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар |
8453 10 000 0 | Тері немесе былғары дайындауға, илеуге немесе өңдеуге арналған жабдықтар |
8451 40 000 1 | Жүнді жууға арналған машиналар |