Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің 2010 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 375 Қаулысы

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің толықтығын, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын салықтық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің 2010 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 сәуірдегі
№ 375 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруді
жетілдірудің 2010 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы:     Қазақстан Республикасында салықтық
                         әкімшілендіруді жетілдірудің 2010 -
                         2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме:  Мыналарды:
                         бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі
                         стратегиялық мақсаттарды іске асыру
                         бөлігінде Қазақстан Республикасы
                         Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
                         № 922 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан
                         Республикасының 2020 жылға дейінгі
                         Стратегиялық даму жоспарын;
                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                         2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2304
                         қаулысымен бекітілген Қазақстан
                         Республикасы Қаржы министрлігінің
                         2010 — 2014 жылдарға арналған
                         стратегиялық жоспарын;
                         2008 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған
                         «Салық және бюджетке төленетін басқа да
                         міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
                         Республикасының Кодексін (Салық кодексін)
                         іске асыру шеңберінде.
                         Қазақстан Республикасын дамытудың
                         әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын
                         ағымдағы іске асыру шарттарында салықтық
                         әкімшілендіру бір жағынан салықтық бақылау
                         құралдарын жетілдіруге және оңтайландыруға,
                         екінші жағынан, салық төлеушілерді
                         мемлекетпен тиімді өзара іс-әрекет жасауға
                         ынталандыруға және түрткі болуға бағытталған
                         кешенді қызметті білдіруі тиіс, нәтижесінде
                         бұл салық жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне
                         ғана емес, сонымен қатар Қазақстан
                         экономикасында кәсіпкерлік белсенділіктің
                         тұрақты өсуіне де алып келуі тиіс.
Әзірлеу үшін жауапты     Қазақстан Республикасы Қаржы
мемлекеттік орган:       министрлігі
Мақсаты мен              Бағдарламаның мақсаты салықтардың
міндеттері:              және мемлекеттік бюджетке төленетін
                         басқа да міндетті төлемдердің жиналуын
                         ұлғайту, салық төлеушілердің салық
                         міндеттемелерін өз еркімен орындауы үшін
                         жағдайларды жақсарту жөніндегі шаралар
                         қабылдау арқылы салықтық әкімшілендіруді
                         жетілдіру.
                         Бағдарламаның міндеттері:
                         1) салық заңнамасының сақталуын бақылауды
                         күшейту;
                         2) салықтық әкімшілендіру үдерістерін
                         оңтайландыру;
                         3) салық қызметі органдарында сыбайлас
                         жемқорлық белгілерін анықтау және оның жолын
                         кесу;
                         4) халыққа, бизнеске көрсетілетін
                         қызметтердің сапасы мен деңгейін арттыру;
                         5) халықтың құқықтық салықтық сауаттылығын
                         жоғарылату;
                         6) салық мамандарының кәсіпқойлығын арттыру.
Іске асыру мерзімдері    2010 - 2011 жылдар
(кезеңдері):
Нысаналы                 Мыналар Бағдарламаның мақсаттарына
индикаторлары:           қол жеткізу дәрежесінің мақсатты
                         индикаторлары болып табылады:
                         салық қызметі органдарының құзыретіне
                         жатқызылған, республикалық және
                         жергілікті бюджеттердің табыстары
                         бойынша болжамды 100 % орындау;
                         2010 жылдың қорытындылары бойынша
                         кәсіпкерлік субъектілері үшін көрсетілген
                         салық қызметтерінің сапасына қанағаттану
                         85,5 %-дан төмен емес, 2011 жылы 87,8 %-дан
                         темен емес, халық үшін 2010 жылдың
                         қорытындылары бойынша 81,0 %-дан төмен емес,
                         2011 жылы - 85,5 % деңгейін қамтамасыз ету
                         болып табылады.
Қаржыландыру көлемі      Республикалық бюджет.
мен көздері:

2. Кіріспе

      2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында», 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы», 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында салық органдарының алдына қойылған міндеттерді іске асыру салық төлеушілердің өз міндеттерін ерікті және саналы түрде орындауы негізінде салықтың мейлінше көп жиналуын қамтамасыз ете отырып, тек мемлекет пен салық төлеушілер мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуге, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жағдайлар жасауға арналған  Қазақстан Республикасының салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бірыңғай салық саясатын
жүргізген кезде ғана мүмкін болмақ.
      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген:
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі);
      «Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 535 Жарлығы;
      «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығы;
      «Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы;
      «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысы;
      «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы;
      «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысы.

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

3.1. Проблеманың мазмұны және Бағдарлама шеңберінде
оны шешу қажеттілігінің негіздемесі

      Бүгінгі таңда Қазақстанның салық қызметі өз дамуының жаңа сапалы кезеңінде тұр, одан әрі табысты жұмыс істеу үшін негіздер құруға бағытталған бірқатар реформалар жүргізілді.
      Салық түсімдерін ұлғайту, салық климатын жақсарту, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру реформаның дұрыс бағыт алғанын көрсетеді.
      Соңғы жылдары салық саясаты және салықтық әкімшілендіру аясында маңызды қадамдар жасалды және айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта белсенді түрде пайдаланылатын ақпараттық технологияларды дамытуға инвестициялардың қомақты көлемі салынды. Салық төлеушілердің 75 %-дан астамы электрондық есептілік нысанын пайдаланады. Салық қызметтерін көрсету стандарттарының енгізілгенін қоса алғанда, салық органдары жұмыстарының ашықтығын жақсартуға және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданды.
      Алайда, тұрақты реформалау және жаңғырту үдерісінің қиындығын ескерсек, реформалардың күн тәртібінде әлі де маңызды мәселелер түр.
      Дүниежүзілік Банктің «Doing business 2009» есебі бойынша Қазақстанның рейтингін талдау салықтарды төлеудің оңайлығы жағынан еліміздің жалпы 49-шы орында тұрғанын көрсетеді. Бұл ТМД елдерінің ішінде ең жоғарғы орын.
      Сонымен қатар, есепке сәйкес салық төлеушілердің өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті уақыт айтарлықтай түйткіл тудыратын мәселе болып табылады (міндеттемелерді орындау үшін қажетті 271 сағатпен 112-ші орын).
      Осы параметр бойынша Шығыс Еуропа, Ұлыбритания, Германия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен салыстырмалы талдау салық қызметін кешенді жаңғырту арқылы толықтырылуы қажет кемшіліктердің бар екенін көрсетеді.
      Айталық, осы мақсат үшін қажетті сағат саны Эстонияда - 81 сағат, Ұлыбританияда - 105 сағат, Малайзияда - 145 сағат, Германия мен Хорватияда - 196 сағат, Румынияда - 202 сағат.
      Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Салық салу дәрежесі мен әсері» индикаторы бойынша Қазақстан позициясы төмендеп кеткен (2007 жылы - 81-ші орын, 2008 жылы - 83-ші орын). Бұл индикатор инвестициялар үшін шектеу сияқты салықтармен ауыртпалық салу дәрежесін көрсетеді.
      Салық қызметі органдары көрсететін қызметтер сапасының негізгі индикаторы тұтынушылардың қанағаттануы болып табылады.
      2009 жылы «Сандж» Зерттеу Орталығы жүргізген салық төлеушілерді зерттеу нәтижелері бойынша салық органдарының қызмет көрсету сапасына Қазақстан бойынша орташа алғанда халықтың қанағаттануы жоғары - 85 %.
      Сонымен бірге, қанағаттану қызметтердің әртүрлі аспектілерін - жылдамдықты, ақпаратты, қарым-қатынасты және басқаларын қабылдауды қамтитын жалпы ұғым екенін атап өту керек.
      Салықтық әкімшілендіру деңгейін көрсететін өлшемдермен қанағаттану жалпы қызмет көрсету сапасына қанағаттануға қарағанда төмен. Бұл, бірінші кезекте, белгіленген қызметтерді алу мерзімдеріне (78 %), қызмет мерзімін сақтауға (80 %) қанағаттану.
      Бұдан басқа, 2009 жылы сауалнамаға жауап беруші кәсіпкерлік субъектілерінің салық органдары қызметкерлерінің кәсіпқойлығымен/біліктілігімен 82 %-ы, ізеттілігімен 84 %-ы, уақтылы қызмет көрсетуімен 77 %-ы, ақпараттың мағыналылығымен 75 %-ы, ал салық төлеушіге көмек көрсетуге әзірлігімен 75 %-ы қанағаттанған.
      Қазақстан халқының салық органдарының қызмет көрсету сапасына қанағаттануы әлі де жоғары - 91 %.
      Қалалық салық төлеуші жеке тұлғалардың қанағаттануы ауылдағы тұтынушылардың қанағаттануына қарағанда аздап төмен екенін атап өту қажет.

3.2. 2006 - 2008 жылдардағы салық органдары жұмысының
негізгі қорытындылары

Салықтық әкімшілендіру деңгейі туралы

      2006 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі аралықта бюджет кірістерінің ЖІӨ-ге қатынасы 27,8 %-дан 29,4 %-ға дейін өсті.
      Бересі сомасы (Бересі-2-ні есептемегенде) 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34,2 млрд. теңгеден 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 47,7 млрд. теңгеге дейін, яғни 39,5 %-ға ұлғайған. Бересі-2 «қолма-қол ақшаға айналдыру» фирмалары мен жалған кәсіпорындар қызметінің жолын кесу жөніндегі жұмыстар барысында пайда болған, өндіріп алу мүмкін емес бересіге жатады.
      Міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6,6 млрд. теңгеден 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4,4 млрд. теңгеге дейін, яғни 33,3 %-ға қысқарған.
      Есептілікті электронды түрде табыс ететін салық төлеушілердің үлес салмағы 2006 жылдан бастап 56,3 %-дан 2009 жылы 80,0 %-ға дейін өсті, ал электронды түрде табыс етілген салық есептілігінің үлес салмағы осы кезең ішінде 69,7 %-дан 84,5 %-ға дейін өсті.
      Бақылау-экономикалық жұмыстардың нәтижелері өткізілетін салықтық тексерулер бойынша жұмыстар тиімділігінің артқанын көрсетеді. Салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша бір аудиторға қоса есептелген салық сомаларының көрсеткіші 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі аралықта 2,9 есеге өсті және 49,4 млн. теңгенің орнына 142,1 млн. теңгені құрады.
      Бұл біріктірілген көрсеткіштер салықтық әкімшілендіру сапасының жақсарғанын көрсетеді, және соңғы жылдары бизнес-үрдістерді жетілдіру жөніндегі, салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі, ақпараттық сервисті енгізу жөніндегі салық органдары жүргізген үлкен жұмыстың нәтижесі.

Салық төлеушілердің тіркеу есебі

      2002 жылдан бастап республиканың барлық салық органдарында салық төлеушілерді тіркеу және олардың тіркеу есебін жүргізу салықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - СБАЖ) тіркеу құрамдауыштарының көмегімен бірыңғай орталықтандырылған технология шеңберінде жүргізіледі.
      Заңды тұлғаларды «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеу рәсімдерінің енгізілуімен әділет органдарының салық органдарына тіркеу, тарату, сондай-ақ тіркеу кезінде заңды тұлға мәлімдеген тіркеу деректеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді беру рәсімі автоматтандырылды.
      Сондай-ақ тіркеу және тіркеу есебі рәсімдерін жетілдірудегі маңызды кезең уәкілетті тіркеуші органдардың деректері бойынша жеке тұлғаларды салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан орны бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үдерісін автоматтандыру болып табылады.
      Алайда жоғарыда келтірілген салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар да тіркеу есебіне байланысты проблемаларды соңына дейін шешпейді. Жүзеге асырылған тіркеу есебіне автоматты түрде қою рәсімдері салық төлеушілердің толық ауқымын қамтымайды, тіркеу есебіне тұру жөніндегі және, тиісінше, бюджетке салық төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындаудан жалтаратын салық төлеушілерді анықтау жөніндегі міндеттерді толық шешпейді.
      Аталған проблемалардың бір бөлігі қазіргі уақытта бірыңғай сәйкестендіру нөмірлеріне (ЖСН/БСН) көшуге байланысты заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізу және «ҚР заңды тұлғалары» мемлекеттік дерекқоры» (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) мен «ҚР жеке тұлғалары» мемлекеттік дерекқоры» (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) ақпараттық жүйелерін енгізу үдерісінде жойылып келеді. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін әрекетсіз және салық органдарымен байланысын үзген салық төлеушілерді қайта тіркеу және оларды тіркеу есебінде тұрған салық органдарында одан әрі әкімшілендіру жағынан проблема бар.

Салық міндеттемесінің орындалуын есепке алу

      1. Төлемдер мен есептелімдерді есепке алу. Салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу.
      Салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу:
      технологиялық деңгейде автоматты режимде есептелімдерді есепке алу;
      қағаз құжат айналымын алып тастай отырып, құжаттардың электрондық пакетін беру арқылы қазынашылық органдары мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - ЗТМО) алынатын түсімдерді есепке алу жолымен жүзеге асырылады.
      Қазіргі уақытта төлемдерді есепке алу және дербес шоттарды жүргізу барлық салық органдарында мынадай негізгі функцияларды орындайтын СБАЖ дербес шоттарды жүргізу жөніндегі құрамдауыштардың көмегімен бірыңғай технология шеңберінде жүзеге асырылады:
      электрондық құжатты алушыларға - орталықтанған автоматтандырылған қабылдау, салық органдары бойынша өңдеу және орналастыру;
      қазынашылық органдары мен ЗТМО-дан төлемдердің;
      кейіннен салық төлеушілердің дербес шоттарына таратып жазу үшін салық есептілігінен есептелген сомалардың;
      есептелген жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы мен жер салығының тізілімдерінің;
      бюджет алдында берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтаманы қалыптастыру (2005 жылдан бастап анықтаманы қалыптастыру салық төлеуші тіркеу есебінде тұрған республиканың барлық салық органдарындағы салық міндеттемелері ескеріле отырып, жүргізіледі);
      аумақтық деңгейдегі (нақты салық органындағы) салық төлеушілердің дербес шоттарының дерекқорларын жүргізу.
      Қазіргі уақытта есепке алуды және салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізуді жүзеге асыру кезінде мынадай негізгі проблемалар туындайды:
      1) бюджет алдында берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтамаларды беру мерзімдерінің бұзылуы. Біріктірілген анықтама қалыптастыруға сұрау салуды өңдеу байланыс арналары мен есептеуіш жабдықтардың үздіксіз жұмысын, жүйеге қызмет көрсететін және сүйемелдеуші персоналдың біліктілігін талап етеді;
      2) қазынашылық органдары мен ЗТМО-дан төлемдерді қабылдау электрондық почта көмегімен электрондық құжаттарды беру деңгейінде пакеттік режимде жүргізіледі;
      3) үнемі көлемі өсіп отыратын төлемдер мен есептелімдер бойынша ақпаратты өңдеу үшін ақпараттық ресурстардың жетіспеушілігі.
      2. Базарда сауда жасайтын адамдардан салық жинау.
      Базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) тауар өткізуді қоспағанда, базарларда тауар сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимінде жүргізеді.
      Базарларда тауар сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғаларды, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай тұлғалардың біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолдануын көздейтін норманың қолданысы тоқтатылатын болады.
      3. Салық төлеушілердің салық берешегін қысқарту.
      Берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алудың негізгі шараларының бірі салық төлеушілердің банктік шоттарына инкассалық өкімдер шығару болып табылады.
      Салық төлеушілер салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда салық органдары, атап айтқанда, кейіннен мамандандырылған аукциондарда сату үшін осындай салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектейді.
      2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексі енгізілгенге дейін билік етуі шектелген мүлікті өткізу үшін аукционшының міндеті салық органдарына жүктелген. Қазіргі кезде осындай мүліктің бір бөлігі өткізілмеген. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап билік етуі шектелген мүлікті өткізудің жаңа тәртібінің енгізілуіне байланысты осындай мүлікті сату жөніндегі уәкілеттік атқарушы іс жүргізу органдарына берілді.
      Жалған және қасақана банкроттық салық берешегін өндіріп алу кезіндегі көкейкесті проблема болып табылады. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында әлеуетті салық төлеушілерді - «жалған банкроттарды» айқындауға мүмкіндік беретін автоматты режимді енгізу қажет. Бұл режимнің негізгі артықшылығы барлық салық төлеушілердің қаржылық жағдайына талдау жүргізу мүмкіндігі болып табылады.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік компаниялар филиалдарының (өкілеттіктерінің) салық берешегін өндіріп алу мәселесін реттейтін құқықтық база жоқ. Салық берешегін өндіріп алуда қиындық тудырып отырғаны компаниялардың негізгі активтері басқа мемлекеттерде орналасқан бас офистерінде және Қазақстан Республикасының аумағында банк шоттарының болмауына, хабарлама табыс етілуі қажет олардың басшыларының немесе өкілдерінің болмауына байланысты.
      Қазақстан Республикасымен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция шеңберінде салықтарды жинауға көмек көрсету 37 конвенцияның 10-нда (Нидерланды, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Бельгия, Түрікменстан, Румыния, Норвегия) ғана көзделген. Келіссөздер үдерісін жүргізу кезінде аталған бапты қосу проблема болып отыр. Сонымен қатар басқа шетел мемлекеттерінің құзыретті органдары салық конвенцияларында «Салықтарды жинауда көмек көрсету» бабының болмауына байланысты мұндай көмек көрсетуден бас тартады.
      Сонымен бірге Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер мен Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) мүше елдер арасында жасалған Өзара әкімшілік көмек туралы көп жақты конвенция да бар. Қазіргі уақытта келісімнің күші бар және 2006 жылғы қазанда оған қосымша 12 ел (Әзірбайжан, Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Исландия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Швеция және АҚШ) қол қойды және бекітті. Канада мен Украина да келісімге қол қойды, бірақ оны әлі бекіткен жоқ.
      Көрсетілген Конвенция шеңберінде елдер қажет болған кезде сот органдары жүзеге асыратын әрекеттерді, сондай-ақ:
      мәлімет (ақпарат) алмасуды, оның ішінде бір мезгілдік салықтық бақылауды және шетелдерде жүзеге асырылатын салықтық бақылауға (тексерулерге) қатысуды;
      қорғау шараларын қоса алғанда, салықтарды төлеу жөніндегі берешекті өндіріп алуды және құжаттарды табыс етуді қамти алатын бір-біріне салық салу саласында әкімшілік көмек көрсетеді.
      Өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның ерекшелігі - ақпарат алмасу аясы анағұрлым кең және тек тікелей салықтар бойынша ғана емес, сонымен қатар жанама салықтар, кез келген басқа салық түрлері мен әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті жарналар және т.б. бойынша да жүзеге асырылатындығында.
      Қазіргі уақытта салық қызметі органдарының шетел салық органдарымен ақпарат алмасуы сұрау салу негізінде жүзеге асырылады, бұған көп уақыт шығындалады, бұл мәселе маңызының жойылуына әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын және салық міндеттемелерінен жалтаратын шетел компанияларының саны төмендемей отырғанын атап өту керек.

Салық есептілігін электронды түрде табыс ету

      2002 жылы Салық кодексінің енгізілуімен Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне салық есептілігін не қағаз тасығыштарда, не хабарламамен почта арқылы, не электронды түрде табыс ету тәсілдерін таңдау құқығы берілді.
      Салық есептілігін электронды түрде табыс ету мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 2006 жылдан бастап Қазақстанда «e-tax» деп аталатын технология енгізілді. Жыл сайын кеңейіп отырған электронды қызмет көрсету спектрі салық есептілігін электронды түрде табыс еткісі келетін көптеген салық төлеушілерді тартып отыр. Салық есептілігінің табыс етілуін талдау осындай салық төлеушілер санының көбейіп отырғанын көрсетеді. Айталық, 2007 жылмен салыстырғанда (433 629 салық төлеуші) салық есептілігін электронды түрде табыс еткен салық төлеушілердің саны 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 61,1 %-ға кеміп, 709 566 салық төлеушіні құрады.
      Қазіргі уақытта салық есептілігін электронды түрде табыс етудегі және дербес шоттарға қашықтықтан қол жеткізуді ұйымдастырудағы негізгі проблемалар мыналар болып табылады:
      1) салық заңнамасының өзгеруіне байланысты салық есептілігі нысандарын толтыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің уақтылы жаңартылмауы;
      2) анағұрлым көп жүктелім кезеңінде есептілікті қабылдау және өңдеу кезінде ақаулықтарға, оның ішінде салық төлеушілердің дербес шоттарына салық есептілігі нысандарынан таратып жазудың іркілуіне әкеп соқтыратын салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу жөніндегі жұмыстардың тұрақсыздығы;
      3) салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу жүйелерінің талдамалы аппаратының дамытылмағаны;
      4) аудан орталықтарынан шалғайдағы ауылдық жерлерде салық есептілігін электронды түрде табыс ету мүмкіндігінің болмауы.
      Бұл проблемаларды шешу үшін электронды салық есептіліктерін қабылдау және өңдеу технологияларын жетілдіру, дерек қорлар мен қоймаларының ыңғайлы жүйесін құру, жүйеаралық ықпалдастықтың стандартты шешімдерін енгізу керек.
      Бұдан басқа салық органдарының техникалық қамтамасыз етілу деңгейі олар алатын және өңдейтін ақпарат көлеміне барабар емес. Қуаты аз және ескірген жабдықтар үнемі ұлғайып отыратын ақпарат ағымын өңдеп үлгере алмайды, соның салдарынан ақпараттық жүйелерді ақаулықтарға әкеп соқтырады. Осының нәтижесінде серверлерде деректерді өңдеуде кезектер туындайды, дербес шоттарға таратып жазу салық есептілігін табыс ету мерзімдері бұзыла отырып жүргізіледі. Мұндай жағдай салық төлеушілер мен салық органдарының қызметкерлері тарапынан реніштер туғызады, және салық төлеушілердің салық есептілігін электронды түрде табыс етуден бас тартуына әкеп соқтырады.

Салық есептілігінің камералды бақылауы

      Қазіргі уақытта салық органдары пайдаланатын пәрменді салықтық әкімшілендіру құралдарының бірі салық төлеушілердің табыс еткен салық есептілігі негізінде салық міндеттемелерінің орындалуына камералды бақылау жүргізу болып табылады.
      Салық органдары жүргізетін камералды бақылау үнемі жетілдіріліп және пысықталып отырады. Атап айтқанда, 2006 - 2008 жылдар аралығында қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша камералды бақылау жаңа рәсімдермен толықтырылды, соның нәтижесінде бүгінгі күні олардың саны 15. Сонымен бірге камералды бақылауды корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) бөлігінде автоматтандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді, 2007 жылы оны жүргізу әдістемесі әзірленді, ал 2008 жылы Сарань және Теміртау қалаларында сынақ тестілері өткізілді. Сондай-ақ 2008 жылы заңды тұлғаларға салынатын жер және көлік салығы бойынша камералды бақылау жүргізу әдістемесі әзірленді.
      Камералды бақылауды іске қосу қорытындылары ҚҚС бойынша ғана табыс етілген салық есептілігіндегі мәліметтердің айтарлықтай сәйкессіздіктері анықталған он мыңдаған салық төлеушіні айқындайды.
      Бұл ретте 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Салық кодексіне сәйкес салық есептілігі нысандары анағұрлым оңайлатылды. Соған байланысты салық есептілігінің камералды бақылау рәсімдері де салық есептілігінің жаңа нысандарына сәйкес оңтайландыруды талап етеді.
      Мысалы, Салық кодексіне сәйкес деректері сатып алушының сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралар тізілімінің деректерімен салыстырылатын өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралар тізілімі енгізілді.

Салықтық тексерулер

      2009 жылы 30 699 құжаттық тексеру жүргізілді, бұл алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңіне қарағанда 41,5 %-ға төмен (73 984). 2009 жылы 457,4 млрд. теңге сомасында салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар есептелді, бұл алдыңғы жылға (299,1 млрд. теңге) қарағанда 1,5 есе жоғары.
      Республиканың барлық салық органдарында Салықтық тексерулер
жүргізуге нұсқамаларды тіркеу және тексеру рәсімдерін құжаттау СБАЖ
«Салық аудитінің электронды бақылауы» (бұдан әрі - САЭБ)
мамандандырылған құрамдауышының көмегімен бірыңғай орталықтандырылған технология шеңберінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта салық органдарының 3,2 мыңға жуық қызметкерлері САЭБ пайдаланушысы болып табылады.
      Бұл бағыттағы негізгі проблемалар салықтық тексерулердің төмен нәтижелілігі және салық органдарының біліктілігі жоғары қызметкерлерінің - аудиторларының жетіспеушілігі болып табылады.

Акциздерді әкімшілендіру және акцизделетін өнімдер нарығын
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

      Акциздерді әкімшілендіру салық қызметі органдарының жұмысындағы проблемалы бағыттардың бірі болып табылады, атап айтқанда:
      1) акцизделетін өнімдер нарығы жоғары табысты, сондықтан көлеңкелі ықпалға мейлінше бейім. Алкоголь нарығын реттеу жөніндегі қолданылып жатқан шараларға қарамастан, көлеңкелі айналым үлесі азаймай отыр. Заңсыз өндірілген және контрафактілі сәйкестендіруге келмейтін есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімі «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - ӘҚБК) осындай өнімді сатқаны үшін жауаптылық туралы тиісті нормалардың болмауына байланысты сауда желілері арқылы бақылаусыз сатылған фактілері орын алған немесе құқық бұзушылық үшін санкцияның мардымсыздығы соншалықты оларға ешқандай экономикалық залалсыз қайталауға мүмкіндік береді.
      Көлеңкелі айналымның қомақты бөлігі алкоголь өнімін өткізудің бөлшек буынында жүзеге асырылады. Өткізілген алкоголь өнімінің көлемдерін ақпараттық деңгейде қадағалау және заңсыз өнімдерді сататын адамдарды анықтау үшін, тиісінше, көлеңкелі айналымды азайту үшін «өндіруші - көтерме сатушы - бөлшек сатушы» тізбегі бойынша талдау жүргізу мүмкіндігі жоқ;
      2) темекі өнімдерінің айналымы саласында негізгі бағыт темекі өнімінің өндірілуін және оның айналымын декларациялауды мониторингілеуге негізделген темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымының теңгерімін мемлекеттік бақылау, есепке алу және талдау жүргізу болып табылады. Темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын темекі өнімдерін өткізу арасындағы теңгерімді есепке алу және талдау мүмкіндігі жеткілікті мөлшерде іске асырылмаған.

Басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл

      4. Әрекетсіз салық төлеушілердің банк шоттарындағы қозғалыс туралы ақпарат алу бойынша.
      2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінде заңды тұлғалардың шамамен 12,7 %-ы әрекетсіз және салық органдарымен байланысын үзген салық төлеушілер болып табылады, бұл салық органдарының салық міндеттемелерін анықтау және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарында қиындықтар туғызады.
      Бұдан басқа, ҚҚС бойынша салық есептілігін камералды бақылау нәтижелері бойынша ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс етпейтін ҚҚС төлеушілердің ҚҚС бар шот-фактуралар жазып беру фактілері анықталды. Салық органдарының осындай фактілерге дер кезінде мән беруін қамтамасыз ету және оларды іс жүргізу шараларын қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беру мақсатында 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінде салық органдарына банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан әрекетсіз салық төлеушілердің банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы ақпаратты сұратуға құқық беретін норма көзделген.
      Салық органдарының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысты екінші деңгейдегі банктерге сұрау салуды жіберу тәртібін айқындау үшін 2005 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті) тиісті бұйрық әзірледі және оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісті.
      Әрекетсіз салық төлеушілердің банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы ақпарат алу бойынша екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимылдар жасау кезіндегі ағымдағы негізгі проблемалар автоматтандырылған өзара іс-қимылдардың болмауы болып табылады.
      5. Инкассалық өкімдер мен шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді электронды жазып беру бойынша.
      2007 жылдың 2 шілдесінен бастап салық органдарының екінші деңгейдегі банктермен салық берешегін өндіріп алу бойынша салық төлеушілердің банктік шоттарына инкассалық өкімдер шығару жөнінде және екінші деңгейдегі банктерден салық төлеушілердің банк шоттарын ашқаны және жапқаны туралы хабарламалар алу жөнінде электронды өзара іс-қимылдарды ресми іске қосу жүзеге асырылды.
      Салық төлеушілердің, олардың дебиторларының банк шоттарына инкассалық өкімдерді автоматтандырылған беру мүмкіндігін енгізу инкассалық өкімдер салық төлеушінің барлық банк шоттарына әрбір салықтарды және төлемдерді төлеу мерзімдері бойынша шығарылатындықтан, салық органдары мен екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері инкассалық өкімдерді жазып беруге шығындайтын уақытты қысқартуға, сондай-ақ салық органдарының жұмыстарында ашықтыққа қол жеткізуге, сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік берді.
      Сонымен қатар, 2010 жылы оған сәйкес банк шотының нөмірі 20 белгіні қамтуы тиіс Халықаралық стандарттарға сәйкес клиенттің банк шоты нөмірінің бірыңғай құрылымына көшу жоспарланып отыр. Клиенттің банк шоты нөмірінің бірыңғай құрылымына көшкеннен кейін берешек сомаларын толық көлемде өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында салық органдары шығарған инкассалық өкімдер мен шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерге түгендеу жүргізу қажет.
      Банк шоты нөмірінің бірыңғай құрылымына көшу шеңберінде ұсынылған инкассалық өкімдерге түгендеу жүргізілді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 217,8 мың инкассалық өкім түгенделген.
      2009 жылғы желтоқсанда Астана қаласы, Алматы қаласы, Павлодар облысы бойынша Салық департаменттерінің базасында салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкімдерді автоматты түрде жолдауы бойынша 20 екінші деңгейдегі банкпен электрондық өзара іс-қимыл енгізілді.
      6. Кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
      Кеден органдарымен өзара іс-қимыл Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитетінің ақпараттық жүйелері шеңберінде жүзеге асырылады. Осы алмасу шеңберінде кеден қызметі органдары ай сайын салық төлеушілер жүргізген экспорттық және импорттық операциялар бойынша салық қызметі органдарына цифрлық тасығыштарда мәліметтер беруді жүзеге асырады. Аталған мәліметтерді салық қызметі органдары салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында салықтық тексерулерді жүргізу кезінде пайдаланады.
      Кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі ағымдағы негізгі проблемалар жедел автоматтандырылған өзара іс-қимылдың жоқтығы болып табылады.
      7. Қаржы полициясы органдарымен салықтық тексеру материалдарын беру және оларды қарау нәтижелерін алу бөлігінде өзара іс-қимыл жасау.
      Салық қызметі органдарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы салық заңнамасының талаптарын бұзған адал емес салық төлеушілерді тиісті жауаптылыққа тарту арқылы бюджеттің кіріс бөлігін толтыру бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауды білдіреді.
      Қаржы полициясының органдарында сұрау салуларды қарау мерзімдерін қысқарту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді және 2007 жылдың қарашасынан бастап енгізілді. Екі мемлекеттік орган арасындағы ақпарат алмасу материалдарды автоматты режимде беруге және қабылдауға; қаржы полициясы органдарына берілетін материалдардың және оларды қаржы полициясы органдарының қарау нәтижелерінің уақтылылығы мен сапасының мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.
      Қазіргі уақытта аталған мемлекеттік органдардың арасындағы өзара ақпарат алмасудағы проблема берілетін құжаттардағы 2010 жылғы іске асырылатын электрондық-цифрлық қолтаңбаның болмауында болып табылады.
      8. Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
      Салықтық тексерулерді жүргізуге нұсқамаларды тіркеу мерзімдерін қысқарту, салықтық тексерулердің тағайындалу және жүргізілу заңдылығын жедел және сапалы бақылау мақсатында автоматты режимде ақпарат (нұсқама, карточка, талон-қосымша, тіркеу журналы, салыстыру актісі) беруге және қабылдауға; салықтық тексерулердің тағайындалу мерзімдерінің, мерзімділігінің және заңдылығының мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді.
      Салық кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты салықтық тексерулерді жүргізуге нұсқамаларды статистикалық есепке алу және бақылау органында тіркеу бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
      Қазіргі уақытта аталған мемлекеттік органдардың арасындағы өзара ақпарат алмасудағы проблема берілетін құжаттардағы электрондық-цифрлық қолтаңбаның болмауында болып табылады.

Салық салу объектілерін немесе салық салуға байланысты
объектілерді тіркеуді жүзеге асыратын органдармен өзара
іс-қимыл жасау

      Салық салу объектілерін салық органдарында тіркеу ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - СТжСО) көмегімен орталықтандырылған деңгейде жүзеге асырылады. Салық органдарында мемлекеттік уәкілетті органдардан келіп түсетін барлық салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің тізілімін құру мүмкіндігі туып отыр. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің тізілімінде 79 млн. мәлімет қамтылған.
      Ақпарат салық төлеуші оның тіркеу есебінде орналасқан барлық салық органдарына автоматты режимде қол жетімді.
      Салық органдарының салық салу объектілерінің есебін жүргізудің орталықтандырылған тәртібіне көшуі бюджетке төлемдерді толық және уақтылы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға, есептілік жасауға, талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйе жеке тұлғалар бойынша әкімшілендіру функцияларын мынадай бөліктерде:
      жер салығының, көлік құралдары салығы мен мүлік салығының сомаларын автоматты түрде есептеу;
      аталған салық төлеушілерге хабарламаларды (түбіртектер мен хабарландыруларды) қалыптастыру және басып шығару;
      салық салу объектілерінің орналасқан орны бойынша мәжбүрлеп есепке қоюға жататын салық төлеушілерді анықтау және олар туралы мәліметтерді СБАЖ-ға беру;
      Қазақстан Республикасындағы шетелдік тұлғалардың резиденттілігін айқындау бөлігінде орындауға мүмкіндік береді.
      Салық есептілігінің электронды нысандарының арқасында енгізу сатысындағы жекелеген салықтар мен төлемдер бойынша автоматты режимде камералды бақылау жүргізу мүмкін болып отыр.
      2006 жылдан бастап Тіркеу деректерін, меншік құқығындағы жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді және салық міндеттемелерін қашықтықтан қарау мүмкіндігі бар салық төлеушілер үшін ақпараттық қызмет көрсету ретінде «веб-интерфейс арқылы СТжСО қол жеткізу» клиенттік қосымшасы іске асырылды.
      Бүгінгі күнде барлық уәкілетті органдарда субъект және салық салу мақсаттары үшін қажетті бірқатар объект деректемелері туралы тіркеу мәліметтерінің толықтығы бөлігінде проблема бар. Бұдан басқа, бірқатар органдарда дерекқор әлі де қағаз тасығыштарда немесе орталықтандырылған ақпараттық дерекқор жоқ. Ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін, ақпаратты сақтау және пайдалану үшін қабылданған техникалық шешімдер моральдық және техникалық жағынан ескірген.
      Салықтарды (жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы мен жер салығы) әкімшілендіру қомақты еңбек, сол сияқты ақша ресурстарын жұмсауды талап етеді, оның үстіне бюджетке түсімдері төмен.

Салық органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуі

      Бүгінгі таңда қол жеткізілген Қазақстанның даму кезеңі алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерді негізге ала отырып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына көңіл бөлуді талап етеді. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауына сәйкес барлық салық қызметтерінің (29 салық қызметі) тізбесінен 15 салық қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері әзірленді және 2007 жылдан бастап енгізілді. 15 салық қызметін таңдау салық төлеушілер жиі қоятын мәселелер, атап айтқанда тіркеу және анықтамалық сипаттар, салық есептілігін табыс ету, салық сомаларын бюджеттен қайтару және басқа мәселелері базасына негізделген.
      Салық мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің енгізілген стандарттары халық пен бизнес субъектілері арасында салықтық хабардарлығын арттыруға бағытталған және нақты салық қызметінің бүкіл үрдісі мен межелі нәтижесін сипаттайды. Сондай-ақ стандарттарда жекелеген қызметтердің ағымдағы, мақсатты және стратегиялық сапа көрсеткіштерін көздейтін қызмет сапасы мен қол жетімділігінің мақсатты индикаторлары бекітілген.
      Нарықтық қатынастардың негізі бойынша кез келген қызметті тұтынушылар бағалауы тиіс, соған байланысты 2007 жылдан бастап Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы құрған Салық қызметі органдарының қызметін бағалау мәселесі бойынша қоғамдық пікір сауалнамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі үйлестіру тобының шеңберінде халыққа және бизнес субъектілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі салық қызметі органдары жұмыстарының сапасына жыл сайын егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін зерттеу ұйымы айқындалды.
      9. Салық төлеушілерге электрондық қызмет көрсету.
      Электрондық қызметтер көрсету - қызметті жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды азайтатын, соның есебінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тәуекелін төмендететін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе.
      «Электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ салық төлеушілерді салық заңнамасының мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, салық міндеттемелерін орындауды оңайлату мақсатында мынадай:
      1) «e-tax» технологиясының қызметтері;
      2) «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алу мүмкіндігі;
      3) салық төлеушілерге үшін веб портал арқылы қызметтерді алу мүмкіндігі:
      салық органдарында тіркеу есебінде тұрған, оның ішінде Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан шартты түрде алып тасталған, сот жалған кәсіпорындар деп таныған салық төлеушілер туралы, ҚҚС төлеушілер туралы ақпаратты;
      көлік салығы, патент және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық тәртіптемесі бойынша, көлік салығы бойынша өсімпұл сомаларының есебін;
      серверлер мен байланыс арналарының жұмысқа қабілеттілігі туралы ақпаратты жедел беру;
      нормативтік құқықтық, анықтамалық және талдамалық ақпарат беру;
      4) салық қызметі органдарына call-e-tax@mgd.kz электронды шағым кітабы арқылы шағымдарды немесе ұсыныстарды жіберу мүмкіндігі;
      «Салық төлеуші терминалы» арқылы электронды салық есептілігін қалыптастыру және жөнелту үшін салық органдарының арнайы компьютерлік жабдықтарын және телекоммуникацияларын тегін пайдалану мүмкіндігі электрондық қызметтері іске асырылды және көрсетіліп отыр.
      10. Салық төлеушілерге қызмет көрсетуге арналған Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтары.
      Салық төлеушілердің өз салық міндеттемелерін орындау жөніндегі оларға оңтайлы жағдайлар жасау үшін, сондай-ақ Республиканың салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында салық төлеушілерге қызмет көрсетуге арналған Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) жұмыс істейді.
      Бірқатар салық органдарындағы Орталықтардың жұмыс істеу тәжірибесін, сондай-ақ банк жүйесінің тәжірибесін ескере отырып, қазіргі уақытта салық органдарында front және back-офистерінің қағидаты бойынша жаңа үлгілік құрылым енгізіліп жатыр, оның нәтижесінде барлық тікелей салық төлеушілермен жұмыс операциялық залдарда жүзеге асырылады, ал талдау, мониторинг және аудит функциялары салық төлеушілермен өзара іс-әрекетсіз «кабинеттік» жүйе шеңберінде жүзеге асырылады.
      Орталықтардың негізгі функцияларының бірі:
      салық төлеушілерден салық есептілігін және салық арыздарын қабылдау;
      салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындау туралы хабарламалар беру;
      салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу;
      электронды салық есептілігін «Салық төлеуші терминалы» арнайы бағдарламалық-аппараттық кешенінің көмегімен толтыру және жіберу мүмкіндігі;
      салық төлеушілердің өтініштері бойынша, оның ішінде бюджетпен есеп айырысу, шығару нысандарын беруі болып табылады.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында 215 Орталық жұмыс істейді, олардың ішінде 92 Орталықта бүгінгі таңда халыққа және бизнеске қызмет көрсету жағдайлары жетілдіруді талап етеді.
      Сонымен қатар Орталықтардың саны салық төлеушілерге қызмет көрсетудің сапалық деңгейін арттыру үшін жеткіліксіз болып табылады.

Салық органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы

      Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды.
      Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық саласына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа ірітуші ықпалын тигізеді, ал бұл құбылыстан туындайтын жағымсыз салдарлар қоғамның анағұрлым прогрессивті дамуына кедергі жасайды.
      Сыбайлас жемқорлықпен күресу, лауазымдық қылмыстың алдын алу, сыбайлас жемқорлық салаларын қысқарту және салық органдарындағы ведомстволық бақылауды жетілдіру мақсатында 2007 жылдың қыркүйегінде Салық органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы және Салықтық қатынастардағы сыбайлас жемқорлықты салаларының тізімі және олардың сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша іс-шаралары бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы жоғары тиімді салық қызметін құру жөніндегі, салық қызметі органдарының ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігінде келтірілетін жағдай және келешектердің бағалауында негізделген.
      Салық органдарының қызметін бағалайтын көрсеткіштердің өлшемдері енгізілді, олардың негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың  және қылмыстардың өсуіне әкелген тоқсан сайын салық органдарының басшыларының жауапкершілігі қаралады. Салық органдарында Сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу және қызметтік этика жөніндегі комиссия мен Орталық аппараттың құрамында Адам ресурстарын басқару жөніндегі жеке мәселелерді қарау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Жоғарыда аталған Комиссия шеңберінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 2009 жылдың басынан бері салық органдарының 7 басшысының жауапкершілігі қаралды. Оның ішінен 4-еуі атқаратын қызметінен босатылды, 2-еуі қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды және 1-іне қатаң сөгіс жарияланған.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қаржы полициясымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық шеңберінде салық төлеушілер тарабынан парақорлық фактілерін анықтау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген. Айталық, 2009 жылдың басынан бері салық органдары қаржы полициясы органдарымен бірлесіп, салық төлеушілер тарабынан 6 парақорлық фактілерін анықтады. 2009 жылдың 11 айының нәтижесі бойынша 2008 жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда салық органдарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша 69 % (19/62), қылмыстық іс қозғау жөніндегі 35 % (33/51) төмендеді.
      2009 жылдың 11 айы бойынша АЕ және ҚСК мәліметі бойынша:
      салық органдарымен дербес 7 салық органдарының қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтады немесе бұл барлық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 37 % (7/19);
      салық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанына күдік бойынша 33 қозғалған қылмыстық ісінің 12 қылмыстық іс немесе 36 % (12/33) салық органдарының қаржы полициясы мен ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде өз бастамасымен қозғалды.

Салық қызметі органдарының ақпараттық-техникалық
инфрақұрылымының ағымдағы жағдайы

      Салықтық әкімшілендіру жүйесіне ақпараттық-технологияларды жаппай және кешенді енгізу 2001 жылдан бері басталды, бүгінде оларды пайдаланушылар 11,2 мыңға жуық салық қызметі органдарының қызметкерлері мен 830 мыңға жуық салық төлеушілер, 12 мемлекеттік органдар болып табылады.
      Қазіргі уақытта ақпараттық салық жүйесінің жағдайын қысқаша мынадай цифрлармен сипаттауға болады (СБАЖ бойынша мысал):
      1) таратылған режимде жүйе бір тәулікте орындайтын операциялар саны:
      тіркеу деректерін өзгерту - күніне 12 мың операцияға дейін;
      қазынашылықтан төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу - күніне 80 мыңға дейін;
      ЗТМО-дан құжаттар қабылдау - күніне 43 мыңға дейін;
      аударымдарды қабылдау және есептеу - күніне 68 мың құжатқа дейін;
      салық органдарымен электронды тәсілмен телекоммуникация арналары арқылы қашықтықтан өзара іс-әрекет жасау мүмкіндігін пайдаланатын салық төлеушілер саны Республиканың барлық салық төлеуші заңды тұлғаларының 72 %-на жетті;
      2) бағдарламалық қамтамасыз ету көлемдері:
      салықтық әкімшілендірудің барлық негізгі үрдістерін іс жүзінде автоматтандыратын 30 модульге жуық;
      дерекқорлар құрылымы бір кестеде 120 миллионға дейін жолдардан (жазбалардан) тұратын 3500 артық реляциялық кестелердің жиынтығынан құралады;
      бағдарламалық қамтамасыз ету негізгі кодтық 5 миллион оператор - жолдарынан астам бағдарламалардың 11 000 аса негізгі мәтінде ұсынылған;
      жүйенің жобалық-техникалық құжаттамасы 1500 жуық құжаттан тұрады, пайдалану құжаттамасы 70 томнан асады.
      Ақпараттық салық жүйесі - мемлекеттің маңызды стратегиялық жүйелерінің бірі. Осыны, сондай-ақ оны шамалы мерзімге болса да тоқтатудың мүмкін еместігін және жол берілмейтіндігін ескере отырып, жаңа модульдерді және жүйенің бір сәтте еліміздің барша аумағында тоқтамай жұмыс істеу мүмкіндіктерін енгізуге мүмкіндік беретін технология енгізілді. Нашар, ал кейде мүлдем байланыс жоқ жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін, жер-жерлерде білікті персоналдардың болуын талап етпейтін, пайдаланушылардың қателіктеріне төзімді жүйені құруға қол жетті.
      Пайдаланушыларды қолдаудың әрекеттілік сервис-жүйесі - диспетчерлік қызмет құрылды, ол күн сайын консультациялық қызмет көрсетулерді және салық қызметі органдары қызметкерлері секілді мыңдаған пайдаланушылардың жүйемен жұмыс жасау кезінде туындайтын оқиғаларды өңдеуді жүзеге асырады.
      Қазіргі уақытта қолданыстағы жүйенің өнімділігі іс жүзінде таусылған. Осыны ескере отырып, қолданыстағы қолда бар функционалдық бағдарламалық қамтамасыз етудің негізінде сапалы жаңа техникалық деңгейге және технологияға көшу мақсатында жүйеге технологиялық, жүйелік-бағдарламалық және техникалық қайта жарақтандыру жүргізу болжанып отыр. 2006 жылдан бастап осы қадамды қамтамасыз ету үшін жаңа құралдар мен жүйелерді талдау, жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың жаңа қағидаттарын пысықтау, 64-разрядты базалық платформадағы жұмысқа базалық бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау, жүйенің қажетті өнімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және оны одан әрі кеңейту үшін алғышарттар жасайтын жаңа платформаға, технологияға көшу жөніндегі жұмыстар басталды.
      2009 жылы жұмыс істеп тұрған телекоммуникациялардың жай-күйі мынадай статистикада көрсетіледі: 19,2 Кб/сек - 8 офис; 64 Кб/сек - 1 офис; 128 Кб/сек - 3 офис; 256 Кб/сек - 142 офис; 512 Кб/сек - 42 офис; 2 Мгб/сек - 5 офис, 3 Мгб/сек - 2 офис; 4 Мгб/сек - 11 офис; 70 Мгб/сек - 1 офис. Жердің байланыс арналарына көшіру жоспарланып отырған арналар саны: 2009 жылы - 11 офис.
      Компьютерлік жабдықтармен жарақтандыру 11 198 компьютерді құрайды, олардың ішінде 6 894 компьютер (61,5 %) ағымдағы мұқтаждықтарға сәйкес келмейді. 2009 жылы 6 166 компьютер сатып алу жоспарланып отыр. Серверлік жабдықтармен жарақтандыру 777 серверді құрайды, олардың ішінде 337 сервер (43 %) ағымдағы мұқтаждықтарға сәйкес келмейді.
      Сонымен қатар, салық қызметі органдарының алшақтылық құрылғылары мен үздіксіз қоректендіру көздеріне жаңарту уақтылы жүргізіліп тұрады.
      Салықтық әкімшілендіруді кезең-кезеңімен жетілдірілуді талдау республиканың салық жүйесін дамыту алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді ескере отырып және барлық салық қызметі органдары (224 офис), 190 мыңға жуық салық төлеушілер, 12 мемлекеттік орган кіретін ақпараттық-техникалық инфрақұрылымның негізінде жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.
      Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін тиімді қолдануға теріс ықпал ететін ақпараттық технологияларды ағымдағы пайдалану кезіндегі басты проблемалар:
      компьютерлік және серверлік жабдықтардың «моральдық тозуы»; коммуникациялық арналардың өткізу қабілетінің аздығы;
      резервтік кешендердің болмауына байланысты салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуінің тәуекелдері;
      ақпарат көлемінің күнделікті өсуі және ақпараттық жүйелердің ішінде және олардың арасындағы электрондық құжаттарды қабылдау, өңдеу, «қозғалысы» технологияларын оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру қажеттігі; деректерді мұрағаттау және сақтау;
      өнеркәсіптік интеграциялық шешімдердің негізінде жүйеаралық өзара іс-қимылдар;
      әдістемелерді әзірлеу және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін пайдаланушылардың ағымдағы мұқтаждықтарына қарай міндеттер қоюдың артта қалуы;
      салық төлеушілердің барлық салық есептіліктері мен басқа да құжаттары шектеусіз ақпараттық ресурстарға енгізуіне байланысты салық қызметі органдарының қызметкерлеріне жүктелімнің ұлғаюы болып табылады.
      Салық есептілігін электронды түрде табыс етудің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорғау жүйесі құрылған. 2009 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша салық есептілігін электронды түрде табыс ететін жүйені пайдаланушылардың саны 830 000 астамын құрады. Өңделетін ақпарат көлемдерінің осындай өсуіне байланысты кейбір проблемалар туындап отыр, оның ішінде:
      жүйені пайдаланушылар санының күрт өсуінің және хабарламаларды кепілдендірілген жеткізу жүйесінің орталық серверінің кезеңділік «қол жетімсіздігі» салдарынан туындайтын, кері шақырылған сертификаттар тізімінің үнемі толып кетуі;
      деректерді (есептерді) беру үшін және негізгі ақпараттарды беру үшін бір байланыс арнасын пайдалану болып табылады. Нәтижесінде жүйелердің бірінде проблема болса автоматты түрде екіншісі жұмыс істемейді.
      Осы проблемаларды шешу үшін 2008 жылы Хабарламаларды кепілдендірілген жеткізу жүйесі және «CERTEX3» ақпарат қорғау жүйесі сертификат мәртебесін жедел тексеру технологиясын енгізу және жүйені пайдаланушылар үшін кері шақырылған сертификаттар тізімін пайдаланудан бас тарту бөлігінде жетілдірілді.
      Жүйені пайдаланушыларға электрондық-цифрлық қолтаңба ұғымы мен технологиясын ұғындыру жөніндегі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қолданыстағы салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін қолдану тиімділігін бағалауды осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жүргізу жоспарланып отыр.

4. Бағдарлама нәтижелерінің мақсаттары мен міндеттері
мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері

      Салықтық әкімшілендірудің басты және тиісінше, осы Бағдарламаның мақсаттары Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жағдай жасауға бағытталған, бұл ретте салық төлеушілер өз міндеттерін ерікті және саналы түрде орындау негізінде салықтарды барынша жинауды қамтамасыз ете отырып, мыналармен айқындалған:
      1) салықтарды жинауды арттыру және салық ставкаларын төмендетуді ескере отырып, мемлекет бюджетіне түсімдердің түсуін барынша қамтамасыз ету;
      2) салық төлеушілердің салық міндеттемелерін өз еркімен орындауы үшін жағдайларды жақсарту.
      Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесінің нысаналы индикаторлары мыналар болып табылады:
      1) салық қызметі органдарының құзыретіне жататын республикалық және жергілікті бюджеттердің табыстары бойынша болжамды 100 %-ға орындау;
      2) көрсетілген салық қызметтерінің сапасына қанағаттанушылық деңгейін кәсіпкерлік субъектілеріне 2010 жылдың қорытындысы бойынша - 85,5 %, 2011 жылы - 87,8 %, халыққа 2010 жылдың қорытындысы бойынша - 81,0 %, 2011 жылы - 85,5 % төмен болмауын қамтамасыз ету.
      Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі міндеттерді шешуді болжайды:
      1) салық тәртібінің орындалуына, салық және басқа да міндетті төлемдерді есептулердің дұрыстығына және уақтылы төлеуіне бақылауды күшейту, камералдық бақылаудың кешенді электрондық әдістерін енгізу;
      2) тұрғындарға, кәсіпкерлерге және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет түрлерін ұсынудың деңгейі мен сапасын арттыру; салық қызметтерінің ықпалдастығын кеңейту және одан әрі жетілдіру;
      3) салықтық әкімшілендіру үрдістерін, оның ішінде бизнес-үрдістердің реинжинирингі жолымен ықшамдау;
      4) салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою;
      5) салық төлеушілердің құқықтық салық сауаттылығын, хабардар болуын, оның салдары ретінде салық заңнамасын ерікті түрде сақтау деңгейін арттыру;
      6) салық қызметі органдары қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін кешенді түрде арттыруды қамтамасыз ету; олардың кәсіби этиканы сақтауын, салық төлеушіге әділ және бейтараптық қатынастарын орнату.
      Мыналар қойылған міндеттерге қол жеткізу нәтижелерінің көрсеткіштері болып табылады:
      1) Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің «Салықтарды төлеу» ұстанымы бойынша Қазақстанның 2011 жылғы қорытындылары бойынша алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кіруі;
      2) салық төлеушілердің салық мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін 2010 жылы - 72 %-ға, 2011 жылы - 81 %-ға көтеру.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асыру 2010 - 2011 жылдар ішінде салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізуді көздейді.

Салық мәдениетін арттыру

      Салық мәдениетін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар:
      1) салық қызметі органдарының тәжірибесіне түсіндіру жұмысының озық әдістері мен нысандарын, оның ішінде қазіргі заманның ақпараттық технологияларын пайдалануымен енгізу:
      салық төлеушілерді тұрақты түрде салық заңнамасының нормалары жөнінде хабарландыру және салық қызметі органдарының жұмысын жариялау;
      салық салу және салықтық әкімшілендіру мәселелері жөнінде электронды кітапхана мен іздестіру жүйесін құру және жария ету;
      салық төлеуші салық заңнамаларын қолдану жөнінде толық ақпарат ала алатын салық қызметі органдарының интернет-сайттарында консультациялық пункттер құру;
      салық төлеушілердің өтініштерін қарау, өтініш жасаған тұлғаға жауаптарды әзірлеу және жеткізу;
      2) салық органдарда және басқа жерлерде салық төлеушілерге арнап орналастырылған ақпараттық стенділерді ресімдеу және жаңартып отыру;
      3) тіркеу есебіне қою кезінде салық төлеушіге салықтарды және олардың төлеу мерзімдері туралы ақпаратты «жадынама» нысанында беру;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарында салықтарды төлеу міндеттеріне салық төлеушілердің дұрыс қатынасын қалыптастыру жөнінде тұрақты айдарлар мен хабарлар өткізу ісін жалғастыру қажет;
      5) қолдау қызметтеріне, «қызу» желілерге, «сенім» телефондарына, электронды «шағым кітабына» сұрақтар келіп түскен кезде жедел қарастырып және дер кезінде көмек көрсету;
      6) салық заңнамасын және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды түсіндіру және әзірлеу мақсатында салық төлеушілермен жүйелі түрде семинарлар мен кездесулер өткізу;
      7) «Экономика және қаржы сауаттылығы негіздері» бағдарламасы шеңберінде салық салу негіздерін оқу бойынша орта білім жүйесінде сабақ беруді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Салықтық бақылаудың тиімділігін ұлғайту

      11. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қарауына мынадай мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
      1) мониторингте тұрған ірі салық төлеушілер табыс ететін есептілік нысандарын оңтайлындыру.
      Салықтық бақылаудың бір түрі ірі салық төлеушілердің мониторингі болып табылады, ол нақты салық салу базасы мен тауардың, жұмыстардың немесе қызметтердің өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігін талдау, қаржылық, валюталық заңнаманы сақтау және қолданылатын нарықтық бағаларды анықтау үшін олардың қаржы-шаруашылық қызметін қадағалайды.
      Салық органдарында бірыңғай электрондық форматта мониторинг бойынша есепті қабылдайтын және деректерге талдау жүргізетін «Ірі салық төлеушілер мониторингі» ақпараттық жүйесі әзірленген және енгізілген.
      Ағымдағы басты проблемалардың бірі көлемдерінің көптігінен есептілікті өңдеу қиындығы болып отыр. Мысалы, бүгінгі күні республикалық мониторингке жататын ірі салық төлеушілер ай сайын санатына қарай 23 есептілік нысанын тапсырады, атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктер - 5, жинақтаушы зейнетақы қорлары - 4, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - 3, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер 11 нысан тапсырады.
      Мониторинг бойынша есептілік тауарларды өткізу, сатып алу, шығарылған өнімнің өзіндік құны, зейнетақы активтері, сақтандыру қызметінің кірістері мен шығыстары, сонымен қатар кредиторлық және дебиторлық берешектерді толық жазу, бухгалтерлік теңгерім туралы мәліметтерден тұрады. Ал кейбір мәліметтерді салық төлеушілер стандартты салық есептілік нысаны шеңберінде ұсынады, атап айтқанда, 2009 жылдан бастап ҚҚС төлеушілер Өткізу және сатып алу жөніндегі шот-фактуралардың тізілімін тапсырады, осыған байланысты салық органдары алатын мәліметтер қайталанады.
      Салық органдарына тапсырылатын мәліметтердің қайталануын болдырмау қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ есептілікті тоқсандық тапсыру кезінде Өткізу және сатып алу кітабы бойынша ақпараттар көлемі 300 Мб құрайды, орта мерзімдегі келешекте осы бағытта қолданыстағы есептілік нысандарын қайта қарау жоспарлануда;
      2) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында құрылып отырған Кеден одағы шеңберінде өзара сауда кезінде жанама салықтарды салу мен әкімшілендіру;
      3) қосылған құн салығы төлеушісі ретінде есепке қою талаптарын қатаңдату;
      4) акциздерді әкімшілендіру және акцизделенетін өнімдер нарығын мемлекеттік бақылауды жақсарту.
      Акциздерді әкімшілендіруді жақсарту үшін:
      этил спиртін (коньяк спиртінен, арақтарды, айрықша арақтарды, және (немесе) ликер-арақ (әлсіз градустылардан басқа) өнімдерін автоматандырылған құю қондырғысынан басқа) өндіру бойынша боза айыру қондырғысының ең төменгі номиналды өнімділігін заңнама деңгейінде белгілеу жолымен кәсіпорынның номиналды қуатынан белгіленген, өндіруге қажетті ең төменгі көлемі бойынша талаптарды күшейту мәселелерді қарастыру қажет. Бұл ретте номиналды өнімділікті пайдаланудың ен төменгі пайызын тоқсан бойынша тең белгілеу болжанады;
      сыра өндірісі желісінде есепке алу жүйесін белгілеу, сыраға арналған есепке алу-бақылау маркаларын енгізу, алкоголь өнімінің өзге түрлеріне қатысты сыра айналымына берілген артықшылық тәртібін алып тастау;
      есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану арқылы алкоголь өнімдерінің айналымын бақылау жөніндегі ақпараттық жүйені жетілдіру және этил спирті пен алкоголь өнімін есепке алу жөнінде ақпараттық жүйе құру;
      темекі бұйымдарының айналымы мен өндірісін реттеу саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру;
      бақылаушы есептеу аспаптарынан келіп түсетін ақпаратты одан әрі камералдық бақылау үшін қабылдау, өңдеу және пайдалану бөлігінде ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту қажет;
      5) трансферттік баға белгілеу кезінде халықаралық салық салу және салықтық бақылау жүйесін жетілдіру.
      Қазақстан Республикасындағы халықаралық салық салу жүйесін және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жетілдіру мақсатында заңнамалық деңгейде мыналар болжанады:
      белгіленген бір жағдайларда дивидендтерге салық салу бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібін нақтылау;
      резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін нақтылау;
      салық салу мақсатында тұрақты мекеме құру өлшемдерін нақтылау;
      резидент еместер орындаған қызметтер мен жұмыстар үшін ҚҚС салу тәртібін тәптіштеу;
      нарықтық баға мен дифференциалдар бойынша ақпарат көздерін трансферттік баға белгілеу жөнінде уәкілетті органдар алатын мүмкіндікті заңнамалық реттеу;
      салық берешегі бар шетелдік азаматтардың шығу (кету) мүмкіндігін уәкілетті органдармен бірлесе отырып шектеу.
      12. Салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу.
      Салық органдарында салық төлеушілерді тіркеу есебінің рәсімін өткізу саласында мынадай бағыттарда жұмысты жалғастыру керек:
      1) ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдерін жүргізуге көшу, «бір терезе» қағидаты бойынша заңды түлғаларды тіркеумен қатар, жеке тұлғаларды тіркеуді көздейді;
      2) субъектілерді бірыңғай тіркеу жүйесіне ауысу кезінде уәкілетті тіркеуші мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдардың қосымша тетіктерін әзірлеу.
      Ақпараттық өзара іс-қимыл тетіктері уәкілетті тіркеуші мемлекеттік органдар пайдаланатын ақпараттық жүйелер құрылымына, негіздеріне және жұмыс істеу қағидаттарына байланысты айқындалады;
      3) салық қызметі органдарының ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін салық төлеушінің тіркеу нөмірінен (СТН) сәйкестендіру нөмірлеріне (ЖСН/БСН) көшіру бөлігінде оларды пысықтау;
      4) салық қызметі органдарының ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және беруді жүзеге асыратын органдарда тиісті тіркеуі жоқ әрекетсіз тұлғаларды алып тастау мүмкіндігі үшін сәйкестендіру нөмірлеріне көшіру;
      5) бес жылдан аса салық есептілігін табыс етпеген және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлік субъектілерін мәжбүрлеп тарату рәсімдерін жүргізу;
      6) жеке тұлғаларды 16 жасқа толғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарында ЖТ МДҚ арқылы әділет органдарынан мәліметтер алу арқылы автоматты түрде есепке қою мүмкіндігі.
      13. Жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру.
      Қазіргі уақытта салықтық декларацияны адамдардың шектеулі ортасы тапсырады (мысалы, мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары, адвокаттар, жеке нотариустар, жеке кәсіпкерлер).
      Декларациялау нәтижелері жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы шынайы көрінісін бермейді және жеке тұлғалардың табыстары мен шығыстарына бақылауды толыққанды қамтамасыз ете алмайды, бұл теріс пиғылды салық төлеушілердің осы жағдайды өз мүлкін декларация табыс етуге міндетті емес басқа адамдарға ресімдеу арқылы пайдалануына мүмкіндік береді.
      Жалпыға бірдей декларациялауға көшу барысында біртіндеп мынадай іс-шараларды жүргізуді болжайды:
      1) қойылған міндеттерді шешу, соның ішінде ведомствоаралық үйлестіру үшін;
      2) жеке тұлғалардың шектеулі ортасының (мысалы, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің үлесі бар компаниялардың қызметкерлері) мүлік туралы бастапқы декларацияны - «фотосурет» табыс етуі, кейіннен жыл сайын табыстар мен мүлік туралы декларация табыс ете отырып;
      3) декларация нысандарының, декларацияларды қабылдау, өңдеу және оларды талдау бойынша рәсімдердің тиімділігін талдау, табыстар мен мүліктер және басқалары туралы жалпыға бірдей декларациялауға көшуге байланысты жеке тұлғаларға насихат жүргізу және оқыту;
      4) барлық қалған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар жеке тұлғалардың табыстар мен мүлік туралы декларация табыс етуіне көшу.
      Салық комитетінің Жалпыға бірдей жеке тұлғалардың табыстар мен мүліктерді декларациялауына көшу тұжырымдамасы мен жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы үйлестіруші рөлін («2009 жыл ішіндегі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жұмыстарының қорытындылары мен 2010 жылға арналған міндеттер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алқасында 2010 жылдың 4 ақпанында берген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары бойынша хаттамалық шешім) ескере отырып, озық шетелдік тәжірибелерді зерделеу және ол бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
      14. Камералдық бақылау жүргізу тиімділігін арттыру.
      2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексін енгізуге және салық есептілігі нысандарын оңайлатуға байланысты автоматтандырылған камералдық бақылау жүргізу рәсімдерін оңтайландыру қажеттігі пайда болды.
      Салық есептілігі нысандарын камералдық бақылау тиімділігін арттыру мақсатында:
      1) автоматтандырылған камералдық бақылаудың жаңа рәсімдерін әзірлеу;
      2) автоматтандырылған камералдық бақылаудың жаңа рәсімдерін жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау;
      3) кезең-кезеңмен камералдық бақылауды жүзеге асыру қажет:
      бірінші кезең - КТС және ҚҚС бойынша автоматтандырылған камералдық бақылауды жүзеге асыру;
      екінші кезең - еңбекақы қорынан алынатын салықтар (жеке табыс салығы және әлеуметтік салық) бойынша, сондай-ақ жеке меншікке салынатын салықтар (мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы) бойынша автоматтандырылған камералдық бақылауды жүзеге асыру;
      үшінші кезең - автоматтандырылған камералдық бақылау рәсімдерін жаңғырту (қайта қарау).
      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нормативтік құқықтық құжаттаманы (Пысықтау регламенті, Бақылау рәсімдерінің регламенті) жетілдіру, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу (икемді, тиімді камералдық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оңай түрленетін инструментарий құру), тиісті жабдықтарды (серверлер) сатып алу қажет.
      15. Салық міндеттемесінің орындалуын есепке алу.
      Салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін, тиісінше салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомаларының бюджетке түсуін арттыру үшін мынадай іс-шараларды жүргізу болжанып отыр:
      салықтарды банкоматтар мен басқа да электрондық құрылғылар (интернет, веб-киоскілер) арқылы төлеу бөлігінде екінші деңгейдегі банктермен өзара алмасуды қамтамасыз ету жолымен салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомаларын төлеу рәсімдерін оңайлату;
      олар бойынша конкурстық іс жүргізіліп жатқан салық төлеушілердің активтерін иеліктен айыру фактілерін анықтау.
      16. Салықтық тексерулер жүргізу рәсімдерін жетілдіру.
      Салықтық тексерулер жүргізу сапасын арттыру мақсатында:
      1) салық салудан жалтару тәсілдері мен әдістерін қадағалау және жүйелеу;
      2) салықтық тексерулердің барлық түрлерін жүргізу (жекелеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді қоса алғанда) кезінде салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы рәсімдерін айқындайтын салық тексерулерін жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      3) мынадай бағыттар бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу:
      салық төлеушілерге салық тексерулерін тағайындау туралы актілерді электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, арнайы есепке алу және бақылау органдарында тіркеу;
      электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, тексеру материалдарын, салық төлеушінің орналасқан орнын анықтау туралы сұрау салуларды және басқа да сұрау салуларды құқық қорғау органдарына беру қажет.
      17. Халықаралық тәжірибе негізінде тәуекелдерді бағалау және
компьютерлендірілген аудит жүйесін енгізу.
      Тәукелдерді бағалау жүйесі - мемлекетке залал келтіруі мүмкін салық төлеушінің салық міндеттемесін орындамауы және (немесе) толық орындамауы ықтималдығын бағалау, сондай-ақ салық органдары қолданатын оларды анықтау және ескерту шараларын қамтиды.
      Бүгінгі таңда тәукелдерді бағалау және компьютерлендірілген аудит жүйесін енгізу салық қызметі органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады және оларды іске асыру жөніндегі шаралар Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен бірлескен кездесулер шеңберінде қаралуда.
      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген тексерулерді жүргізу тәртібіне сәйкес мемлекеттік органдар жоспарлы тексерулерді тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырады.
      Осыған байланысты, Салық комитеті тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілген Қаржы және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірлескен бұйрығын әзірледі және бекітті. Тәуекелдерді бағалау жүйесінің іс-шаралары нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми сайтында орналастырылған 2010 жылға арналған кешенді салықтық тексерулер жоспары бекітілді. 2010 жылдың тексерулер жоспарына 4 640 салық төлеуші енгізілді.
      Компьютерлендірілген аудит әдістерінің енгізілуі салықтық тексеру жүргізу барысында тексеріліп жатқан салық төлеуші бухгалтериясының бағдарламалық қамтамасыз етуімен автоматтандырылған өзара іс-қимыл құрамдауышын қамтитын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды болжайды, бұл тексерулердің сапасын жақсартып, оларды жүргізу мерзімдерін қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар белгілерінің жолын кесуге мүмкіндік береді.
      Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай жұмыстарды жүргізу қажет:
      тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың және енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделеу;
      тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдерін жетілдіру;
      тәуекелдерді басқару жүйесі мен компьютерлендірілген аудит бойынша бағдарламалық өнімді сатып алу;
      2011 - 2012 жылдары салық төлеушілерді салық тексерулерін жүргізуге іріктеу мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді пилоттық енгізу.
      18. Салықтық соттарды жүргізу тәжірибесін енгізу мәселесі.
      Дүниежүзілік банк сарапшыларының зерттеулеріне сәйкес салық төлеушілер қауымдастығы қазіргі уақыттағы салықтық тексерулер нәтижелеріне аппеляция жасау жүйесін объективті емес деп қабылдайды. Сот органдарына шағымдану олардың салық мәселелері бойынша жеткіліксіз мамандануына байланысты қиындатылған.
      Салықтық тексерулер нәтижелеріне шағымдану үдерісін жетілдіру үшін салық соттары практикасын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу көзделген. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, салық мәселелері бойынша арнайы білімінің болуы судьяларға объективті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, сол арқылы салық төлеушілердің сот билігіне ғана емес жалпы мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттырады.
      19. Қосылған құн салығын әкімшілендіру.
      Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі әдетте нақты бір салықтың өнімділігімен де өлшенеді. Қазақстан Дүниежүзілік банктің бағалауы1 бойынша - ҚҚС өнімділігі бойынша Еуропа мен Орта Азияның ҚҚС өнімділігі ең төмен (шамамен 0,3 %) алты елінің ішіне кіреді. Бұл ҚҚС-ны әкімшілендірудегі үлкен проблемаларды көрсетеді.
      2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексінің шеңберінде салық төлеушілер үшін ставкаларды төмендету, барлық дебеттік сальдоны қайтару сияқты либералды нормалар енгізілді, осы салық түрі бойынша есептілікті табыс ету мерзімдері мен мерзімділігі оңайлатылды.
      Сондай-ақ, экономиканың ағымдағы талаптарына сәйкес Үкіметтің жеке секторды қолдау мақсатындағы шараларының бірі салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін оларды анағұрлым қысқа мерзімде кәсіпкерлік қызметке айналым қаражаттарын қамтамасыз ете отырып, ҚҚС-ны салықтық тексеру жүргізбей қайтару болып табылады. Сонымен қоса, өзара саудада тауарларды еркін өткізуді қамтамасыз ету үшін және үшінші елдермен қолайлы сауда жағдайын жасау үшін 2008 жылдың 25 қаңтарында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісім жасалған.
      Үкіметтің бұл қолдауы адал салық төлеушілерге бағытталған, бірақ тәжірибе көрсеткендей, берілген жеңілдіктерді салық төлеушілердің бір бөлігі салық міндеттемелерін қысқарту және бюджеттен ҚҚС сомаларын қайтару үшін «жалған кәсіпорындар» құру арқылы заңсыз пайдаланады.
      Осыған байланысты осы салықты анағұрлым сапалы әкімшілендірудегі салық органдарының рөлі өсіп отыр. Іске асырылуы тиіс негізгі шаралар:
      ҚҚС заңды және оңайлатылған қайтаруды жүзеге асыру үшін тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде салықтық тексерулерді жүргізуге салық төлеушілерді іріктеудің тиісті өлшемдері базасында «адал» ҚҚС төлеушілерді айқындау;
      ҚҚС төлеушілердің тіркеу деректерін 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген салық заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында оларды қайта тіркеу;
      салық қызметі органдарының тиісті мемлекеттік органдардан (соттардан, құқық қорғау органдарынан) жалған кәсіпорындар бойынша ақпарат алу тәртібі мен мерзімдерін регламенттеу;
      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында кеден одағын құру, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салық органдары өзара саудада жанама салықтарды сапалы әкімшілендіруді қамтамасыз ету үшін ақпараттар алмасу тәсілдері мен олардың мазмұнын келісу бойынша жұмыстарды жүргізу;
      ҚҚС асып кетуін қайтарудың автоматтандырылған тәртібін жетілдіру, оның ішінде кеден органдарынан экспорттық және импорттық операциялар бойынша мәліметтер алу бөлігінде;
      салық заңнамасына сәйкес ҚҚС төлеушілерге (орналасқан орны бойынша жоқ, салық есептілігін табыс етпейтін, камералды бақылау нәтижелеріне елеңдемейтін, салық салудан жалтару жүйелерін анықтау) қойылатын талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жұмысқа басшылық үшін құқықтық акт әзірлеу;
      электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, салық органдары арасында ҚҚС қайтару мәселесі бойынша мәліметтермен автоматандырылған алмасуды жетілдіру.
      20. Акциздерді әкімшілендіру және акцизделенетін өнімдер нарығын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      Акциздерді әкімшілендіруді жақсарту үшін:
      1) этил спиртін (коньяк спиртін, арақты, айырықша арақты және (немесе) ликер-арақ өнімдерін (әлсіз градусты өнімдерді қоспағанда) автоматтандырылған құюды қоспағанда) өндіру бойынша ашытқы қондырғысының ең төменгі өнімділігін заңды деңгейде белгілеу арқылы кәсіпорынның атаулы қуатынан белгіленген өндірістің қажетті ең төменгі көлемдері бойынша талаптарды күшейту. Бұл ретте атаулы өнімділікті пайдаланудың ең төменгі пайызын тоқсандар бойынша тең белгілеу болжанады;
      2) сыра өндірісі желілерінде есепке алу жүйелерін белгілеу, сыраға есепке алу-бақылау таңбаларын енгізу, алкоголь өнімінің басқа түрлеріне қатысты сыра айналымына артықшылықтар беру регламентациясын алып тастау;
      3) этил спирті мен алкоголь өнімін есепке алу бойынша ақпараттық жүйе құру;
      4) темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру;
      5) уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және өткізу көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған беруді қамтамасыз ету бөлігінде «Акциз» ақпараттық жүйесін жетілдіру;
      6) бақылаушы есептеу аспаптарынан келіп түсетін ақпараттарды қабылдау, өңдеу және одан әрі камералдық бақылау үшін пайдалану бөлігінде ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту қажет.
      21. Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл. Уәкілетті органдарды бақылау және салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер бойынша мәліметтерді алу бөлігінде олармен өзара іс-қимыл.
      Салық жинау бойынша материалдық-еңбек шығындарын қысқарту үшін:
      1) мүлік салығы мен жер салығын бірыңғай салыққа - жылжымайтын мүлік салығына біріктіру мәселесін шешу;
      2) салықтық әкімшілендірудің жаңа автоматтандырылған жүйесінде жеке тұлғаларға салықтарды төлеуге тиісті хабарламалар шығарып беру үшін, сондай-ақ камералдық бақылау жүргізуді қамтамасыз ету үшін есептердің нәтижелерін пайдалана отырып, қолданыстағы көлік салықтарының, жер салығының және мүлік салығының есебінің кіші жүйесін бейімдеу және жетілдіру;
      3) ақпараттық өзара іс-қимылдардың жаңаларын ұйымдастыру және қолданыстағыларын жаңғырту бөлігінде мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерін пысықтау болжанады.
      Уәкілетті органдардың төлемдер сомаларын дұрыс, толық алуын және уақтылы аударуын бақылау:
      1) ақпараттық өзара іс-қимылдардың жаңаларын ұйымдастыру және қолданыстағыларын жаңғырту бөлігінде мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерін пысықтау бойынша мәселелерді талқылау;
      2) есептелімдерді таратып жазу үшін әмбебап автоматтандырылған режимді әзірлеу бөлігінде бюджетке жекелеген міндетті төлемдерді өндіріп алуды;
      3) есептелімдерді айқындауды және салық төлеушілердің дербес шоттарына жекелеген төлемақылар мен алымдар бойынша беруді қамтамасыз ететін режимдерін әзірлеуді болжайды.
      22. Халықаралық салық салу жүйесін және трансферттік баға белгілеу кезіндегі салықтық бақылауды жетілдіру.
      Қазақстан Республикасында халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау жүйесін жетілдіру үшін мынадай іс-шараларды жүргізу болжанады:
      1) салық органдарына шетелдік тұлғалардан төленбеген салықтарды өндіріп алуға және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша мәмілелерді бақылауға мүмкіндік беретін Салық мәселелері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға (Еуропа кеңесі және ЭЫДҰ) қосылу мәселесін қарау;
      2) салық органдарына шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасында төлемеген салықтарды өндіріп алуға мүмкіндік беретін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасындағы Салық саласында өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға ұқсас халықаралық шарт әзірлеу;
      3) салық қызметі органдары мен уәкілетті органдар арасындағы өзара:
      Қазақстан Республикасының аумағына келген, оның ішінде жұмысқа келген шетелдік тұлғалар бойынша;
      халықаралық валюталық операциялар бойынша;
      мәмілелердің мониторингін жүргізу үшін біртұтас ақпараттық база құру мақсатында;
      экспорттық және импорттық операциялар бойынша деректермен алмасуды автоматтандыру;
      4) салық органдарына тексеруге шықпай салық салудан босатылудың немесе тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық ставкасын пайдаланудың заңдылығына салықтық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу;
      5) трансферттік баға белгілеу, мәмілелердің салыстырымдылығы бойынша электронды мониторинг жүргізу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу;
      6) ЭЫДҰ озық тәжірибесін қабылдау мақсатында ЭЫДҰ Салық мәселелері жөніндегі комитетінің жұмыс топтарына қатысу.
      23. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді басқа салық салу режимдеріне ауыстыру.
      2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимінің жойылуына байланысты базарларда тауар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (бұдан әрі - салық төлеушілер) Салық кодексінде көзделген өзге салық салу режимдеріне ауыстыру қажет.
      Көрсетілген салық төлеушілерді басқа салық салу режимдеріне ауыстыруға дайындау мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізу қажет:
      1) қоғамдық ұйымдармен бірлесіп базарларды зерттеу (базарлардың паспорттарын дайындау);
      2) базарларды зерттеу нәтижелері бойынша талдамалы жұмыстарды жүргізу;
      3) базарларда сауда жасайтын тұлғаларға салық салу және оларды әкімшілендіру бөлігінде шетелдердің тәжірибелерін зерделеу;
      4) жүргізілген талдау және зерделенген тәжірибелер қорытындылары бойынша рыноктарда сауда жасайтын тұлғаларға салық салу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу;
      5) базарларда өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Көрсетілетін салықтық қызметтердің сапасын арттыру

      24. Салық төлеушілермен жұмыс бойынша орталықтарды құру.
      Көрсетілетін салықтық қызметтердің сапасын арттыру үшін салықтық қызметтерді алу кезінде салық төлеушілерге және салықтық қызметтерді көрсету кезінде салық органдарының қызметкерлеріне анағұрлым қолайлы жағдайлар жасау үшін Орталықтардың үлгілік жобасына сәйкес жаңа ғимараттар салу және салық органдарының қолда бар ғимараттарын қайта жаңарту қажеттілігі бар.
      25. Ауылдық жерлерде «Салық төлеушінің терминалын» ұйымдастыру.
      Аудан орталықтарынан алыс орналасқан ауылдық жерлерде салық төлеушілердің электронды түрде салық есептілігін табыс етуі мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «Салық төлеушінің терминалы» бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату қажет.
      26. Салық төлеушілер үшін электрондық қызмет көрсетулер тізбесін кеңейту.
      2010 - 2011 жылдары электрондық қызмет көрсетулердің қолда бар тізбесін мынадай процестерді:
      1) веб құралдары арқылы салық төлеушілерді қашықтан оқыту;
      2) салық төлеушіге салықтық өтініштерді қашықтан беру және салық есептілігін бір клиенттік қосымшаның көмегімен табыс ету мүмкіндігін беру;
      3) салық төлеушіге электрондық хабарламаларды жіберу;
      4) салық есептілігін табыс ету, салықтарды төлеу мерзімдерінің таяп қалғаны және басқалары туралы хабарландыру;
      5) салық қызметі органдарына келіп түскен салық төлеушілердің хаттарының, сауалдарының орындалу кезеңін веб-порталда қарау мүмкіндігін беру;
      6) салық төлеушіге мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу үшін электрондық анықтамаларды алу мүмкіндігін беру;
      7) жергілікті салықтар бойынша берешектері бар жеке тұлғаларды хабарландырудың автоматты қызметін құру (Қазақтелеком, кабелдік ақпарат үлгісімен) сияқты процестерді автоматтандыру жолымен көбейту жоспарланған.
      27. Бюджетке төлемдер төлеу рәсімін дамыту.
      Бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомаларының түсімін арттыру, салық және басқа да міндетті төлемдер сомаларын төлеу рәсімдерін оңайлату:
      1) банкоматтар, интернет қызмет көрсетулер, веб-киоскілер желілерін кеңейту, соның ішінде электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлеуді енгізу;
      2) салық берешегі жөніндегі жеке деректерге қол жеткізу.

Салық органдарында қоғамның хабардарлығын арттыру

      Салықтық қызмет көрсетулердің сапасын арттыру.
      Салықтық қызмет көрсетулердің сапасын арттыру бойынша мынадай қажеттіліктер туындап отыр:
      1) салық органдары көрсететін барлық қызметтердің стандартын енгізу және олардың тізбесін кеңейту;
      2) заңнамалардағы өзгерістерге сәйкес бекітілген стандарттарды өзектілендіру;
      3) салық төлеушілерді салықтық қызмет көрсетулер туралы тұрақты хабардар етіп тұру;
      4) салықтық қызметтерді көрсету бойынша салық органдарының бизнес-процесстерін жетілдіру;
      5) салық төлеушілердің сауалдарын қабылдау және өңдеу бойынша Мультимедиялық байланыс орталығының (Call-орталық) мүмкіндіктерін кеңейту, соның ішінде заңды тұлғаларға да қызмет көрсету жолымен;
      6) «Сұрақ-Жауап» электрондық дерекқорын Call-орталық ақпараттық жүйесімен біріктіре отырып құру. Қандай да бір тақырып бойынша қоңырау түскен кезде жүйе алдын ала осы мәселеге қатысты барлық құжаттаманы дайындайды, бұл қызметтердің сапасын арттырады және тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады.

Жоғары тиімді салық қызметін құру

      28. Салық қызметі органдарының кадрлық саясаты.
      Мемлекет басшысы әкімшілік реформаның мақсаты корпоративтік басқару, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында әрекет ететін жедел және кәсіби мемлекеттік аппарат құру деп анықтады. Осыған байланысты салық қызметі органдарында жинақы, жоғары кәсіби кадрлық құрам құру басым бағыттардың бірі болып табылады.
      Жоғарыда аталған бағыттарды қамтамасыз ету үшін бірқатар іс-шаралар жүргізу қажет, атап айтқанда:
      1) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес конкурстан тыс тағайындалуға құқылы тұлғалар санынан салық органдары басшыларының бос қызмет орындарына үміткерлерді конкурстық қарауын одан әрі өткізу.
      Үміткерлерді конкурстық қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуін электрондық тестілеуден және әңгімелесуден тұратын екі кезеңде өткізіледі. Әңгімелесу топтық пікірталас («спарринг») түрінде өткізіледі, мұнда барлық үміткерлер алдына бір қатар проблемалы мәселелер қойылады және әрбір үміткерге қойылған проблемаларды шешуде өз пікірін айту ұсынылады. Іріктеудің бұл тәсілі неғұрлым демократиялық және субъективизмнен айтарлықтай дәрежеде еркін конкурстық рәсімді өткізуге мүмкіндік береді;
      2) салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының қызметтік орындарын ауыстыру (ротация).
      Қызметтік ауыстыруға (ротацияға) салық қызметі органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бір орында 3 жылдан астам жұмыс жасаған салық қызметі органдарының басшылары жатады;
       3) персонал үшін ауыспалы стратегия әзірлеу және салық қызметі
органдарын шоғырландыру мен персоналды ауыстыруды қоса алғанда,
жаңғырту реформаларын іске қосуды жоспарлау;
      4) салық заңнамасының өзгеруі және салықтық рәсімдердің автоматтандырылуы ескеріле отырып, салық қызметі органдарының штаттық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қайта қарау;
      5) кадрларды іріктеуді, жұмысқа қабылдауды, көтермелеу және уәждеме жүйесін есепке ала отырып, еңбекақыны төлеуді, қызметі мен карьерасының өсуі бойынша жоғарлауды қоса алғанда салық органдарының кадрлық саясатын қайта қарау;
      6) ақпараттық басқару жүйесін жетілдіру.
      29. Салық қызметі органдарының мамандарын даярлау.
      Салық қызметі органдарының қызметкерлері құзыретінің деңгейіне тікелей байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығын сезіне отырып, қолданыстағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оларды оқыту және қайта даярлау тәсілдерімен қоса, біз мынадай шараларды қолданамыз:
      1) 2007 жылдан бастап салық органдарының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарының қызметкерлеріне салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсету қағидаттарына тренинг-оқыту өткізілуде;
      2) республиканың жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандарды мақсатты дайындау үшін салық органдарының зертханалар - прототиптерін құру. Мұндай зертхана 2008 жылдың қаңтарында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде құрылды.
      30. Салық органдарында корпоративтік басқару жүйесін енгізу.
      Салық органдарында жаңа корпоративті басқару жүйесін енгізу салық органдарының жұмыстарын нақты ұйымдастыруды, салықтық әкімшілендіру процестерін жүйелендіруді, облыстық және аудандық деңгейлерде функциялардың қайталануын жоюды, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайтуды білдіреді, соның салдарынан салықтық әкімшілендірудің тиімділігі мен нәтижелілігі артады. Алдағы уақытта мұның бәрі салық қызметі органдары қызметкерлерінің уәждемесінің артуына мүмкіндік береді.
      Салық қызметі органдарының жұмысын «back», «middle», «front» - офистері қағидаты бойынша құру қажет, мұнда:
      «bаск»-офис - салық органдарының қызметін жалпы бақылауға және оларды мониторингілеуге, ірі салық төлеушілердің мониторингіне және аудитіне, аудит жоспарының әзірлеуге жауапты Салық комитеті;
      «middle»-офис - салықтық әкімшілендіру стратегиясын әзірлеуге, аумақтық бірліктің қызметін бақылауға және оның мониторингіне, шағын және орта бизнестің мониторингіне және аудитіне, аудандық салық басқармалары үшін аудит жоспарларын әзірлеуге, салықтық әкімшілендіру жоспарларын іске асыруға жауапты облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша салық департаменттері;
      «front»-офис - салық нысандарын қабылдауға, камералды бақылау, салық аудитін, салық есебін жүргізуге, салықтарды алуға жауапты аудандық салық басқармалары.
      31. Деректерді өңдеу орталығын (бұдан әрі - ДӨО) енгізу.
      ДӨО енгізу механикалық жұмыстарға байланысты процестерді (қағаз тасығыштарда табыс етілген салық есептілігін ақпараттық жүйелердің дерекқорына енгізу, салық төлеушілерге хабарламалар жіберу және басқалары) салық органдарынан бөліп алу арқылы салықтық әкімшілендіруге тікелей бағыттау үшін еңбек ресурстарын бөлудің маңыздылығына байланысты болып отыр.
      Салықтық әкімшілендіруді реформалаудағы бірінші қадам Астана қаласы бойынша салық департаментінің базасында ДӨО пилоттық жобасын енгізу болып табылады. Бірінші кезеңде ДӨО ақпараттық жүйелерге салық есептілігін енгізу және оларды орталық серверге жіберу, электрондық камералдық бақылауды пысықтау, салық төлеушілерге хабарламаларды қалыптастыру және жіберу функцияларын беру болжануда. Одан әрі салық міндеттемелерін орындау бойынша барлық хабарламаларды, мысалы, мүлік салығы мен жер салығының есептелген сомасы туралы жеке тұлғаларға хабарламалар қалыптастыру функцияларын беру жоспарлануда.
      Осындай Жұмыстарды бұлай ұйымдастыру сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетеді, өйткені салық төлеушілер мен салық органдары қызметкерлерінің тікелей қатынасы болмайды.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның іске асырылуы қомақты шығындарды қажет етеді және қолда бар еңбек ресурстары шегінде қосымша қаржыландыруды қажет етеді. «Электрондық үкімет құру» республикалық бюджеттік бағдарламасы салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

1 Салық стартегиясының есебі. Салықтық әкімшілендірудің мәселелері. Дүниежүзілік Банк. 2008 ж. маусым

7. Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруді
жетілдірудің 2010 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындау үшін жауапты

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1-бөлім. Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету


Салық мәдениетін көтеру






1.

Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, оның маңыздылығы және қоғамды дамыту үшін басым бағыттары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

2.

Кәсіби салық кеңесшісі және анықтамалық жүйелер мен буклеттер арқылы қолданыстағы салық салу жүйесі туралы ақпаратты тарату

Бұқаралық ақпарат құралдары мен буклеттерде жариялау

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

3.

Жалпы білім беру жүйесінің жоғарғы сыныптарында «Экономика және қаржы сауаттылығы негіздері» бағдарламасы шеңберінде салық сауаттылығының элементтерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚРҮ-ге ұсыныстар

БҒМ, Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді





Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру






4.

Келесі мәселелер бойынша Ведомствоаралық комиссияның қарауына салық салу, кеден ісі, жеке кәсіпкерлік, төлемдер және ақша аударымдары, акцизделетін тауарларды мемлекеттік реттеу, трансферттік баға белгілеу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жобаларын енгізу:






4.1

Мониторинг шеңберінде берілетін есептілік нысандарын оңтайландыру

Тұжырымдама

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



4.2

Кеден одағы шеңберінде қосылған құн салығын салу

Тұжырымдама

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



4.3

Қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылатын талаптарды қатаңдату

Тұжырымдама

Қаржымині

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етілмейді



4.4

Этил спиртінің, алкоголь және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылауды қатаңдату бөлігінде аталған тауарлардың өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу

Тұжырымдама

Қаржымині, ЭДСМ, ДСМ, ЭҚСЖҚА

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



4.5

Халықаралық салық салу саласындағы қолданыстағы салықтық әкімшілендірудің кемшіліктерін жою

Тұжырымдама

Қаржымині

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етілмейді



4.6

Оффшор юрисдикциялық аумағында жасалған мәмілелер бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған жұмыс тобы жұмыстарының нәтижелері бойынша)

Тұжырымдама

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



5.

Салық төлеушілердің салық органдарында тіркелуі











5.1

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тарату, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеу, қайта тіркеу және есептік тіркеуден алу, жеке тұлғаларды ЖСН/БСН ауысуға байланысты тіркеу және есептен алу мәселелері бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимыл.

Пайдалануға енгізу актісі

Әділетмині, Қаржымині, СА

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

5.2

ЖСН/БСН қалыптастыру және бұрын берілген тіркеу құжаттарын қайта ресімдеу рәсімінен өтпеген тұлғаларды бұдан әрі әкімшілендіру мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ұсыныстар

Әділетмині, Қаржымині, СА

2010 жылдың III тоқсаны

Талап етілмейді



5.3

2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бес жылдан аса  салық есептілігін табыс етпеген және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқ субъектілерді Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салық төлеушілердің мемлекеттік тіркелімінен алып тастау.

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині, Әділетмині, СА

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етілмейді



5.4

Шетел мемлекеттері азаматтарының Қазақстан Республикасында өз кәсіпкерлігі түріндегі қызметті жүзеге асыруы туралы мәселені қарау.

ҚРҮ-ге ұсыныстар

ЭДСМ, ІІМ, Әділетмині, Қаржымині, СА, Еңбекмині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



6.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшуге дайындық











6.1

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу оның ішінде:











6.1.1

Салықтық бақылау

Ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет
(Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

6.1.2

Салық есептілікті қабылдау және өңдеу

Ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

6.1.3

Әдіснамалық мәселелер (тұлғалардың санаттарын, декларациялауға жататын табыстарды, шығыстарды және мүлікті, мәліметтердің тізбесін айқындау, салық есептілігі нысандарын әзірлеу  және т.б.)

Ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

6.1.4

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді насихаттау, сондай-ақ салық төлеушілерді оқыту және ақпараттандыру жолымен оларға көмек көрсету

Ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар



Республикалық бюджет

6.1.5

Салық есептіліктерін қабылдау бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу

Ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

6.2

Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкі туралы декларацияларының нысанын әзірлеу

СК бұйрығы

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



6.3

Жалпыға бірдей декларациялауға көшу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



7.

Камералдық бақылау жүргізу тиімділігін арттыру











7.1

Автоматтандырылған камералдық бақылаудың жаңа рәсімдерін әзірлеу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жыл

Талап етілмейді



7.2

Автоматтандырылған камералдық бақылаудың жаңа рәсімдерін жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жыл

Талап етіледі

Республикалық бюджет

7.3

Камералдық бақылауды жүргізу кезеңдері



Қаржымині







7.3.1

Корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

7.3.2

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық, мүлік салығы және көлік салығы бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

7.3.3

Халықаралық салық салу нормаларын дұрыс қолданылуын камералдық бақылауды әзірлеу және енгізу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

7.3.4

Автоматтандырылған камералдық бақылаудың  рәсімдерін жаңғырту (қайта қарау)

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

7.4

Тәуекелдерді басқару жүйесінде енгізілген камералдық бақылау рәсімдерін жетілдіру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

8.

Төлемдердің және түсімдердің есебі











8.1

Екінші деңгейдегі банктермен мынадай мәселелер бойынша өзара іс-қимыл:











8.1.1

Банкомат және өзге де электрондық құрылғылар (Интернет, веб-киоск арқылы салықтарды төлеу тетігін дамыту

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині екінші деңгейдегі банктер (келіс.б)

2010 жылдың IV-тоқсан

Талап етілмейді



8.1.2

Екінші деңгейдегі банктерге осындай ақпаратты беруге рұқсат туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің салық берешегі туралы ақпаратты беру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині екінші деңгейдегі банктер (келіс.б)

2010 жылдың IV-тоқсаны

Талап етілмейді



8.1.3

СТН базасын, СТН көрсетіле отырып, әрекетсіз салық төлеушілер, жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде тіркелген жеке тұлғалар туралы ақпараттарды беру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келіс.б.)

тұрақты 2009 жылдың III тоқсанынан бастап СТН толық жойылғанға дейін

Талап етілмейді



8.1.4

Электронды құрылғылар (Интернет) арқылы көлік құралдары салығын есептеудің қолданыстағы тетігін жетілдіру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келіс.б.)

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

9.

Берешекті қысқарту жөнінде шаралар











9.1

Талап ету мерзімі өткеннен кейін әкімшілік айыппұлдардың сомаларын есептен шығару

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етілмейді



9.2

Салық қызметі органдары мен дәрменсіз борышкерлермен жұмыс органдарының өзара іс-қимылдарының, оның ішінде оларға қатысты конкурстық іс қозғалған салық төлеушілер бойынша бақылауды күшейту жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізуді көздейтін өзара іс-қимылдардың регламентін әзірлеу

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етілмейді



9.3

Салық төлеушілердің қалыптасқан берешектері туралы дербестендірілген электрондық хабарламасының автоматты режимін енгізу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

10.

Салықтық тексерулер жүргізу рәсімдерін жетілдіру











10.1

Салықтық тексерулер жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу (ерекше бөлім)

Әдістемелік ұсынымдар

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



10.2

Салық аудитінің сапасын бағалау жүйесін енгізу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

10.3

Ақпаратты байланыс арналары арқылы беру кезінде электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, салықтық тексерулер жүргізуге нұсқамаларды статистикалық есеп және бақылау органында тіркеу бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимылдарды жетілдіру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, БП (келіс.б.)

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет (2010 - 2012 жылдарға арналған бюджетте көзделген)

10.4

Ақпаратты байланыс арналары арқылы беру кезінде электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, тексеру материалдарын, салық төлеушінің орналасқан орнын анықтау туралы сұрау салуларды және басқа да сұрау салуларды белгіленген тәртіп пен қаржы полициясы органдарына автоматтандырылған беру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, ЭҚСЖҚА (келіс.б.)

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет (2010 - 2012 жылдарға арналған бюджетте көзделген)

10.5

Тәуекелдерді басқару жүйесінің енгізілуін ескере отырып, салық төлеушілерді тарату рәсімін оңайлату бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚРҮ-ге ұсыныстар

Қаржымині

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



11.

Халықаралық тәжірибе негізінде тәуекелдерді басқару және компьютерлендірілген аудит жүйесін енгізу











11.1

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, тәуекелдерді басқару және компьютерлендірілген аудит жүйесінің қолданылуын кешенді талдау және қолда бар дайын бағдарламалық өнімдердің (техникалық-экономикалық сипаттамалары мен құнын ескере отырып) тізбесін айқындау.

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

11.2

Тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдерін жетілдіру

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жыл

Талап етілмейді



11.3

Тәуекелдерді басқару және компьютерлендірілген аудит жүйесі бойынша тиісті бағдарламалық қамтамасыз етулерді сатып алу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет (е-Минфин жобасының шеңберінде көзделген)

11.4

Жоғары тәуекелді салаларға баса назар аудару; салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді арттыру; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтап жүрген салық төлеушілерге қызметтері үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында салық қызметі органдарына тәуекелдерді басқару және компьютерлендірілген аудит жүйелерін енгізу.

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

11.5

Тәуекелдерді басқару және компьютерлендірілген аудит жүйелерінің енгізілуін ескере отырып, ннституционалды-операциялық іс-шаралар жүргізу

Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар (қажет болған жағдайда), Қаржыминінің бұйрықтары

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



12.

Электронды сауда кезіндегі салықтық әкімшілендіру мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ҰБ (келіс.б.)

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



13.

Салықтық соттарды жүргізу практикасын енгізу мәселесін қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

ЖС (келіс.б.), Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Қажет

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

14.

Қосылған құн салығын әкімшілендіру











14.1

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында қосылған құн салығын төлеушілерді қайта тіркеу

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

2010 жылдың II тоқсаны

Талап етілмейді



14.2

Соттардың шешімдерімен, қаулыларымен жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер жөнінде ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл.

Бірлескен бұйрық

Қаржымині (СК және КБК), ЖС (келіс.б.), ЭҚСЖҚА (келіс.б.), БП (келіс .б.)

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



14.3

Салық кодексі нормаларының талаптарына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібін автоматтандыру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

14.4

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында кеден одағын құру











14.4.1

Өзара саудада жанама салықтардың уақтылы және толық төленуін бақылау мақсатында кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салық органдары алмасатын (оның ішінде электронды түрде) көзқарастар мен ақпарат мазмұнын келісу

Хаттама

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



14.4.2

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салық органдары арасындағы өзара ақпарат алмасуды автоматтандыру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, БАМ

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

14.5

Экспорттық және импорттық операциялар бойынша кеден органдарынан мәліметтерді автоматтандырылған алу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

14.6

Салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілерге қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейту (орналасқан жері бойынша жоқ, салық есептілігін тапсырмайтын, камералдық бақылаудың нәтижелеріне елеңдемейтін, салық салудан жалтару жүйелерін анықтау)

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



14.7

Салық органдары арасындағы электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған контрагенттермен өзара есеп айырысудың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салулар бойынша автоматтандырылған алмастыру.

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині, БАМ

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

14.8

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мақсатында тәуекелдер деңгейін бағалау жүйесін қолдану тәртібін енгізу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

15.

Акциздерді әкімшілендіру және акцизделенетін өнімдер нарығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру







Талап етіледі



15.1

Этил спирті мен алкоголь өнімін есепке алу бойынша ақпараттық жүйе құру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

15.2

Уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және өткізу көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған беруді қамтамасыз ету бөлігінде «Акциз» ақпараттық жүйесін жетілдіру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

15.3

Бақылаушы есептеу аспаптарынан келіп түсетін ақпараттарды қабылдау, өңдеу және одан әрі камералдық бақылау үшін пайдалану бөлігінде ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2011 жылдың III тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

16.

Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл











16.1

Жылжымайтын мүлікке және жылжымалы мүлікке салық салу және салықтардың осы түрлерін жинау бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу

Ұсыныстарды өңдеу

Қаржымині, Әділетмині, ЖБА

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

16.2

Салықтық әкімшілендірудің жаңа автоматтандырылған жүйесінде Жеке тұлғаларға салықтарды төлеуге тиісті хабарламалар шығарып беру үшін, сондай-ақ камералдық бақылау жүргізуді қамтамасыз ету үшін есептердің нәтижелерін пайдалана отырып, қолданыстағы көлік салықтарының, жер салығының және мүлік салығының есебінің кіші жүйесін бейімдеу және жетілдіру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

17.

Уәкілетті органдарды бақылау және салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер бойынша мәліметтерді алу бөлігінде олармен өзара іс-қимыл











17.1

Салықтық әкімшілендірудің жаңа автоматтандырылған жүйесінде қолданыстағы уәкілетті органдар мен салық органдарының ақпараттық өзара іс-қимылдарын бейімдеу және жетілдіру:











17.1.1

Ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру, берілетін мәліметтердің құрамын оңтайландыру

Бірлескен бұйрықтар
 
 

Қаржымині, ІІМ, АШМ, Енбекмині, ККМ, Қоршағанортамині, БАМ, ДСМ, ЖБА, Әділетмині, МГМ

2010 - 2011 жылдар
 
 

Талап етіледі

Республикалық бюджет

Пайдалануға енгізу актісі

2011 жыл

17.1.2

Мынадай мәселелер бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылдар:
- кең таралған пайдалы қазбалар үшін келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша қатысу үлесі немесе акциялары бар резидент еместер бойынша мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдардан автоматтандырылған алу бөлігінде берілетін мәліметтер тізбесін кеңейту;
— өзінің орналасқан жері бойынша салық органына акцияларды немесе жер қойнауын пайдаланушындағы қатысу үлесін сатып алу-сату бойынша мәмілелерге қатысушылар және олардың параметрлері туралы мәліметтерді табыс ету

Бірлескен бұйрықтар
 
 
Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, МГМ, Әділетмині, БАМ

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

17.2

Уәкілетті органдардың деректері негізінде жекелеген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелімдерді айқындауды және беруді қамтамасыз ететін әмбебап автоматтандырылған режимді әзірлеу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, БАМ

2011 жыл

Талап етіледі

Республикалық бюджет

17.3

Мынадай мәселелер бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимыл:











17.3.1

Салық қызметі органдарына:
мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде тіркелген шетелдік азаматтар туралы;
шетелдік азаматтарға берілген  және мерзімі ұзартылған визалар туралы;
ішкі істер органдарында тіркелген шетелдік азаматтар туралы мәліметтерге қол жеткізуді беру.

Бірлескен бұйрық
Пайдалануға енгізу актісі

ҰҚК (келіс.б.), Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

17.3.2

Салық қызметі органдарының валюталық операциялар туралы мәліметтерді алуы

Бірлескен бұйрық
Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині (СК және ҚМК)

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

17.3.3

Мәмілелердің мониторингін жүргізу үшін бірыңғай дерекқор құру

Бірлескен бұйрық
Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, ҚҚМ, МГМ, ИЖТМ, АШМ, ЭҚСЖҚА (келіс.б.)

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

17.3.4

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бойынша статистика органдарымен ақпарат алмасу

Бірлескен бұйрық
Пайдалануға енгізу актісі

СА, Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

18.

Халықаралық салық салу жүйесін және трансферттік баға белгілеу кезіндегі салықтық бақылауды жетілдіру











18.1

Халықаралық салық салу жүйесін жетілдіру






18.1.1

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді салық қызметі органдарына беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимыл

Бірлескен бұйрық
 
 
Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, Еңбекмині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

18.1.2

Салық саласында өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға (Еуропа кеңесі және ЭЫДҰ) қосылу мәселесін қарау

Халықаралық келісім

Қаржымині, Әділетмині, ҰБ (келіс.б.)

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



18.1.3

Еуропалық кеңес және ЭЫДҰ үлгілік Конвенциялар негізінде ТМД шеңберінде көп жақты Салық саласында өзара әкімшілік көмек туралы конвенция әзірлеу

СҚБҮК шешімі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



18.1.4

ТМД шеңберінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы үлгілік Конвенцияларға түсіндірмелерді әзірлеу.

СҚБҮК шешімі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



18.2

Трансферттік баға белгілеу кезіндегі салықты бақылауды жетілдіру











18.2.1

Трансферттік баға белгілеу бойынша электрондық мониторингті жүргізу жөнінде бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

18.2.2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тізбеге сәйкес трансферттік баға белгілеуді және рента салығын бақылау мақсатында нарықтық бағалар бойынша ресми ақпарат көзін сатып алу

Ақпарат жеткізушілер мен шарт

Қаржымині

Жыл сайын

Талап етіледі

Республикалық бюджет

19.

Шағын бизнес субъектілерінің салық төлеуін әкімшілендіру











19.1

Шағын бизнес субъектілеріне салық салу тиімділігін талдау

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



19.2

Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді басқа салық салу режиміне көшіруге дайындық











19.2.1

Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп базарларды зерттеу (базарлардың паспорттарын дайындау)

Анықтама

Қаржымині

2011 жылдың I-II тоқсандар

Талап етілмейді



19.2.2

Базарларды зерттеу нәтижелері бойынша талдамалы жұмыстарды жүргізу

Таңдамалы жазба

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді


19.2.3

Базарларда сауда жасайтын тұлғаларға салық салу және оларды әкімшілендіру бөлігінде шетелдердің тәжірибелерін зерделеу

Анықтама

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

19.2.4

Базарларда сауда жасайтын тұлғаларға салық салу бойынша ұсыныстарды дайындау

ҚРҮ-ге ұсыныстар

Қаржымині

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



19.2.5

Базарларда өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге әдіснамалық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

Семинарлар

Қаржымині

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

2-бөлім. Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету



Ұсынылатын салықтық қызметтердің сапасын арттыру, оның ішінде салықтық қатынастарда сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту мақсатында











20.

Салық төлеушілермен жұмыс орталықтарын құру

Құрлысы, жаңғырту

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

20.1

Электрондық салықтық қызмет көрсетулерді «Электрондық үкімет» шлюзіне шығару

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

21.

Ауылдық округтерде «Салық төлеушілердің терминалын» ұйымдастыру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, әкімдіктер

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

22.

Салық төлеушілер үшін электрондық қызметтер тізбесін кеңейту:











22.1

Салық төлеушілерді веб құралдары арқылы қашықтан оқыту

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

22.2

Салық төлеушіге бір клиенттік қосымшаның көмегімен салықтық өтініштерді және салық есептілігін қашықтан беру мүмкіндігін ұсыну

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

22.3

Салық төлеушіге электрондық хабарламалар жіберу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

22.4

Салық есептілігін табыс ету, салықтарды төлеу мерзімдерінің таяп қалғаны және басқалары туралы хабарландыру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

22.5

Салық қызметі органдарына келіп түскен салық төлеушілердің хаттарының, сауалдарының орындалу кезеңін веб-порталда қарау мүмкіндігін беру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

22.6

Жергілкті салықтар бойынша берешектері бар жеке тұлғаларды хабарландырудың автоматты қызметін құру (Қазақтелеком, кәбілдік ақпарат үлгісімен)

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині БАМ

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

22.7

Салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қашықтан шағымдар беру.

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

2010 жылдың IV тоқсаны

Талап етіледі

Республикалық бюджет

23.

Бюджетке төлемдерді төлеу рәсімдерін дамыту











23.1

Банкоматтар, интернет, веб-киоскі желілері арқылы қызметтерді кеңейту

Пайдалануға енгізу актісі

Екінші деңгейдегі банктер (келіс.б.), Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



23.2

Салық берешегі бойынша жеке деректерге қол жеткізу

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келіс.б.)

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді





Қоғамның салық мәселелерінде хабардарлығын арттыру











24.

Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҚРҮ қаулысы

ЭДСМ, Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



25.

Салық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру











25.1

Салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлеу және енгізу

ҚРҮ қаулысы

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



25.2

Салық мәдениетін арттыру мақсатында салықтық қызмет көрсету жөніндегі ақпараттық материалдарды салық төлеушілер арасында тарату және насихаттау

Бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету, буклеттер

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет (2010 - 2012 жылдарға арналған бюджетте қаралған)

25.3

Салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің кол жетімділігін  және сапасын ішкі бақылау

Тексеру актілері

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



25.4

«Сұрақ-Жауап» электрондық дерекқорын құру есебінен, тегін телефон қоңырауларын қамтамасыз ету есебінен Саll-Орталықтың жұмысын кеңейту және жетілдіру

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині, БАМ

2010 - 2011 жылдар

Талап етіледі

Республикалық бюджет

3-бөлім. Жоғары тиімді салық қызметін құру

26.

Салық қызметі органдарының кадрлық саясаты











26.1

Персонал үшін ауыспалы стратегия әзірлеу және салық қызметі органдарын шоғырландыруды қоса алғанда, жаңғырту реформаларын іске қосуды жоспарлау және персоналды орналастыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жетілдіру және дамыту мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, офистерді шоғырландыру негізінде Қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың және жалдаудың тиімді тәртібін әзірлеу

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

26.2

Салық заңнамасының өзгеруі және салықтық рәсімдердің автоматтандырылуы ескеріле отырып, салық қызметі органдарының штаттық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қайта қарау

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

26.3

Кадрларды іріктеуді, жұмысқа қабылдауды, көтермелеу және уәждеме жүйесін есепке ала отырып, еңбекақы төлеуді, қызметі мен карьерасының өсуі бойынша жоғарлауды қоса алғанда, салық органдарының кадрлық саясатын қайта қарау

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

26.4

Кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін жаңғырту және одан әрі СК ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және электрондық үкіметтің шлюзімен біріктіру мақсатында жетілдіру

Пайдалануға енгізу актісі

Қаржымині

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

27.

Салық қызметі органдарының мамандарын даярлау











27.1

Біліктілікті арттыру институты шеңберінде салық қызметі органдарының мамандарын оқыту бағдарламасын әзірлеу

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



27.2

Телекоммуникация мен инфрақұрылымға тиісті талаптарды қоса алғанда, қашықтан оқыту мүмкіндігін кеңейту

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

27.3

Зертханалар ашу жолымен салық қызметі органдарының болашақ кадрларын дайындау бөлігінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оку орындарымен өзара іс-қимыл

Бірлескен жоспар

БҒМ, Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



28.

Салық органдарында корпоративтік басқару жүйесін енгізу











28.1

Бизнес-процесстерді ретке келтіру, оңтайландыру және реинженирингтеу

Қаржыминінің және СК бұйрықтары

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



28.2

Back, Middle and Front Offices қағидаты бойынша функцияларды шектеу

Қаржыминінің және СК бұйрықтары

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



28.3

Салық органдарында көрсеткіштердің теңгермелі жүйелерін енгізу

СК бұйрығы

Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді



29.

Деректерді өңдеу орталығын енгізу






29.1

Деректерді өңдеу орталықтарын енгізу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



29.2

Деректерді өңдеу орталықтарына берілетін функцияларды анықтау

СК бұйрықтары

Қаржымині

2011 жылдың IV тоқсаны

Талап етілмейді



29.3

Салық міндеттемелерін орындау бойынша хабарламаларды қалыптастыру және салық төлеушілерге жіберу үшін заманға сай техникалық жабдықтарды сатып алу

Жабдықтар

Қаржымині

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

29.4

1-ші республикалық және 4-ші өңірлік Деректерді өңдеу орталықтарын құру

ҚРҮ-ге ақпарат

Қаржымині

ТЭН шеңберінде дүниежүзілік банкпен бірігіп

Талап етіледі

Республикалық бюджет (Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ТЭН шеңберінде көзделген)

      Ескертпе:
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚРҮ      - Қазақстан Республикасының Үкіметі
ЭҚСЖҚА   - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
           жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
ЖБА      - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
СА       - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
БП       - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЖС       - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ҮҚК      - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ      - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ      - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қаржымині- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
КБК      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау
           комитеті
ҚМК      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық
           мониторинг комитеті
СК       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
ИЖТМ     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
           министрлігі
МГМ      - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
БҒМ      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                   министрлігі
БАМ      - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
АШМ      - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
           қорғау министрлігі
ЭДСМ     - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
           министрлігі
Әділетмині- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰБ        - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
СҚБҮК     - ТМД Салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесі
ТМД       - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ЭЫДҰ      - Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы