Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.09.2012 № 1151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 100 қаулысымен
бекітілген
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе
бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды
тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейді, бұл - құзыретті орган (облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар) мен жеке немесе заңды тұлғалардың арасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттарды тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 9 және 44-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 3-бөлімінің 68-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Z100291, P100745 қараңыз
4. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар болып табылады.
Мемлекеттік қызметті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар (ресми сайт) бойынша көрсетеді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификаты (актісі) болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулердің мерзімдері:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы сертификат (акт) алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
8. Осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың фойесіндегі көзбен шолу ақпарат көзінде (стендінде) және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес интернет-ресурсында орналасқан.
10. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган мемлекеттік қызметті осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетеді.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының ерекше жағдайлары көзделмеген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті алуға тұтынушының өтініші (еркін нысанда);
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарт;
3) сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар, тұтынушының бірінші басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерін білдіретін тұлғаға берілетін сенімхат.
13. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер, өтініш нысандары көзделмеген.
14. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесіне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжай мен уақыт бойынша тапсырылады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңсенің қызметтері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбаны енгізеді. Құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда, тұтынушының құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талап етуі бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға дәлелді жазбаша растама беріледі.
15. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органның кеңсесінде тіркелуі (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.
Тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) берілген құжаттар тізбесінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және осы стандарттың талаптарына сәйкестігін қарау, мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқтығын анықтау;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттарды тіркеу журналына жазбаларды енгізу;
3) мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды беру.
16. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификаты (актісі) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайы бойынша қолмен (өзі барып не сенімхат бойынша өкілге) табыс етіледі.
17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеу мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндігін сақтау;
2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) толыққанды және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығы;
6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне шағым олардың басшыларының атына осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Облыстық (республикалық) маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы мемлекеттік қызметті көрсететін құрылымдық бөлімшенің басшысы түсіндіреді.
22. Шағым пошта арқылы жазбаша түрде не қолма-қол облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесі арқылы осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қабылданады, тіркелгеннен кейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның басшысына жіберіледі.
23. Шағымның қабылданғанын растау орналасқан жері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымға берілген жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орналасқан жері бойынша алуға болады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
6. Байланыс ақпараты
24. Барлық мәселелер бойынша осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар мен телефондар арқылы хабарласуға болады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге
арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
100% |
||
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және 1 т.б.) %-ы (үлесі) |
100% |
||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) |
90% |
||
3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) |
100% |
||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына шағымдардың %-ы (үлесі) |
0,1% |
||
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
4.3. қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).
Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен
өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу
жөніндегі мемлекеттік қызмет
2-қосымша
Р/с |
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган |
Заңды мекенжайы |
Ресми сайты және (немесе) басқа да көздері |
Құжаттарды қабылдау (жұмыс режимі, мекенжайы) |
Құжаттарды қарау (жұмыс режимі, мекенжайы) |
Байланыс ақпараты (телефоны) |
1 |
Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласының Жер қатынастарын басқару басқармасы» ММ |
Астана қ., Иманов көшесі, 19. 10-қабат |
www.astana. |
9-00 - 18-00; |
9-00 - 18-00; |
8(7172)78-72-53 |
2 |
Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қ., Республика алаңы, 4 |
www.almaty. |
9.00 - 18.00 сағат, Республика алаңы, 4 |
с 9.00 - 18.00 сағат, Республика алаңы, 4 |
Тел/факс: 271-65-25 |
3 |
Ақмола облысының әкімшісі «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Көкшетау қ., Әуелбеков көшесі 179 «а» |
www. |
9.00 - 18.00; |
9.00 - 18.00; |
8 (716-2) 76-29-42 |
4 |
Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Ақтөбе қ. Әбілхайыр хан даңғылы 40. |
www.akto.kz, |
9.00 - 13.00 |
Ақтөбе қ. Әбілхайыр хан даңғылы 40. 623-кабинет. 9.00 - 13.00 14.00-18.00 сағат |
nedra2004@inbox.ru 8(7132) 54-17-01 |
5 |
Алматы облысының әкімдігі |
Алматы облысы Талдықорған қ., Шевченко көшесі, 131 |
www.dpp. |
9.00 - 18.00; Түскі үзіліс 13.00 - 14.00 күн сайын, демалыс күндері сенбі, жексенбі, 410-кабинет |
13.00-ден- 14.00-ге дейін үзіліспен күн сайын 9.00 - 18.00, демалыс күндері сенбі, жексенбі, 410-кабинет |
8 (7282) 27-25-70, |
6 |
Атырау облысының әкімдігі |
Атырау қ. Әйтеке би көшесі, 77. |
www.e-atyrau.kz |
Атырау қ. Әйтеке би көшесі, 77 № 201-кабинет күн сайын, 9.00 - 18.00 сағат |
Атырау қ. Әйтеке би көшесі, 77 № 201-кабинет. күн сайын, 9.00 - 18.00 сағат |
8 (7122) 32-00-36, |
7 |
Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Пошталық индексі 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 133-а. |
upr.taraz. |
күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа) сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы 133-а. |
тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 5 күн ішінде, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 133-а. |
8 (7262) 43-67-97 |
8 |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі |
- |
- |
- |
- |
- |
9 |
Қарағанды облысының әкімдігі |
- |
- |
- |
- |
- |
10 |
Қостанай облысының әкімдігі «Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 |
сайт: www.dpp. |
9.15 - 17.00 Түскі үзіліс 13.00 - 14.00 Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195, № 407-кабинет |
9.15 - 17.00 Түскі үзіліс 13.00 - 14.00 Қостанай қ., Баймағамбетова көшесі, 195, № 409-кабинет |
575-232 |
11 |
Маңғыстау облысының әкімдігі «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
Маңғыстау облысының әкімдігі: Ақтау қ., 14 шағын ауданы, № 1 ғимарат; «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ: Ақтау қ., 23 шағын ауданы, № 100 ғимараты, 111, 106, 107, 108-кабинеттер |
Электрондық пошта: moup@ |
Маңғыстау облысының әкімдігінің орынбасары Жеке тәсілі: 1-ші және 3-ші бейсенбі әрбір айы 10.00 - 13.00 сағат; басқарманың бастығы: Жеке тәсілі: сейсенбісі 17.00 - 18.00 сағатта, бейсенбі 17.00 - 18.00 сағатта; |
9.00 - 18.30, түстік үзілісі 12.30 - 14.00 сағатта; күн сайын сенбі, жексенбі демалыс күндері 111, 106, 107, 108-кабинеттер |
Маңғыстау облысының әкімдігінің орынбасары Ақтау қ., 14 шағын ауданы, № 1 ғимаратты, 327-кабинет телефон: 430103; Басқарма бастығы Қабылдау бөлімі 1.11, телефон: 426790. Жер қойнауын бөлімі 106, 107, 108-кабинеттер телефон: 429846 |
12 |
Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
140000, Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 17 |
http:// |
9.00 - 18.30, Түстік үзілісі 13.00 - 14.30 күн сайын, сенбі, жекенбі демалыс күндері Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 17 232 кабинет. |
9.00 - 18.30, Түстік 13.00 - 14.30 күн сайын, сенбі, жекенбі демалыс күндері Павлодар қ., Победа алаңы, 17 204 және 205-кабинеттер |
тел./факс |
13 |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 38 № 53, № 54-каб. |
сайт: |
9-00 - 18-00 Түстік үзіліс 13-00 - 14-00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 53, № 54 каб. |
9-00 - 18-00 Түстік үзіліс 13-00 - 14-00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 53, № 54 каб. |
8 (7152) 36-28-93, |
14 |
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ММ |
Шымкент қ., Қазыбек би, 5 |
www.dppuko.kz |
9.00 - 18.00 Түстік үзілісі 13.00 - 14.00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Шымкент қ., Қазыбек би, 5 303, 305 кабинеттер) |
9-00 - 18-00 Түстік үзілісі 13.00 - 14.00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Шымкент қ., Қазыбек би, 5 303, 305 кабинеттер) |
54-77-77, |
15 |
Қызылорда облысының әкімдігі «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Инд: 120014, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев к-сі, 80 |
e-mail: |
Күнделікті 9:00 - 19:00, үзіліс 13:00 - 15:00, демалыс күндер: сенбі, жексенбі |
Күнделікті 9:00 - 19:00, үзіліс 13:00 - 15:00, демалыс күндер: сенбі, жексенбі |
Тел: 8 (7242) 23-00-95, |
16 |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі |
Өскемен қ., М. Горький к-сі, 40 |
chancellery |
9.00 - 15.30 |
9.00 - 11.00, 15.00 - 18.00 |
8 (7232) 24-18-94, |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 100 қаулысымен
бекітілген
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және
бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану
құқығының кепіл шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейді, бұл - кепілге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәмілені тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 302-бабына, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 14-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 3-бөлімінің 69-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Z100291, P100745 қараңыз
4. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органдар болып табылады.
Мемлекеттік қызметті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру шартын тіркеу туралы куәлік болып табылады осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген бойынша.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулердің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
8. Осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың фойесіндегі көзбен шолу ақпарат кезінде (стендінде) және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес интернет-ресурсында орналасқан.
10. Мемлекеттік қызметті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетеді.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметті ұсыну орнының ерекше жағдайлары қарастырылмаған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті алуға тұтынушының өтініші (еркін нысанда);
2) белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шарты;
3) техникалық-экономикалық негіздеме - қарызды тарту, пайдалану және қайтару, олар мыналарды қамтиды:
кепіл мақсаты (қаражатты пайдалану);
кепілдің сомасы және өтеу мерзімі;
қарыз көздері және өтеу сатылары (негізгі борышты және сыйақы пайыздарын бөлумен жылдар бойынша);
4) жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге берілетін заңды немесе жеке тұлғаның (кепіл ұстаушы) атауы, оның заңды мекенжайы және тіркелген орны;
5) сенімхатсыз қол қою құқығына ие тұтынушының бірінші басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерін білдіретін адамға берілген сенімхат.
Тұтынушы жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат алғаннан кейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органға жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша ұсынады.
13. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер өтініш нысандары көзделмеген.
14. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесіне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жай мен уақыт бойынша тапсырылады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңесінің қызметкері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбаны енгізеді. Құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда, тұтынушының құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талап етуі бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға дәлелді жазбаша растама беріледі.
15. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесінде тіркелуі (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.
Кепіл шартын тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) берілген құжаттар тізбесінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және осы стандарттың талаптарына сәйкестігін қарау, мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқтығын анықтау;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған шарттарды тіркеу журналына жазбаларды енгізу;
3) мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды беру.
16. Жер қойнауын пайдалану шартын тіркеу туралы куәлік (өзі барумен не сенімхат бойынша өкілге) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қолмен табыс етіледі.
17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеу мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамдар мен азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндігін сақтау;
2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) жеткілікті және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығы;
6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болған жағдайда облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне шағым олардың басшыларының атына осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша беріледі.
Облыстық (республикалық) маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы мемлекеттік қызметті көрсететін құрылымдық бөлімшенің басшысы түсіндіреді.
22. Шағым пошта арқылы жазбаша түрде қолма-қол облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қабылданады, тіркелгеннен кейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның басшысына жіберіледі.
23. Шағымның қабылданғанын растау орналасқан жері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымға берілген жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орналасқан жері бойынша алуға болады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
6. Байланыс ақпараты
24. Барлық мәселелер бойынша осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар мен телефондар арқылы хабарласуға болады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге және бірлескен
барлау мен өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл шартын
тіркеу жөніндегі мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
100% |
||
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және 1 т.б.) %-ы (үлесі) |
100% |
||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) |
90% |
||
3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) |
100% |
||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына шағымдардың %-ы (үлесі) |
0,1% |
||
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
4.3. қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге
жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Р/с |
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган |
Заңды мекенжайы |
Ресми сайты және (немесе) басқа да көздері |
Құжаттарды қабылдау (жұмыс режимі, мекенжайы) |
Құжаттарды қарау (жұмыс режимі, мекенжайы) |
Байланыс ақпараты (телефоны) |
1 |
Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласының Жер қатынастарын басқару басқармасы» ММ |
Астана қ., Иманов көшесі, 19. 10-қабат |
www.astana. |
9-00 - 18-00; |
9-00 - 18-00; |
8(7172)78-72-53 |
2 |
Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қ., Республика алаңы, 4 |
www.almaty. |
9.00 - 18.00 сағат, Республика алаңы, 4 |
с 9.00 - 18.00 сағат, Республика алаңы, 4 |
Тел/факс: 271-65-25 |
3 |
Ақмола облысының әкімшісі «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Көкшетау қ., Әуелбеков көшесі 179 «а» |
www. |
9.00 - 18.00; |
9.00 - 18.00; |
8 (716-2) 76-29-42 |
4 |
Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Ақтөбе қ. Әбілхайыр хан даңғылы 40. |
www.akto.kz, |
9.00 - 13.00 |
Ақтөбе қ. Әбілхайыр хан даңғылы 40. 623-кабинет. 9.00 - 13.00 14.00-18.00 сағат |
nedra2004@inbox.ru 8(7132) 54-17-01 |
5 |
Алматы облысының әкімдігі |
Алматы облысы Талдықорған қ., Шевченко көшесі, 131 |
www.dpp. |
9.00 - 18.00; Түскі үзіліс 13.00 - 14.00 күн сайын, демалыс күндері сенбі, жексенбі, 410-кабинет |
13.00-ден- 14.00-ге дейін үзіліспен күн сайын 9.00 - 18.00, демалыс күндері сенбі, жексенбі, 410-кабинет |
8 (7282) 27-25-70, |
6 |
Атырау облысының әкімдігі |
Атырау қ. Әйтеке би көшесі, 77. |
www.e-atyrau.kz |
Атырау қ. Әйтеке би көшесі, 77 № 201-кабинет күн сайын, 9.00 - 18.00 сағат |
Атырау қ. Әйтеке би көшесі, 77 № 201-кабинет. күн сайын, 9.00 - 18.00 сағат |
8 (7122) 32-00-36, |
7 |
Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Пошталық индексі 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 133-а. |
upr.taraz. |
күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа) сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы 133-а. |
тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 5 күн ішінде, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 133-а. |
8 (7262) 43-67-97 |
8 |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі |
- |
- |
- |
- |
- |
9 |
Қарағанды облысының әкімдігі |
- |
- |
- |
- |
- |
10 |
Қостанай облысының әкімдігі «Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 |
сайт: www.dpp. |
9.15 - 17.00 Түскі үзіліс 13.00 - 14.00 Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195, № 407-кабинет |
9.15 - 17.00 Түскі үзіліс 13.00 - 14.00 Қостанай қ., Баймағамбетова көшесі, 195, № 409-кабинет |
575-232 |
11 |
Маңғыстау облысының әкімдігі «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
Маңғыстау облысының әкімдігі: Ақтау қ., 14 шағын ауданы, № 1 ғимарат; «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ: Ақтау қ., 23 шағын ауданы, № 100 ғимараты, 111, 106, 107, 108-кабинеттер |
Электрондық пошта: moup@ |
Маңғыстау облысының әкімдігінің орынбасары Жеке тәсілі: 1-ші және 3-ші бейсенбі әрбір айы 10.00 - 13.00 сағат; басқарманың бастығы: Жеке тәсілі: сейсенбісі 17.00 - 18.00 сағатта, бейсенбі 17.00 - 18.00 сағатта; |
9.00 - 18.30, түстік үзілісі 12.30 - 14.00 сағатта; күн сайын сенбі, жекенбі демалыс күндері 111, 106, 107, 108-кабинеттер |
Маңғыстау облысының әкімдігінің орынбасары Ақтау қ., 14 шағын ауданы, № 1 ғимаратты, 327-кабинет телефон: 430103; Басқарма бастығы Қабылдау бөлімі 1.11, телефон: 426790. Жер қойнауын бөлімі 106, 107, 108-кабинеттер телефон: 429846 |
12 |
Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
140000, Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 17 |
http:// |
9.00 - 18.30, Түстік үзілісі 13.00 - 14.30 күн сайын, сенбі, жекенбі демалыс күндері Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 17 232 кабинет. |
9.00 - 18.30, Түстік 13.00 - 14.30 күн сайын, сенбі, жекенбі демалыс күндері Павлодар қ., Победа алаңы, 17 204 және 205-кабинеттер |
тел./факс |
13 |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 38 № 53, № 54-каб. |
сайт: |
9-00 - 18-00 Түстік үзіліс 13-00 - 14-00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 53, № 54 каб. |
9-00 - 18-00 Түстік үзіліс 13-00 - 14-00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 53, № 54 каб. |
8 (7152) 36-28-93, |
14 |
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ММ |
Шымкент қ., Қазыбек би, 5 |
www.dppuko.kz |
9.00 - 18.00 Түстік үзілісі 13.00 - 14.00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Шымкент қ., Қазыбек би, 5 303, 305 кабинеттер) |
9-00 - 18-00 Түстік үзілісі 13.00 - 14.00 күн сайын, сенбі, жексенбі демалыс күндері (Шымкент қ., Қазыбек би, 5 303, 305 кабинеттер) |
54-77-77, |
15 |
Қызылорда облысының әкімдігі «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
Инд: 120014, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев к-сі, 80 |
e-mail: |
Күнделікті 9:00 - 19:00, үзіліс 13:00 - 15:00, демалыс күндер: сенбі, жексенбі |
Күнделікті 9:00 - 19:00, үзіліс 13:00 - 15:00, демалыс күндер: сенбі, жексенбі |
Тел: 8 (7242) 23-00-95, |
16 |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі |
Өскемен қ., М. Горький к-сі, 40 |
chancellery |
9.00 - 15.30 |
9.00 - 11.00, 15.00 - 18.00 |
8 (7232) 24-18-94, |
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге
жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы
КУӘЛІГІ
№ _________ 201_ жылғы «__» _________________
_______________________
(қала, аудан)
Кепіл беруші: ___________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы, СТН)
Кепіл ұстаушы: __________________________________________________
(банктің атауы, оның заңды мекенжайы)
_________________________________________________________________
Кепіл шарты: ____________________________________________________
(нөмірі, күні)
Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: ___________________
______________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)
Келісім-шарт: ___________________________________________________
(келісім-шарттың нөмірі мен күні)
Міндеттеменің сомасы: ___________________________________________
(санмен және жазумен)
Міндеттемені өтеу мерзімі: ______________________________________
(күні)
Ескертпе: _______________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы
куәлікті берген мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә., қолы