Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасын
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 2 ақпандағы
№ 63 қаулысымен      
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың (бұдан әрі - республикалық малды асылдандырушы орталық), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының, етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - тауар өндірушілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, сондай- ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы малының өнімділігін арттыру мақсатында 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік субсидиялар:
      1) тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған өз төлінен өсірілген асыл тұқымды төлдің, сондай-ақ шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импортталған, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлінің құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
      2) тауар өндірушілер дистрибютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығының құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
      3) тауарлық құс фабрикалары етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылығынан және құс шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік  балапандар (бұдан әрі - балапандар) және асыл тұқымды жұмыртқа құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
      4) республикалық малды асылдандырушы орталық сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың, сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасының құнын толық өтеуге;
      5) республикалық малды асылдандырушы орталықтың шетелдік селекцияның асыл тұқымды бұқаларын, ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды ұстау, ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрі - бағалау) үшін олардың ұрығын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарын толық өтеуге;
      6) ет бағытындағы құс шаруашылығы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығында асыл тұқымды құсты сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
      7) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау және жаттықтыру, асыл тұқымды тұқымдық айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2010.12.15 N 1362 Қаулысымен.
      3. Тауарлы құс фабрикалары, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналатын тауар өндірушілер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бұйрығымен белгіленген өлшемдерге сәйкес келуі тиіс.
      4. Бюджеттік субсидиялар:
      тауар өндірушілерге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алынған асыл тұқымды төл, сондай-ақ шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импортталған, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлі үшін;
      тауар өндірушілерге дистрибьютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алынған ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығы үшін;
      тауарлы құс фабрикаларына ет және жұмыртқа бағытындағы ата-тектік, ата-енелік нысаны бар отандық малды асылдандырушы шаруашылықтардан сатып алынған балапандар және асыл тұқымды жұмыртқалар үшін;
      республикалық малды асылдандырушы орталыққа сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтар (бұдан әрі - жабдық), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасы (бұдан әрі - техника), асыл тұқымды шетелдік селекцияның бұқасы, ұрығы үшін, сондай-ақ асыл тұқымды тұқымдық бұқаны ұстау, бағалау үшін оның ұрығын алу, сақтау, пайдалану үшін;
      етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа сатып алынған асыл тұқымды құс және оны ұстау үшін;
      қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытына асыл тұқымды жылқыларды өсіргені, ұстағаны және жаттықтырғаны, тұқымдық айғырлардың ұрығын алғаны және сақтағаны үшін төленеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2010.12.15 N 1362 Қаулысымен.
      5. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      Министрлік белгілеген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер сатып алған ірі қара малдың асыл тұқымды төлі, тұқымдық бұқалардың ұрығы, сондай-ақ құс шаруашылығының асыл тұқымды өнімі;
      айырбас бойынша, өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан (ата-тектік және ата-енелік желідегі балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, балапандар, асыл тұқымды жұмыртқалар.
      6. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген бюджеттік субсидиялар облыстарға жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінің шегінде төленеді.
      7. Сатып алынатын асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқа ұрығы, сондай-ақ балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның әрбір түріне бюджеттік субсидиялар нормативі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      8. Етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың тауар өндірушілерге балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сату бағасын Министрлік бекітеді.
      9. Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісінде бюджеттік субсидиялардың көлемі, сатып алу-сату шартының, өтінімдердің, тұқымдық бұқалардың ұрығын пайдалану актісінің, аудан, облыс бойынша жиынтық актілердің ұсынылатын нысандары, сондай-ақ Министрлікке ведомстволық бағынысты республикалық малды асылдандырушы орталықтың, етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының қаражатын бөлудің жылдық сметасын, бюджеттік бағдарламаның тиімділігі бойынша есептілік нысандарын Министрлік бекітеді.
      10. Министрлік, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде облыстық бюджеттерге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісім шеңберінде аударады.

2. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау және субсидиялауға
квоталар бөлу тәртібі

      11. 2010 жылғы 25 маусымға дейінгі мерзімде тауар өндірушілер (тауарлы құс шаруашылығын қоспағанда) аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - Бөлім) асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алудың жоспарлы көлеміне өтінімдер береді.
      2010 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде тауар өндірушілер Бөлімге шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлін сатып алудың жоспарланған көлеміне өтінімдер береді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.29 N 758 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз),   2010.12.15 N 1362 Қаулыларымен.
      12. «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне (бұдан әрі - құс өсірушілер одағы) тауарлы құс шаруашылықтары ата-тектік, ата-енелік нысаны бар етті және жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтардың балапандары мен асыл тұқымды жұмыртқаларын сатып алудың жоспарлы көлеміне өтінімдер береді. Құс өсірушілер одағы ұсынылған ақпаратты қарап, құс фабрикаларының тізімін дайындайды және олардың балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаларды (бұдан әрі - материалдар) сатып алудың жоспарлы көлеміне өтінімдерімен бірге оны 2010 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей тиісті Бөлімдерге ұсынады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.29 N 758 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13. Бөлім материалдарды алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің белгіленген өлшемдерге сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және белгіленген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда аудан бойынша субсидиялау бағыты бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны әкімнің ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен облыс әкімінің шешімімен құрылған облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына аудан әкімінің қолымен жібереді. Комиссия құрамына Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі - Басқарма), Министрліктің аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
      Ұсынылған материалдар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім бес жұмыс күнінен кешіктірмей материалдардың қабылданбау себептерін көрсетіп, оларды берген тауар өндірушілерге және Құс өсірушілер одағына қайтарады.
      14. Комиссияның жұмыс органы Басқарма болып табылады. Комиссияның құзыретіне мыналар кіреді:
      1) Бөлім ұсынған субсидиялау жөніндегі жиынтық материалдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне үш жұмыс күні ішінде қарау;
      2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік субсидиялар алуға, субсидияланатын асыл тұқымды өнім (материал) сатып алуға жылдық квоталар, сондай-ақ осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде бюджеттік субсидиялар көлемін алуға тауар өндірушілер мен құс фабрикаларының жиынтық тізімін облыс әкіміне бекітуге ұсыну. Бұл ретте құс фабрикаларының бөлінісінде бюджеттік субсидиялар алушылардың тізімі Құс өсірушілер одағының ұсынымдары негізінде қалыптастырылатын Министрліктің ұсыныстарын ескере отырып жасалады.
      15. Тауар өндірушілердің (құс шаруашылығын қоспағанда) өтінімдері облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен артық болған жағдайда Комиссия тобындағы асыл тұқымды малдың үлестік салмағы жоғары тауар өндірушілердің және (немесе) ауылдық тұтыну кооперативтері мүшелерінің өтінімдерін басым тәртіппен қанағаттандырады.
      16. Облыс әкімі Комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді. Басқарма субсидияланатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) көлеміне арналған квоталарды көрсетіп, облыс әкімінің шешімімен бекітілген субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бір данадан Министрлікке, тиісті бөлімдерге және Құс өсірушілер одағына жолдайды.

3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі

      17. Тауар өндірушілер, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидияларды алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) асыл тұқымды төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу кезінде:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      төлем құжаттарының көшірмелерін - кассалық кіріс ордерін, банктің төлем тапсырмасын, шот-фактураны (бұдан әрі - төлем құжаттары);
      өнімді алуға сенімхат;
      асыл тұқымды төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны жеткізіп беру актісін;
      2) тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алу кезінде:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      төлем құжаттарының көшірмелерін;
      өнімді сатып алуға сенімхат;
      тұқымдық бұқалардың ұрығын пайдалану актісін;
      3) шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды төлін сатып алу кезінде:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      төлем құжаттарының көшірмелерін;
      4) шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды төлін лизинг шарты негізінде сатып алу кезінде:
      лизинг шартының көшірмесін;
      лизинг бойынша негізгі борышты өтеу кестесінің көшірмесін;
      өтеу кестесіне сәйкес лизингтің негізгі борышы бойынша қаражаттың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін;
      асыл тұқымды төлді беру және жеткізу актісін.
      Тауар өндірушілерге лизинг шарты негізінде сатып алынған шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымды төлі үшін субсидиялар төлеу лизинг шарты бойынша негізгі борышты төлеуге байланысты шығыстарды өтеу үшін олардың белгіленген арзандатылған құнынан аспайтын (50%-ға дейін) мөлшерде жүргізіледі.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2010.12.15 N 1362 Қаулысымен.
      18. Асыл тұқымды өнім (материал) құнының кемінде 50 %-ын төлеген тауар өндірушілерді бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізуге жол беріледі. Бұл ретте тауар өндірушілер Бөлімге:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      ішінара төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
      Қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмелерін, асыл тұқымды өнімді (материалды) алуға сенімхатты, сондай-ақ оларды жеткізіп беру немесе пайдалану актілерін тауар өндірушілер құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидиялар алған күннен бастап 15 күннен кешіктірмей Бөлімге ұсынады.
      19. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай үш жұмыс күнінің ішінде, бірақ 2010 жылғы 27 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, және төлем құжаттарының көшірмелерін қоса беріп, Басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды сәйкес келмеу себептерін көрсетіп, тауар өндірушілерге қайтарады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2010.12.15 N 1362 Қаулысымен.
      20. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күнінің ішінде, бірақ 2010 жылғы 29 желтоқсаннан кешіктірмей қарайды және олар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатылғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді. Оларда көрсетілген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен нормативтері негізінде белгіленген квоталар шегінде тиесілі бюджеттік ақшаның көлемін айқындайды, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомость және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады. Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды себептерін көрсетіп, Бөлімге пысықтауға қайтарады.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2010.12.15 N 1362 Қаулысымен.
      21. Асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін республикалық малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада ұсынады;
      Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты және техниканы сатып алу үшін республикалық малды асылдандырушы орталықтың банк шотына аударады.
      Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты және техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
      22. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды ұстауға, олардың ұрықтарын бағалау үшін алуға, сақтауға, пайдалануға арналған шығындарды толық өтеу үшін шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды бұқаларды ұстау, олардың ұрықтарын бағалау үшін алу, сақтау, пайдалану жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқаларды ұстауға, олардың ұрықтарын бағалау үшін алуға, сақтауға, пайдалануға республикалық малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
      23. Балапандарды сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу үшін етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Балапандарды сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада ұсынады.
      Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды балапандарды сатып -алу үшін етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы орталықтың банк шотына аударады.
      Етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық балапандарды сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
      24. Асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшін етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды құстарды ұстау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды құстарды ұстауға етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы орталықтың банк шотына аударады.
      25. Асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшін қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт, шығындардың жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады.
      Басқарма ұсынылған есептемелерді он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының банк шотына аударады.
      26. Басқарма осы Ереженің 21, 22, 23, 24, 25-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне екі данада ақы төлеу шотының тізілімін және ақы төлеу шотын ұсынады.
      27. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі және есептілік тәртібі

      28. Басқарма ай сайын, есептіден кейінгі 5-күнге дейінгі мерзімде, бірақ 2010 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке орындалған жұмыстардың көлемі, құны және тиімділігі, төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есепті ұсынады.
      29. Облыс әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері туралы аралық есепті 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
      30. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердің төмен тұрған бюджеттерге уақтылы аударылуы үшін жауапты болады.
      31. Облыстың, ауданның әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланбағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.

Ережеге
1-қосымша

Бюджеттік субсидиялардың нормативтері 1. Асыл тұқымды төлге бюджеттік субсидиялардың нормативтері

Р/с

Малдың түрлері мен тұқымдары

1 килограмм тірі салмағына бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге


Элит  рекорд

элита

I класс


Ірі қара мал


сүтті бағыттағы:


150

130

1.

Қара-ала (голштин) сиыр

165

150

130

2.

Қызыл (қырдың қызыл) сиыр

165

150

130

130

3.

Қоңыр (алатау) сиыр

165

150

130

4.

Қызғылт сары шұбар (симментал) сиыр

165

150

130


етті бағыттағы:




1.

Қазақтың ақбасты сиыры

165

150

 130

2.

Әулиекөл сиыры

165

150

 130

3.

Санта-гертруда сиыры

165

150

 130

4.

Шароле сиыры

165

150

 130

5

Герефорд сиыры

165

150

 130


Қойлар


биязы жүнді бағыттағы:


элита

I класс

II класс

1.

Қазақтың биязы жүнді қойы


138

125

110

2.

Қазақтың арқар мериносы


138

125

110

3.

Оңтүстік қазақ мериносы


138

125

110

4.

Солтүстік қазақ мериносы


138

125

110

5.

Австралия мериносы


138

125

110


биязылау жүнді бағыттағы:





1.

Сығай қойы


138

125

110

2.

Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы


138

125

110

3.

Дегерес етті-жүнді қойы


138

125

110


Етті-майлы бағыттағы:





1.

Еділбай қойы


138

125

110

2.

Қазақтың құйрықты қылшық жүнді немесе қазақтың биязылау жүнді қойы


138

125

110

3.

Сарыарқа құйрықты қойы


138

125

110

4.

Гиссар қойы


138

125

110

5.

Қаракөл қойы


138

125

110


өнімдік бағыттағы:

1.

Қазақтың жабы жылқысы


110

100

90

2.

Көшім жылқысы


100

90

75

3.

Мұғалжар жылқысы


100

90

75


спорт бағытындағы:





1.

Қостанай жылқысы


300

270

240


Шошқалар

1.

Ірі ақ шошқа


130

115

100

2.

Немістің асыл текті шошқасы


130

115

100

3

Дюрок


130

115

100


Түйелер

1.

Қазақтың айыр өркешті түйесі


80

70

60

2.

Аруана


80

70

60

2. Тұқымдық бұқа ұрығының 1 дозасына бюджеттік субсидиялар
нормативтері

Р/с

Асыл тұқымды материал түрі

Аталық бұқалардың ұрығын сатып алуға бюджеттік субсидиялар номативтері, теңге

қос жынысты ұрық

бір жынысты ұрық

1.

Тұқымдық бұқа ұрықтары

500

1000

3. Бір тәуліктік балапандарға бюджеттік субсидия нормативтері

Р/с

Асыл тұқымды өнімдердің түрі

Бір тәуліктік балапандардың 1 басын сатып алуға бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге





ата-тектік табындар *

ата-енелік табындар **

1.

Тәуліктік балапан (етті бағыттағы)

275



2.

Тәуліктік балапан (жұмыртқа бағытындағы)



45

4. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына арналған бюджеттік
субсидиялар нормативтері, теңге

Р/с

Асыл тұқымды жұмыртқаның түрлері

Құс фабрикаларына жұмыртқаны сатып алуға, теңге

ата-тектік табыннан

ата-енелік табыннан

1.

Тауық (жұмыртқалағыш) жұмыртқасы

-

19

2.

Үйрек жұмыртқасы

35

30

      * Етті бағыттағы құс шаруашылығында ата-енелік табынды қалыптастыру үшін.
      ** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсіптік табынды қалыптастыру үшін.
      - Асыл тұқымды мәртебесін 1 жылдан астам уақыт алған асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алынған асыл тұқымды өнімдер (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.

 5. Шетелдік селекцияның ірі қара малының асыл тұқымды төліне бюджеттік субсидиялардың нормативі

Р/с

Малдың түрлері мен тұқымдары

1 басқа бюджеттік субсидиялар нормативі (50%-га дейін), мың теңге


Шетелдік селекцияның ет бағытындағы ірі қара малы

1.

Солтүстік Америкадан әкелінетін

330,0

2.

Еуропадан әкелінетін

304,0

        Ескерту. 1-қосымша 5-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2010.12.15 N 1362 Қаулысымен.

Ережеге
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2010.12.15 N 1362 Қаулысымен.

      «Бекітемін»
      _________________ облысы
      Ауыл шаруашылығы басқармасының
      бастығы_________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
      2010 жылғы «___» ____

___________ облысы бойынша 2010 жылдың ___ ___ айындағы асыл тұқымды
өнімді (асыл тұқымды материалды)

__________________________________________________________________
(асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды
жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және
субсидиялар төлеу туралы
біріктірілген жиынтық ведомость*

Атауы

Жылдық квота, мал басы

Бір бірлік (кг т/с, доза, дана), мал басы үшін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Асыл тұқымды өнімнің асылдандыру мақсатына нақты сатып алынғаны (кг т/с, дана, доза), мал басы

Жылдың басынан бері бюджеттік субсидияның тиесілі сомасы

Жылдың басынан бері төленгені теңге

Бюджеттік субидиялардың тиесілі сомасының қалдығы, теңге

Төленуге тиісті теңге

ауданның

асыл тұқымды өнімді немесе асыл тұқымды материалды сатып алушының

(кг, доза,дана

теңге

жыл басынан бастап

есепті ай ішінде




















      *сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады.

Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы
(жауапты тұлға)             ______________________ (аты-жөні, қолы)

Бухгалтер(жауапты тұлға)    ______________________ (аты-жөні, қолы)

Ережеге
3-қосымша

      «Бекітемін»
      _________________ облысы
      Ауыл шаруашылығы басқармасының
      бастығы_________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
      2010 жылғы «___» ____

Малды асылдандырушы орталыққа, малды асылдандырушы шаруашылыққа,
қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына 2010 жылғы
_________ айы үшін тиесілі бюджеттік
(ай)                         
субсидиялар туралы
жиынтық ведомость

Шығындардың баптары

Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома, мың теңге

Сатып алынған тауарлардың (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі

Жыл басынан бері тиесілі сома, мың теңге

Жылдың басынан бері төленгені, мың теңге

Тиесілі соманың қалдығы, мың теңге

Төленуге тиісті, мың теңге








жиыны







Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы
(жауапты тұлға)             ______________________ (аты-жөні, қолы)

Бухгалтер(жауапты тұлға)    ______________________ (аты-жөні, қолы)