Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 және 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 758 Қаулысы

 

            Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      3-тармақта:
      «қымыз, шұбат, қой еті, жылқы еті» деген сөздер «жылқы еті және биязы жүн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тағамдық жұмыртқаның және биязы жүннің» деген сөздер «, тағамдық жұмыртқаның, қымыздың, шұбаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 4) тармақшасында «,қымыз, шұбат» деген сөздер алып тасталсын;
      9-тармақта «10 ақпанға» деген сөздер «25 маусымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта «25 ақпаннан» деген сөздер «25 маусымнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      11-тармақтағы «20 ақпанға» деген сөздер «25 маусымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы «25 ақпаннан» деген сөздер «25 маусымнан» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов