Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.
2) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 142-құжат):
1-тармақта "2003" деген сан "2005" деген санмен ауыстырылсын;
4-тармақта "2001-2004" деген сандары "2004-2007" деген сандармен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):
2-тармақтың екінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын;
6-тармақта "2001" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын;
8-тармақта "2003 жылдың қаңтарынан" деген сөздер "2005 жылдың қыркүйегінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "2000-2004" деген сандар "2004-2007" деген сандармен ауыстырылсын.
2. "Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі