Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 918 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 214-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Байланыс операторларын қосу" деген 1.2-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 1.2.7-жолдың 5-бағаны мынандай редакцияда жазылсын:
      "2008 жылғы IV тоқсан".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов