Көші-қон карточкасын беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 351, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 484, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 274, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 1 қазандағы № 471 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8852 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 64, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 97, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 108, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 8 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.01.2017 № 64, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.02.2017 № 97, ҚР Қаржы министрінің 15.02.2017 № 108, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 27.02.2017 № 8 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Көші-қон карточкасын беру қағидасы бекітілсін.

      2. "Көші-қон карточкаларын беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2003 жылғы 5 мамырдағы № 249, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің 2003 жылғы 4 мамырдағы № 82, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2003 жылғы 5 мамырдағы № 160 және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 177 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 мамырда № 2328 болып тіркелген.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

_____________ Қ. Қасымов

төрағасы

2013 жылғы 27 мамыр

___________________ Н. Әбіқаев


2013 жылғы 1 қазан

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

Қаржы министрі

министрі

______________ Б. Жәмішев

___________ А. Жұмағалиев

2013 жылғы 14 маусым

2013 жылғы 25 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 27 мамырдағы № 351
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 484
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 14 маусымдағы № 274
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
төрағасының
2013 жылғы 1 қазандағы № 471
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Көші-қон карточкасын беру қағидасы

      1. Көші-қон карточкасын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысының 8-тармағына (бұдан әрі – Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидасы) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге олардың берілуі тәртібін айқындайды.

      2. Көші-қон карточкасы Қазақстан Республикасына келетін шетелдік туралы мәліметтерді қамтиды және Қазақстан Республикасының аумағында оның уақытша болуын бақылау үшін қызмет етеді, бұл осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

      3. Көші-қон карточкасында шетелдіктің тегі, аты, болу мақсаты, қабылдайтын тарап, тіркелу мекенжайы, 16 жасқа толмаған бірге келген балаларының саны көрсетіледі, Қазақстан Республикасына келуі, Қазақстан Республикасынан шығуы, уақытша болу орны бойынша тіркелуі туралы белгі қойылады.

      4. Қазақстан Республикасына келген кезде 16 жасқа толған әрбір шетелдікке көші-қон карточкасы беріледі, ол Қазақстан Республикасынан шыққан кезде тапсырылуға жатады.

      Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидасының 8-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көші-қон карточкалары берілмейді.

      5. Көші-қон карточкасының бланкілерін беруді:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ) (оның ішінде көші-қон карточкалары бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі мүмкіндігін пайдалана отырып);

      2) ішкі істер органдары – көшіп келушілердің уақытша немесе тұрақты тұратын жері бойынша, оның ішінде "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы заңды және жеке тұлғалардан олардағы көшіп келушілер туралы ақпарат алу арқылы;

      3) сапар жолында:

      әуе (теңіз) көлігімен – әуе (теңіз) кемелерi экипаждарының мүшелерi;

      темір жол көлігімен – поезд бригадаларының мүшелері;

      халықаралық автобус көлігімен – халықаралық автобус көлігінің жүргізушілері жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне келгенге дейін көші-қон карточкасын шетелдік өз бетінше визалық-көші-қон порталы (www.vmp.gov.kz) арқылы толтыруы және басып шығару мүмкін.

      Шетелдіктер (персонал және тұрғындар) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтан тыс аумаққа шыққан жағдайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өкілдігінің көші-қон полициясы қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттардың және Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидасында айқындалған мерзімде оларды біруақытта тіркеумен жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде жаңа көші-қон карточкаларын береді.

      6. Көші-қон карточкаларын дайындауды Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) жүзеге асырады. ІІД көші-қон карточкасының бланкілерімен ҰҚК ШҚ және Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөліністерін қамтамасыз етеді.

      7. Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер көші-қон карточкаларын толтыру қажеттілігі, бланкілерді кедергісіз алу мүмкіндігі және шекаралық бақылаудан өтуден бұрын оларды толтыру үшін қажетті уақыт туралы уақтылы ақпараттандырумен қамтамасыз етіледі.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жинақтаушыларында (залдарында) паспорттық бақылау сызығына дейін жолаушыларға көші-қон карточкаларын толтыру үшін тіректер (орындар) жабдықталады, онда көші-қон карточкасы бланкілерінің қажетті саны еркін қойылады.

      8. Шетелдіктер көші-қон карточкаларын шекаралық бақылау басталғанға дейін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көші-қон карточкаларын толтыру бойынша жадынамаға сәйкес түсінікті, шимайсыз және түзетулер сиямен немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырылады. Көші-қон карточкаларын шетелдіктің паспортында немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатында көрсетілген деректерге сәйкес қазақ, латын алфавитінің немесе кириллица әріптерімен толтыруға рұқсат етіледі.

      Көші-қон карточкалары бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндігі болған жағдайда оларды толтыруды және беруді ҰҚК ШҚ жүзеге асырады.

      9. Қазақстан Республикасына кіру кезінде ҰҚК ШҚ жеке басты сәйкестендіреді, ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстыра тексереді, келуі туралы белгі қояды. Келуі туралы белгі "келу" бағанында күнді көрсететін мөртаңба бедерін қою жолымен жүзеге асырылады, одан әрі көші-қон карточкасы шетелдікке қайтарылады.

      "А1", "А2", "В1", "В2", "D1" және "G1" санаттарындағы бір мәртелік "F1" санатындағы бір мәртелік және екі мәртелік, сондай-ақ визаларын ресімдеу кезінде визалық қолдау немесе шақыру қағазын міндетті түрде көрсетуден босатылатын елдердің азаматтарына, олардың тізімдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8407 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидасының 7-қосымшасында көрсетілген көші-қон карточкасының "тіркеу" бағанында мөртаңба бедері қойылады. Тіркеу туралы мәлімет "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      10. Елден шығару туралы шешім қабылданған шетелдіктерге Қазақстан Республикасынан шығу үшін мерзімін көрсете отырып, көші-қон карточкасы беріледі. Бұл ретте "Келу" бағанында "Елден шығару" жазбасы жазылады.

      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, шет елге тұрақты тұруға шығатын, тұруға ықтиярхатты уәкілетті мемлекеттік органға тапсырған шетелдіктер оның орнына шет елге уақтылы шығу үшін қажетті тіркелу мерзімі бар көші-қон карточкаларын алады.

      11. Келуі туралы белгілер қойылған көші-қон карточкалар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болу орны бойынша Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдікті тіркеу туралы хабарлама олардың Қазақстан Республикасында болуының барлық кезеңі ішінде шетелдіктерде сақталады және Қазақстан Республикасынан шығу кезінде ҰҚК ШҚ-ға тапсырылады.

      Осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдікті тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны визалық-көші-қон порталы арқылы алған кезде шетелдіктер болатын жері бойынша ішкі істер органдарына өтініш білдіреді.

      12. Көші-қон карточкаларын жоғалтқан немесе абайсызда бүлдіріп алған кезде шетелдіктер көші-қон карточкасын бүлдіріп немесе жоғалтып алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына өтініш білдіреді, тексерістен кейін арыз иесіне көші-қон карточкаларының көшірмесі беріледі және тіркелгені туралы белгі қойылады. Бұл ретте "Келу" бағанына көші-қон полициясы бөлінісінің визалық (паспорттық) мөрі қойылады.

      13. Қазақстан Республикасынан шығу кезінде ҰҚК ШҚ жеке басты сәйкестендіреді, ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстыра тексереді, шыққаны туралы белгі қояды, содан кейін көші-қон карточкасын алып қояды.

      Визалық-көші-қон порталы арқылы тіркеуден өткен жағдайда шетелдіктер шығу кезінде ҰҚК ШҚ-ға штрих-кодпен куәландырылған шетелдіктердің болатын жері бойынша тіркелгені туралы хабарламаны, көші-қон карточкасын және паспортын ұсынады. ҰҚК ШҚ жеке басты сәйкестендіреді, "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректер хабарлама, паспорт және көші-қон карточкасының деректерімен салыстыра тексереді және деректерде айырмашылықтар болмаған жағдайда "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне шетелдіктердің шығуы туралы мәліметті енгізеді.

      14. Шекаралық бақылаудан өту үшін өткізу пунктіне келген көші-қон карточкасы жоқ шетелдіктер өтініш білдірген және Қазақстан Республикасынан шығу кезінде ҰҚК ШҚ "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік шекарадан өткен күнін белгілейді және шекарадан өткені туралы растау бар болған және Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін және тәртібін бұзу фактісі болмаған жағдайда шекара арқылы өткізуді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің болу мерзімдері және тәртібі бұзылған жағдайда, егер кідіріс оларға байланысты емес дәлелді себептер (форс-мажорлық жағдайлар – табиғат апаттары, метереологиялық жағдайлар, науқастану, көліктің қалыпты жұмысының бұзылуы және басқалары) бойынша болса шетелдіктер көші-қон карточкаларына тиісті белгілерді қоя отырып, лауазымды адамдардың өкімі бойынша шекара арқылы өткізіледі.

      15. Шетелдіктерден алынатын көші-қон карточкалары, хабарламалар есептілік құрастырылғаннан кейін өткізу пунктінің лауазымды адамдары осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көші-қон карточкаларын жою актісіне сәйкес ай сайын 25-і күні жойылады.

  Көші-қон карточкасын беру
қағидаcына 1-қосымша

      Алдыңғы беті

      Лицевая сторона

КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫ
МИГРАЦИОННАЯ КАРТОЧКА _____№__________
MIGRATIONAL CARD

Тегі/Фамилия/Surname

Кіру

Аты/Имя/Given name


Азаматтығы/Гражданство/Nationality

Келу мақсаты/Цель въезда/Purpose of visit

Қабылдайтын тарап

Принимающая сторона

Inviting party

_____________________________________

Тіркелу мекенжайы ___________________

(облыс, қала, аудан, елді мекен, _____________________________________

көшенің атауы, үй №__, пәтер №__).

Адрес регистрации ___________________

(область, город, район, населенный пункт,

_____________________________________

наименование улицы, дом №__, квартира №__).

Home Address ________________________

(region, city, district, settlement,

_____________________________________

street, building №__, flat №__)

Бірге келетін балалар/Совместно следуют дети/Accompanying by children

Шығу

Қолы/подпись/signature


Тіркеу №____

20____ж. "___"_____ 20____ж.

"___"_____дейін

Тіркеу жасаған орган ________________

Лауазымды адамның қолы ____________

м/о


      Артқы беті

      Обратная сторона

      Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде ішкі істер органдарында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ тіркелу тиіс. Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Көші-қон карточкасы көшіп келушіде сақталады және Қазақстан Республикасынан шыққан кезде тапсырылуы тиіс.

      В течении 5 календарных дней со дня въезда в Республику Казахстан ОБЯЗАТЕЛЬНА регистрация в органах внутренних дел. Нарушение сроков пребывания в Республике Казахстан влечет административную ответственность. Миграционная карточка хранится у иммигранта и подлежит сдаче при выезде из Республики Казахстан.

      Foreign citizens have to be registered within five calendar days from the arrival to the Republic of Kazakhstan. Foreigners who broke the period of staying in the Republic of Kazakhstan incur for administrative responsibility. Foreign citizens have to keep the migrational card and return it during departure from the Republic of Kazakhstan.

      Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы " "________ дейін ұзартылды.

      Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________

      м/о

      Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы " "________ дейін ұзартылды.

      Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________

      м/о

      көші-қон карточкасының көлемі 88х125 мм

  Көші-қон карточкасын беру
қағидаcына 2-қосымша

Көші-қон карточкаларын толтыру бойынша жадынама

      1. Көші-қон карточкалары шетелдіктерге, поезд бригадаларының, әуе, теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне Қазақстан Республикасына келу кезінде шекаралық бақылау пунктіне келгенге дейін оларды толтыру үшін қажетті уақытты есептей отырып, алдын ала беріледі.

      2. Карточка түсінікті, шимайсыз және түзетулер сиямен немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырылады. Тегі мен аты қатаң түрде паспорт бойынша оны толтыру кезінде қолданылатын әліпбимен (қазақша, латынша немесе кириллица) жазылады. Араб немесе өзге кескіндеме қолданылмайды.

      3. "Сапар мақсаты" бағанына мынадай мақсаттардың бірі көрсетіледі:

      жеке – қонаққа, жеке сипаттағы басқа істер бойынша;

      қызметтік – іссапарға келген кезде, іскерлік сипаттағы басқа істер бойынша;

      жұмысқа – жасалған келісімшартқа сәйкес жұмыс үшін келген кезде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті рұқсаты болған кезде;

      оқуға – Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері үшін, сондай-ақ тағылымдамаға немесе практикаға баратын адамдар үшін;

      емделуге – Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріне емделуге келген адамдар үшін;

      туристік – туристер ретінде келетін адамдар үшін.

      4. "Қабылдайтын тарап" бағанында қабылдаушы ұйым ретінде шығатын жеке тұлғаның тегі немесе заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ ол тұратын облыс (заңды тұлғаның тіркелген орны) көрсетіледі.

      Мысалы: А.И. Сүндетов Қызылорда обл.;

      "НҰР" АҚ, Астана қаласы.

      5. "Тұратын мекенжайы" бағанында жоспарланған уақытша болатын жері көрсетіледі.

      Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Кентау қаласы, Ленин көшесі, 5-үй, 6-пәтер.

      6. "Бірге келетін балалар" бағанына шетелдіктермен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалардың саны жазбаша көрсетіледі.

      Мысалы: "үшеу".

      7. Көші-қон карточкалары шекаралық бақылау кезінде паспортпен бірге ұсынылады. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан шыққанға дейін көшіп келушілерде сақталады және ішкі істер органдарының, шекара қызметі қызметкерлерінің талап етуі бойынша ұсынылады.

      8. Ішкі істер органдарында тіркелу туралы белгіні көші-қон полициясы қызметкерлері қояды. Қазақстан Республикасында болу мерзімі күнтізбелік 5 күннен аспайтын адамдар ішкі істер органдарында паспорттарын тіркеуі міндетті емес.

  Көші-қон карточкасын беру
қағидаcына 3-қосымша
нысан



  Көші-қон карточкасын беру
қағидаcына 4-қосымша нысан



  Көші-қон карточкасын беру
қағидаcына 5-қосымша

Көші-қон карточкаларын жою
актісі

      20 __ жылғы "___" _______ ____ қаласы

      Біз __________________________________________________

      лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні

      _____________________________________________________________________

      20__жылғы "____" _______ бастап 20 __ жылғы "___" _______ дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде шетелдіктердің тапсырған саны ____ дана көші-қон карточкаларын жойдық.

      Қолдары:____________

      ____________