Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2016 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 4 желтоқсандағы
N 2013 қаулысымен    
бекітілген       

"Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың (бұдан әрі - ПБ) қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктемесі бойынша кодтары (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген, тұрмыстық және өнеркәсіптік (техникалық және арнайы) мақсаттағы ПБ, сондай-ақ мыналар техникалық реттеу объектілері болып табылады:
      1) жарық бергіш құрамдар мен бұйымдар;
      2) фото жарық бергіш (фотоқоспалар) құрамдар мен бұйымдар;
      3) жарқырайтын құрамдар мен бұйымдар;
      4) инфрақызыл (бұдан әрі - ИҚ) сәулелену құрамдары мен бұйымдары;
      5) жандырғыш құрамдар мен бұйымдар;
      6) түнгі дабыл оттарының құрамдары мен бұйымдары;
      7) түрлі-түсті дабыл оттарының құрамдары мен бұйымдары;
      8) бүркемелеу түтіндерінің құрамдары мен бұйымдары;
      9) қатты пиротехникалық отын;
      10) газсыз (бәсеңдеткіштер үшін) құрамдар мен бұйымдар;
      11) газды генерациялайтын құрамдар мен бұйымдар;
      12) тұтанғыш құрамдар мен бұйымдар;
      13) сигналды құрамдар мен бұйымдар;
      14) аэрокүл құрайтын құрамдар мен бұйымдар;
      15) ысқырғыш құрамдар мен бұйымдар;
      16) имитациялық құрамдар мен бұйымдар;
      17) мақсат көрсеткіш құрамдар мен бұйымдар;
      18) жылу құрамдары мен бұйымдары.
      3. Осы Техникалық регламенттің әрекеті жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған ПБ-ға, әскери және қорғаныс мақсаттағы ПБ-ға қолданылмайды.
      4. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, олардың меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың мүлкіне, азаматтарға, сондай-ақ қоршаған ортаға ПБ пайдалану салдарынан зиян келтіру қатерлерінің туындау себептері болып мыналар табылуы мүмкін:
      1) конструкциялардың жетілмеуі және кемшіліктері, пайдалануға берілген ПБ мен олардың компоненттеріне қатысты қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін сериялық және жаппай өндіріс өніміне сәйкес келмейтін материалды іріктеу;
      2) конструкциялардың жол берілмейтін өзгерістерімен байланысты ПБ қауіпсіздігін төмендету;
      3) қате пайдалануға байланысты ПБ жоғары қауіптіліктің туындауы;
      4) оларды сақтау және тасымалдау үдерісінде ПБ қауіпсіздігі көрсеткіштерін азайту;
      5) істен шыққан бұйымдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге байланысты ПБ жоғары қауіптіліктің туындауы;
      6) ПБ тиісінше қолданбау және пайдаланбау үдерісінде қоршаған ортаны зиянды төгінділермен ластау.
      5. ПБ қатер факторларына мыналар жатады:
      1) конструктивтік ерекшеліктер;
      2) осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес жіктелетін қауіптілік дәрежесі;
      3) қолданылатын материалдар;
      4) өрт және жарылыс қауіпсіздігі;
      5) осы Техникалық регламентке 3-қосымшада көзделген көрсеткіштер;
      6) зиянды төгінділер.
      6. Осы Техникалық регламентті қолдану мақсаты үшін ПБ-ны бірдейлендіру мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) ПБ туралы ақпараты бар ілеспе құжаттама;
      2) ПБ сыртқы түрі мен таңбасын көзбен шолу;
      3) ПБ қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сынақ жүргізу.

2. Терминдер мен анықтамалар

      7. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу және өнеркәсіп қауіпсіздігі салаларындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
      1) өндірістік (техникалық және арнайы) мақсаттағы пиротехникалық бұйымдар - олармен жұмыс істеу орындаушыларды (пайдаланушыларды) аттестаттауға және (немесе) техникалық жарақтандырудың белгілі бір шарттарын қамтамасыз етуге сәйкес келетін арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін бұйым;
      2) пиротехника - пиротехникалық құрамдар мен бұйымдарды (құралдарды) әзірлеумен және өндірумен, бұйымдардың әрекет ету тиімділіктері мен құрамдардың жану үдерістерінің заңдылығын зерделеумен айналысатын ғылым мен техника саласы;
      3) пиротехникалық бұйым - жану (жарылыс) көмегімен ондағы пиротехникалық құрамнан тұратын талап етілетін тиімділікті алуға арналған құрылғы;
      4) пиротехникалық бұйымның қауіпті аумағы - ішінде кем дегенде бір қауіпті фактор қауіптіліктің деңгейіне жететін, пиротехникалық бұйымды пайдаланатын орта кеңістігінің бөлігі;
      5) пиротехникалық бұйымның қауіпті факторы - адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге, мүлік пен қоршаған ортаға зиян келтіруге бейім фактор;
      6) пиротехникалық компонент - пайдаланудағы бұйымға одан әрі қызмет көрсету үшін құрастыру өндірісіне жеткізілетін пиротехникалық бұйым конструкциясының құрамдас бөлігі;
      7) пиротехникалық құрам - газ түріндегі және сұйық түрдегі өнімдерді құрайтын жарық және жылу энергиясының жануы кезінде бөлінетін жұқа ұсақталған қатты немесе қатты және сұйық компоненттердің механикалық қоспасы;
      8) пиротехникалық өнім - дербес қолданудағы пиротехникалық бұйымдардың, пиротехникалық элементтердің, пиротехникалық құрамдардың жинақталған белгіленуі;
      9) пиротехникалық элемент - пиротехникалық құрамы бар пиротехникалық бұйымның бөлігі;
      10) тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдар - олармен жұмыс істеу арнайы білім мен дағдыларды талап етпейтін, халыққа еркін сатылатын, ал қолдану жөніндегі қоса берілген нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып пайдалану адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйым;
      11) фейерверлік бұйым - әшекейлік оттарды, дыбыс және басқа да эффектілерді алуға арналған, сондай-ақ, фейерверк заттары мен бұйымдарын жабдықтауға арналған пиротехникалық бұйым.

3. Нарықтағы өнім айналымының шарттары

      8. ПБ егер Техникалық регламент талаптарына сәйкес болған және адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға залал келтірмеген жағдайларда нарыққа шығарылуы және сатылуы мүмкін.
      9. ПБ нарықта айналуы кезінде ілеспе құжаттамада көрсетілген толық және нақты ақпарат ұсынылады.
      ПБ қолдану бойынша оларға ілеспе құжаттама:
      1) жұмыс және апатты жағдайлар кезіндегі қауіпті факторлардың тізбесін, қауіпті аймақтардың көлемін;
      2) қауіптілік сыныбын;
      3) ПБ қауіпсіздік талаптарын (оның ішінде өрт), сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін;
      4) ПБ-ны (жарамсыз, істен шыққан немесе жарамдылық мерзімі өткен) пайдаға жаратуды;
      5) ПБ-ның конструкция ерекшеліктерінен, пайдалану және тағайындау шарттарынан туындайтын талаптар мен шектеулерді қамтиды.
      10. Өнімді таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 277 қаулысының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      11. ПБ сату орындары температура-ылғалдылық режимдерді сақтай отырып, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс, сату Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған үй-жайларда, павильондарда жүргізіледі.
      12. Ақаулары және өзге де сапасыз белгілері бар; герметикалық емес қаптамада немесе механикалық бұзылулары бар; өнім және оны қолдану туралы ақпараттың болмауы немесе толық емес көлемдегі; белгіленбеген немесе жарамдылық (сақтау) мерзімі өткен өнімдердің айналымына жол берілмейді.

4. Қауіпсіздік талаптары

      13. ПБ қауіпсіздігіне жобалау (әзірлеу), дайындау (шығару), сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану (пайдалану) және пайдаға жарату кезінде халықтың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен саулығын қорғау үшін қатерлердің деңгейін төмендету есебінен қол жеткізіледі.
      14. Жанған өнімдері адамдар мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін ПБ өрт қауіпті және (немесе) жарылыс қауіпті болады.
      15. ПБ жарамдылықтың белгіленген мерзімі ішінде шығарудың, сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың белгіленген талаптарымен негізделген сыртқы факторлардың әсер етуінен кейін қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.
      16. ПБ-мен жұмыс жүргізген кезде жақын орналасқан аудандарды, халық пен олардың мүлкін қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары қабылданады.
      17. ПБ дайындау кезінде пайдаланылатын материалдар әсер ету аймағындағы тұлғалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс, санитарлық және гигиеналық талаптарға, тиісті техникалық регламенттерге және өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
      18. ПБ конструктивтік қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мыналарға қатысты белгіленеді:
      1) қауіпті факторлар номенклатурасы мен қауіпті аймақтардың көлемдері барынша азайтылған ПБ талдамасы;
      2) іске қосу қондырғыларының конструкциялары;
      3) пайдаланушыға барлық қауіпті факторлардың әсер етуін болдырмайтын қол тәсілімен пайдалануға және қолмен жұмыс істеуге арналған бұйымдардың конструкциялары;
      4) қашықтан іске қосу бұйымдарының конструкциялары;
      5) пайдаланушы қауіпті аймақтан кету үшін қажетті уақытта іске қосудың қауіпсіздігін және қауіпті факторлардың пайда болуын кідіруін қамтамасыз ететін қолмен іске қосылатын ПБ кідірткіші;
      6) ерекшелік белгісі және оларды алу қауіпсіз болуы тиіс бастамашылық жасау жүйелерінің сақтау құрылғылары;
      7) реактивтік күштің немесе лақтырғыш құрылғының әсерімен қозғалатын қауіптіліктің І-ІІІ сыныптары ПБ адамдарды зақымдау мүмкіндігін төмендету мақсатында өткір шеттері мен қырлары болмауы тиіс;
      8) ПБ мен одан жасалған материалдар конструкцияларының тиімділігі мен кәдеге жаратудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеті;
      9) ПБ конструкциясында пайдаланылатын материалдардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келуі.

4.1. Өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      19. Технологиялық үй-жайларда ПБ ластануының алдын алу үшін әртүрлі бөгде қосылыстардың құрамдар мен бұйымдарға түсуінің алдын алатын тазалық сақталады.
      20. ПБ дайындау бойынша аса қауіпті және қауіпті операциялар осындай операцияларды қашықтан басқару жабдықтары мен құралдарын қолдана отырып, адамның қатысуынсыз үй-жайларда орындалады.
      21. Осы үй-жайлардың есіктері мен терезелері тетіктердің жұмысын ажырататын, қауіпті және аса қауіпті операцияларда тетіктердің жұмысы кезінде адамдардың болуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.
      22. Санитарлық және гигиеналық нормаларға сәйкес, жұмыс аймағы ауасында зиянды заттардың рұқсат етілген шекті деңгейін айқындау, шығарылатын ПБ түрлеріне және технологиялық үдерістерді жүргізудің ерекшеліктеріне байланысты өндірістің (дайындаудың) әрбір объектісі үшін жеке белгіленеді.
      23. Технологиялық жабдықтың үй-жайдағы жұмыс орындарының компоненттермен және құрамдармен, өрт қауіпті және жарылыс қауіпті булармен, улы және жағымсыз иісі бар газ түріндегі компоненттермен шаңдануын толық болдырмайтын орындалуы болуы тиіс.
      24. Өндірістік үй-жайларда жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беретін, тұрақты түрде жұмыс істейтін ағынды және сорғыш, жарылыс қауіпсіз вентиляция атмосфераны және кездейсоқ ұшқын пайда болудан жарылыс туындауы мүмкін булардың, газдардың және шаңдардың концентрациясын қамтамасыз етуге қабілетті болуы міндетті.
      25. Желдеткіш жабдықтар мен ағынды сулардың коммуникациясы қоршаған кеңістіктің ластануын болдырмайтын ұстағыштармен жабдықталады; желдеткіш жүйе тазарту мен жуу үшін жеңіл қолжетімді орындалады.
      26. Жабдық барлық операциялар кезінде пиротехник жұмыскердің зақымдануын болдырмайтындай өткір шеттері мен қырларынсыз орындалады.
      27. Машина белшектерінің құрамдарымен жанасатындардан дайындалған материалдар осы машиналарда өңделетін барлық компоненттерге химиялық тұрақты қолданылады.
      28. Құрамдардың орналасу аймақтарындағы жанасатын материалдардың үйлесімділігі болжамды ұшқынды, құрғақ үйкелісті, жұмыс орындарының бүлінуін және құрамдарға металл сынықтары мен басқа да материалдардың түсуін толық болдырмауы тиіс.
      29. Тетіктер мен машиналарда конструктивтік материал ретінде кез келген ағашты және ПБ жанасатын ағаш өнімдерін, теріні пайдалануға жол берілмейді.
      30. Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті қоспалар үшін тиеу және тиеп-түсіру құрылғылары қашықтан басқарумен жабдықталады.
      31. Жабдықпен жұмыс кезінде қатты шуға жол берілмейді, қатты шудың пайда болуы кезінде жабдық тоқтатылады, жұмыс тоқталады, қатты шудың себептері түзетіледі.
      32. ПБ жанасатын аппараттардың, тетіктердің, машиналардың барлық тораптары түрлі-түсті металдан дайындалады.
      33. ПБ жарылыс қауіпті операциялар үй-жай ішіндегі жарылыс барлық ғимарат бойынша зиян келтірмейтін, ал бұзылулар үй-жайдың өз ішінде жойылатындай жасалған үй-жайда жүргізіледі.
      34. Үй-жайлар мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
      1) оны ғимараттың қалған бөліктерімен бөліп тұрған үш қабырғасы және басқа кабиналар олар жарылыс кезінде құламайтындай есеппен орындалады;
      2) сыртқы қабырғаны (бұзып шығарылатын) терезе ойығы ретінде салуға рұқсат етіледі;
      3) бұзып шығарылатын қабырғаның алдына біршама қашықтықта жарылыс кезінде соғу толқыны мен жарықшақтардың бытырауына кедергі болатын бетон немесе каркасты-сеппелі қабырға орнатылады;
      4) тебе жабындысына жеңіл типтегі, жарылыс кезінде үлкен кесектер бермейтін материалдар (көбікті-немесе күлбетондар) қолданылады;
      5) өндірістік ғимараттар арасында қауіпсіз арақашықтық сақталады;
      6) ұзақ сақталғанда химиялық ыдырау нәтижесінде өзінен өзі жануға қабілетті жарылғыш заттардың тозаңы жиналатындай шұңқырларға, тегіссіздіктерге, еденнің жұмсаруларына рұқсат берілмейді;
      7) ерекше сезімтал жарылғыш заттар және олардың қоспаларымен жұмыс жүргізілетін үй-жайда тазалық сақталады;
      8) өндірістік шеберханаларда тек сулы немесе булы жылытуға рұқсат беріледі.
      35. Электр өткізгіш, электр жабдығы, электр жарықтандырғыш құрылғылар герметикалық және жарылыс қауіпсіз болып орындалады.
      36. Өрт болған жағдайда табиғи жарықтандыру үшін қызмет ететін терезе ойықтары, сыртқа ашылатын қосымша есік қызметін атқаратын жармалармен жабдықталады.
      37. Өндірістік ғимараттар найзағай түсуден қорғалады.

4.2. ПБ қолдану (пайдалану) кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

      38. ПБ қолдану кезінде олардың жұмыс істеуіне әкеп соқтыруға қабілетті өнімге қандай да бір сыртқы әсері (ашық от, электр жабдығы, табиғи факторлардың әсері болмайтын шарттар жасалуы қажет.
      39. ПБ арналуы мен құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты олардың әрекеті қауіптілік деңгейімен сипатталатын бір немесе бірнеше қауіпті факторлардың пайда болуымен жалғастырылады.
      40. ПБ қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, өздерінің мақсатына сәйкес қолданылады.
      41. Тұтынушыдағы ПБ қоздыру электр тізбектерінің (жабдықтарын) жұмыс қабілетін тексеруге және бақылауға тыйым салынады.
      42. Биіктікте әсер ететін (мысалы, зымырандар, Рим шамдары, шағын салюттер) ПБ үшін бәсеңдеу уақыты бұзып шығу зарядының жанған өнімдерін немесе құралған газ ағынының әсер етуі мүмкін шегінен тыс оператордың қауіпсіз шығуына жеткілікті болуына рұқсат беріледі.
      43. Биіктікте әсер ететін пиротехникалық элементтер жерге түскенге дейін жанып кетуі тиіс, бұл ретте көп элементті ПБ барлық пиротехникалық элементтердің іске қосылуы қамтамасыз етіледі.
      44. Тұрмыстық бағыттағы ПБ-ның әрекеті қауіпті аумақ радиусынан аспайды.
      45. ПБ жану өнімдерінде қауіпті концентраттағы зиянды заттардың бөлінуіне және болуына рұқсат берілмейді.

5. ПБ сақтау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      46. ПБ-ны арнайы қоймаларда (өндірістік және зертханалық үй-жайларда) сақтау жарылғыш заттарды сақтауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      47. Тұрғындарға еркін сатылуға арналған ПБ мынадай талаптарға сәйкес жабдықталған қоймаларда сақталады:
      1) басқа қосымша, қызметтік үй-жайлардан берік қабырғалармен, берік төбе жабындарымен және еденмен оқшауланады;
      2) мөрленетін және пломбаланатын екі ішкі құлыпқа жабылатын металл есік орнатылады;
      3) терезе ойықтарының ішкі жағына немесе жақтаулар арасына болат торлар орнатылады;
      4) бұйымдарды сақтауға арналған бөлме өртке қарсы құралдармен жабдықталады.
      48. Өндірістік ПБ (техникалық және арнайы) сақтауға арналған қоймалар тұрақты (базисті), шығысты және жылжымалы қоймалар болып бөлінеді:
      1) базистік қоймалар - бұйымдарды ұзақ сақтау үшін қызмет етеді;
      2) шығыс қоймалар - бұйымдардың ағымдағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді;
      3) жылжымалы қоймалар - бұйымдарды қысқа мерзімге сақтауға арналған.
      49) Қоймаларды толтыру нормалары:
      1) тұрақты сақтау қоймалары үшін - 200 000 кг-дан артық емес;
      2) шығыс қоймалары үшін - 5 000 кг-дан артық емес;
      3) сауда ұйымдарының (дүкендердің) қоймалық үй-жайларында - 5 000 кг-дан артық емес.
      50. Қоймаларды желдету үшін құлыппен жабылатын металл тор есіктер, ал терезелер мен желдеткіш люктерге металл торлар орнатылады.
      51. ПБ қоймалары найзағайдан қорғайтын жабдықтармен жабдықталады.
      52. ПБ тұрақты және уақытша сақтауға арналған қоймалар оларды қабылдау актісі негізінде аумақтық ішкі істер органдарында тіркеледі.
      53. Тұрақты және уақытша қоймаға паспорт жасалады, оның бір данасы қоймада сақталады.
      54. Қоймалар тұрғын үй құрылыстарынан, от-шашуды көрсететін алаңнан және адамдардың жаппай жиналуынан қауіпсіз қашықтықта орналастырылады.
      55. Қоймалардағы едендер ұшқын шығаруды болдырмайтын, жанбайтын  материалдардан жасалады.
      56. Қоймалар екі шығатын есікпен жабдықталады.
      57. Күн жаққа қарайтын терезенің шынысын күңгірт немесе ақ бояумен бояуға рұқсат беріледі.
      58. Жасанды жарықтандыру сыртта орнатылады.
      59. Қоймалар үй-жайында кезекші жарықтандыруға, газ плиталарын, электр қыздырғыш аспаптарды, штепсель розеткаларын орнатуға рұқсат берілмейді.
      60. Электрмен қоректендіруді ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс жанбайтын материалдардан жасалған қабырғада немесе жеке тұрған тіректе орналастырылады, шкафта немесе пломбалауға және құлыппен жабуға арналған құрылғылары бар қуысқа бекітіледі.
      61. ПБ-нің бірнеше түрін бір қоймада сақтаған кезде жанбайтын бөліп тұратын қалқамен бөлінеді.
      62. ПБ қоймаларындағы тиеу-түсіру жұмыстарына арналған тетіктер жарылыстан қорғалған болуына, ал іштей жанатын қозғалтқышты - пайдаланылған газдарды және ұшқын өшіргіштермен бейтараптандыруға рұқсат беріледі.
      63. Өнімнің әр түрі жеке есептеледі.
      64. Тасымалданатын жүк, соғылуы мен шайқалуы кезінде оның құлау, үйкелу, бір-біріне және көліктің ернеуіне соғылу мүмкіндігі болмайтындай бекітіледі.
      65. ПБ тасымалдау кезінде ішінара түсірілуге тиісті әр партия, қалған жүк әрі қарай жол жүру кезінде қозғалмауы үшін басқаларынан жеке бекітіледі.

6. ПБ жою қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      66. Әрі қарай пайдалануға жарамсыз ПБ:
      1) электр тұтанғыштардың жұмыс істемеуі;
      2) құрамдардың тұтанбауы;
      3) бұйымдардың толық жұмыс істемеуі;
      4) электр тұтандырғыш сымдарының үзілуі;
      5) жарамдылық мерзімінің аяқталуы;
      6) сәйкестік белгілерінің болмауы (жоғалуы);
      7) бүлінудің іздерінің табылуы себептері бойынша жойылуға тиіс.
      67. Алаңдар ретінде жарылғыш материалдарды жою үшін полигондар, ПБ элементтерінің ұшуын шектейтін табиғи қоршаулармен (жыралар, арқалықтар) шектелген жер пайдаланылады.
      68. Алаңда ПБ, материалдарды жоюмен байланысты емес тұлғалардың болуына жол берілмейді.
      69. ПБ жою кезінде қауіпті аймақ құрылыстардан және электр беру желілерінен кем дегенде 500 м қашықтықта орнатылады.
      70. Жою қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, нақты ПБ пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген әдіспен жүргізіледі.
      71. Жою үшін тасадан немесе қауіпсіз қашықтықтан тұтанатын бұйымдар арасында таспамен немесе шпагатпен бекітілген және орналастырылған өндірісті дайындалған электр тұтанғышы бар картон қабықшадағы қызу шашкасы қолданылады.
      72. Кез келген бұйым жойылғаннан кейін, алаңда қайтадан жойылуға тиіс жанбай қалған элементтердің болуы қаралады.

7. Сәйкестікті растау

      73. ПБ осы Техникалық регламент пен ПБ қолдану саласына жататын өзге де Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау міндетті түрде сертификаттау нысанында жүзеге асырылады.
      74. Сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Техникалық регламенттің қолданысқа енгізілу мерзімдері мен шарттары

      75. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамаларымен белгіленген тәртіппен үйлестірілуге тиіс.
      76. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін осы Техникалық регламентке сәйкес келтіруді, сондай-ақ олардың бейімделген енгізілуін қамтамасыз етсін.
      77. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Техникалық регламентке
1-қосымша     

Техникалық регламент қолданылатын өнім түрлерінің тізбесі

СЭҚ ТН коды

Өнімнің атауы

1

2

3604

- фейерверктер, сигналдық зымырандар, жаңбыр зымырандары, тұманға қарсы сигналдар және пиротехникалық өзге де бұйымдар:

3604 10 000

- фейерверктер

3604 90 000

- өзгелері

Техникалық регламентке
2-қосымша     

ПБ-ны әлеуетті қауіптілік сыныптары бойынша бөлу

Р/с
N

Сынып

Қауіптілік аймағының радиусы, м

Мақсаты бойынша бөлу

Бұйымдардың түрлері

1

2

3

4

5

1.

І

0,5-тен астам емес

Тұрмыстық

Бенгаль шамдары, шартылдақтар, үстел фонтандары, зырылдауықтар, көбелектер, тұрмыстық сіріңкелер

2.

ІІ

5-тен астам емес

Ұшатын фейерверктер, түтінді фейерверктік бұйымдар, шағын салюттер, концерттік фонтандар

3.

ІІІ

20-дан астам емес

Шағын Рим шамдары, үгітілетін петардалар, білтелі петардар және петардалардың байламдары, жер үсті фейерверктері, шағын фейерверктер

4.

IV

20-дан астам

Техникалық

Техникалық (кәсіби салюттер, зымырандар)

5.

V

-

Арнайы

Қауіпті факторлар мен қауіпті аймақтар техникалық шарттармен белгіленген I - IV сыныптарына кірмеген өзгелері

Техникалық регламентке
3-қосымша     

ПБ пайдалану кезіндегі болжамды қауіпті факторлар тізбесі

Р/с
N

Қауіпті фактор

Айқындайтын фактор, шама бірлігі

Қауіптілік деңгейі (аумақ мөлшері)

1

2

3

4

1.

Жану өнімдерінің жалыны немесе жоғары температуралық ағыны

Жалын мөлшері, м

Барлық жалын

2.

Конструкцияның ұшатын өрт қауіпті элементтері (жанатын таблеткалар, қыздырылған қождар, ұшқындар)

Ұшу радиусы, м

Ұшу радиусымен шектелген барлық аумақ

3.

Жылу (инфрақызыл) сәулелену

Беткі тығыздық, Вт/м2

540

4.

Жарылыс кезіндегі соққы толқыны

Қысым, МПа

0,035

5.

Жарылыс кезінде ұшатын сынықтар

Ұшу радиусы, м

Барлық алаң, ұшу радиусымен шектелген

6.

Төгіндінің бастапқы жылдамдығы есебінен немесе реактивті күштің әрекетімен қозғалатын

Кинетикалық энергия, Дж

20

7.

Акустикалық сәулелену

Дыбыс деңгейі, дБЛ:
- импульсті
- ұзақ

 
 
 
140
120

8.

Оптикалық сәулелену

Ағынның тығыздығы, Дж/м2

1*104

9.

Жану өнімдері немесе аэрозольдік жай-күйдегі диспергирлеу

Нормативтік және техникалық құжаттама бойынша айқындайды

10.

Адам мен қоршаған ортаға жану өнімдерінің ерекше әсер етуі

Нормативтік және техникалық құжаттама бойынша айқындайды