Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1286 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 278-құжат):
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан өңірлеріне жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жеміс-көкөніс өнімі бар автоколонналарды жол-патрульдік полицияның бірге алып жүруін қамтамасыз етсін;».
2. «Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 366 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 197-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесінде:
37-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қажет болған жағдайда ішкі істер департаментімен (басқармасымен), әкімшілік полиция басқармасымен, өртке қарсы бөлімшелермен және басқа да шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.».
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларында:
13-кестеде – Пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерілетін Кі, мәндері:
аталған кестеге ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлуетті құрылымдардың кезекші бөлімдерінің, жол-патрульдік полициясы бөлімшелерінің, орталықтандырылған күзет пульттерінің ұстау топтарының автомобильдері, патрульдік полицияның патрульдік автомобильдері үшін жанар-жағармай материалдары шығыстары мен автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормалары 10 %-ға ұлғайтылады.».