Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтеуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 668 Қаулысы

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.07.28 N 237-ө бұйрығымен.

      Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң тәртiбiн нақтылау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1782 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 18, 592-құжат), 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 78-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1821 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 21, 619-құжат), 2002 жылғы 23 қазандағы N 246-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2061 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 776-құжат), 2004 жылғы 1 наурыздағы N 47-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2731 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2005 жыл, N 19, 175-құжат) бұйрықтармен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiнде:

      10-тармағының екінші абзацы:
      "және төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және өз күшiн 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданады.

      Министрдің міндетін атқарушы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Статистика жөніндегі
      Агенттігі Төрағасының
      міндетін атқарушы
      2007 жылғы 6 тамыз