Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржоваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі,
1992-1993 жылдардағы борыштық міндеттемелер мен талаптарды (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) реттеу қажеттігіне сүйене отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы үкіметаралық комиссияның бірінші мәжілісінің 1999 жылғы 22 қазандағы хаттамасына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабының алдындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті мойындайды. Тараптар Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы берешек сомасын 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшерінде белгіледі.
1.
Әзірбайжан Тарабы 2008 жылғы 1 қаңтар - 2009 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі берешек сомасын өтейді.
2. Берешек сомасын өтеуге төлемдер осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес берешек сомасының 1/4 мөлшерінде тең жарты жылдық үлестермен жүргізіледі.
3. Берешек сомасын өтеуге төлемдерді жүргізу күндері тиісті жылдың 15 (он бесінші) сәуірі және 15 (он бесінші) қазаны болып белгіленді.
Әзірбайжан Тарабы берешек сомасын өтеуге бірінші төлемді 2008 жылғы 15 сәуірде жүргізуге міндеттенеді.
4. Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабымен келісім бойынша берешек сомасын мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
1. Осы Келісімнің 2-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзімде жүргізілмеген төлем, мерзімі өткен төлем болып есептеледі.
2. Мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен әр күнге жылына 360 күн есебінен жылына 4 (төрт) пайыз тіркелген ставка бойынша айыппұл пайыздары есептеледі.
3. Айыппұл пайыздарын есептеу бойынша жалпы мерзімді есептеу берешек бойынша төлем жүргізілген күннен кейінгі күннен басталады және берешекті іс жүзінде өтеген күні аяқталады.
1. Берешекті өтеуге төлемдерді, айыппұл пайыздарын есептеуді және төлеуді әзірбайжан Тарабы АҚШ долларымен осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес қазақстан Тарабының шотына жүргізеді.
2. Төлемді орындау күні осы Келісімнің 4-бабының 1-тармағына сәйкес соманың шотқа түскен күні болып есептеледі.
3. Егер осы Келісім бойынша сол немесе өзге төлем мерзімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумағында жұмыс күні болып табылмайтын күнмен сәйкес келген жағдайда, мұндай төлем келесі жұмыс күні жүргізіледі.
Осы Келісімнің ережелері Тараптардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
1. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешетін болады.
2. Егер дауды осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен реттеуге қол жеткізе алмайтын жағдайда, Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелік ережелеріне сәйкес құрылатын "ad hos" Төрелік сотына жүгіне алады.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім Тараптар өз міндеттемелерін осы Келісім бойынша толық орындаған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
200__жылы "__" ____________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде түпнұсқалық екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің де күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы 1992-1993 жылдардағы
сауда-экономикалық қатынастардың
нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік
шоттар бойынша есеп айырысуға
өтуге дейін және одан кейін)
берешекті өтеу туралы келісімге
1-қосымша
Берешек сомасы 16900000
Өтеудің басталуы 2008 жылғы 15 сәуір
Өтеудің соңғы күні 2009 жылғы 15 қазан
Төлемдер саны, барлығы 4
АҚШ долларымен
Күні |
Борыш сомасы |
Борышты өтеу |
2008 жылғы 15 сәуір |
16900000 |
4225000 |
2008 жылғы 15 қазан |
12675000 |
4225000 |
2009 жылғы 15 сәуір |
8450000 |
4225000 |
2009 жылғы 15 қазан |
4225000 |
4225000 |
ЖИЫНЫ |
|
16900000 |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы 1992-1993 жылдардағы
сауда-экономикалық қатынастардың
нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік
шоттар бойынша есеп айырысуға
өтуге дейін және одан кейін)
берешекті өтеу туралы келісімге
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына шетелдік валютадағы ақшаны аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері:
Банктің атауы: National Bank of Republic Kazakhstan
коды: NBRKKZKX
Шот нөмірі: USD 001073140
Делдал банктер
Валюта |
SWIFT коды |
Корреспондент банктің
|
Шот нөмірі |
USD 500,000.00 астам |
FRNYUS33 |
Federal Reserve Bank of New York, NY |
021087219 |
USD 500,000.00 кем |
BKTRUS33 |
Deutsche Bank Trust Company Americas New York, NY |
04098631 |