Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 628 Қаулысы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж.,  N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат, N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат):
      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;
      ассистанс - сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі;
      бақылау - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай:
      бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;
      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;
      бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын;
      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;
      бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтау мүмкіндігі;
      заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы компания осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
      капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе, бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      қайта сақтандыру - өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      қайта сақтандырушы (цедент) - өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
      мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
      ортақ сақтандыру - бірнеше сақтандыру ұйымдарымен бір мезгілде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      өздігінен ұстап қалу - жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе қайта сақтандырушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауапты болады;
      пруденциялық нормативтер - уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшін міндетті нормативтер;
      сақтандыру агенті - берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      сақтандыру брокері - сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының мүддесін білдіретін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      сақтандыру ережелері - сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлға (мемлекет, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы компания, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда);
      сақтандыру қызметінің субъектілері - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
      сақтандыру портфелі - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
      сақтандыру резервтері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері;
      сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар - өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий;
      сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын заңды тұлға;
      сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.";

      2) 19-баптың 5-тармағында "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде "Ұлттық" деген сөз "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингті және ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 44-баптың 3-тармағындағы "заңдарда көзделген тәртіппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат, 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) агент - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";
      13) тармақшадағы "онымен сауда жасауға" деген сөздер "өткізуге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) астық экспорттаушы - астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;";

      2) 4-бапта:
      1) тармақшадағы "астық сақтау" деген сөздер "астықты қабылдау,
өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу" деген сөздермен
ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті, сондай-ақ астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау;
      4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің сақталуын бақылау;
      4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау;";

      3) 5-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметке лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарын бекітеді;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарын бекітеді;";
      7-1) тармақшадағы ", сондай-ақ мемлекеттің осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртібін" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 6-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 2-2), 3-1), 3-2), 20) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау";
      "2-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      2-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы және астық нарығы мониторингі бойынша есептіліктің дұрыстығы нысанына уәкілетті орган бекіткен кесте негізінде жыл сайынғы тексеру түріндегі астықты экспортқа шығарушылардың қызметіне лицензиялық бақылау";
      "3-1) мемлекеттік органдардың ресми өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астықты экспортқа шығарушылардың қызметіне Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы нысанына тексеру;
      3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді";
      "20) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру.";
      13) тармақша алып тасталсын;

      5) 6-1-бапта:
      2) тармақшадағы "астық сақтау" деген сөздер "астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру.";

      6) 6-2-баптың 3) тармақшасындағы "беру функцияларын жүзеге
асырады." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай
мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру функцияларын жүзеге асырады.";

      7) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
 
      "4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметін мемлекеттік реттеу
 
      12-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың есептілігі
 
      1. Астықты экспортқа шығарушылар уәкілетті органға тізбесі, нысандары бойынша астық нарығы мониторингі жөніндегі және мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның келісімімен уәкілетті орган белгілейтін мерзімде есептілікті ұсынуға міндетті.
      2. Астықты экспортқа шығарушылар уәкілетті органның жазбаша сауалы бойынша астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке байланысты ақпарат беруге міндетті.
 
      12-2-бап. Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге
                асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру,
                лицензиядан айыру
 
      Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензиядан айыру  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      8) 13-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "астықты сақтау", үшінші бөлігіндегі және 3-тармақтың 2) тармақшасындағы "астық сақтау" деген сөздер "астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 17-бапта:
      бірінші абзацтағы "сақтау" және 2) тармақшадағы "астықты сақтау" деген сөздер тиісінше "қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу", "астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-бапта:
      1-тармақта "астық сақтауға" деген сөздер "астықты қабылдауға, өлшеуге, кептіруге, тазалауға, сақтауға және тиеп жіберуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында:
      "астық сақтау" деген сөздер "астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сақтауға" деген сөз "қабылдауға, өлшеуге, кептіруге, тазалауға, сақтауға және тиеп жіберуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 21-баптың 1-тармағындағы "астықты сақтау" деген сөздер
"астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 24 және 24-1-баптар алып тасталсын;

      13) 25-баптың 2-тармағында:
      "Астық сақтау" деген сөздер "Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңдарда белгіленген тәртіппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "26-бап. Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау
               және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру
               құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру,
               лицензиядан айыру
 
      Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      15) 27-бап алып тасталсын;

      16) 28-баптың 5-тармағындағы "заң актілерінде" деген сөздер
"заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
 
      "6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
 
      33-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық
                қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
 
      1. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетімен не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.
      2. Астықты экспортқа шығарушылар және астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді жүргізуге уәкілетті органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
      3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
 
      33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкілеттігі
      
      1. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына "Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік астық инспекторы" және "Мемлекеттік астық инспекторы" деген қосымша арнайы атауларды беруге құқылы.
      2. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай
функцияларды:
      1) мыналарды:
      астықтың қауіпсіздігі мен сапасын;
      астықтың мөлшерлік-сапалық, соның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін;
      астықтың сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін;
      астықты экспортқа өткізу және астық нарығы мониторингі бойынша
есептіліктің дұрыстығы жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанына уәкілетті орган бекіткен кесте негізінде жыл сайынғы жоспарлы тексеру түрінде астықты экспортқа шығарушылардың қызметін;
      мемлекеттік органдардың ресми өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы нысанасына жоспардан тыс тексеру түрінде астықты экспортқа шығарушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      2) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысуды;
      3) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуді;
      4) астық қабылдау кәсіпорынына уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар беруді;
      5) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорынын
уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін
кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберуді;
      6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын
бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспортқа шығарушылар мен
астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқама беруді;
      7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар
енгізуді жүзеге асырады.
      3. Уәкілеті органның мемлекеттік астық инспекторы астықты өсіру, сақтау және өңдеу орындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындалу туралы актіні көрсеткен кезде) кедергісіз баруға және мемлекеттік бақылау мен астық нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.".

      3. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат; 2007 ж., N 5-6, 42-құжат):
      1) 1-баптың 14) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздерден кейін "және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "баға" деген сөздің алдынан "нормативтік құқықтық базаны жетілдіру," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 16-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының
Үкіметі" деген сөздерден кейін "және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы ұлттық холдинг" деген сөздермен толықтырылсын.
       2-бап . Осы Заң, 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 17) тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті