Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 296-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов