Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 820 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 185 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесінде:
      7-тармақта "СССР-дің 60 жылдығы атындағы Маңғышлақ энергетика комбинатында" деген сөздер "Қазатомөнеркәсіп - Маңғыстау атом энергетика комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі