Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 Қаулысы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.09.18 № 149 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы  Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жеке тұлғаның шығармашылық жағдайын растайтын куәлігін берілу тәртібі бекітілсін.
      2. Өнер департаменті келесі шараларды:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М.Әлиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және ақпарат   
Министрінің м.а. 2007 жылғы
1 ақпандағы N 17 бұйрығымен
бекітілген         

Шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін
растайтын куәлікті беру
ЕРЕЖЕСІ

      1. Шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін растайтын куәлікті беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының  7-бабына сәйкес әзірленді және шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру тәртібін белгілейді.
 

      2. Шығармашылық қызметкердің мәртебесін облыстың (республикалық деңгейдегі қалалар, астана) жергілікті атқару органдары уәкілдерімен растайды (бұдан әрі - уәкілетті орган). 
 

      3. Куәлік шығармашылық одақтарда тіркелмеген кәсіби немесе әуесқой қызметі құндылықтарды жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын шығаруға немесе жоруға (аударуға) бағытталған шығармашылық кызметкерге беріледі.
 

      4. Шығармашылық тұлғаның мәртебесін растау туралы мәселені қарау үшін мәдениет саласындағы уәкілетті органға:
      өтініш ерікті түрде;
      жеке куәліктің көшірмесі;
      алған наградалары туралы және конкурсқа, фестивальге, көрмеге қатысқаны жөніндегі құжаттардың көшірмесі;
      мәдениет ұйымдарының, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдардың, шығармашылықтағы көрнекті қайраткерлердің ұсынымдары.
 

      5. Куәлік беру туралы өтінішті уәкілетті орган он жұмыс күнінде қарайды.
 

      6. Шығармашылық қызметкердің мәртебесін растау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және бұйрықпен ресімделеді.
 

      7. Уәкілетті орган шығармашылық қызметкердің мәртебесін растау ретінде осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік береді. 

                                          Шығармашылық қызметкердің
                                         мәртебесін растайтын куәлік
                                           беру ережесіне қосымша

                                               Куәлік нысаны ______________________________________________________________
                         (уәкілетті орган)

          шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын
                       N___ КУӘЛІК
____________________________________________________________________
                  (қызметкердің тегі, аты-жөні)

                              берілді

      Осы Куәлік шығармашылық қызметкердің музыка, театр, кино 
өнері, әдебиет, және драматургия саласында қоғамдық-маңызды көркем
шығармаларды конкурстарына қатысуын растайды

Уәкілетті орган ________________ _________________
                    лауазымы тегі, аты-жөні

      мөр орны

_______ қаласы  " "_________200 ж

Тіркеу N ___