Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1396 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 37-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 43-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі