Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 маусымдағы N 473 Қаулысы

      Астанада 2006 жылғы 6 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісім (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

 

 ҚАРЫЗ N 4808 КZ
      ҒЭҚ ТРАСТ-ҚОРЫНЫҢ ГРАНТЫ N ТҒ 055731

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін
көбейту жобасы)

2006 жылғы 6 қараша

       ҚАРЫЗ N 4808 КZ
      ҒЭҚ ТРАСТ-ҚОРЫНЫҢ ГРАНТЫ N ТҒ 055731

   ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      2006 жылғы 6 қарашадағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ және ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы КЕЛІСІМ.
      (А) Қарыз алушы осы Келісімге  2-қосымшада  сипатталған жобаның (Жоба) орындалатынына және басымдығына көз жеткізе келіп, Банктен Жобаны қаржыландыруға көмек көрсетуді өтінді;
      (В) осы Келісім сияқты сол күні жасалған келісімге (ҒЭҚ траст-қорының гранты туралы келісім) сәйкес Ғаламдық Экологиялық Қордың (ҒЭҚ) атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Банк ҒЭҚ траст-қорының гранты туралы келісімде көзделген шарттармен Жобаны қаржыландыруға көмек көрсету үшін Қарыз алушыға бес миллион АҚШ доллары (5 000 000) сомасында Грант (ҒЭҚ траст-қорының гранты) беруге келіседі; және
      Банк Қарыз алушыға басқа да шарттармен қатар, жоғарыда айтылғандардың негізінде осы Келісімде көзделген шарттармен Қарыз беруге келісетінін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      Осымен тараптар төмендегілер жайында уағдаласты:

  І-БАП
Жалпы шарттар; Анықтамалар

      1.01-бөлім. Төменде баяндалған өзгерістерді (Жалпы шарттарды) қоса алғанда, 1995 жылғы 30 мамырдағы Банктің»"Қарыз және бір валюталы қарыз шеңберіндегі кепілдіктер туралы келісімдерге қолданылатын жалпы шарттары" (2004 жылғы 1 мамырдағы түзетулермен) осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
      (а) Жалпы шарттардың 5.08-бөлімі мынадай редакцияда өзгертілді:
      "5.08-бөлім. Салықтық ескерту
      Қарыз туралы келісімде айтылған жағдайларды қоспағанда, Қарыз қаражаты Қарыз бойынша қаржыландыруға арналған тауарларға немесе
қызметтерге, немесе олардың импортына, оларды өндіруге, сатып алуға немесе жеткізіп беруге Қарыз алушы немесе Гарант салатын не оның аумағында салынатын салықтарды төлеу үшін шоттан алынуы мүмкін. Осындай салықтарды қаржыландыру Қарыздар қаражатын үнемді және тиімді пайдалануды талап ететін Банк саясатын орындауға байланысты. Осындай мақсатпен, егер қандай да бір сәтте Банк Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшін көзделген шығыстардың қандай да бір санатына қатысты салықтардың өндіріп алынған немесе төленуге тиіс сомасы артық мөлшерде немесе орынсыз екенін айқындаса, Банк өз саясатының дәйекті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушыны хабардар ету арқылы шығыстардың осындай көзіне қатысты қаражат алудың белгіленген немесе Қарыз туралы келісімде көрсетілген пайызын түзете алады".
      (b) Жалпы шарттардың 6.03 (с) бөлімінде»"сыбайлас жемқорлық немесе алыпсатарлық" деген сөздер»"жең ұшынан жалғасу түрткі болған сыбайлас жемқорлық, алыпсатарлық немесе мәжбүрлеу (практикасы)" деген сөздермен ауыстырылды.
      1.02-бөлім. Егер мәтін астарынан өзгеше ұғынылмаса, Жалпы шарттарда және осы Келісімге Кіріспеде айқындалған кейбір терминдер сонда бекітілген ұғымдарға сәйкес келеді, ал қосымша терминдердің мынадай мағыналары болады:
      (а)»"Орман ресурстарына қолжетімділікті шектеп басқару жүйесі" Қарыз алушы әзірлейтін және осы Келісімге  5-қосымшаның  6-тармағында көрсетілген жүйені білдіреді, онда Қолжетімділігі шектеулі жобалық учаскелер, халықтың осал санаттары және Жобалық қызметтің теріс зардаптарын барынша азайту үшін арыз-шағымдарды қарау тәртібін және олардың мониторингі мен бағалауды қоса алғанда, институционалдық шаралар сипатталады;
      (b)»"Қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспары"»қоршаған ортаға әсерді жұмсарту, Жоба шеңберіндегі мониторинг және институционалдық шаралар жөніндегі шаралар сипатталған, Қарыз алушының Мемлекеттік экологиялық сараптамасының 2005 жылғы 6 маусымда оң қорытындысын алған және осы Келісімге 5-қосымшаның 3-тармағында көрсетілген Банк үшін қолайлы жоспарды білдіреді;
      (с) "ОАШК" Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін білдіреді және оның кез келген құқығын иеленушіні немесе құқығын иеленушілерді қамтиды;
      (d)»"Қаржы мониторингі туралы есеп"»немесе»"ҚМЕ"»осы Келісімнің 4.02-бөліміне сәйкес әзірленген есептердің әрқайсысын білдіреді;
      (е)»"Жергілікті халықты тарта отырып орман шаруашылығын басқару жүйесі" ОАШК атынан Қарыз алушы мақұлдауға тиіс жүйені білдіреді, онда Жобаның А.3-бөлімінде келтірілген, осы Келісімге 5-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген жергілікті халықты тарта отырып орман шаруашылығын басқару жүйесінің басшылық принциптері мен оны іске асыру тәртібі сипатталады;
      (f)»"Жайылымдық үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарын басқару жүйесі" ОАШК атынан Қарыз алушы мақұлдауға тиіс жүйені білдіреді, онда Жобаның В.2-бөлігіне сәйкес және осы Келісімге 4-қосымшаның 8-тармағында келтірілген сексеуіл ормандарына байланысты қызмет көрсету үшін, орман пайдаланудың ұзақ мерзімді құқықтары мен дайындау ережелерін қоса алғанда, учаскелер, оларды пайдалану тәртібі, оларға басшылық жасау принциптері мен саясаты сипатталады;
      (g) "АШМ" Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлігін білдіреді және оның кез келген құқығын иеленушіні немесе құқығын иеленушілерді қамтиды;
      (һ)»"Қаржымині"»Қарыз алушының Қаржы министрлігін білдіреді және оның кез келген құқығын иеленушіні немесе құқығын иеленушілерді қамтиды;
      (і)»"ЖҮТ"»Жобаны үйлестіру тобын білдіреді, осы Келісімге 5-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген оны ОАШК атынан Қарыз алушы құруға тиіс;
      (j)»"Жобаның консультативтік комитеті" АШМ атынан Қарыз алушы құруға тиіс осы Келісімге 5-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген комитетті білдіреді;
      (k)»"Орман зиянкестерімен күрес жоспары"»Жобаны іске асыру кезінде қолданылатын пестицидтермен қауіпсіз жұмыс істеу, оларды пайдалану және жою жөніндегі жоспарды білдіреді, ол Қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі жоспардың ажырамас бөлігі болып табылады;
      (1)»"Сатып алу жоспары"»Жобаны іске асырудың бастапқы 18 айлық (немесе одан да ұзақ) кезеңдерін қамтитын және Жобаны іске асырудың содан кейінгі 18 айлық (немесе одан да ұзақ) кезеңдерін қамту үшін осы Келісімнің 3.02-бөлімінің ережелеріне сәйкес мезгіл-мезгіл қайта қаралып отыратын Алушының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі ОАШК арқылы сатып алу жоспарын білдіреді;
      (m)»"Жобаны іске асыру жоспары" немесе»"ЖІАЖ"»Банкпен келісім бойынша жоспарға кейде енгізілетін ықтимал өзгерістерді ескере отырып, жобаны іске асыру жоспарын білдіреді, оған осы Келісімге 5-қосымшаның 4-тармағында сілтеме жасалған;
      (n)»"ЖАӨ"»жобаның үш аймақтық өкілдігін білдіреді, осы Келісімге 5-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген ЖҮТ-ке әкімшілік қолдауды қамтамасыз ету үшін оларды ОАШК атынан Қарыз алушы»"Семей орманы"»мен»"Ертіс орманы" резерваттарында және Қызылорда облысында құруға тиіс;
      (о)»"Арнайы шот" осы Келісімнің 2.02 (b) бөлімінде көрсетілген шотты білдіреді.

  II БАП
Қарыз

      2.01-бөлім. Банк Қарыз алушыға осы Келісімде ескертілген немесе көрсетілген мерзімге және шарттармен отыз миллион (30 000 000) АҚШ долларына барабар соманы беруге келіседі.
      2.02-бөлім. (а) Осы Келісімге  1-қосымшаның  ережелеріне сәйкес Қарыз қаражаты Жоба үшін қажет және Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшін көзделген құны орнықты тауарлар мен жұмыстарға жұмсалған (немесе Банктің келісімімен жұмсалатын) шығындар үшін Қарыз шотынан алынуы мүмкін.
      (b) Жобаның мақсаттары үшін Қарыз алушы қаражатты қарсы талаптардан, тәркілеуден және оған тыйым салудан баламалы қорғауды қоса алғанда, Банк үшін қолайлы шарттармен коммерциялық банкіде арнайы долларлық депозит шотын ашып, жүргізе алады. Арнайы шотқа салымдар және осы шоттан төлемдер осы Келісімге  6-қосымшаның  ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
       2.03-бөлім. Қарыздың қорытынды күні 2012 жылғы 30 қараша немесе Банк айқындайтын осындай одан да кешірек күн болып табылады. Банк осындай кешірек күн туралы Қарыз алушыны дереу хабардар етеді.
       2.04-бөлім. Қарыз алушы араға уақыт салып Банк шешім қабылдап отыратын Қарыз сомасының бір пайызы (1%) мөлшерінде бір жолғы комиссиялық алым төлеуден ықтимал ішінара босатуды ескере отырып, Банкке осындай алым төлеуге міндеттенеді. Мұндай алым осы Келісім күшіне енген күннен бастап 60 күннен кешіктірмей төленуге тиіс.
      2.05-бөлім. Қарыз алушы негізгі Қарыздың араға уақыт салып алынбай қалған сомасының бір пайызының төрттен үш (1%-дың 3/4) мөлшерінде қаражат қалдырып отырғаны үшін Банкке жылдық комиссия төлеуге міндеттенеді.
      2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы Қарыздың алынған және кей кезде өтелмей қалған негізгі сомасы бойынша пайыздар есептеудің әрбір кезеңі үшін ЛИБОР-дың Базалық ставкасына қосу ЛИБОР-дың жиынтық спрэдіне тең ставкамен несиелік пайыз төлеп тұруға міндеттенеді. (b) Осы бөлімнің мақсаттары үшін: (і) "пайыздар есептеу кезеңі" осы Келісімге қол қойылған күннен бастап және сол күнді қоса отырып, бірақ содан кейінгі бірінші пайыздық төлем күнін шығара отырып, пайыздар есептеудің бастапқы кезеңін және бастапқы кезеңнен кейінгі Пайыздық төлем күнінен бастап және оны қоса отырып, бірақ содан кейінгі Пайыздық төлем күнін шығара отырып, әрбір кезеңді білдіреді".
      (іі) "Пайыздық төлем күні осы Келісімнің 2.07-бөлімінде көрсетілген күнді білдіреді.
       (ііі) Пайыздар есептеудің әрбір кезеңіне арналған "ЛИБОР базалық ставкасы" Пайыздар есептеу кезеңінің бірінші күні бағаланатын (немесе Пайыздар есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында Пайыздық төлем күніне не Пайыздар есептеудің осындай кезеңі күні, не пайыздық есептеулердің бірінші күнінің ертеңгі күні бағаланатын) Банк орынды түрде айқындайтын және жылдық төлем пайызы ретінде тұжырымдалатын бірыңғай валютамен алты айлық депозиттер бойынша Лондонның банкаралық рыногындағы ұсыныс ставкасын білдіреді.
      (іv) Әрбір пайыздар есептеу кезеңіне арналған»"ЛИБОР жиынтық спрэді"»(А) бір пайыздың төрттен үшін (1%-дың 3/4-ін); (В) Банктің өтелмеген Қарыз қаражаты немесе Банк орнықты түрде айқындайтын және жылдық төлем пайызы ретінде тұжырымдалатын бір валюталық Қарыздарды немесе Қарыздың бөліктерін қаржыландыру үшін Банк бөлген Қарыз қаражатының бөліктері жөнінде алты айлық депозиттер бойынша Лондонның банкаралық ұсыныс ставкаларынан немесе өзге мөлшерлі ставкалардан төмен (немесе жоғары) әрбір Пайыздар есептеу кезеңі үшін алу(немесе қосу) орта мөлшерлі маржаны білдіреді.
      (с) Банк пайыздар есептеудің әрбір кезеңіне айқындалатын ЛИБОР базалық ставкасы мен ЛИБОР жиынтық спрэді жайында Қарыз алушыны немесе Гарантты дереу хабардар етеді.
      (d) 2.06-бөлімде көрсетілген пайыздық ставкаларды айқындауға әсер ететін нарықтық бәсекенің өзгеруіне байланысты Банк жалпы алғанда өзінің Қарыз алушыларының және атап айтқанда Банктің мүдделері үшін Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды айқындау үшін 2.06-бөлімде көрсетілгеннен өзге базис қолдану қажет деп тапса, Банк Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды айқындау үшін базисті өзгерте алады, бұл ретте ол осындай жаңа базис жайында Қарыз алушыны кемінде алты (6) ай бұрын хабардар етеді. Жаңа базалық ставка хабардар ету кезеңі аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі, Қарыз алушы Банкті көрсетілген кезең ішінде өзінің наразылығы жайында хабардар ететін және бұл орайда көрсетілген өзгерістер Қарызға қолданылмайтын жағдайлар бұған қосылмайды. 
      2.07-бөлім. Несиелік пайыз және берешекке қатысты өзге алымдар бойынша төлемдер жарты жылдық үзіліспен әр жылдың 15 ақпанына және 15 тамызына төленуге тиіс.
      2.08-бөлім. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге  3-қосымшада  келтірілген біртіндеп өтеу кестесіне сәйкес өтейді.

  III БАП 
Жобаны орындау

      3.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Жоба міндеттеріне өзінің адалдығын мәлімдейді және осы мақсатпен Жобаны ОАШК арқылы тиісті дәрежедегі саналылықпен және тиімділікпен және тиісті әкімшілік, қаржылық, инженерлік-техникалық, коммуналдық және экологиялық практикаға сәйкес орындауға және дереу қорлар, жабдықталған үй-жайлар, қызметтер және Жоба үшін қажет басқа да ресурстар беруге міндеттенеді.
      (b) Осы Бөлімнің (а) тармағының ережелеріне қатысты шектеу қоймай және Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмеген болса, Қарыз алушы ОАШК арқылы Жобаны осы Келісімге 5-қосымшада баяндалған Іске асыру бағдарламасына сәйкес орындауға міндеттенеді.
      (с) Осы Бөлімнің (а) және (b) тармақтарының ережелеріне қатысты Қарыз алушы Жобаны іске асыру мақсаттары үшін жиырма сегіз миллион сегіз жүз мың (28 800 000) АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде сома беруге міндеттенеді, ол 4-қосымшаны қоса алғанда, осы Келісімнің ережелеріне және 3-қосымшаны қоса алғанда, ҒЭҚ траст-қорының гранты туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдаланылатын болады.
       3.02-бөлім. (а) Банкпен арада өзгеше уағдаластық орын алатын жағдайларды қоспағанда, Жоба үшін қажетті тауарлар мен жұмыстар сатып алу осы Келісімге  4-қосымшаның  ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      (b) ОАШК атынан Қарыз алушы Банк үшін қолайлы басшылыққа сәйкес Сатып алу жоспарын қайта қарайды және осындай қайта қаралған жоспарды осының алдындағы Сатып алу жоспарының күнінен бастап он екі ай ішінде мақұлдауға береді.
      3.03-бөлім. Жалпы шарттардың 9.07-бөлімінің мақсаттары үшін және оның ережелеріне шектеу қоймай ОАШК атынан Қарыз алушы:
      (а) Қорытынды күннен немесе Банк пен Қарыз алушы арасында келісілуі мүмкін осындай одан кештеу күннен кейін алты (6) айдан кешіктірмей Банк үшін қолайлы басшылық негізінде Жоба мақсаттарына дәйектілікпен қол жеткізуді қамтамасыз ететін жоспар әзірлеп, Банкке береді; және
      (b) Банкке көрсетілген жоспар бойынша Қарыз алушымен пікір алмасудың негізделген мүмкіндігін береді.

  IV БАП 
Қаржылық ережелер

      4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы есептік құжаттар мен шоттарды қоса алғанда, қаржыны басқару жүйесін енгізуге және Банк үшін бухгалтерлік есептің қолайлы стандарттарына сәйкес операциялар мен қаржылық жағдайды баламалы көрсететін қаржылық есептілікті әзірлеуге және Жобамен байланысты операцияларды, ресурстар мен шығындарды жеке тіркеп отыруға міндетті;
      (b) Қарыз алушы:
      (і) Банк үшін қолайлы дәйекті түрде қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес әрбір қаржы жылы (немесе Банкпен келісілген өзге кезең) үшін тәуелсіз аудиторлардың қаржылық есептіліктің (баланстардың, кірістер мен шығыстар туралы есептердің және Жобамен байланысты басқа да қаржылық есептердің) аудиторлық тексеруін қамтамасыз етеді;
      (iі) Банкке дайын болуына қарай, бірақ қалай болған күнде қаржы жылы (немесе Банкпен келісілген өзге кезең) аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірмей: (А) осы Бөлімнің (а) тармағында көрсетілген, тиісті жыл (немесе Банкпен келісілген өзге кезең) үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептіліктің куәландырылған көшірмелерін; және (В) жоғарыда аталған аудиторлар жасаған, Банк үшін қанағаттанарлық көлемде және егжей-тегжейлі осындай қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қорытынды береді; және
      (ііі) Банкке көрсетілген есеп құжаттарына, шоттарға және осындай қаржылық есептіліктің аудиторлық тексерулеріне, сондай-ақ жоғарыда аталған аудиторларға қатысты Банк араға уақыт салып орынды түрде сұратып тұратын кез келген басқа ақпаратты береді.
      (с) Шығыс ведомостарының негізінде Қарыз алу шотынан қаражат алынған барлық шығыстар бойынша ОАШК атынан Қарыз алушы:
       (і) Қарыз алу шотынан қаражат соңғы рет алынған қаржы жылы үшін Банк аудиторлық есеп алғаннан кейін осындай шығыстарды қуаттайтын барлық есеп құжаттамасын (келісім-шарттар, төлем тапсырмалары, шот-фактуралары, төлеуге берілетін шоттар, түбіртектер және басқа да құжаттар) кемінде бір жыл бойы сақтайды;
      (ii) Банк өкілдеріне осындай құжаттаманы тексеру мүмкіндігін береді; және
      (iii) осы Бөлімінің (b) тармағында көрсетілген әрбір қаржы жылы (немесе Банкпен келісілген басқа кезең) үшін аудит өткізгенде осындай шығыс ведомостарының тексерілуін қамтамасыз етеді.
      4.02-бөлім (а) осы Келісімге  5-қосымшаның  10 (b) тармағында ескертілген жобаны іске асыру барысы туралы есептіліктікке қатысты Қарыз алушының міндеттемелеріне шектеу қоймай ОАШК атынан Қарыз алушы Банкке нысаны мен мазмұны жөнінен қолайлы Банк үшін қолайлы қаржылық мониторинг туралы есептер дайындауға және беруге міндеттенеді, оларда:
      (і) қаражаттың іс жүзіндегі көздері мен олардың Жоба үшін пайдаланылуы Қарыз қаражаты жеке көрсетіліп, жалпы қорытындымен де, есепті кезең үшін де көрсетіледі; және осындай қаражаттың іс жүзінде және жоспарланған мөлшерде пайдаланылуының арасындағы алшақтық түсіндіріледі;
      (іі) Жобаны іске асыру барысының физикалық көрсеткіштері жалпы қорытындымен де, есепті кезең үшін де сипатталады; және Жобаны іске асырудың іс жүзіндегі және жоспарланған барысы арасындағы алшақтық түсіндіріледі; және
      (ііі) Жоба шеңберінде сатып алудың есепті кезеңнің соңындағы жай-күйі сипатталады.
      (b) Алғашқы ҚМЕ Банкке осы Келісім күшіне енген күннен кейінгі бірінші күнтізбелік тоқсан аяқталған соң 45 күннен кешіктірмей беріледі және Жоба бойынша қаражат алғаш рет жұмсалғаннан бастап және бірінші күнтізбелік тоқсанның соңымен аяқталатын кезеңді қамтиды; содан кейін кезекті күнтізбелік тоқсанды қамтитын ҚМЕ-нің әрқайсысы Банкке осындай күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күннен кешіктірмей беріледі.

  V   БАП
Банк санкциялары

      5.01-бөлім. Жалпы шарттардың 6.02-бөліміне (р) сәйкес мынадай қосымша оқиғаға ескерту жасалады: осы тармақтың (іі) тармақшасының күші сақталған жағдайда (і):
      (А) Жобаны қаржыландыру үшін Қарыз алушыға берілген кез келген гранттың немесе қарыздың қаражатын алу жөніндегі Қарыз алушының құқығы тиісті келісімнің шарттарына сәйкес уақытша тоқтатылды, жойылды немесе толық тоқтатылды, немесе
      (В) кез келген осындай қарызды өтеу және төлеу мерзімі келісілген өтеу мерзіміне дейін туды.
      (іі) Егер Қарыз алушы Банкке: (А) осындай уақытша тоқтату, жою, тоқтату немесе мерзімінен бұрын өтеу осындай келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау жөніндегі Қарыз алушының қабілетсіздігінен туындамағаны; және (В) осы Келісім бойынша Қарыз алушының міндеттемелеріне қайшы келмейтін шарттармен басқа көздерден Жоба үшін Қарыз алушының жеткілікті қаражаты бар екені жайында қанағаттанарлық куәлік берсе, осы тармақтың (і) тармақшасының ережесі қолданылмайды.

  VІ БАП
Күшіне ену күні; Қолданылуын тоқтату

      6.01-бөлім. Жалпы шарттардың 12.01-бөлімінің (с) мәтіні астарында мынадай оқиға Қарыз туралы келісімнің күшіне енуінің қосымша шарты ретінде ескертіледі, атап айтқанда, ҒЭҚ траст-қорының гранты туралы келісімге тиісті дәрежеде қол қойылды және Қарыз туралы келісімнің күшіне енуін қоспағанда, оның күшіне енуі үшін барлық шарттар немесе ол бойынша қаражат алу жөніндегі Қарыз алушының құқығы орындалды.
      6.02-бөлім. Жалпы шарттардың 12.04-бөлімінің мақсаттары үшін осы Келісімді жасаған күннен кейін жүз жиырма күн (120) мерзім белгіленеді.

  VII БАП
Қарыз алушының өкілі; заңдық мекен-жайлар

      7.01-бөлім. Жалпы шарттардың 11.03-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі ретінде айқындалады.
      7.02-бөлім. Жалпы шарттардың 11.01-бөлімінің мақсаттары үшін мынадай мекен-жайлар айқындалады:

      Қарыз алушы:
 
      Қазақстан Республикасы
      010000, Астана қаласы
      Жеңіс даңғылы, 11
      Қаржы министрлігі
 
Телеграфтық мекен-жай:       Телекс:        Факс:
 
                             264126(ҒILIN)  (7)(3172)717785
 
Банк:
      International Bank for
      Reсonstruction and Development
      1818H Street, N,W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America
 
      Телеграф:                Телекс:
 
      INTBAFRAD                248423(MCI) немесе
      Washington, D.C.         64145(MCI)

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ Тараптар өздерінің тиісті дәрежеде өкілеттік берілген өкілдері арқылы іс-әрекет жасай отырып, осы Келісімге жоғарыда көрсетілген күні және жылы қол қойды (Астана қаласында, Қазақстан Республикасы).
 
      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

                                  Уәкілетті өкіл
 
      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
      ДАМУ БАНКІ ҮШІН             Уәкілетті өкіл

  1-ҚОСЫМША 
Қарыз қаражатын алу

      1. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуға тиіс Шығыстар санаттары, әрбір Санатқа Қарыз сомасын бөлу және әрбір Санат бойынша қаржыландырылуға тиіс баптарға арналған шығыстар пайызы келтірілген:

                      Бөлінген қарыз сомасы
                               (доллармен)

Шығыстарды
Қаржыландырудың 
Барынша
Шекті пайызы

  Санаты

(1) Жобаның А және В бөлігі       18 000 000         80%
    бойынша тауарлар
 
(2) Мыналар бойынша инфрақұрылымның
    құрылысы және жөндеу жұмыстары:
 
  (а) Жобаның А бөлігі            3 800 000          80%
 
  (b) Жобаның В бөлігі             200 000           80%
 
 
(3) Мыналар бойынша орман шаруашылығы жұмыстары:
 
  (а) Жобаның А бөлігі            5 600 000          60%
 
  (b) Жобаның В бөлігі            2 400 000          60%
 
       ЖИЫНЫ:                      30 000 000

      2. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, қарыз қаражаты: (а) Осы келісімге қол қою күніне дейін жасалған шығыстар бойынша; және (b) егер Банк радиоактивтік ластануға жасалған далалық талдаулардың нәтижелерін алғаннан кейін Жобаның А Бөлігі үшін көзделген Жобалық аумақ радиоактивтік ластанудың ұлттық нормаларына сәйкес қауіпсіз болып табылатынына және ластану деңгейіне байланысты алып тастауға жатпайтынына қанағаттанбайтын болса, осы Келісімге 1-қосымшаның 1-тармағындағы кестедегі (2)(а) және 3(а) Санаттар жөніндегі шығыстар бойынша; және (с) Қарыз алушы осы Келісімнің 2.04-бөлімінде көрсетілген бір жолғы комиссиялық алымды Банкке толық төлеп болмайынша осы Қосымша кестесінің 1-тармағындағы кестеде көрсетілген кез келген Санат жөніндегі шығыстар бойынша төлемдер шотынан алынуға жатпайды.
      3. Банк Қарыз шотынан қаражат, Сатып алу жоспарында ескертілгеніндей, Банк Қарыз алушыға арнайы хабарламамен хабарлайтын шарттармен Банктің Алдын ала қарауына жатпайтын тауарлар мен жұмыстарға келісім-шарттар бойынша шығыстар үшін шығыс ведомостарының негізінде алынуын талап ете алады.

  2-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы

       Жобаның мақсаттары Ертіс өңірінің жалды ормандарына, Арал теңізінің құрғап қалған табанына және жайылым үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарына баса назар аудара отырып, орман алқаптары мен жайылымдық жерлерді экономикалық және экологиялық жағынан орнықты қалпына келтіру мен оларды басқару әдістерін әзірлеу кезінде Қарыз алушыға көмек көрсетуді көздейді.
      Ескертілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қарыз алушы мен Банк арасында араға уақыт салып келісіліп отыратын ықтимал өзгерістерді ескере отырып, Жоба мынадай бөліктерден тұрады:
А бөлігі:        Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіру  

      1. 41 000 га алқапта ормандарды молықтыру, орман тұқымы базасын құру, рентабельді орман питомниктерін құру жөніндегі қолданбалы зерттеулер және тиімді ағаш отырғызу технологияларын пайдалану (мысалы, жылыжайлар, контейнерлер, түйіршіктелген тұқымдар өндіру және себу).
      2. Өртке қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және: (і) қызметшілерді өртке қарсы ақпараттық, консультациялық қолдау және оқыту; (іі) бақылау мұнараларын жақсартуды және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету мен өртке қарсы жолақтар желісін қалпына келтіруді қоса алғанда, өрттің алдын алу және оны анықтау жүйесін жетілдіру; (ііі) жолдарды жаңартуды, өрт сөндіру станцияларын жабдықтауды және өртті тез сөндіретін өрт сөндіру машиналарымен жарақтандыруды қоса алғанда, өрттерді ауыздықтау жүйесін жетілдіру; және (іv) жасырын қызмет көрсету көлемін қысқарту мақсатында қарауылдау тиімділігін арттыру үшін автокөлік құралдарын сатып алуды қоса алғанда, орманды сирету және тазарту бағдарламасын әзірлеу; және зиянкестермен күрес жөніндегі кешенді шаралар әлеуетін дамыту арқылы орман шаруашылығын қолдаудың басқа түрлерін көрсету.
      3. Ұсақ тауарлы және фаутты сүрек өңдеу жөніндегі экологиялық орнықты кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерге талдау жасау арқылы, сондай-ақ 16 селода жергілікті халықтың қатысуымен орман шаруашылығын басқаруды пилоттық тестілеу арқылы орман шаруашылығында әріптестікті дамыту.
 
В бөлігі:       Қызылорда облысындағы фитоорманмелиорациясы

      1. Тиімді ағаш отырғызу технологияларын пайдалану және түйіршіктелген тұқымдар өндіру мен себудің үнемді әдістерін жасау арқылы Арал теңізі табанының құрғап қалған 79 000 га учаскелерінде ағаш отырғызу (44 000 га аумақта көшеттер отырғызу және мүмкіндігінше 35 000 га алқапқа түйіршіктелген тұқымдар себу) жұмыстары.
      2. Әрқайсысында малдың су көздеріне барып-келуін кеңейте отырып шамамен 200 га орманды жерлерді қалпына келтірген немесе қосымша 7500 га жуық алқапта мал жаю үшін инфрақұрылымдық қолдаудың баламалы деңгейін құрған кезде 30 көрсету учаскесінде жергілікті халықтың қатысуымен сексеуіл ормандары мен жайылымдық жерлерді басқару бағдарламасын жүргізу арқылы жайылымдық үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарын басқаруды жетілдіру.
 
С бөлігі:       Ұлттық институттық даму және Жобаны үйлестіру

      1. Саясат пен мемлекеттік шығыстарды талдауды жетілдіру, картаға түсіруді қоса алғанда, ақпараттық қамтым мен ақпараттық қолдауды жетілдіру, кадрлар әлеуетін дамыту, саяси және бюджеттік шешімдерді нығайту мақсатында ұйымдық басқаруды жетілдіру; жұртшылықпен консультациялар өткізу, түгендеу, жоспарлау, мониторинг процесін жетілдіру, қызметкерлердің білімі мен дағдыларын және ұйымдық тиімділікті арттыру.
      2. Ормандарды қорғаумен, молықтырумен және орман өсірумен, сондай-ақ ағаш өңдеумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық кіші жобалар үшін гранттар беру.
      3. Жобаны үйлестіру мен оны басқару кезінде ЖҮТ-ті қолдауды қамтамасыз ету.

      Жобаны 2012 жылғы 31 мамырға дейін аяқтау көзделуде.

  3-ҚОСЫМША
Қарызды біртіндеп өтеу кестесі

 Төлем жасау күні                    негізгі қарыз сомасының
                                       есебіне төлем жасау
                                        (АҚШ долларымен) 
      Әрбір 15 ақпанда және 15 тамызда 
 
      2011 ж. 15 тамыздан бастап 
      2023 жылғы 15 ақпанға дейін            1 250 000 

  4-ҚОСЫМША
Сатып алу

       I бөлім Жалпы ережелер
 
      А. Жоба бойынша әзірлік жұмысын жүргізу мақсатында Қарыз алушының Республикалық бюджетінен қаржыландырылатын, Қарыз алушы осы Келісім күшіне енгенге дейінгі өзгерістері мен түзетулері бар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңға  сәйкес сатып алуы мүмкін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (консультациялық қызметтерден басқа) сатып алуды қоспағанда, барлық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (консультациялық қызметтерден басқа) сатып алу 2004 жылғы мамырдағы»"ХҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша сатып алу жөніндегі басшылықтың" (Сатып алу жөніндегі басшылық) I бөлімінің ережелеріне және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
      В. Осы қосымшада бас әріптермен басылған және сатып алудың өзіне тән әдістерін немесе жекелеген келісім-шарттарды Банктің тексеру әдістерін сипаттау үшін пайдаланылатын терминдердің жағдайға байланысты Сатып алу жөніндегі басшылықта соларға бекітілген мағыналары болады.

II бөлім Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (консультациялық
           қызметтен басқа) сатып алудың өзіне тән әдістері

      А.  Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар . Егер осы Бөлімнің В Бөлігінде өзгеше көзделмесе, онда келісім-шарттар Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың негізінде беріледі. Сатып алу жөніндегі басшылықтың тендерлік ұсыныстарды бағалау кезінде отандық жеткізіп берушілер мен мердігерлер үшін жеңілдіктер көздейтін 2.55 және 2.56-тармақтарының ережелері Қарыз алушының аумағында жасалған тауарларға қолданылады.
      В.  Сатып алудың басқа әдістері
 
      1.  Ұлттық конкурстық сауда-саттықтар . Келісім-шарт үшін сметалық құны 1 000 000 АҚШ долларынан аз соманы құрайтын жұмыстар Ұлттық конкурстық сауда-саттықтар негізінде және осы қосымшаға толықтыруда айтылған қосымша ережелердің негізінде сатып алынуы мүмкін.
      2.  Шопинг (еркін саудадағы сатып алулар) . Келісім-шарт үшін сметалық құны 100 000 АҚШ долларынан аз соманы құрайтын тауарлар және келісім-шарт үшін сметалық құны 50 000 АҚШ долларына аз соманы құрайтын жұмыстар шопинг әдісімен берілген келісім-шарттар бойынша сатып алынуы мүмкін. 
      3.  Қоғамның қатысуы . Осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген, Жобаның А.3-бөлігіне сәйкес қызметті инвестициялау үшін қажет тауарлар мен жұмыстар жергілікті халықты тарта отырып, Орман ресурстарын басқару жүйесінің ережелеріне сәйкес қоғамның қатысуымен сатып алынуы мүмкін.
      4.  Тікелей сатып алулар . Банк ережелеріне сәйкес Тікелей сатып алу талаптарына сай келетін тауарлар мен жұмыстар сатып алудың осы әдісінің ережелеріне сәйкес сатып алынуы мүмкін.
      5.  Сатып алулар . Банк ережелеріне сәйкес Мақсатты сатып алу Мақсат талаптарына сай келетін жұмыстар сатып алудың осы әдісінің ережелеріне сәйкес сатып алынуы мүмкін.

       III бөлім.    Банктің сатып алулар туралы шешімдерді шолуы  
      Сатып алу жоспарында Банк алдын-ала тексеріп алуға тиіс келісім-шарттар ескертіледі. Барлық қалған келісім-шарттар Банктің кейіннен тексеруіне (факт бойынша тексеруіне) жатады.

  4-ҚОСЫМШАҒА
толықтыру

      Қарыз алушы мына ережелерді сақтаған жағдайда Жоба шеңберінде жұмыстар сатып алу үшін Ұлттық Конкурстық Сауда-саттық рәсімдерін пайдалануы мүмкін:
      А.  Мемлекеттік ұйымдардың қатысуы  
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары заң және қаржы жағынан дербес тұлғалар болып табылатынын, коммерциялық құқық шеңберінде әрекет жасап отырғанын және сатып алушы органнан тәуелсіз екенін қуаттай алатын жағдайда ғана олар сауда-саттыққа жіберілуге тиіс. Сонымен бірге сауда-саттықтың басқа қатысушыларына сияқты конкурстық ұсыныс кепілдіктерін беру және келісім-шартты орындау жөніндегі талаптар оларға да қойылады.
      В.  Тендер құжаттары  
      Сатып алушы орган ХҚДБ үшін қолайлы жұмыстарды сатып алу үшін тиісті стандартты тендер құжаттарын пайдалануға тиіс.
      С.  Тендер тапсырыстарын ашу және бағалау
      (а) Тапсырыстар тендер тапсырыстарын беру мерзімінен кейін дереу жұрт алдында ашылуға тиіс;
      (b) Тендер тапсырыстарын бағалау тендер құжаттарында көрсетілген ақшалай өлшенетін өлшемдерді қатаң түрде сақтау жағдайында жүзеге асырылуға тиіс;
      (с) Жергілікті қатысушыларға артықшылық берілмейді; және
      (d) Келісім-шарттар бағалау құны барынша аз мөлшерлі сауда-саттық талабына сай келетін тапсырыс берген сауда-саттықтың білікті қатысушысына берілуге тиіс, бұл ретте қандай да болмасын келіссөз жүргізілмеуге тиіс.
      D.  Бағаны түзету  
      Құрылыс жұмыстарына жасалған ұзақ мерзімді келісім-шарттарда (мысалы, он сегіз (18) айдан астам) бағаны түзету жөніндегі тиісті бап болуға тиіс.
      Е.  Конкурсты өтпеді деп тану  
      Конкурсты өтпеді деп тану және жаңа конкурс жариялау ХҚДБ-мен алдын-ала келісім бойынша жүзеге асырылады.
      Ғ.  Жекелеген тендер тапсырыстарын қабылдамай тастау  
      Жекелеген тендер тапсырысы: 
      (а) Сауда-саттыққа қатысушы білікті емес деп танылған;
      (b) Қатысушы сатып алушы органның тендер комиссиясы енгізген өзінің өтінішіндегі арифметикалық қатені түзетуді қабылдамаған;
      (с) Қатысушы тендер құжаттарында көрсетілген талаптарға сай келмеген жағдайларда ғана қабылданбай тасталуға тиіс.

  5-ҚОСЫМША
Бағдарламаны іске асыру

      1. Жобаны іске асыру кезеңінде ОАШК атынан Қарыз алушы біліктілігі мен техникалық тапсырмалары Банк үшін қолайлы және Жобаны тиімді түрде орындау үшін баламалы ресурстармен қамтамасыз етілген штатпен жасақталған ЖҮТ пен ЖАӨ қызметін қамтамасыз етеді.
      2. ОАШК атынан Қарыз алушы ЖҮТ: (а): (і) Жобаны басқару, үйлестіру және оның мониторингі, оның ішінде Жобаның консультативтік комитеті үшін бағалау өткізу және есептер әзірлеу; (іі) Қарыз қаражатын алуға тапсырыстар әзірлеу; (ііі) осы Келісімнің 2.02(b) бөлігінде көрсетілген Арнайы шотты басқару; (іv) тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу; (v) Жоба бойынша есеп және есепке алу құжаттамасын жүргізу және оның аудитін ұйымдастыру; және (vі) жұмыстардың жыл сайынғы жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін жауап беруін; және (vіі) бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және басқару және Жоба үшін ҚМЕ әзірлеу үшін жалпы жауапкершілікте болуын; және Жобаны орындаудың бүкіл кезеңі бойына әрбір жылдың 15 тамызына және 15 ақпанына Банкке Жобаның тиімділігін бағалау үшін мониторингтің басты көрсеткіштерінің жай-күйі туралы жарты жылдық есептер беріп тұруын қамтамасыз етеді.
      3. ОАШК атынан Қарыз алушы Банк үшін тиісті дәрежеде қанағаттанарлық Зиянкестермен күресу жоспарын қоса алғанда, Қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі жоспарды орындайды және Банкті Жоба туралы әдеттегі есептіліктің бір бөлігі ретінде немесе Банктің арнайы сұрау салуы бойынша жобаны іске асырудың жай-күйі туралы қысқаша есеппен (экологиялық мониторингтің нәтижелерін қоса алғанда) қамтамасыз етеді.
      4. ОАШК атынан Қарыз алушы ЖІАЖ-на сәйкес Жобаны орындау үшін барлық қажетті шараларды қолданады және Банк алдын-ала мақұлдамай ЖІАЖ-ның қандай да бір ережелерін аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      5. АШМ атынан Қарыз алушы осы Келісімге қол қойылған күннен бастап үш ай ішінде Жобаны іске асыру барысында стратегиялық ұсыныстар мен басшылық нұсқаулықтарды қамтамасыз ететін басты министрліктердің, Жобаның атқарушы ұйымдардың, орман шаруашылығы қызметіне қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың, жеке сектордың, халықаралық ұйымдардың және донорлардың өкілдері құрамындағы Жобаның консультативтік комитетін құрады және оны Жоба аяқталғанға дейін сақтайды.
      6. ОАШК атынан Қарыз беруші Жобаны Орман ресурстарына қолжетілімділікті шектеуді басқару жүйесінде баяндалған принциптер мен тәртіпке сәйкес орындайды және Банк алдын-ала мақұлдамай, осы Жүйенің қандай да бір ережелерін аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      7. ОАШК атынан Қарыз алушы 2007 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жергілікті халықты тартып, Банк үшін қолайлы Орман шаруашылығын басқару жүйесін бекітеді және Жобаны осы Жүйеде баяндалған принциптер мен тәртіпке сәйкес орындайды және Банк алдын-ала мақұлдамай, Жүйенің қандай да бір ережелерін аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      8. ОАШК атынан Қарыз алушы 2006 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Банк үшін қолайлы Жайылымдылық үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарын басқару жүйесін бекітеді және Жобаны осы Жүйеде баяндалған принциптер мен тәртіпке сәйкес орындайды Банк алдын-ала мақұлдамай, Жүйенің қандай да бір ережелерінен атап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      9. ОАШК атынан қарыз алушы Жобаның А бөлігіне сәйкес және осы Келісімге 1-қосымшаның 2(b) тармағында көрсетілген аумақтың радиациялық талдауының нәтижелері бойынша толық деректерді қамтитын есеп береді және есеп қосымша талдаулар мен деректердің қажеттігіне айғақ болса, онда Алушы болашақта бір немесе бірнеше осындай қосымша есептер әзірлеуге және Банкке беруге міндетті. Қандай да бір кейінгі есепте республикада берілген радиоактивті ластану нормаларының артып кеткені байқалған жағдайда Қарыз алушы ОАШК арқылы ластанған учаскелерді аралап көруді, есеп деректерін жұртшылық үшін жария етуді және орман учаскелері мен өнімдердің ластануына байланысты тәуекелдер жайында халықты хабардар ету жөнінде науқан өткізуді қоса алғанда, жағдайды реттеудің Банк үшін қанағаттанарлық және тиісті барлық шараларын қолдануға міндетті.
      10. ОАШК атынан Қарыз алушы: (а) Жобаны орындау барысында жүйелі түрде мониторинг жүргізу мен оны бағалауға және Банк үшін қолайлы көрсеткіштерге сәйкес жобалық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін саясат жүргізеді және тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді;
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес орындалатын мониторинг пен бағалау жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есеп беру күні алдындағы кезең ішінде қол жеткен нәтижелерді баяндап, сондай-ақ Жобаны тиімді түрде орындауды қамтамасыз ету және есеп беру күннен кейінгі кезеңде оның мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсынылатын шараларды баяндап, Банк үшін қолайлы Техникалық тапсырманың негізінде осындай есеп әзірлеп, оны шамамен 2009 жылғы 31 желтоқсанда Банкке береді.
      (с) Банкпен бірлесіп 2009 жылғы 30 қарашаға дейін немесе Банктің сұрау салуы бойынша одан кейінірек осы Бөлімнің (b) тармағында көрсетілген есепті қарайды және содан кейін Жобаны тиімді түрде аяқтауды және көрсетілген есептің тақырыптары мен ұсыныстары және осы мәселе бойынша Банктің пікірі негізінде оның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

  6-ҚОСЫМША
Арнайы шот

      1. Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
      (а) "заңды санаттар" термині осы Келісімге 1-қосымшадағы кестенің 1-тармағындағы (1), (2), (3) санаттарды білдіреді;
      (b) "заңды шығыстар" термині Жоба үшін қажет және Қарыз қаражатынан қаржыландыру көзделген тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге жұмсалатын шығыстарды білдіреді, олар осы Келісімге 1-қосымшаның ережелеріне сәйкес заңды санаттарға мезгіл-мезгіл бөлініп отырады; және
      (с) "Бекітілген қаржы бөлу" термині Банкпен өзге уағдаластық болмаған жағдайда Қарыз шотынан алынуға тиіс және осы Қосымшаның 3 (а) тармағына сәйкес Арнайы шотқа есептелетін 3 000 000 АҚШ долларына барабар соманы білдіреді;
      Бекітілген қаржы бөлу Қарыз шотынан алынған қаражаттың жиынтық сомасы қосу Жалпы шарттардың 5.02-бөліміне сәйкес Банк өзіне қабылдаған барлық өтелмеген арнайы міндеттемелердің жалпы сомасы 15 000 000 АҚШ долларына барабар сомаға тең болғанша немесе одан асып түспейінше 1 500 000 АҚШ доллары сомасымен шектелетін болады.
      2. Арнайы шоттан қаражат төлеу осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес заңды шығыстарға ғана жүргізіледі.
      3. Банк Арнайы шот белгіленген тәртіппен ашылғанына өзіне қолайлы айғақтар алғаннан кейін Бекітілген қаржы бөлуді алу және Арнайы шотты толықтырып отыру мақсатында қаражатты содан кейін алу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      (а) Бекітілген қаржы бөлу қаражатын алу үшін Қарыз алушы Бекітілген қаржы бөлудің жиынтық көлемінен аспайтын соманы немесе сомаларды депозитке салуға Банкке тапсырыс немесе тапсырыстар береді. Осындай тапсырыс немесе тапсырыстар негізінде Банк Қарыз алушының тапсырысына сәйкес Қарыз алушының атынан соманы немесе сомаларды Арнайы шотқа депозитке салады.
      (b) (і) Арнайы шотты толықтырып отыру үшін Қарыз алушы Банк айқындайтын кезеңділікпен Арнайы шотқа қаражат депозитіне Банкке тапсырыс береді.
      (іі) Арнайы шоттағы қаражатты толықтырып отыру үшін сұрау салынатын төлемді немесе төлемдерді жүзеге асыру үшін әрбір осындай тапсырысқа дейін немесе оны беру кезінде Қарыз алушы Банкке осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген құжаттаманы және өзге де айғақтарды ұсынады. Әрбір осындай тапсырыс негізінде Банк Қарыз алушы атынан Қарыз шотынан қаражат алып, оны негізділігі заңды шығыстарды төлеу үшін осы соманың Арнайы шоттан алынғанына айғақ болатын аталған қаржылық және басқа да құжаттармен қуатталатын Қарыз алушы сұрау салған мөлшерде Арнайы шотқа есептейді. Банктің барлық көрсетілген депозиттерді Қарыз шотынан алуы тиісті заңды санаттар шеңберінде және аталған құжаттармен және басқа да айғақтармен қуатталған тиісті барабар сомаларда жүргізіледі. 
      4. Арнайы шоттан Қарыз алушы жасаған әрбір төлем бойынша Қарыз алушы Банктің сұрау салуында көрсетілген кезең бойына Банкке осындай төлемнің заңды шығыстар үшін ғана жасалғаны жөнінде құжаттама және басқа да айғақтар береді.
      5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелеріне қарамастан Банк Арнайы шот үшін бұдан былайғы депозиттерге қатысты тапсырыстарды мынадай жағдайларда қанағаттандыруға міндетті емес:
      (а) егер қандай да бір сәтте Банк, бұл Жалпы шарттардың V бабының ережелерінде және осы Келісімнің 2.02-бөлімінің (а) тармағында көзделгеніндей, бұдан былайғы барлық қаражат алуды Қарыз алушы тікелей Қарыз шотынан жүзеге асыруға тиіс екенін анықтайды;
      (b) Қарыз алушы Қарыз туралы осы Келісімнің 4.01 (b)(іі) бөлімінде айтылған кезең ішінде Банкке шоттардың аудитіне және Арнайы шот бойынша есептілікке қатысты көрсетілген Бөлімге сәйкес Банкке берілуі тиіс аудит туралы қандай да бір есептерді Банкке берген жоқ;
      (с) қандай да бір сәтте Банк Жалпы шарттардың 6.02-бөлімінің ережелеріне сәйкес Қарыз шотынан қаражат алу жөніндегі Қарыз алушының құқығын ішінара немесе толықтай тоқтата тұру жөніндегі өзінің ниеті жайында Қарыз алушыны хабардар етеді; немесе
      (d) Заңды санаттарды қаржыландыруға бөлінген Қарыздың жалпы алынбаған сомасы Жоба үшін Жалпы шарттардың 5.02-бөліміне сәйкес Банк өзіне қабылдаған барлық өтелмеген арнайы міндеттемелердің жалпы сомасын шегеріп тастағанда Бекітілген қаржы бөлудің екі мәрте сомасына тепе-тең болатын кезде.
      Осыдан кейін заңды санаттарды қаржыландыруға бөлінген Қарыз шотынан алынбай қалған соманың қалдығын алу Қарыз алушыға арнайы хабарламада Банк ескерту жасаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан кейін қаражат алу белгілі бір мөлшерде ғана және аталған хабарлама күніне Арнайы шоттың депозитінде қалатын барлық сомалар заңды шығыстар бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатынына Банктің көзі жеткеннен кейін жүргізіледі.
      6. (а) Егер Банк қандай да бір сәтте (і) Арнайы шоттан әлдебір төлемдер осы Қосымшаның 2-тармағының ережелеріне сәйкес келмейтін шығыстарды өтеу үшін немесе сомада жасалғанын немесе (іі) Банкке берілген құжаттамамен негізделмегенін айқындаса, Қарыз алушы Банк хабарлама алғаннан кейін дереу (А) Банк сұратуы мүмкін осындай қосымша растаманы береді; немесе (В) Арнайы шотқа жеткілікті дәрежеде заңды немесе негізделген сома болып табылмайтын осындай төлем сомасына немесе оның бөлігіне тең соманы Арнайы шотқа енгізеді (немесе Банктің сұрау салуы бойынша Банкке өтейді). Егер Банк басқаға келіспесе, онда әрбір нақты жағдайда Қарыз алушы осындай растаманы бергенге дейін Банк арнайы шотқа бұдан әрі ешқандай қаражат енгізбейді немесе жоғарыда айтылған жарнаны Арнайы шотқа аудармайды немесе қаражатты өтемейді.
      (b) Егер Банк қандай да бір сәтте Арнайы шоттағы қандай да бір өтелмеген сома заңды шығыстар бойынша бұдан былайғы төлемдерді жабу үшін қажет болмайтынын айқындаса, Қарыз алушы Банктен хабарлама алғаннан кейін дереу Банкке осы өтелмеген соманы өтейді.
      (с) Қарыз алушы Банк хабарламасын алғаннан кейін Арнайы шоттың депозитіндегі қаражатты толық немесе ішінара өтей алады.
      (d) Осы Қосымшаның 6(а), (b) және(с) тармақтарына сәйкес, Банкке өтелетін қаражат Жалпы шарттарды қоса алғанда, осы Келісімнің ережелеріне орай кейіннен алу немесе есептен шығару үшін Қарыз шотына есептеледі.

      Осы аударма 2006 жылғы 6 қарашада Астана қаласында орыс тілінде жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы Вице-Министрі

ҚАРЫЗ N 4808 KZ
ҒЭҚ ТРАСТ-ҚОРЫНЫҢ ГРАНТЫ N ТҒ 055731

  Ғаламдық экологиялық қор
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕН
Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Траст-қордың гранты туралы келісім
(Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы)
2006 жылғы 6 қараша

       ҚАРЫЗ N 4808 KZ
ҒЭҚ ТРАСТ-ҚОРЫНЫҢ ГРАНТЫ N ТҒ 055731

  ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРДЫҢ ТРАСТ-ҚОРЫНЫҢ ГРАНТ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМІ

      ҒЭҚ қатысушылары болып табылатын Банктің бірқатар мүшелері ҒЭҚ Траст-Қорына берген грант қаражатына қатысты ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Алушы) мен Ғаламдық Экологиялық Қордың (ҒЭҚ) атқарушы ұйымы ретінде қатысушы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 2006 жылғы 6 қарашадағы КЕЛІСІМ.
      (А) Банктің Атқарушы директорларының 1991 жылғы 14 наурыздағы N 91-5 Қарарына сәйкес Банк ғаламдық қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тұрғыдан кінәратсыз және орнықты экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында ҒЭҚ құрғанын;
      (В) ҒЭҚ қайта ұйымдастырылғаннан кейін осындай уағдаластық Банктің Атқарушы директорларының 1994 жылғы 24 мамырдағы N 94-2 Қарарына сәйкес ұзартылғанын, ол басқалармен қатар ҒЭҚ Траст-Қорын тағайындап, Банкті ҒЭҚ Траст-Қорының қамқоршысы етіп белгілегенін (94-2 Қарар);
      (С) Алушы осы Келісімнің (Жоба) 2-қосымшасында сипатталған Жобаның орындалатынына және басымдығына көз жеткізіп, ҒЭҚ Траст-Қорына Жобаны қаржыландыруға жәрдемдесу жөнінде сұрау салғанын және осы сұрау салу 94-2 Қарар мақұлдаған Ғаламдық Экологиялық Қорды қайта ұйымдастыру және құру туралы Құжаттың ережелеріне сәйкес мақұлданғанын;
       (D)   Алушы сондай-ақ Банкке Жоба үшін қосымша қаржыландыру беруге өтініш жасағанын және Алушы мен Банк арасындағы сол күнгі келісім бойынша (Қарыз туралы келісім) Банк отыз миллион (30 000 000) АҚШ долларына барабар жиынтық сомадағы осындай көмекті (Қарыз) беретінін; НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП; және
      жоғарыда айтылғандармен қатар Банк Алушыға осы Келісімде көзделген мерзімге және шарттармен ҒЭҚ траст-қорының Грантын беруге келісетінін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      Осымен Тараптар төмендегілер жайында уағдаласады:

  1-БАП
Жалпы шарттар; Анықтамалар

      1.01-бөлім. (а) Осы Бөлімнің, (Жалпы шарттар) (b) тармағында баяндалған өзгерістерді қоса алғанда, 1995 жылғы 30 мамырдағы Банктің»"Қарыз және бір валюталы қарыз шеңберіндегі кепілдіктер туралы келісімдерге қолданылатын жалпы шарттардың" (2004 жылғы 1 мамырдағы түзетулермен) мына ережелері осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды:
      (і) I бап;
      (іі) 2.01 (2), (3), (4), (5), (6), (7), (8), (14), (15), (16), (18) аnd (21), 2.02 аnd 2.03-бөлімдері;
      (ііі) 3.01-бөлім;
      (іv) 4.01 және 4.06-бөлімдер;
      (v) V бап;
      (vі) 6.01, 6.02 (а), (с), (d), (е), (f), (і), (l), (m), (n), (о) және (р), 6.03, 6.04 және 6.06-бөлімдер;
       (vіi) 8.01 (b)-бөлім;
      (vii) 9.01 (а) және (с), 9.04, 9.05, 9.06, 9.07, 9.08 және 9.09-бөлімдер;
      (іх) 10.01, 10.03 және 10.04-бөлімдер; және
      (х) XI бап; және (хі) 12.01(с), 12.03 және 12.04-бөлімдер.
      (b) Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізіледі:
      (і) 2.01(6), 6.02(f) және 5.01-бөлімдерді қоспағанда, Жалпы шарттардың мәтіні бойынша«"Банк" термині«"Банк" сондай-ақ Банк өз сапасында бой көрсететін Банкті білдіретін 6.02-бөлімді қоспағанда, ҒЭҚ атқарушы ұйымы ролінде бой көрсететін Банкті білдіреді;
      (іі) "Алушы" термині Жалпы шарттардың мәтіні бойынша Алушыны білдіреді;
      (ііі) "Қарыз туралы келісім" Жалпы шарттардың мәтіні бойынша осы Келісімді білдіреді;
      (іv)»"Қарыз" термині Жалпы шарттардың мәтіні бойынша ҒЭҚ траст-қорының Грантын білдіреді;
      (v)»"Қарыз шоты" термині Жалпы шарттардың мәтіні бойынша ҒЭҚ траст-қорының Грант шотын білдіреді;
      (vі) Жалпы шарттардың 6.02-бөліміне мынадай мазмұндағы (о) жаңа тармақшасы қосылады:»"ҒЭҚ траст-қорының Гранты бойынша бұдан былайғы кез келген төлемдер ҒЭҚ-тан төлеу үшін қолда бар ресурстардан асып кететін төтенше жағдай орын алды.";
      (vіі) Жалпы шарттардың 6.03(с) бөлімінде»"сыбайлас жемқорлық немесе алыпсатарлық" деген сөздер "жең ұшынан жалғасу түрткі болған сыбайлас жемқорлық, алыпсатарлық немесе мәжбүрлеу (практикасы)" деген сөздермен ауыстырылды.
      1.02-бөлім. Егер мәтін астарынан өзгеше ұғынылмаса, Жалпы шарттарда және осы Келісімге Кіріспеде айқындалған кейбір терминдер сонда бекітілген ұғымдарға сәйкес келеді, ал қосымша терминдердің мынадай мағыналары болады:
      (а) "Орман ресурстарына қолжетімділікті шектеп басқару жүйесі "Алушы әзірлейтін және осы Келісімге 4-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген жүйені білдіреді, онда Қолжетімділігі шектеулі жобалық учаскелер, халықтың осал санаттары және Жобалық қызметтің теріс зардаптарын барынша азайту үшін арыз-шағымдарды қарау тәртібін және олардың мониторингі мен бағалауды қоса алғанда, институционалдық шаралар сипатталады;
      (b) "КГБ" Жобаның С.2-бөлігінің мақсаттары үшін Операциялық басшылықтың ережелеріне сәйкес Алушы ұйымдастыратын Конкурстық гранттар бағдарламасын білдіреді (төмендегі анықтаманы қараңыз);
      (с) "КГБ Өкілі" КГБ бойынша Қаражат алушы ролінде бой көрсететін Банк үшін қолайлы қаржы мекемесін білдіреді;
      (d)»"КГБ Өкілімен Келісім" араға уақыт салып ықтимал енгізіліп отыратын өзгерістерді ескере отырып осы Келісімнің 3.02 (а) бөліміне сәйкес Алушы мен КГБ Өкілі арасындағы келісімді білдіреді және мұндай термин КГБ Өкілімен арадағы Келісім бойынша барлық қосымшалар мен қосымша уағдаластықтарды қамтиды;
      (е)»"Конкурстық гранттар бағдарламасының кеңесі" немесе "КГБК" Жобаның С.2-бөлігіне сәйкес Алушы құратын және осы Келісімге 4-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген кеңесті білдіреді;
      (f)»"Қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспары" қоршаған ортаға әсерді жұмсарту, Жоба шеңберіндегі мониторинг және институционалдық шаралар жөніндегі шаралар сипатталған, Алушының 2005 жылғы 6 маусымдағы Мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысын алған және осы Келісімге 4-қосымшаның 3-тармағында көрсетілген Банк үшін қолайлы жоспарды білдіреді; 
      (g) "ОАШК" Алушының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін білдіреді және оның кез келген құқығын иеленушіні немесе құқығын иеленушілерді қамтиды;
      (һ)»"Қаржы мониторингі туралы есеп"»немесе»"ҚМЕ" осы Келісімнің 4.02-бөліміне сәйкес әзірленген есептердің әрқайсысын білдіреді;
      (і) "Грант" Операциялық басшылыққа сәйкес Грант қаражатынан Жобаның С.2-бөлігіне орай Алушы берген немесе беру үшін ұсынылған конкурстық грантты білдіреді;
      (j) "Грант туралы келісім" Гранттың Алушысы мен әрбір алушысының арасында жасалатын және осы Келісімнің 4-қосымшасының 13 (с) тармағында көрсетілген келісімді білдіреді;
      (k) "Жергілікті халықты тарта отырып орман шаруашылығын басқару жүйесі" ОАШК атынан Алушы мақұлдауға тиіс жүйені білдіреді, онда Жобаның А.3 бөлігіне сәйкес және осы Келісімге 4-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген жергілікті халықты тарта отырып, орман шаруашылығын басқару жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар, басшылық принциптері, тәртібі және саясаты сипатталады;
      (1) "Жайылымдық үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарын басқару жүйесі"»ОАШК атынан Алушы мақұлдауға тиіс жүйені білдіреді, онда Жобаның В.2-бөлігіне сәйкес және осы Келісімге 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген сексеуіл ормандарына байланысты қызмет үшін орман пайдаланудың ұзақ мерзімді құқықтары мен дайындау ережелерін қоса алғанда, учаскелер, тәртібі, басшылық принциптері мен саясаты сипатталады;
      (m) "АШМ" өзінің кез келген құқығын иеленушіні немесе құқығын иеленушілерді қоса алғанда, Алушының Ауыл шаруашылығы министрлігін білдіреді;
      (n) "Қаржымині" өзінің кез келген құқығын иеленушіні немесе құқығын иеленушілерді қоса алғанда, Алушының Қаржы министрлігін білдіреді;
      (о) "Операциялық басшылық" КГБ бойынша операциялар үшін Алушы бекітуге тиіс және осы Келісімге  3-қосымшаның  10-тармағында көрсетілген басшылықты білдіреді;
      (р) "ЖҮТ" осы Келісімге 4-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген ОАШК атынан Алушы құруға тиіс Жобаны үйлестіру тобын білдіреді;
      (q) "Орман зиянкестерімен күрес жоспары" Қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі жоспардың ажырамас бөлігі болып табылатын Кіші бағдарламаны(ларды) (төмендегі анықтаманы қараңыз) қоса алғанда, Жобаны іске асыру кезінде қолданылатын пестицидтермен қауіпсіз жұмыс істеу, оларды пайдалану және жою жөніндегі жоспарды білдіреді;
      (r) "Сатып алу жоспары" Жобаны іске асырудың бастапқы 18 айлық (немесе одан да ұзақ) кезеңдерін қамтитын және Жобаны іске асырудың содан кейінгі 18 айлық (немесе одан да ұзақ) кезеңдерін қамту үшін осы Келісімнің 3.03-бөлімнің ережелеріне сәйкес мезгіл-мезгіл қайта қаралып отыратын Алушының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі сатып алу жоспарын білдіреді;
      (s) "Жобаның консультативтік комитеті" Алушы АШМ атынан құруға тиіс осы Келісімге 4-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген комитетті білдіреді;
      (t) "Жобаны іске асыру жоспары" немесе»"ЖІАЖ" Банкпен келісім бойынша жоспарға кейде енгізілетін ықтимал өзгерістерді ескере отырып, осы Келісімге 4-қосымшаның 4-тармағында көрсетілген жобаны іске асыру жоспарын білдіреді;
      (u) "ЖАӨ" жобаның үш аймақтық өкілдігін білдіреді, осы Келісімге 4-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген ЖҮК-ке әкімшілік қолдауды қамтамасыз ету үшін оларды ОАШК атынан Алушы»"Семей орманы" мен»"Ертіс орманы" резерваттарында және Қызылорда облысында құруға тиіс;
       (v) "Арнайы шот" осы Келісімнің 2.02 (b) бөлімінде көрсетілген шотты білдіреді;
      (w)»"Кіші бағдарлама(лар)" Операциялық басшылықта баяндалған өлшемдерге және тәртіпке сәйкес КГБ шеңберінде мақұлданған және ішінара Грант қаражатынан қаржыландырылатын кіші бағдарламаны(ларды) білдіреді.

  ІІ БАП
ҒЭҚ траст-қорының Гранты

      2.01-бөлім. Банк Алушыға осы Келісімде ескертілген немесе көрсетілген шарттармен бес миллион (5 000 000) АҚШ долларына барабар ҒЭҚ траст-қорының Грантын беруге келіседі.
      2.02-бөлім. (а) ҒЭҚ траст-қорының Грантының сомасы осы Келісімге  1-қосымшаның  ережелеріне сәйкес ҒЭҚ траст-қорының Грантының Шотынан: (і) Жобаны орындау үшін қажет және ҒЭҚ траст-қорының Гранты қаражатынан қаржыландыру үшін көзделген орнықты құн бойынша сатып алынған қызметтерге Алушы жұмсаған (немесе бұған Банктің келісімімен жұмсалатын) алдағы шығындар есебіне; және(іі) Алушы төлеген (немесе бұған Банктің келісімімен төленетін) сомалар ҒЭҚ траст-қорының Гранты Шотынан қаражат алу көзделген Жобаның С.2-бөлігі бойынша Кіші жобаны іске асыру үшін қажет құны орнықты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді төлеу үшін Грантты алушы алған қаражат есебіне алынуы мүмкін.
      (b) Жобаның мақсаттары үшін Алушы қаражатты қарсы талаптардан, тәркілеуден немесе оған тыйым салудан баламалы қорғауды қоса алғанда, Банк үшін қолайлы шарттармен коммерциялық банкіде арнайы долларлық депозит шотын ашып, жүргізе алады. Арнайы шотқа салымдар және осы шоттан төлемдер осы Келісімге 6-қосымшаның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      2.03-бөлім. Жабу күні 2012 жылғы 30 қараша немесе Банк белгілейтін одан да кешірек күн болып табылады. Банк осындай кешірек күн туралы Алушыны дереу хабардар етуге міндетті.

  III БАП 
Жобаны орындау

      3.01-бөлім. (а) Алушы осы Келісімге  2-қосымшада  айтылған Жоба мақсаттарына өзінің адалдығын мәлімдейді және осы мақсатпен Жобаны ОАШК арқылы тиісті дәрежедегі саналылықпен және тиімділікпен және тиісті әкімшілік, қаржылық және экологиялық факторлар мен қоршаған ортаның жай-күйін тиісті дәрежеде орындауға және қорларды, жабдықталған үй-жайларды, қызметтерді және Жоба үшін қажет басқа да ресурстарды дереу беруге міндеттенеді.
      (b) Осы Бөлімнің (а) тармағының ережелеріне қатысты шектеу қоймай және Алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмеген болса, ОАШК атынан Алушы Жобаны осы Келісімге  4-қосымшада  баяндалған Іске асыру бағдарламасына сәйкес орындауға міндеттенеді.
      3.02-бөлім. Осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелеріне шектеу қоймай және Алушы мен Банк өзге мәселелер жайында уағдаласатын жағдайларды қоспағанда, Алушы Жобаның С.2-Бөлігінің мақсаттары үшін:
      (а) КГБ өкілімен арадағы Келісім бойынша осы Келісімнің 1-қосымшасының 1-тармағындағы кесте Санатына (4) араға уақыт салып бөлініп тұратын Грант қаражатын және тәртіпке және қолайлылық өлшемдеріне сәйкес және есептілік, сатып алу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ережелерді шектеусіз қамтуға тиіс Банк үшін қолайлы Операциялық басшылықта айтылған шарттармен іріктеп алынатын Кіші жобалар үшін Гранттар алушыларға беру мақсатымен Гранттар үшін КГБ Өкіліне Алушының республикалық бюджетінен бөлінген қаражатты беруге;
      (b) КГБ Өкілімен арадағы Келісім бойынша өзінің құқықтарын Жобада көзделген мақсаттарға қол жеткізе отырып, Алушы мен Банктің мүдделерін қорғайтындай етіп жүзеге асыруға және Банктің алдын-ала келісімінсіз КГБ Өкілімен арадағы Келісімді аттап өтпеуге, өзгертпеуге, жоймауға немесе одан бас тартпауға міндеттенеді.
      3.03-бөлім. (а) Банкпен арада басқадай уағдаластық болатын жағдайларды қоспағанда, Жобаның С.2-бөлігі бойынша Кіші жобалар үшін қажет Жобаға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Жоба үшін консультанттар іріктеу және жалдау Сатып алу жоспарында айтылған ережелердің ықтимал одан әрі жасалуын ескере отырып осы Келісімге  3-қосымшаның  ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      (b) ОАШК атынан Алушы Банк үшін қолайлы басшылыққа сәйкес Сатып алу жоспарын қайта қарайды және осындай қайта қаралған жоспарды осының алдындағы Сатып алу жоспарының күнінен бастап 12 ішінде мақұлдауға береді.
      3.04-бөлім. Жалпы шарттардың 9.07-бөлімінің мақсаттары үшін және оның ережелеріне шектеу қоймай ОАШК атынан Алушы:
      (а) Қорытынды күннен немесе Банк пен Алушы арасында келісілуі мүмкін осындай одан кештеу күннен кейін алты (6) айдан кешіктірмей Банк үшін қолайлы басшылық негізінде Жоба мақсаттарына дәйектілікпен қол жеткізуді қамтамасыз ететін жоспар әзірлеп, Банкке береді; және
      (b) Банкке көрсетілген жоспар бойынша Алушымен пікір алмасудың негізделген мүмкіндігін береді.

  IV БАП 
Қаржылық ережелер

      4.01-бөлім. (а) Алушы есептік құжаттар мен шоттарды қоса алғанда, қаржыны басқару жүйесін енгізуге және Банк үшін бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес операциялар мен қаржылық жағдайды баламалы көрсететін қаржылық есептілікті әзірлеуге Жобамен байланысты операцияларды, ресурстар мен шығындарды жеке тіркеп отыруға міндетті;
      (b) Алушы:
      (і) Банк үшін қолайлы дәйекті түрде қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес әрбір қаржы жылы (немесе Банкпен келісілген өзге кезең) үшін тәуелсіз аудиторлармен қаржылық есептіліктің (баланстардың, кірістер мен шығыстар туралы есептердің және Жобамен байланысты басқа да қаржылық есептердің) аудиторлық тексеруін қамтамасыз етеді;
      (іі) Банкке дайын болуына қарай, бірақ қалай болған күнде қаржы жылы (немесе Банкпен келісілген өзге кезең) аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірмей: (А) осы Бөлімнің (а) тармағында көрсетілген, тиісті жыл (немесе Банкпен келісілген өзге кезең) үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептіліктің куәландырылған көшірмелерін; және (В) жоғарыда аталған аудиторлар жасаған, Банк үшін қанағаттанарлық көлемде және егжей-тегжейлі осындай қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қорытынды береді; және
      (ііі) Банкке көрсетілген есеп құжаттарына, шоттарға және осындай қаржылық есептіліктің аудиторлық тексерулеріне, сондай-ақ жоғарыда аталған аудиторларға қатысты Банк араға уақыт салып орынды түрде сұратып тұратын кез келген басқа ақпаратты береді.
      (с) Шығыс ведомостарының негізінде ҒЭҚ-тың траст-қоры грантының шотынан қаражат алу жүзеге асырылған барлық шығыстар бойынша ОАШК атынан Алушы:
      (і) ҒЭҚ-тың траст-қоры грантының шотынан қаражат соңғы рет алынған қаржы жылы үшін Банк аудиторлық есеп алғаннан кейін осындай шығыстарды растайтын барлық есеп құжаттамасын (келісім-шарттар, төлем тапсырмалары, шот-фактуралары, төлеуге берілетін шоттар, түбіртектер және басқа да құжаттар) кемінде бір жыл бойы сақтайды;
      (іі) Банк өкілдеріне осындай құжаттаманы тексеру мүмкіндігін береді; және
      (ііі) осы Бөлімнің (b) тармағында көрсетілген әрбір қаржы жылы (немесе Банкпен келісілген басқа кезең) үшін аудит өткізгенде осындай шығыс ведомостарының тексерілуін қамтамасыз етеді.
      4.02-бөлім (а) осы Келісімге 5-қосымшаның 10(b) тармағында ескертілген жобаны іске асыру барысы туралы есептіліктікке қатысты Алушының міндеттемелеріне шектеу қоймай ОАШК атынан Алушы Банкке нысаны мен мазмұны жөнінен қолайлы Банк үшін қолайлы қаржылық мониторинг туралы есептер дайындауға және беруге міндеттенеді, оларда:
      (і) қаражатының іс жүзіндегі көздері мен олардың Жоба үшін пайдаланылуы Қарыз қаражаты жеке көрсетіліп, жалпы қорытындымен де, есепті кезең үшін де көрсетіледі; және осындай қаражаттың іс жүзінде және жоспарланған мөлшерде пайдаланылуының арасындағы алшақтық түсіндіріледі;
      (іі) Жобаны іске асыру барысының физикалық көрсеткіштері жалпы қорытындымен де, есепті кезең үшін де сипатталады; және Жобаны іске асырудың іс жүзіндегі және жоспарланған барысы арасындағы алшақтық түсіндіріледі; және
      (ііі) Жоба шеңберінде сатып алудың есепті кезеңнің соңындағы жай-күйі сипатталады.
      (b) Алғашқы ОФМ Банкке осы келісім Күшіне енген күннен кейінгі бірінші күнтізбелік тоқсан аяқталған соң 45 күннен кешіктірмей беріледі және Жоба бойынша қаражат алғаш рет жұмсалғаннан бастап және бірінші күнтізбелік тоқсанның соңымен аяқталатын кезеңді қамтиды; содан кейін кезекті күнтізбелік тоқсанды қамтитын ОФМ-нің әрқайсысы Банкке осындай күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күннен кешіктірмей беріледі.

  V БАП
Банк санкциялары

      5.01-бөлім. Жалпы шарттардың 6.02-бөліміне (р) сәйкес мынадай қосымша оқиғаға ескерту жасалады: осы тармақтың (іі) тармақшасының күші сақталған жағдайда (і):
      (А) Жобаны қаржыландыру үшін Алушыға берілген кез келген гранттың немесе қарыздың қаражатын алу жөніндегі Алушының құқығы тиісті келісімнің шарттарына сәйкес уақытша тоқтатылды, жойылды немесе толық тоқтатылды, немесе
      (b) кез келген осындай қарызды өтеу және төлеу мерзімі келісілген өтеу мерзіміне дейін туды.
      (іі) Егер Алушы Банкке: (А) осындай уақытша тоқтату, жою, тоқтату немесе мерзімінен бұрын өтеу осындай келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау жөніндегі Алушының қабілетсіздігінен туындамағаны; және (В) осы Келісім бойынша Алушының міндеттемелеріне қайшы келмейтін шарттармен басқа көздерден Жоба үшін Алушының жеткілікті қаражаты бар екені жайында қанағаттанарлық куәлік берсе, осы тармақтың (і) тармақшасының ережесі қолданылмайды.

  VI БАП
Күшіне ену күні; Қолданылуын тоқтату

      6.01-бөлім. Жалпы шарттардың 12.01(с) бөлімінің мәтіні астарында мынадай оқиға ҒЭҚ траст-қорының гранты туралы келісімнің күшіне енуінің қосымша шарты ретінде ескертіледі, атап айтқанда, Қарыз туралы келісімге тиісті дәрежеде қол қойылды және осы ҒЭҚ траст-қорының гранты туралы келісімнің күшіне енуін қоспағанда, оның күшіне енуі үшін барлық шарттар немесе ол бойынша қаражат алу жөніндегі Алушының құқығы орындалды.
      6.02-бөлім. Жалпы шарттардың 12.04-бөлімінің мақсаттары үшін осы Келісімді жасаған күннен кейін жүз жиырма күн (120) мерзім белгіленеді.
      6.03-бөлім. Осы Келісім ҒЭҚ траст-қоры Грантының қаражаты толық төленгенге және осы Келісім тараптары тиісті міндеттемелерді орындағанға дейін күшінде қала береді.

  VII БАП 
Алушының өкілі; Заңдық мекен-жайлары

      7.01-бөлім. Жалпы шарттардың 11.03-бөлімінің мақсаттары үшін Алушының Қаржы министрі Алушының өкілі ретінде айқындалады.
      7.02-бөлім. Жалпы шарттардың 11.01-бөлімінің мақсаттары үшін мынадай мекен-жайлар айқындалады:
 
      Алушы:
      
      Қазақстан Республикасы 
      010000, Астана қаласы
      Жеңіс даңғылы, 11
      Қаржы министрлігі

      Телеграфтық мекен-жай:     Телекс:           Факс:

                                264126 (ҒILIN)     (7) (3172) 717785
      Банк үшін:
      International Bank for
      Reconstruction and Development
      1818 H Street, N, W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America
      Телеграф:                  Телекс:
      INTBAFRAD                  248423 (МСІ) немесе 
      Washington, D.C.           64145 (МСІ)         (202) 477-6391

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ Тараптар өздерінің тиісті дәрежеде өкілеттік берілген өкілдері арқылы іс-әрекет жасай отырып, осы Келісімге жоғарыда көрсетілген күні және жылы қол қойды (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы).

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

      Уәкілетті өкіл

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ 

      Уәкілетті өкіл 

  1-қосымша 
ҒЭҚ траст-қорының қаражатын алу

      1. Төмендегі кестеде ҒЭҚ траст-қорының қаражатын қаржыландырылуға тиіс Шығыстар санаттары, әрбір Санатқа ҒЭҚ Грантының сомасын бөлу және әрбір Санат бойынша қаржыландырылуға тиіс баптарға арналған шығыстардың пайыздық үлесі келтірілген:
 
Бөлінген Грант сомасы      Шығыстардың барынша шекті %
 
Санат                     ҒЭҚ ТҚ(доллармен) қаржыландыру
                                             жұмсалған
                                            шығындардың
 
(1) Оқыту                  1 700 000            80%
(2) техникалық             200 000              35% 
қызметтер
(3) Жобаның С.1-бөлігі     500 000              80% 
бойынша қашықтықтан
көрсету картография
(4) Жобаның С.2-бөлігі
бойынша гранттар           800 000              33%
 
  Барлығы:                 5 000 000

      2. Осы Қосымшаның мақсаттары үшін мына терминдер:
      (а)»"оқыту" оқу материалдарының құнын, үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алуды, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға арналған іссапар шығындарын қоса алғанда, оқу сапарларымен және оқу курстарымен, семинарлармен және мәжілістермен байланысты Жоба бойынша шығыстарды білдіреді;
      (b)»"техникалық қызметтер" Жобамен байланысты ерекшелігі бар тапсырмалар үшін қызметтерді қамтамасыз ететін мамандарды келісім-шарт негізінде тартуға байланысты жұмсалған шығыстарды білдіреді.
      3. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелеріне қарамастан: егер Алушы КГБК құрмаса және КГБ Өкілімен Келісімге қол қойылмаса,(а) осы Келісімге қол қою күніне дейін жұмсалған шығыстар бойынша; және (b) осы Келісімге 1-қосымшаның 1-тармағындағы кестенің Санатына (4) қатысты шығыстар бойынша ешқандай қаражат төлемдер шотынан алынбауға тиіс.
      4. Банк ҒЭҚ траст-қоры Грантының Шотынан қаражат Гранттар мен оқытуға арналған келісім-шарттар және Сатып алу жоспарында айтылғанындай, Банктің алдын-ала қарауына жатпайтын қызметтердің келісім-шарттары шеңберіндегі шығыстарға арналған шығыс ведомостарының негізінде бәрі Банк Алушыны хабардар ететін шарттармен алынуын талап ете алады.
      5. Егер Банк белгілі бір сәтте ҒЭҚ траст-қоры Грантының Шотынан қандай да бір сома осы Келісімнің ережелеріне сәйкес пайдаланылмағанын анықтаса, Алушы Банктің хабарламасын алғаннан кейін жұмсалған қаражатқа барабар соманы ҒЭҚ траст-қоры Грантының Шотына депозитке салып, оған осы соманы дереу өтеуге міндетті.

  2 ҚОСЫМША 
Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаттары Ертіс өңірінің жалды ормандарына, Арал теңізінің құрғап қалған табанына және жайылым үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарына баса назар аудара отырып, орман алқаптары мен жайылымдық жерлерді экономикалық және экологиялық жағынан орнықты қалпына келтіру мен оларды басқару әдістерін әзірлеу кезінде Алушыға көмек көрсетуді көздейді.
      Ескертілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Алушы мен Банк арасында араға уақыт салып келісіліп отыратын ықтимал өзгерістерді ескере отырып, Жоба мынадай бөліктерден тұрады:

       А бөлігі: Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіру

      1. 41 000 га алқапта ормандарды молықтыру, орман тұқымы базасын құру, рентабельді орман питомниктерін құру жөніндегі қолданбалы зерттеулер және тиімді ағаш отырғызу технологияларын пайдалану (мысалы, теплицалар, контейнерлер, түйіршіктелген тұқымдар өндіру және себу).
      2. Өртке қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және: (і) қызметкерлерді өртке қарсы ақпараттық, консультациялық қолдау және оқыту; (іі) бақылау мұнараларын жақсарту және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және өртке қарсы жолақтар желісін қалпына келтіру; (ііі) жолдарды жаңартуды, өрт сөндіру станцияларын жабдықтауды қоса алғанда, өрттерді ауыздықтау жүйесін жетілдіру және өртті тез сөндіретін өрт сөндіру машиналарымен жарақтандыру; және (іv) астыртын қызмет көлемін қысқарту мақсатында қарауылдау тиімділігін арттыру үшін автокөлік құралдарын сатып алуды қоса алғанда, орманды сирету және тазарту бағдарламасын әзірлеу және зиянкестермен күрес жөніндегі кешенді шаралар әлеуетін дамыту арқылы орман шаруашылығын қолдаудың басқа түрлерін көрсету.
      3. Ұсақ тауарлы және фаутты сүрек өңдеу жөніндегі экологиялық орнықты кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерге талдау жасау арқылы, сондай-ақ 16 селода жергілікті халықтың қатысуымен орман шаруашылығын басқаруды пилоттық тестілеу арқылы орман шаруашылығында әріптестікті дамыту.

       В бөлігі: Қызылорда облысындағы фитоорманмелиорациясы

      1. Тиімді ағаш отырғызу технологияларын және түйіршіктелген тұқымдар өндіру мен себудің үнемді әдістерін жасауды пайдаланып Арал теңізі табанының құрғап қалған 79 000 га учаскелерінде (44 000 га аумақта көшеттер отырғызу және мүмкіндігінше 35 000 га алқапқа түйіршіктелген тұқымдар себу) ағаш отырғызу жұмыстары.
      2. Малдың су көздеріне барып-келуін кеңейтіп немесе қосымша 7500 га жуық алқапта мал жаю үшін инфрақұрылымдық қолдаудың баламалы деңгейін құрып, 30 көрсету учаскесінің әрқайсысында шамамен 200 га орманды жерлерді қалпына келтірген жағдайда осы учаскелерде жергілікті халықтың қатысуымен сексеуіл ормандары мен жайылымдық жерлерді басқару бағдарламасын жүргізу арқылы жайылымдық үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарын басқаруды жетілдіру.

       С бөлігі : Ұ лттық институционалдық даму және Жобаны үйлестіру

      1. Саясат пен мемлекеттік шығыстарды талдауды жетілдіру, картаға түсіруді қоса алғанда, ақпараттық қамтамасыз ету мен ақпараттық қолдауды жетілдіру, кадрлар әлеуетін дамыту, саяси және бюджеттік шешімдерді нығайту мақсатында ұйымдық басқаруды жетілдіру; жұртшылықпен консультациялар өткізу, түгелдеу, жоспарлау, мониторинг процесін жетілдіру, қызметкерлердің білімі мен дағдыларын және ұйымдық тиімділікті арттыру.
      2. Ормандарды қорғаумен, молықтырумен және орман өсірумен, сондай-ақ ағаш өңдеуге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық кіші жобалар үшін гранттар беру.
      3. Жобаны үйлестіру мен оны басқару кезінде ЖҮТ-ті қолдауды қамтамасыз ету.

      Жобаны 2012 жылғы 31 мамырға дейін аяқтау көзделуде.

  3 ҚОСЫМША
Сатып алу

       I бөлім.      Жалпы ережелер

      А. Барлық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (консультациялық қызметтен басқа) сатып алу 2004 жылғы мамырдағы "ХҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша сатып алу жөніндегі басшылықтың" (бұдан әрі - Сатып алу жөніндегі басшылық) I бөлімінің ережелеріне және осы қосымшаның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      В. Осы Келісім күшіне енгенге дейін енгізілген өзгерістерімен 2002 жылғы 16 мамырдағы»"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қарыз алушының  Заңына  сәйкес сатып алынуы мүмкін Қарыз алушының Республикалық бюджетінен қаржыландырылатын Жоба үшін әзірлік жұмысын орындайтын жергілікті консультанттардың қызметін, сондай-ақ радиациялық талдау жөніндегі қызметтерді қоспағанда, барлық консультациялық қызметтерді сатып алу 2004 жылғы мамырдағы "Дүниежүзілік Банктің қарыз алушыларының консультанттарын іріктеу және жалдау жөніндегі басшылықтың"»I және IV бөлімдерінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      С. Осы қосымшада бас әріптермен басылған және сатып алудың өзіне тән әдістерін немесе жекелеген келісім-шарттарды Банктің тексеру әдістерін сипаттау үшін пайдаланылатын терминдердің жағдайға байланысты Сатып алу жөніндегі басшылықта немесе Консультанттар туралы басшылықта соларға бекітілген мағыналары болады.

       II бөлім .   Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (консультациялық қызметтен басқа) сатып алудың өзіне тән әдістері

      А.  Сатып алудың өзге әдістері

      1.  Қоғамның қатысуы.  Осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген Жобаның С.2-бөлігіне үшін қажет тауарлар, жұмыстар мен қызметтер Операциялық басшылықтың ережелеріне сәйкес қоғамның қатысуы негізінде сатып алынуы мүмкін.

       III бөлім Консультациялық қызметтерді сатып алудың өзіне тән әдістері

      А.  Сапасы мен құны бойынша іріктеу.  Егер осы Бөлімнің В бөлігі басқаны көздемесе, консультанттардың қызметтері сапа мен құнды бағалау негізінде іріктеу әдісі бойынша берілген келісім-шарттар бойынша сатып алынады. Консультанттар туралы басшылықтың 2.7-тармағының мақсаттары үшін бағалау құны келісім-шарт үшін кемінде 100 000 АҚШ долларын құрайтын қызметтерге арналған консультанттардың қысқа тізімі түгелдей жергілікті консультанттардан тұруы мүмкін.
      В.  Басқа әдістер
      1.  Ең төмен бағасы бойынша іріктеу.  Банктің келісімімен Консультанттар туралы басшылықтың 3.6-тармағының талаптарына сай келетін тапсырмаларды орындау үшін қызметтер Консультанттар туралы басшылықтың 3.1 және 3.6-тармақтарының ережелеріне сәйкес ең төмен баға бойынша іріктеу әдісімен берілген  келісім-шарттар бойынша сатып алынуы мүмкін.
      2.  Консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу.  Бағалау құны келісім-шарт үшін кемінде 200 000 АҚШ долларын құрайтын қызметтер консультанттар туралы басшылықтың 3.1, 3.7 және 3.8-тармақтарының ережелеріне сәйкес берілген келісім-шарттар бойынша сатып алынуы мүмкін.
       3. Бір көзден іріктеу.  Консультанттар туралы басшылықтың 3.10-тармағының талаптарына сай келетін жағдайларда Бір көзден іріктеу жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін қызметтер Банктің алдын-ала келісімі болса, Консультанттар туралы басшылықтың 3.9-3.13-тармақтарының ережелеріне сәйкес сатып алынуы мүмкін.
       4. Жеке консультанттар.  Консультанттар туралы басшылықтың 5.1-тармағының бірінші сөйлемінде айтылған талаптарға сай келетін тапсырмалар үшін қызметтер Консультанттар туралы басшылықтың 5.2-5.3-тармақтарының ережелеріне сәйкес жеке консультанттарға берілген келісім-шарттар бойынша сатып алынуы мүмкін. Консультанттар туралы басшылықтың 5.4-тармағында ескертілген жағдайларда мұндай келісім-шарттар жеке консультанттарға Банктің алдын-ала келісімі болса, конкурстан тыс іріктеу әдісі бойынша берілуі мүмкін.

       IV бөлім. Сатып алу жөніндегі шешімдерге Банктің шолу жасауы

      Сатып алу жоспарында Банк алдын-ала қарауына жататын келісім-шарттар көрсетілуге тиіс. Барлық қалған келісім-шарттарды Банк олар орындалғаннан кейін қарауға тиіс (факт бойынша тексеру)

  4-ҚОСЫМША
Бағдарламаны іске асыру

      1. Жобаны іске асыру кезеңінде ОАШК атынан Алушы біліктілігі
мен техникалық тапсырмалары Банк үшін қолайлы және Жобаны тиімді түрде орындау үшін баламалы ресурстармен қамтамасыз етілген штатпен жасақталған ЖҮТ пен ЖАӨ қызметін қамтамасыз етеді.
      2. ОАШК атынан Алушы ЖҮТ: (а):(і) Жобаны басқару, үйлестіру және оның мониторингі, соның ішінде Жобаның консультативтік комитеті үшін бағалау өткізу және есептер әзірлеу; (іі) Қарыз қаражатын алуға тапсырымдар әзірлеу; (ііі) осы Келісімнің 2.02 (b) бөлігінде көрсетілген Арнайы шотты басқару; (іv) тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу; (v) Жоба бойынша есеп және есепке алу құжаттамасын жүргізу және оның аудитін ұйымдастыру; және (vі) жұмыстардың жыл сайынғы жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін жауап беруін; (vіі) бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және басқару және Жоба үшін ҚМЕ әзірлеу үшін жалпы жауапкершілікте болуын; және Жобаны орындаудың бүкіл кезеңі бойына әрбір жылдың 15 тамызына және 15 ақпанына Банкке Жобаның тиімділігін бағалау үшін мониторингтің басты көрсеткіштерінің жай-күйі туралы жарты жылдық есептер беріп тұруын қамтамасыз етеді.
      3. ОАШК атынан Алушы Банк үшін тиісті дәрежеде қанағаттанарлық Зиянкестермен күресу жоспарын қоса алғанда, Қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі жоспарды орындайды және Банкті Жоба туралы әдеттегі есептіліктің бір бөлігі ретінде немесе Банктің арнайы сұрау салуы бойынша жобаны іске асырудың жай-күйі туралы қысқаша есеппен (экологиялық мониторингтің нәтижелерін қоса алғанда) қамтамасыз етеді.
      4. ОАШК атынан Алушы ЖІАЖ-на сәйкес Жобаны орындау үшін барлық қажетті шараларды орындайды және Банк алдын-ала мақұлдамай ЖІАЖ-ның қандай да бір ережелерінен аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      5. АШМ атынан Алушы осы Келісімге қол қойылған күннен бастап
үш ай ішінде Жобаны іске асыру барысында стратегиялық ұсыныстар мен басшылық нұсқаулықтарды қамтамасыз ететін басты министрліктердің, Жобаның атқарушы ұйымдарының, орман шаруашылығы қызметіне қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың, жеке сектордың, халықаралық ұйымдардың және донорлардың өкілдері құрамындағы Жобаның консультативтік комитетін құрады және оны Жоба аяқталғанға дейін сақтайды.
      6. ОАШК атынан Алушы Жобаны Орман ресурстарына қол жетімділікті шектеуді басқару жүйесінде баяндалған принциптер мен тәртіпке сәйкес орындайды және Банк алдын-ала мақұлдамай осы Жүйенің қандай да бір ережелерінен аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      7. ОАШК атынан Алушы 2007 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жергілікті халықты тартып, Банк үшін қолайлы Орман шаруашылығын басқару жүйесін мақұлдайды және Жобаны осы Жүйеде баяндалған принциптер мен тәртіпке сәйкес орындайды және Банк алдын-ала мақұлдамай Жүйенің қандай да бір ережелерінен аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      8. ОАШК атынан Алушы 2006 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Банк үшін қолайлы Жайылымдық үшін пайдаланылатын сексеуіл ормандарын басқару жүйесін бекітеді және Жобаны осы Жүйеде баяндалған принциптер мен тәртіпке сәйкес орындайды және Банк алдын-ала мақұлдамай Жүйенің қандай да бір ережелерінен аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, жоймауға немесе бас тартпауға міндеттенеді.
      9. ОАШК атынан Алушы Банк үшін қолайлы техникалық тапсырманы КГБК Жобасы аяқталғанға дейін сақтайды.
      10. ОАШК атынан Алушы 2006 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Жобаны іске асырудың өн бойында Банк үшін қолайлы нысанда және мазмұнда сақтайтын Операциялық басшылықты бекітеді және Банктің алдын-ала мақұлдауынсыз Операциялық басшылықты аттап өтпеуге, өзгерістер енгізбеуге, оның қандай да бір ережелерін жоймауға немесе одан бас тартпауға міндеттенеді. Операциялық басшылық басқалармен қатар мынадай аспектілерді қамтуға тиіс: (а) Кіші жобалардың қолайлылық өлшемдері; (b) Кіші жобаларды мақұлдау принциптері мен тәртібі; және (с) Кіші жобаны іске асыру барысының мониторингі үшін пайдаланылатын көрсеткіштер.
      11. Алушы Жобаның А бөлігіне сәйкес және осы Келісімнің 1-қосымшасының 2(b) тармағында көрсетілген аумақтың радиоактивті ластануына сынаманың нәтижелері бойынша толық деректерді қамтитын есеп береді және есеп қосымша талдаулар мен деректердің қажеттігіне айғақ болса, онда Алушы болашақта бір немесе бірнеше осындай қосымша есептер әзірлеуге және Банкке беруге міндетті. Қандай да бір кейінгі есепте республикада белгіленген радиоактивтік ластану нормаларының артып кеткені байқалған жағдайда ОАШК атынан Алушы ластанған учаскелерді аралап көруді, есеп деректерін жұртшылық үшін жария етуді және орман учаскелері мен өнімдердің ластануына байланысты тәуекелдер жайында халықты хабардар ету жөнінде науқан өткізуді қоса алғанда, жағдайды реттеудің Банк үшін қанағаттанарлық және тиісті барлық шараларын қолдануға міндеттенеді.
      12. ОАШК атынан Алушы:
      (а) Жобаны орындау барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізу мен оны бағалауға және Банк үшін қолайлы көрсеткіштерге сәйкес жобалық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін саясат жүргізеді және тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді;
      (b) осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес орындалатын мониторинг пен бағалау жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есеп беру күні алдындағы кезең ішінде қол жеткен нәтижелерді баяндап, сондай-ақ Жобаны тиімді түрде орындауды қамтамасыз ету және есеп беру күнінен кейінгі кезеңде оның мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсынылатын шараларды баяндап, Банк үшін қолайлы Техникалық тапсырманың негізінде осындай есеп әзірлеп, оны шамамен 2009 жылғы 31 желтоқсанда Банкке береді;
      (с) Банкпен бірлесіп 2009 жылғы 30 қарашаға дейін немесе Банктің сұрау салуы бойынша одан кейінірек осы Бөлімнің (b) тармағында көрсетілген есепті қарайды және содан кейін Жобаны тиімді түрде аяқтауды және көрсетілген есептің тұжырымдары мен ұсыныстары және осы мәселе бойынша Банктің пікірі негізінде оның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      13. ОАШК атынан Алушы:
      (а) Жобаның С.2-бөлігіне сәйкес Гранттар үшін Кіші жобалар бойынша ұсыныстар іріктеу, бағалау, іске асыру және бағалау Операциялық басшылықта баяндалған принциптерге, тәртіпке және өлшемдерге сәйкес жүргізілуін;
      (b) Жобаны іске асыру барысында кіші жобалар бойынша ұсыныстар іріктеу нәтижелері Банктің алдын-ала қарауына және мақұлдауына жіберілуін; және
      (с) Гранттар КГБ Өкіліне: (і) орындалуы үшін Грант берілетін ұсынылып отырған Кіші жобалар тиісті дәрежеде сипатталатын; (іі) ұсынылған Кіші жобаларды олардың сипаттамасына сәйкес және Грант туралы келісімде белгіленген бюджет шегінде жүзеге асыру және тауарлар мен қызметтер сатып алуды Грант туралы келісімде баяндалған тәртіпке сәйкес жүзеге асыру жөнінде Грант алушыға қойылатын талаптар ескертілетін; (ііі) әрбір Гранттың сомасы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сметалық құны және Кіші жоба үшін қажет және Операциялық басшылықта белгіленген Грант лимитінен аспауға тиіс операциялық шығыстар негізінде айқындалатын; және (іv) Кіші жобаның мақсаты мен оның пайдаланылуы және Операциялық басшылықта баяндалған талаптарға сәйкес Кіші жобаны қаржыландыруға Грант алушының қосатын үлесі ескертілетін Операциялық басшылыққа енгізілген Грант туралы келісімнің стандартты нысанына сәйкес берілуін қамтамасыз етеді.
      14. ОАШК атынан Алушы КГБ бойынша Өкілмен арадағы Келісім басқалармен қатар мыналарды қамтуын қамтамасыз етеді: (і) КГБ бойынша Өкіл Грант қаражатын дер кезінде және КГБ бойынша Өкілмен арадағы Келісімде және Операциялық басшылықта көрсетілген немесе белгіленген шарттар мен ережелерге сәйкес төлейді; (іі) КГБ бойынша Өкіл Грант туралы келісімнен туындайтын қандай да бір міндеттемені Грант алушы орындамаған жағдайда, Грант қаражатын пайдалану жөніндегі Грант алушының құқығын тоқтата тұруды немесе тоқтатуды қоса алғанда, КГБ бойынша Өкілмен арадағы Келісімде ескертілген барлық қажетті шараларды қолданады және барлық құқықтарды жүзеге асырады; (ііі) Грант туралы келісімнен туындайтын міндеттемелерді Грант алушы орындамаған жағдайда КГБ бойынша Өкілдің ОАШК-мен алдын-ала келісіп алғаннан кейін Грант туралы келісімді бұзуға, осы Келісімге сәйкес берілетін Грант қаражатын төлеуді тоқтатуға және Алушының заңдарында көзделген басқа да тиісті санкцияларды талап етуге өкілеттігі болады; (іv) Грант қаражатын оны алушыларға дер кезінде төлеу үшін Грант қаражатының 30% дейін қазынашылықтағы немесе коммерциялық банктегі шотқа КГБ бойынша Өкілге аванс ретінде аударылады; (v) КГБ бойынша Өкіл ОАШК мен КГБ-ге алпыс (60) күннен аспайтын кезеңге Грант қаражатын авансылауды қамтамасыз ету үшін алпыс (60) күн ішіндегі шығыстар туралы құжаттама береді.

  5-ҚОСЫМША
Арнайы шот

       1. Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
      (а) "заңды санаттар" термині осы Келісімнің 1-қосымшасындағы кестенің 1-тармағындағы (1), (2), (3) санаттарды білдіреді;
      (b) "заңды шығыстар" термині Жоба үшін қажет және Қарыз қаражаттарынан қаржыландыру көзделген тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге жұмыстарға жұмсалатын шығыстарды білдіреді, олар осы Келісімнің 1-қосымшасының ережелеріне сәйкес заңды санаттарға мезгіл-мезгіл бөлініп отырады; және
      (с) "Бекітілген қаржы бөлу" термині, Егер Банкпен өзге уағдаластық болмаса, осы Қосымшаның 3(а) тармағына сәйкес ҒЭҚ траст-қоры грантының Шотынан алынып, Арнайы шотқа есептелетін 5 000 000 АҚШ долларына баламалы соманы білдіреді. Бекітілген қаржы бөлу ҒЭҚ траст-қоры грантының Шотынан алынған қаражаттың жиынтық сомасы қосу Жалпы шарттардың 5.02-бөліміне сәйкес Банк өзіне қабылдаған барлық өтелмеген арнайы міндеттемелердің жалпы сомасы 2 500 000 АҚШ долларына барабар сомаға тең болғанша немесе одан асып түспейінше 2 500 000 АҚШ доллары сомасымен шектелетін болады.
      2. Арнайы шоттан қаражат төлеу осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес заңды шығыстарға ғана жүргізіледі.
      3. Банк Арнайы шот белгіленген тәртіппен ашылғанына өзіне қолайлы айғақтар алғаннан кейін Бекітілген қаржы бөлуді алу және Арнайы шотты толықтырып отыру мақсатында қаражатты содан кейін алу мынадай тәртіппен жүргізіледі: (а) Бекітілген қаржы бөлу қаражатын алу үшін Алушы Бекітілген қаржы бөлудің жиынтық көлемінен аспайтын соманы немесе сомаларды депозитке салуға Банкке тапсырым немесе тапсырымдар береді. Осындай тапсырым немесе тапсырымдар негізінде Банк Алушының тапсырымына сәйкес Алушының атынан соманы немесе сомаларды Арнайы шотқа депозитке салады. (b) (і) Арнайы шотты толықтырып отыру үшін Алушы Банк айқындайтын кезеңділікпен Арнайы шотқа қаражат депозитіне Банкке тапсырым береді.
      (іі) Арнайы шоттағы қаражатты толықтырып отыру үшін сұрау салынатын төлемді немесе төлемдерді жүзеге асыру үшін әрбір осындай тапсырымға дейін немесе оны беру кезінде Алушы Банкке осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген құжаттаманы және өзге де айғақтарды ұсынады. Әрбір осындай тапсырым негізінде Банк Алушы атынан Қарыз шотынан қаражат алып, оны негізділігі заңды шығыстарды төлеу үшін осы соманың Арнайы шоттан алынғанына айғақ болатын аталған қаржылық және басқа да құжаттармен қуатталатын Алушы сұрау салған мөлшерде Арнайы шотқа есептейді. Банктің барлық көрсетілген депозиттерді Қарыз шотынан алу тиісті Заңды санаттар шеңберінде және аталған құжаттармен және басқа да айғақтармен қуатталған тиісті барабар сомаларда жүргізіледі.
      4. Арнайы шоттан Алушы жасаған әрбір төлем бойынша Алушы Банктің сұрау салуында көрсетілген кезең бойына Банкке құжаттама және осындай төлем заңды шығыстар үшін ғана жасалуының басқа да айғақтарын береді.
      5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелеріне қарамастан Банк Арнайы шот үшін одан әрі депозиттерге қатысты тапсырымдарды мынадай жағдайларда қанағаттандыруға міндетті емес:
      (а) егер қандай да бір сәтте Банк, бұл Жалпы шарттардың V бабының ережелерінде және осы Келісімнің 2.02-бөлімінің (а) тармағында көзделгеніндей, бұдан былайғы барлық қаражат алуды Алушы тікелей Қарыз шотынан жүзеге асыруға тиіс екенін анықтайды;
      (b) Алушы Қарыз туралы осы Келісімнің 4.01 (b) (іі) бөлімінде айтылған кезең ішінде Банкке шоттардың аудитіне және Арнайы шот бойынша есептілікке қатысты көрсетілген Бөлімге сәйкес Банкке берілуге тиіс аудит туралы қандай да бір есептерді Банкке берген жоқ;
      с) қандай да бір сәтте Банк Жалпы шарттардың 6.02-бөлімінің ережелеріне сәйкес Қарыз шотынан қаражат алу жөніндегі Алушының құқығын ішінара немесе толықтай тоқтата тұру жөніндегі өзінің ниеті жайында Алушыны хабардар етеді; немесе
      (d) Заңды санаттарды қаржыландыруға бөлінген Қарыздың жалпы алынбаған сомасы Жоба үшін Жалпы шарттардың 5.02-бөліміне сәйкес Банк өзіне қабылдаған барлық өтелмеген арнайы міндеттемелердің жалпы сомасын шегеріп тастағанда Бекітілген қаржы бөлудің екі мәрте сомасына тепе-тең болатын кезде.
      Осыдан кейін заңды санаттарды қаржыландыруға бөлінген Қарыз шотынан алынбай қалған соманың қалдығын алу Алушыға арнайы хабарламада Банк ескерту жасаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан кейін қаражат алу белгілі бір мөлшерде ғана және аталған хабарлама күніне Арнайы шоттың депозитінде қалатын барлық сомалар заңды шығыстар бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатынына Банктің көзі жеткеннен кейін жүргізіледі.
      6.(а) Егер Банк қандай да бір сәтте (і) Арнайы шоттан әлдебір төлемдер осы Қосымшаның 2-тармағының ережелеріне сәйкес келмейтін шығыстарды өтеу үшін немесе сомада жасалғанын немесе (іі) Банкке берілген құжаттамамен негізделмегенін айқындаса, Алушы Банк хабарлама алғаннан кейін дереу (А) Банк сұратуы мүмкін осындай қосымша растаманы береді; немесе (В) Арнайы шотқа жеткілікті дәрежеде заңды немесе негізделген сома болып табылмайтын осындай төлем сомасына немесе оның бөлігіне тең соманы Арнайы шотқа енгізеді (немесе Банктің сұрау салуы бойынша Банкке өтейді). Егер Банк басқаға келіспесе, онда әрбір нақты жағдайда Алушы осындай растаманы бергенге дейін Банк арнайы шотқа бұдан әрі ешқандай қаражат енгізбейді немесе жоғарыда айтылған жарнаны Арнайы шотқа аудармайды немесе қаражатты өтемейді.
      (b) Егер Банк қандай да бір сәтте Арнайы шоттағы қандай да бір өтелмеген сома заңды шығыстар бойынша бұдан былайғы төлемдерді жабу үшін қажет болмайтынын айқындаса, Алушы Банктен хабарлама алғаннан кейін дереу Банкке осы өтелмеген соманы өтейді.
      (с) Алушы Банк хабарламасын алғаннан кейін Арнайы шоттың депозитіндегі қаражатты толық немесе ішінара өтей алады.
      (d) Осы Қосымшаның 6 (а), (b) және (с) тармақтарына сәйкес Банкке өтелетін қаражат Жалпы шарттарды қоса алғанда, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес кейіннен алу немесе есептен шығару үшін Қарыз шотына есептеледі.

       РҚАО-ның ескертуі: Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні беріліп отыр.