Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының 2007 жылға арналған мемлекеттiк кадастрын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1305 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  38-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 16-жолының 5-бағанында "көлiк құралдары" деген сөздерден кейiн ", ұшақтардың тағайындалған қызмет мерзiмiн ұзарту жөнiндегi қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы