Бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелерi мен мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртiбiн

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 965 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 2030 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  11-бабына  сәйкес тиiстi аумақтардағы тұрғындардың пiкiрлерiн ескере отырып Арыс, Отырар және Төлеби аудандары мәслихаттары мен әкiмияттарының ұсыныстары бойынша Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi:
                  Арыс ауданы бойынша
      Дермене ауылдық округiнiң Бөген ауылы - Саналы болып;

                  Отырар ауданы бойынша
      Ақтөбе ауылдық округi - Аққұм ауылдық округi болып;

                  Төлеби ауданы бойынша
      Первомаевский ауылдық округi - Бiрiншi Мамыр ауылдық округi болып;
      Первомаевка ауылы - Бiрiншi Мамыр ауылы болып қайта аталсын.

      2. Шешiм Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

      Облыс әкiмi