Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 890 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2296 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
      6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 4-жолының 5-бағанында "қайта жаңарту" деген сөздер "қалпына келтіру" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі