Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 796 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.15 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 49-бабының
4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Z100291 қараңыз

      1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2006 жылғы 22 тамыздағы
N 796 қаулысымен   
бекітілген      

Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды
бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Қоршаған ортаны қорғау туралы " , "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ,  " Мұнай туралы " заңдарына сәйкес әзiрленген және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу тәртiбiн регламенттейдi. Z100291 қараңыз
      2. Ереже меншiк нысанына қарамастан, барлық жер қойнауын
пайдаланушыларға қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау жүргiзуi барысында зиянды анықтау фактiсi бойынша жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан
келтiрген зиянның мөлшерiн жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп анықтайды.
      4. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау жүргiзуi барысында зиянды анықтау фактiсi бойынша жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан
келтiрген зиянның мөлшерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен және жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп анықтайды.
      5. Зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты туындайтын дауларды
Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында айқындалатын тәртiппен сот шешедi.

2. Жер қойнауын пайдалану саласындағы талаптарды
бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу

      6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерi деңгейi техникалық-экономикалық есептемелерге негiзделген, экономикалық негiздi, болмай қоймайтын және қабылданған әдiстермен және қорларды игеру және өңдеу жүйелерiмен технологиялық байланысты шығындардан асып түсетiн пайдалы қазбалар қорларын игеру және өңдеу кезiндегi нақты шығындардың көлемiнен болады және жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде өнiмдi сатудың орташа бағасы бойынша құндық түрде есептеледi.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде өнiмдi сатпаған жағдайда, түпкiлiктi өнiмнiң құны есептi кезеңде Лондон металдар және мұнай биржасындағы (IРЕ) орташа сату бағасын ескере отырып анықталады. Лондон металдар және мұнай биржасында (IРЕ) өнiмдi сату болмаған кезде осы биржадағы оның алдыңғы кездегi орташа құны негiзге алынады.
      8. Зиян мөлшерi осы Ережеге қосымшаға сай мысалдарға сәйкес
есептеледi.
      9. Деңгейi техникалық-экономикалық есептемелерге негiзделген, экономикалық негiздi болмай қоймайтын және қабылданған әдiстермен және қорларды игеру және өңдеу жүйелерiмен технологиялық байланысты шығындардан пайдалы қазбаларды игеру және өңдеу кезiндегi нақты шығындардың асып түсуi (бұдан әрi - нормативтен тыс шығындар) мынадай көлемдерден болады:
      пайдалы қазбалардың теңгерiмдiк қорларының пайдалы қазбаның
теңгерiмдiк қорлары дұрыс есептелген және оларды жер қойнауынан өндiру толықтығын бастапқы есепке алу мүмкiн болатын бiр тектес тау-кен - геологиялық жағдайлармен бiр жүйеде игерiлетiн жер қойнауының әрбiр бөлiгi бойынша белгiленген нормативтiк шығындардан тыс шығындар, сондай-ақ кез келген негiзсiз шығындар;
      теңгерiмдiк, сондай-ақ жер қойнауын ұтымды пайдалануды ескере
отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын экономикалық рентабельдi
игерудi көздейтiн жобаны бұзудың және осы бұзулардан туындаған
авариялардың нәтижесiнде пайда болған пайдалы қазбалардың теңгерiмделген қорларын селективтi ойып алуға және қоймаға жинауға көзделген шығындар;
      алаңы мен қуаты бойынша толық ойып алмаудың, қабаттарды
(қыртыстарды) өңдеу мен жақындастырудың, қорларды тiзiмнен уақтылы
шығармаудың, тау-кен әзiрлемелерiн уақытынан бұрын жабудың салдарынан жер қойнауында қалдырылған қорлар;
      жер қойнауында суланудың, жанудың салдарынан туындаған пайдалы
қазбалардың теңгерiмдiк қорларының немесе өндiрiлген пайдалы қазбалардың шығындары;
      пайдалы құрамдауыштары неғұрлым бай кен орындарының оңай қол
жеткiзiлетiн учаскелерiнде өндiрудiң салдарынан рентабельдi өңдеу мүмкiн емес болатын пайдалы қазбалардың теңгерiмдiк қорларының шығындары;
      кәсiпшiлiкте өндiру, жинау, тасымалдау және дайындау кезiнде
мұнайдың, табиғи және iлеспе мұнай газының, газ конденсатының келiсiлген шығындар нормаларынан тыс шығындары;
      кен орындарын игерудiң жобаларда немесе технологиялық схемаларда көзделген технологиялық режимiн сақтамаудың, сондай-ақ мұнай мен газдың құбыр сыртындағы және құбыр арасындағы кеңiстiк арқылы жоғары жатқан белдеулерге қабатаралық ағылуының салдарынан мұнайдың, табиғи газдың, басқа пайдалы қазбалар мен құрамдауыштардың бекiтiлген алынатын қорларының шығындары;
      iлеспе мұнай газын, газ конденсатын алудың және кәдеге жаратудың бекiтiлген нормаларын сақтамау салдарынан олардың шығындары;
      кен орындарын уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз өнеркәсiптiк игеру кезiнде жағылатын газ;
      жағуға рұқсат етiлген газ көлемiнен тыс жағылған газ;
      жобалық талаптармен салыстырғанда қайта өңделетiн шикiзат сапасының өзгерiстерi мен ауытқуларына және қайта өңдеудiң технологиялық тәртiбiнiң бұзылуына байланысты минералдық шикiзатты, аралық өнiмдердi (жартылай фабрикаттарды), байыту қалдықтарын, шламдарды, қождарды бекiтiлген нормативтерден тыс қайта өңдеу кезiнде қатты пайдалы қазбалардың және олардың құрамындағы пайдалы құрамдауыштардың шығындары.
      10. Мұнай-газ және газ конденсаты кен орындарын пайдалану кезiнде мұнайдың, конденсат пен газдың, оның iшiнде iлеспе (араластырылған) газдың нормативтен тыс қабаттық шығындары қорларды есептеген кезде қабылданған алу коэффициентiнен ауытқулармен анықталады.
      11. Газды жағу кезiндегi нормативтен тыс шығындар қорларды есептеген кезде қабылданған құрамдауыштардың құрамы негiзiнде пайдалы қазбалардың мемлекеттiк теңгерiмiнде тұрған газдың құрамдауыштық құрамы бойынша анықталады.
      12. Есепке алудың жеке аспаптары болмаған кезде жобалық шығындарды есептеу өндiрiлетiн пайдалы қазбада араластырылған газдың құрамы бойынша жүргiзiледi.
      13. Пайдалы құрамдауыштардың минералдық шикiзатты қайта өңдеу үдерiсiнде жол берiлген нормативтен тыс шығындарының сандық мәнi кеннiң тиiстi типi (сорты) үшiн белгiленген алу көлемi мен оның тауарлық өнiмге нақты қол жеткiзiлген алынуы арасындағы айырма бойынша анықталады.
      14. Қайта өңдеу кезiнде пайдалы құрамдауыштардың және олардың
жартылай өнiмдерiнiң нормативтен тыс шығындары өндiрiстiк объектiнiң
техникалық бақылау бөлiмiнiң және тексерiлетiн кезеңде оның тауарлық
теңгерiмдерiн талдаудың деректерi бойынша анықталады.

3. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды
бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды есептеу

      15. Жер қойнауына әлеуеттi қауiптi химиялық және биологиялық
заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсу деңгейi қазiргi өлшеу (зерделеу) нәтижелерi мен объектiнi жобалау кезеңiнде салынған деректер арасындағы мәндердiң айырмашылығы бойынша есептеледi. Жер қойнауының ластану жағдайы туралы бастапқы деректер болмаған жағдайда алынған нәтижелер жер қойнауының әрбiр элементi үшiн бақыланатын параметрлер бойынша фондық немесе шектi жол берiлетiн мәндермен салыстырылады.
      16. Сарқынды суларды авариялық және келiсiлмеген жаппай шығару
кезiнде жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу, сондай-ақ
сарқынды суларды өз бетiмен шығару және зиянды заттар мен қалдықтарды, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды орналастыру салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеу Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 қаулысына сәйкес анықталады.
      17. Ауыз сумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға
арналған жер асты суларының су жинау және жиналу алаңдарында тау-кен
өндiрiсiнiң қалдықтарын орналастыру олардың қауiптiлiк сыныбын, абсолютті салмағы мен экологиялық қауiптiлiк және экологиялық тәуекелдер коэффициенттерiн ескере отырып, қалдықтарды орналастырғаны үшiн төлемақы нормативiн жүргiзуге тең зиянды өндiрiп алуға әкеп соғады.
      18. Жер қойнауы ресурстарының екi немесе бiрнеше түрi бойынша жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу әрбiр ресурс бойынша зиянды жеке-жеке жиынтықтаумен анықталады.
      19. Әрбiр ластау көзiнiң немесе олардың жиынтығының әсерiнен жер қойнауының нақты ластану деңгейi аттестатталған және/немесе аккредиттелген зертханалардың қатысуымен өндiрiстiк объектiдегi қадағалау мониторингi пункттерiнде орындалған тiкелей бақылау өлшемдерiнiң (талдаулардың) деректерi бойынша анықталады.

Жер қойнауын пайдалану 
қорғау саласындағы   
талаптарды бұзу    
салдарынан келтiрiлген 
зиянды есептеу ережесiне
қосымша        

Пайдалы қазбалардың нормативтен тыс шығындары
үшiн зиян мөлшерiн есептеу мысалдары

      1-мысал.
      Жер қойнауын пайдаланушы қорғасын-мырыш кен орнын игередi. Есептi кезеңде 61224 тонна концентрат сатты.
      нормативтiк шығын - 1215 тонна болған кезде
      мырыштың нақты шығыны - 2024 тоннаны құрады
      Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мырыш концентратын сатуы кезiндегi орташа баға 228,03 АҚШ долларын құрады,
      (2024 - 1215) x 228,03 = 184476,3 АҚШ доллары.
      184476,3 х зиян анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = зиян сомасы.

      2-мысал.
      Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде 2658000 тонна мұнай өндiрдi.
      Осы кезеңде мұнайдың нақты шығыны 4442 тонна мұнайды, оның iшiнде бекiтiлген нормативтiк шығын 1081 тонна мұнайды құрады.
      Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мұнайды сатуы кезiндегi орташа баға 50,49 АҚШ
долларын құрады,
      (4442 - 1081) x 50,49 = 169696,89 АҚШ доллары.
      169696,89 x зиян анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = зиян сомасы.

      3-мысал.
      Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде 215000 тонна мыс сатты:
      осы кезеңдегi мыстың нақты шығыны - 13600 тонна
      мыстың нормативтiк шығыны - 8600 тонна
      Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мысты сатуы кезiндегi орташа баға бiр тонна үшiн 1495,6 АҚШ долларын құрады,
      (13600 - 8600) x 1495,6 = 7478000 АҚШ доллары.
      7478000 х зиян анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = зиян сомасы.

      4-мысал.
      Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде кен орнын өнеркәсiптiк
игерудi жүзеге асырған кезде 300 млн. м 3 көлемiнде iлеспе өндiрiлетiн мұнай газы жағылды. Бұл ретте, газда Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмiнде есепте тұрған құрауыштарының өнеркәсiптік құрамы бар. Қазақстан Республикасының Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен деректерге сәйкес әлеуеттi құрамдастардың мәндерi негiзiнде құрауыштар мен құрғақ газдың (метанның) көлемiн анықтаймыз. Әлеуеттi жиынтық құрамы 1000 м 3 газға 500 кг болған кезде құрауыштардың (этан, пропан, бутан) шығыны 150000 тоннаны құрайды. Құрамы 50 % болған кезде құрғақ газдың (метанның) шығыны 150 млн. м 3 құрайды.
      Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) құрғақ газды сатуы кезiндегi орташа баға 1000 м 3 үшiн 80 АҚШ долларын, ал сұйытылған газдың (этан, пропан, бутан) 1 тоннасы үшiн 350 АҚШ долларын құрады.
      Зиян сомасы:
      құрғақ газ үшiн: 150000000 м 3 x 80: 1000 = 12000000 АҚШ доллары;
      құрауыштар үшiн: 150000 т х 350 = 52500000 АҚШ доллары;
      барлығы: 64500000 АҚШ доллары.
      64500000 х зиян анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = зиян сомасы.

      Ескертпе:
      басқа құрауыштар бойынша зиян мөлшерiн есептеу кезiнде көрсетiлген мысалдарды пайдалану керек.