Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысымен

      Тәжiкстанның оңтүстiгi мен солтүстiгiнде 2005 жылғы маусымда болған табиғат апаты зардаптарын жою үшiн Тәжiкстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Тәжiкстан Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 20000 (жиырма мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген қаражатты Тәжiкстан Республикасының "Амонатбонк" мемлекеттiк жинақ банкiнде Тәжiкстан, Душанбе ашылған N 20206840000132101000 арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсiн. Алушы - Тәжiкстан Республикасы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс министрлiгi.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі