Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы ережелердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 31 мамыр 1994 ж. N 577. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.06. N 23 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының көлiк құралдарын есепке алу мен тiркеу, азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру және олардың халықаралық жол қозғалысына толық құқылы қатысуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының арнаулы баспа өнiмдерiн (жүргiзушiлер куәлiктерiнiң бланктерi мен Қазақстан Республикасының көлiк құралдарын тiркеу туралы айғақтамаларды) дайындаушы мамандандырылған режимдiк кәсiпорынды анықтасын.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi бейнеленген тиiстi халықаралық
талаптарға сай келетiн аталған өнiмдердi даярлау жөнiнде тапсырыс
жасау құқығы берiлсiн;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып,
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес арнаулы баспа өнiмдерiне ақы
төлеу мен оны есепке алу тәртiбiн, сондай-ақ оған кеткен шығынды
көлiк құралдары иелерiнiң есебiнен өтеудiң шартын әзiрлеп,
бекiтетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi