Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 222
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
_________________________________________
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2664 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3428 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 385 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
кіріспеде "жинақтаушы зейнетақы қорлары" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - Қор)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-2-6-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Зейнетақы активтері бойынша кірістілікті ең аз деңгейден төмен емес алуды қамтамасыз ету мақсаттары үшін Қор күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша Қордың номиналды кірістілігінің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы дербес есептейді.
2-2. Қордың номиналды кірістілігінің көрсеткіші Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412 қаулысына (бұдан әрі - N 412 қаулы) сәйкес есептелген К 2 номиналды кіріс коэффициентімен сипатталады.
2-3. Тиісті кезең үшін кірістіліктің ең аз мәні барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін N 412 қаулының 16-тармағымен белгіленген кірістіліктің осы кезеңдегі орташа номиналды кіріс коэффициентінен ауытқуының төменгі шегіне тең болатын жалпы өлшемді білдіреді.
2-4. Күнтізбелік жылдың аяғында Қорда оның номиналды кірістілігінің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, Қор осы айырманы тиісті ақша сомасын кастодиан банктегі Қордың инвестициялық шотына аудару арқылы меншікті капитал есебінен өтейді.
2-5. Кірістіліктің ең аз мәні мен К
2
коэффициенті арасындағы теріс айырманы болдырмау мақсаттары үшін Қор кастодиан банктегі инвестициялық шотқа аударатын сома N 412 қаулының
17-тармағына
сәйкес есептеледі.
Кірістіліктің ең аз мәні мен К
2
коэффициенті арасындағы теріс айырманы болдырмау үшін Қор өтейтін сома есеп айырысу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін кастодиан банктегі инвестициялық шотқа аударылуы тиіс.
2-6. Қор кірістіліктің ең аз мәні мен К 2 коэффициенті арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы аударылған күннен кейінгі күн ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) кастодиан банктің растауымен осы соманың аударылғаны туралы ақпаратты жібереді.".
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.