Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
      1. "Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1161  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 44, 583-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында: 
      "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде: 
      "Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері" деген жолда: 
      екінші абзацтағы "жалпы шығындар 4 509,0 млн.теңгені", "2007 жылы - 1 503,0 млн.теңгені", "2008 жылы - 1 503,0 млн.теңгені" деген сөздер тиісінше "жалпы шығындар 6 954,5 млн.теңгені", "2007 жылы - 2 831,8 млн.теңгені", "2008 жылы - 2 619,7 млн.теңгені" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже" деген жолда: 
      бесінші абзацтағы "қойылым" деген сөзден кейін "және концерттік ұйымдарда концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын; 
      жетінші абзацтағы "36" деген сандар "68" деген сандармен ауыстырылсын; 
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль, халықаралық балет әртістері, вокалистер, пианистер конкурстары;"; 
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары (2006, 2008 жылдар);"; 
      он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын; 
      "5.1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру" деген кіші бөлімде:  
      екінші абзацтағы "Ауылдық елді мекендерді мәдениет объектілерімен қамтамасыз ету нормативтері, мәдениет ұйымдарының үлгі штаттық нормативтері әзірленеді," деген сөздер алынып тасталсын; 
      "5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамытуға жағдай жасау" деген кіші бөлімде: 
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Ұлттық "Астана-Бәйтерек" конкурстары, Қазақстан композиторларының қазіргі заманғы музыкасының фестивальдері, республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары, "Елім менің" патриоттық әндер конкурстары өтеді."; 
      бесінші абзац алынып тасталсын; 
      "5.5. Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан өнеріндегі үздік жетістіктердің шет елдердегі тұсаукесері" деген кіші бөлімде: 
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстанда тәжірибе алмасу және көркемдік өсу үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында мынандай халықаралық фестивальдар мен конкурстарды өткізу жоспарланып отыр: Орталық Азия елдерінің Халықаралық театр фестивалі, Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі, халықаралық пианистер, скрипкашылар, вокалистер конкурстары, Халықаралық "Ұлы дала музыкасы" дәстүрлі орындаушылар фестивалі."; 
      "5.7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде: 
      бірінші абзацтағы ", сондай-ақ деректі фильмдерді жасау, республиканың бірегей мұражай құндылықтары туралы CD   шығару жолға қойылады" деген сөздер алынып тасталсын; 
      төртінші абзац алынып тасталсын; 
      "6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері" деген бөлімде:  
      екінші абзацтағы "жалпы шығындар 4 509,0 млн.теңгені", "2007 жылы - 1 503,0 млн.теңгені", "2008 жылы - 1 503,0 млн.теңгені" деген сөздер тиісінше "жалпы шығындар 6 954,5 млн.теңгені", "2007 жылы - 2 831,8 млн.теңгені", "2008 жылы - 2 619,7 млн.теңгені" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже" деген бөлімде: 
      төртінші абзацтағы "қойылым" деген сөзден кейін "және концерттік ұйымдарда концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын; 
      алтыншы абзацтағы "36" деген сандар "68" деген сандармен ауыстырылсын; 
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль, халықаралық балет әртістері, вокалистер, пианистер конкурстары;"; 
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары (2006, 2008 жылдар);"; 
      он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар алынып тасталсын; 
      "8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген бөлімде: 
      "1. Нормативтік және құқықтық қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде: 
      реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын; 
      "2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру" деген кіші бөлімде: 
      реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 287,6", "2008 ж. - 73,5" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 388,9", "2008 ж. - 174,8" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 8-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 392,1", "2008 ж. - 126,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 381,4", "2008 ж. - 115,3" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 9-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 37,7", "2008 ж. - 15,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 26,5", "2008 ж. - 3,8" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 10-жолдың 6-бағанында: 
      "Барлығы: 324,0" деген сөздер "Барлығы: 227,3" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "2008 ж. - 96,7" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттік нөмірі 10-2-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 90,9", "2008 ж. - 50,9" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 91,0", "2008 ж. - 51,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру" деген кіші бөлімде: 
      реттік нөмірі 11-жолдың 6-бағанында: 
      "Барлығы: 121,7" деген сөздер "Барлығы: 111,7" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "2008 ж. - 10,0" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттік нөмірі 12-жолда: 
      5-бағанда "- 2008 жылдар" деген сөздер "жыл" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2007 ж. - 10,0"; 
      "4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамыту үшін жағдай жасау" деген кіші бөлімде: 
      реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 90,0", "2008 ж. - 40,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 79,0", "2008 ж. - 29,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 14-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 48,0", "2008 ж. - 16,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 45,9", "2008 ж. - 13,9" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 16-жолда: 
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Дәстүрлі орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізу"; 
      5-бағанда "2006 жыл, IV тоқсан," деген сөздерден кейін "2008 жыл, IV тоқсан" деген сөздермен толықтырылсын; 
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Барлығы: 27,3, оның ішінде: 2006 ж. - 13,0, 2008 ж. - 14,3"; 
      реттік нөмірі 17-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 38,0", "2008 ж. - 6,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 43,5", "2008 ж. - 11,5" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын; 
      реттік нөмірі 19-3-жолда: 
      2-бағанда "XV" деген сандар алынып тасталсын; 
      5-бағанда "2007 жыл" деген сөздер "2007 - 2008 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Барлығы: 30,0, оның ішінде: 2007 ж. - 14,0, 2008 ж. - 16,0"; 
      реттік нөмірі 19-4-жолда: 
      5-бағанда "2007 жыл" деген сөздер "2007 - 2008 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Барлығы: 20,6, оның ішінде: 2007 ж. - 12,8, 2008 ж. - 7,8"; 
      реттік нөмірі 19-7-жолда: 
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жас орындаушылардың "Жас қанат" республикалық конкурсын өткізу"; 
      5-бағанда "2007 жыл" деген сөздер "2007 - 2008 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Барлығы: 6,7, оның ішінде: 2007 ж. - 3,7, 2008 ж. - 3,0"; 
      реттік нөмірі 19-8-жолда: 
      5-бағанда: "2007 жыл" деген сөздер "2007 - 2008 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Барлығы: 13,2, оның ішінде: 2007 ж. - 6,5, 2008 ж. - 6,7"; 
      "5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері" деген кіші бөлімде: 
      реттік нөмірі 20-жолда: 
      5-баған "2008 жыл, III тоқсан" деген сөздермен толықтырылсын; 
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Барлығы: 60,8, оның ішінде: 2006 ж. - 30,8, 2008 ж. - 30,0"; 
      6-бағанда: 
      реттік нөмірі 21-жолда "Барлығы: 558,8", "2008 ж. - 159,4" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 659,4", "2008 ж. - 260,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 22-жолда "Барлығы: 71,3", "2008 ж. - 25,3", деген сөздер тиісінше "Барлығы: 57,0", "2008 ж. - 11,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 23-жолда "Барлығы: 22,2", "2008 ж. - 12,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 17,4", "2008 ж. - 7,4" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 24-жолда "Барлығы: 29,4", "2008 ж. - 15,2" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 26,1", "2008 ж. - 11,9" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 25-жолда "Барлығы: 114,2", "2008 ж. - 30,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 194,2", "2008 ж. - 110,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 26-жолда "Барлығы: 342,3", "2008 ж. - 154,3" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 339,6", "2008 ж. - 151,6" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 27-жолда "Барлығы: 197,5", "2008 ж. - 70,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 181,5", "2008 ж. - 54,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 28-жолда "Барлығы: 28,5", "2008 ж. - 11,4" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 22,8", "2008 ж. - 5,7" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 29-жолда "Барлығы: 40,2", "2008 ж. - 13,6" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 36,6", "2008 ж. - 10,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 31-жолда "Барлығы: 54,9", "2008 ж. - 20,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 48,0", "2008 ж. - 13,1" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 32-жолда "Барлығы: 32,7", "2008 ж. - 12,7" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 70,0", "2008 ж. - 50,0" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 34-жолда: 
      6-бағанда: 
      "Барлығы: 11,5" деген сөздер "Барлығы: 7,5" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "2008 ж. - 4,0" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34-5, 34-6, 34-7, 34-8, 34-9, 34-10, 34-11-жолдармен толықтырылсын: 
"
| 34-5 | Қазақстанның  | Бұйрық | МАМ | 2008  | 2008 ж. -  | Респуб-  | 
| 34-6 | Қазақстанның  | Бұйрық | МАМ | 2008  | 2008ж.  | Респуб-  | 
| 34-7 | Украинаның  | Бұйрық | МАМ | 2008  | 2008ж.  | Респуб-  | 
| 34-8 | Иорданияның  | Бұйрық | МАМ | 2008  | 2008ж.  | Респуб-  | 
| 34-9 | Египеттің  | Бұйрық | МАМ | 2008  | 2008ж.  | Респуб-  | 
| 34-10 | Катардың  | Бұйрық | МАМ | 2008  | 2008ж.  | Респуб-  | 
| 34-11 | Өлгей қаласында  | Қазақ-  | МАМ | 2008  | 2008ж.  | Респуб-  | 
                                                               "; 
      "6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде: 
      реттік нөмірі 35-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 2 387,7", "2008 ж. - 535,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 3 077,2", "2008 ж. - 1 224,5" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 36-жолдың 6-бағанында "Барлығы: 18,1", "2008 ж. - 10,0" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 9,5", "2008 ж. - 1,4" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттік нөмірі 37-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2006 ж. - 5,0"; 
      реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын; 
      реттік нөмірі 40-жол алынып тасталсын; 
      "Республикалық бюджеттен жиыны" деген жолда: 
      6-бағандағы "Барлығы: 5 837,8", "2008 ж. - 1 604,3" деген сөздер тиісінше "Барлығы: 6 954,5", "2008 ж. - 2 619,7" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі